Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Орталық жүйке жүйесінің функциясы



бет20/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Орталық жүйке жүйесінің функциясы.Омыртқалылардың орталық жүйке жүйесі бір – бірімен тығыз байланысқа түсетін көптеген нейрондардан тұрады. Бірақ, әр нейрон өз алдына жеке болып келеді. Бұл бір жасушаның протоплазмасы мен өсінділері басқа жасушаға енбеуімен түсіндіріледі. Бір жүйке жасушасының аксоны басқа жасушаның дендриттерімен немесе денесімен ғана жанасады. Екі нейронның бір – бірімен жанасқан жері синапс деп аталадыы. Орталық жүйке жүйесінде көптеген синапстар бар.

Функционалды жағынан нейрондарды үш негізгі классқа жіктейді:



  1. сезімтал немесе афферентті;

  2. қозғалғыш немесе эфферентті;

  3. аралық немесе қондырма.

Афферентті нейрондар рецепторлардан қоздырғыштарды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, оларды рецепторлы деп те атайды. Бұл нейрондардың денесі орталық жүйке жүйелерінен тыс, жұлын мен ми ганглияларында орналасқан. Бұл нейрондардың басқаларынан ерекшелігі - екі ұзын өсінділерінің бар болуында. Аксон, қоздырғыштарды жасуша денесінен жұлын орталығына жеткізуші және аксон тәрізді дендриттер, афферентті талшық ретінде периферияға кіретін және сезімтал жүйке ұштары – рецепторларға барып қосылатын өсінділері бар. Рецепторлы нейрондарға тағы да орталық жүйке жүйесіндегі қоздырғыштарды рецепторлардан емес, басқа рецепторлы нейрондардан алатын кейбір нейрондар жатады. Оған мысалға, көру мүшесінің нейрондары жатады. Рецепторлы нейрондарды сезімтал немесе сенсорлы деп те атайды, себебі олар орталық жүйке жүйесіне әр түрлі сезімдерді тудыратын импульстарды жеткізеді.

Эфферентті немесе эффекторлы нейрондар қоздырғыштарды орталық жүйке жүйесінен жұмысшы ағзаларға – эффекторларға жібереді. Бұл нейрондардың денесінен қоздырғыштар периферияға ұзын аксондар арқылы тасымалданады. Қаңқа бұлшық еттеріне импульстарды жіберетін эфферентті нейрондар қозғалғыш немесе мотонейрондар деп аталады. Олардың денелері жұлынның вентральды бөлігінде, орта және сопақша мида орналасқан.

Көптеген эфферентті нейрондар импульстарды тікелей периферияға жібермей, басқа төмен орналасқан нейрондар арқылы тасымалданады. Мысалы, үлкен жарты шардың немесе орта мидың қызыл ядросының эфферентті нейрондары импульстарды жұлынның мотонейрондарына жібереді. Вегетативті жүйке жүйесінің эфферентті нейрондары орталық жүйке жүйесінен тыс жерде – перифериялық ганглияларды орналасқан.

Қондырма (аралық, байланыс нейрондары, интернейрондар) орталық жүйке жүйесіндегі нейрондардың ең көп тобын құрайды. Олар рецепторлы және эффекторлы нейрондарды байланыстырады. Олар тудыратын әсерлерге қарай байланыс нейрондарын қоздырғыш және тежегіш деп ажыратады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет