Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет23/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122
Ми бағаналарының тонустық рефлексі.Сопақша ми, вариоли көпірі ортаңғы және аралық мимен бірге ми бағанасын құрайды. Олар жануардың қалыпты тұрысы мен қозғаласын сақтауда маңызды рөл ойнайды. Бұл тонустық рефлекспен қамтаммасыз етіледі.

Би бағаналарының рефлексін Р.Магнус зерттеп, жіктеді және екі топқа бөлді: статикалық, стато-кинетикалық.

Статикалық рефлекстер жату, тұру, отыру кезінде пайда болады, ол екі топқа бөлінеді:

Бірінші топ – бұл позалы- тонусты дене қалпын сақтайтын және түзету кезінде қайта орнына келетін рефлекстер.

Дене қалпын сақтайтын рефлекстер – жануарлардың басының бағыты дене бағытына сәйкес келмейтіндіктен пайда болады. Тартылу күші орталығының өзгеруінен дене тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін.

Стато-кинетикалық рефлекстер дененің кеңістіктегі белсенді немесе белсенді емес қозғалысы нәтижесінде пайда болады және тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Қозғалыс сипатына сай олар 2 топқа бөлінеді. Біріншілері – түзу сызықты қозғалыс кезінде сызықтық жылдамдықтың үдеуінен, екіншісі- шыр айналдыру нәтижесінде бұрыштық жылдамдықтың үдеуінен пайда болады.

Ретикулярлық формация. Сопақша ми, вариоли көпірі ортаңғы және аралық мимен бірге ми бағанасын құрайды, яғни ми көпірі өткізгіш аппарат болып табылады және мишық қабықшасы мен үлкен ми қабықшасын байланыстырып тұрады.

Ми бағанысының, сонымен қатар аралық мидың жеке ядролраның гистологиялық көрінісі бірнеше әр түрлі типтегі жүйке торшаларының жиналуымен көрінеді, олар әр түрлі бағыттарға бағытталған жүйке талшықтарымен түптеледі.

Бұл құрылыс торға ұқсас, сондықтан оны торлы немесе ретикулярлы формация деп атайды. Ретикулярлы формацияда жұлынның жоғары көтеруші және төмен түміруші жолдарының өзара байланысы жүреді. Оған ағзаның барлық рецепторлы жолдарынан импульстер түседі және оның функциясы бас миына, аралық, ортаңғы, сопақша ми, жұлын қабығының құрылысына реттеуші және тежеуші әсер етуімен сипатталады. Мишық ОЖЖ-ң рефлекторлы қызметінде маңызды рөлге ие, ол қозғалыс аппаратының қызмет ету үрдісінде оның коррекциясын және бір қалыпты болуын қамтаммасыз етеді.

Жануар қозғалған кезде мишыққа импульстер бұлшық ет, сіңір, буын рецепторларынан, тіпті көру, есту және тактильді қабылдау рецепторларынанда түседі және олар ағзаның қозғалыс реакциясын түзейді, олардың нақтылығын және ұйқастығын қамтаммасыз етеді. Мишық ағзаның қозғлыс функциясының реттеп қана қоймай, вегетативті функцияғада әсер етеді.



Лимбикалық жүйе – латын сөзінен «лимбус» - аймақ, жиік. Ол ми бағанасын қоршап, оны қорғайды. Оның құрамына үлкен жарты шарлардың медиальді жағында орналасқан жүйке құрылымдары енеді: белдік қатпарлары, гиппокамп қатпарлары, ілмекше тәрізді қатпарлар, бадамша тәрізді кешендер, тісті фасция, бүртікті денешіктер, көру төмпешіктерінің алдыңғы ядросы.

Ол ішкі ағзалардың қызметін атқарып, зат алмасуды қалыпта ұстайды, гоместазды сақтайды, сондықтан оны висцеральді ми деп атайды.

Лимбикалық жүйеде теріс (үрей, ашу, долылық) және оң (тынышталу, рақаттану, қуану) эмоцияларының орталықтары анықталған. Лимбикалық жүйемен ас қорту және жыныстық қозу байланысты.

Аралық ми таламустан немесе көру төмпешіктерінен, гипоталамустан және эпиталамустан тұрады.

Таламус немесе көру төмпешіктері – үлкен жарты шарларға бағытталған барлық сезімтал жолдардың (түйсік сезімінен басқа) қабық асты коллекторы. Таламмуста үш аумақ болады – алдыңғы, латеральді және медиальді. Таламустың барлық ядролары (40 шамасында) спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді.

