Күрделі рефлекторлық реакцияларды жүзеге асыру. Ағзада жүріп жатқан рефлекторлық реакциялардың жиынтығы екі топқа бөлінеді: шартты және шартсыз рефлекстер
Шартты рефлекстерді жүзеге асуы үшін мына әдістемелер қолданылады:
Павловтың сөл бөлуге жүргізген классикалық әдісі;
қозғалтқыш - қорғаныс;
қозғалтқыш – азықтық және т.б..
Шартты рефлекстердің жүзеге асу әдістемесі.Шартты рефлекстер шартсыз рефлектсер негізінде белгілі бір жүйе бойынша пайда болады:
шартты тітіркендіргіш шартсыздың басталуына қатысуы керек:
шартты тітіркендіргіш бастаушы күш болуы керек;
жануарлармен дыбыс өтпейтін камерада және стереотипті жағыдайларда жұмыс істеу керек: сол және басқа жағыдайларда, бір уақытта, әр түрлі манипуляциялардың реттілігін сақтау керек;
үлкен жарты шарлардың қабықшаларының қалыпты қызметтік жағыдайы.
Шартты рефлекстердің пайда болуы қабықшаның жүйке торшаларының екі тобының арасындағы уақытша байланыстың пайда болуына негізделген:
шартты тітіркендіргіштерді қабылдайтын топтар;
шартсыз тітіркендіргіштерді қабылдайтын топтар және оларды бірнеше рет қайталау кезінде, олардың арасында уақытша байланыс түзіледі.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу және қозу – ағзаның қоректену ортасымен көп түрлі байланысын қамтаммасыз ететін біріңғай қабықшалы үрдістің тізбегі. Бөлінеді:
ішкі – шартты тежелулер (шартты тітіркендіргіш шартсызға біркпеген кезңде туындайды);
шартсыз – сырқы тежелулер (үлкен күштердің жауабына туындайды). Ұйқының физиологиялық механизімі.Ұйқы – әр жануардың өмірлік қажеттілігі Ұйқыға кетудің бірінші кезеңінде жануарлар сыртқы тітіркендіргіштерге мән бермейді. Ұйқының негізгі белгісі – қоршаған орта әрекетінен өшу.
Заманауи көзқарастарға сәйкес, ұйқы дегеніміз – демалу ғана емес, сондайақ күні бойы жиналған әр түрлі ақпараттарды қайта өңдеуге бағытталған жұмыс. Ұйқының келесі түрлері болады: кезеңдік, тәулік сайынғы, кезеңді мерзімдік, наркотикалық, гипнотикалық, патологиялық
Вегетативті рефлекстер – вегетативті жүйке жүйесінің нейрондары көптеген рефлекторлық реакциялардың жүзеге асуына қатысады. Олар тітіркенумен, экстро- және интерорецепторлармен туындауы мүмкін. Вегетативті рефлекс кезінде импульстер симпатикалық және пара симпатикалық жүйкелер арқылы орталық жүйке жүйесінен перефериялық ағзаларға өтеді. Ақырғы реакцияларды жүзеге асыруға қатысатын жұмысшы ағзалардың рефлекстері мен эффекторларын тудыратын тітркену рецепторларының орналасуына байланысты, вегетативті рефлекстер бірнеше топтарға бөлінеді:
висцеро - висцеральді рефлекстер, бір ішкі ағзадан басқасына және сол ағзаның өзіне;
висцерокутанды – ішкі ағзалардан теріге өтетін рефлекстер;
кутановисцеральді – теріден ішкі ағзаларға;
висцероромоторлы – құрсақ қуысынан іш бұлшық етіне; - висцеро - сенсорлы – құрсақ теріге немесе керісінше.
