Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Ми қыртысындағы тұйықталудың түрлері



бет29/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122

Ми қыртысындағы тұйықталудың түрлері


Ми қыртыстарының қалыпты жұмысы қоздыру мен тежеу үрдістерінің өзара әрекеттесуімен сипатталады. Қоздыру шартты рефлекстердің туындауын және өңделуін , ал тежеу – оны басуды туындатады. Тежеудің негізгі екі түрі болады: шартты және шартсыз. Шартты рефлекстердің шартсыз тежелуі алдын ала өңделусіз және салыстырмалы түрде созылмай дамиды. Шартсыз тежелу екі түрлі болады: ішкі тежелу және шектен тыс тежелу. Ішкі тежелу ми қыртыстарында жаңа қоздыру ошағы пайда болғанда пайда болады. Оның пайда болуы ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне тәуелді. Мысалға, иттердің jr жүйесінде қоңырауға берік сілекей бөлу рефлексі пайда болған. Қоңырау шалып, сол уақытта есікті қатты қағатын болса, бұл кезде сілекей бөлінбейді. Қоңырауға деген шартты рефлекс тежеледі. Шартты рефлекс иттің бір жері ауырғанда және қуық қалбыршағы толып кеткенде де пайда болады. Бұл тежелу түрін ішкі деп атауымыздың себебі, шартты тітіркендіргіштердің қабыршақты ортылығы қоздырылған қабаттырының орталығымен тежеледі. Шектен тыс тежелу – шартсыз тежелудің басқа түрі – тітіркендіргіштің әсерінің күшінің арттыруынан және ұзақтығынан байқалады. Мысалы, қоңырауға шартты сілекей бөлу рефлексін өндіріп,кейін қоңырау дыбысын күшейтсе, сілекей бөлінбейді. Дәл осындай жағдай, орташа дыбыстағы қоңырауды ұзартқанда да байқалады. Бұндай құбылыс жүйке жасушаларының жұмыс жасауының шекті мөлшері болатындығында. Тиісті шектеуден асқанда жүйке жасушаларындағы қоздыру үрдісі тежелу үрдісіне алмасады. Шектен тыс тежелу қорғаныштық механизм болып табылады. Олар қатты немесе ұзаққа созылатын қоздырушылардан жүйке жасушаларының жұқаруын болдырмайды.Шартсыз, немесе туа біткен, тежелу тек қана қабыршақта емес, сонымен қоса орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдеріне де тән. Шартты,немесе ішкі, тежелу – бұл тежелудің ерекше түрі.; ол жүйке жүйесінің жасуша қабыршақтарына өзгеше болып келеді; бұл тежелу тек үлкен ми сыңарларының қабаттарына тән.

Шартты тежелу ақырындап дамиды және ұзақ уақытқа дейін сақталады. Ол негізінен шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргішке жүйелі байланыспаған кезде байқалады. Байланысы болмаған тітіркендіргіштер қоздырушы үрдістерін тудырған қабыршақ жасушаларында тежелу үрдісін тудырады. Шартты тітіркендіргіштің орталығы басқадан емес, сол орталық ішінен дамиды, сондықтан да оны ішкі тежелу деп атайды.



Ішкі тежелудің шартты тітіркендіргіш пен шартсыз тітіркендіргіштің арасындағы байланыстың болмауына қарамастан төрт түрін ажыратады: сөну, жетілу, шартты тежеуіш және кешігу.

Сөну.Егер шартты тітіркендіргішті аз уақыт аралықпен шартсыз тітіркендіргішсіз қайталап отырса, шартты рефлекстің мөлшері азая түседі де, нәтижесінде мүлдем жоғалады. Енді шартты рефлекстің әсері шартты рефлекс орталығында бұрынғыдай қоздыру үрдісін емес тежелуді тудырады. Егер толық сөнгеннен кейін жүйелі байланыспаған тітіркендіргішті қолдануда үзіліс жасаса, тиісті тітіркендіргішке шартты рефлекс қайтадан пайда болады. Шартты рефлекстің қайта құрылуы ерекше әсерсіз өтеді – шартты тітіркендіргішке шартсыз тітіркендіргіштің байланысы қажет етілмейді. Әлбетте, сөну кезінде шартты рефлекс жоғалмайды, тек ішкі тежелуге байланысты шартты рефлекторлы байланыстардың уақытша өшуі болады. Жетілу. Ішкі тежелудің басқа түрі болып табылады. Егер өз табиғатына жақын шартты тітіркендіргіштің байланыспаған тітіркендіргішін қолданса, шартты тітіркендкргіш секілді ол соншалықты шартты рефлексті шақыртады. Бұл жалпылама құбылыс, бірақ тиісті тітіркендіргішті байланыспаған күйінде бірнеше рет қолданса, ол қоздыруды емес тежелуді тудырады. Мысалы, иттерде шамның жануына сілекей бөлінудің шартты рефлексі өндірілген. Кейін жаңа тітіркендіргішті қолдану басталады – шамның жаныпсөнуі, бірақ азықпен оны қамтамасыз етпейді. Бірнеше рет қайталанған соң шамның жанып-сөнуі сілекей бөлінуді тудырмайды. Бұл үрдіс шартты тежегіш тітіркендіргішке айналады. Осы тітіркендіргіштің әсерінен ми қыртыстарында тежелу үрдісі байқалады. Демек, жетілу бір белгінің қайта байланыс орнатуынан және басқасының байланыспауынан туындайды. Өзінің қасиеттері бойынша тітіркендіргіштер қаншалықты жақын болса, жетілу соншалықты жұқарақ болады. И.П. Павловтың зертханасында иттердің минутына 100 метроном соққысынан 96сын ажырата алатындығы, бір – бірінен У8-де ажыратылатын үндерді жетілдіруді және т.б. жасай алатындығы дәлелденген. Ми қыртысындағы жетілуші тежелудің өңделуінің арқасында ағза әр түрлі тітіркендіргіштерді талдайды. Осы үрдістің нәтижесінде нақты өмір сүру жағдайларына қарай жануарлардың тиісті мінез – құлығы дамиды. Тежелудің бұл түрі үлкен ми сыңарларының әрекеттерінің талдауының негізінде жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет