Орталық жүйке жүйесі ағзада ең алғашқы маңызды функцияларды атқарады. Біріншіден, ағзаның ішіндегі барлық үрдістердің сай келуін, координациясы мен интеграциясын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде барлық ағзалар мен жүйелер өзара әрекеттесіп, ағза функционалды бір тұтастылықты құрайды. Екіншіден, оған ағза мен үнемі өзгеріп отыратын қоршаған ортаның арасындағы байланыстыратын функция тән.
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы жалпы және жеке болып жіктеледі. Үлкен жарты шардың функциясының сипаттамасы «Жоғары жүйке жұмысы» деп аталатын ерекше бөлімде айтылған.