Аксон - рефлекстер.Вегетативті жүйкелердің тітіркенуі кезінде ерекше реакциялар анықталады, олар аксон-рефлекстер немесе псевдорефлекстер деп аталады. Аксон-рефлекстердің шынайы рефлекстерден айырмашылығы, оларда рецепторлы нейрондардан эффекторларға қозу өтпейді. Егер пре-және постганглионарлы нейрондардың аксондарының тармақтануы, бір тармақ бір ағзаны немесе оның бөлігін жүйкелеп, ал екіншісі басқа ағзаны немесе оның бөлігін жүйкелеу арқылы жүзеге асатын болса, олар осындай жағыдайларда туындауы мүмкін. Осындай тармақтанудың салдарынан, бір тармақтың тітіркену аксондары, қозуды екінші тармақтың бойымен таратуы мүмкін, соның салдарынан ағзаның тітіркену орынынан алыстаған реакциялар жүзеге асады.
Вегетативті жүйке жүйесінің қызыметі ОЖЖ-ң жоғары бөлігіне, қабықша асты ядроларына, сондай-ақ гипоталамусқа әсер етуіге бағынады.
Гипоталамус ағза функциясын реттеуде маңызды рөл атқарады. Гипоталамуста жұлынның симпатикалық нейрондарын немесе ми бағаналары мен жұлынның парасимпатикалық нейрондарын стимуляциялайтын ядролар болады. Оларды трофотропты және эрготропты ядролар деп атайды. Олар гипоталамустың алдыңғы бөліктерінде орналасқан.
Мишық ОЖЖ-ң рефлекторлы қызметінде маңызды рөлге ие. Ол симпатикалық жүйке жүйесі ретінде адаптациялық – трофикалық функцияны орындайды ,яғни бұлшық еттік белсенділікті орындау үшін ағзаның барлық резервтерінің активациясына қатысады. Ол вегетативті жүйке орталықтарының қозуына әсер тигізеді және қозғалу актілерін орындау үшін ағзаның бейімделуіне мүмкіндік туғызады. Олай болса, оны вегетативті соматикалық жүйке жүйесін біріктіруші деп санауға болады.
Үлкен жарты шарлардың қабықшалары вегетативті жүйке жүйесін реттеуші ретінде жұмыс істейді.
И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметінің түрлері туралы ілімі. Жоғары жүйке қызметінің түрлерінің сипаттамасы, үлкен жарты шарлардың қабықшасының функциональді қасиетін сипаттайтын қозу мен тежелу үрдісінің басты ерекшелігіне, байланысты. И.П.Павлов жоғары жүйке қызметі түрлерінің жіктелуін үш белгісі бойынша жүргізді: жүйке үрдісінің күші, теңеделген және қозғалғыштық. И.П.Павловтың жіктеуі бойынша, жануарларда жоғары жүйке қызыметі түрлерінің негізгі төрт типін бөледі:
күшті теңделген қозғалтқыштық – бұл типқозу мен тежелудің күшті қозғалыш үрдістерімен және соның салдарынан ауыспалы орта
жағыдайларына бейімделу мүмкіншіліктеріне ие болуымен сипатталады;
күшті теңделген инерттілік – қозу мен тежелудің өте күшті үрдістеріне ие, бірақ, олар жеткіліксіз түрде қозғалады, ол жүйке үрдістерінің тез ауысуы қажет болған кезде теріс әсер береді.
күшті теңделмеген – тер/желу үрдісінен қозу үрдісінің күші бойынша бейімделумен сипатталады;
әлсіз – жүйке жүйесінің басқа қасиеттерінің қамтаммасыз етілуіне байланысты, қозу үрдісінің әлсіз болуымен сипатталады. Бұл қорқақ жанурлар. Олар сыртқы ортадағы қандайда болсын өзгерістерге оңай тежелгіш келеді.
Динамикалық стереотип – тітіркену кешенін бірнеше рет қайталайтын, мидың үлкен жарты шарларының қабықшалы жүйелік қызметі (олардың арасындағы уақыт интервалдарын сақтай отырып, жеке тітіркендіргіштерді белгілі бір тәртіптке дәл келтіру).
Достарыңызбен бөлісу: |