Таламустың спецификалық ядроларына алмастырушы және ассоциативті ядролар жатады. Ауыстырушы ядроларға алдыңғы (дорсальді, вентральді және медиальді), артыңғы вентролатеральді, көру сигналдарының вентральді ядролары жатады. Латеральді имекті дене көру сигналдарының ауыстырушы ядросы болып табылады. Медиальді имекті дене есту жолдарының ауыстырушы ядросы болып табылады. Таламустың алдыңғы ядролары висцерорецепторлардан импульстер алады.

Таламустың ассоциативті ядросы ауыстырушы ядролардан импульстер алады және оны ми қабықшасының ассоциативті аумағына өткізеді.

Таламустың спецификалық емес ядролары қабық асты құрылысына, кейін қабықшаның әр түрлі бөліміне сигналдар береді.



Гипоталамус көру төмпешіктерінің астында орналасқан және ол ОЖЖ күрделі түзілімдерінің бірі. Гипоталамус гипоталамо – гипофизарлы жүйені түзе отырып, гипофизбен байланыста болады. Олар 32 жұи ядродан тұрады, олар алдыңғы, ортаңғы және артыңғы топтарға бөлінеді.

Гипоталамустың артыңғы ядроларында симпатикалық жйүке орталықтары бар (олардың тітіркенуі кезінде жүрек соғысы жиілеп, артериальді қан қысымы көтеріледі, ішек моторикасы тежеледі).



Ортаңғы ядолар зат алмасудың (ақуыздық, май, көмірсу, сулы - тұзды) реттелігін, сондай-ақ жылу реттеу, омсотық ретту, эмоция, шөлдеу, қанығу орталықтарын қамтаммасыз етеді.

Алдыңғы ядроларда парасимпатикалық жүйке жүйесінің қабық асты орталықтары бар.



Эпиталамус түйсік-сезім орталығынан тұрады және ішкі секреция безінің (эпифез) орналасу орыны болып табылады.

Жануарлардың бас миының қабықшасы – бұл бас миының үлкен жарты шарларының беткейлік қабаты, жуандығы 1,5-3 мм. Ол сұр заттан тұрады, оның құрамына жүке торшаларының денешіктері, олардың өскіндері мен аралық ұлпасы – нейроглия енеді. Үлкен жарты шарларының қабықшасы құрылысы мен функциясы жағынан ОЖЖ-ң күрделі бөлімі болып табылады.

Осы барлық торшалар әр түрлі бағытталған өскіндерден тұрады және мынандай байланысты жүзеге асырады: сол және бір шартышардың жеке аумағының арасындағы – бұл ассофциативті; 2 жартыш шардың бірдей аумағын біріктіруші – комиссуральді жүйке талшықтары; жүйке талшықтарын өткізуші - ұзын және бас миының әр түрлі бөлімдерін жұлынмен және барлық ағзалармен байланыстырып тұрады.



Бас миының үлкен жартышарларының қабықшасының аумағы. Қабықшасының жеке аумақтары өзінің жуандығы, қабаттарының саны, торшаларының өлшемі және т.б. бойынша ажыратыладыү Бұл қабықшасының барлық беткейін жеке жазықтарға бөлуге мүмкіндік туғызады. Жануар өзінің дамуы бойынша қагшалықты жоғары тұрса, қабықшасының құрылысы соншалықты кұрделі болады және қабықшада соншалықты бөліктерге бөлінген болуы мүмкін.

Қабықшаның сенсорлы аумағы – ағзаның барлық рецепторларынан афферентті импульстер түсетін қабықшаның аумақтары. Сенсорлы аумақтардың келесі түрлері болады:

Көру – желке аумағында орналасқан және көру ағзаларымен байланысып тұрады.

Есту – самай қатпарларында орналасқан және есту ағзалармен байланысқан.

Дәм сезу – орталық бороздарда орналасқан.

Түсік-сезімі – аммонды мүйізгектерде орналасқан.

Тері, буынды бұлшық етті аумағы артқы орталық қатпарларда орналасқан.

Висцеральді– қабықшаның моторлы аумағында орналасқан.

Сенсорлы аумақтан басқа, әр жарты шарда моторлы аумақ болады, онда орындаушы қозғалыс орталықтары шоғырланған, олар қаңқа бұлшық еттерінен импульстерді жібереді. Қозғалыс аумағының өлшемдері және оның орналасуы әр түрлі жануарлар өзгеше келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет