Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет37/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122

Анализаторлар


Анализаторлар (И.П.Павлов бойынша) – ағзаның қоршаған ортамен тұрақты байланысын қамтаммасыз ететін сезімтал және күрделі анатомиялық – физиологиялық, сенсорлы жүйелер. Әр анализатор үш бөлімнен тұрады – перифериялық, өткізгіш және орталық.

Рецепторлы бөлімнің (перифериялық) қызыемті әр түрлі энергия түрлерін (жарық, химиялық, механикалық, жылулық және т.б.) қабылдау және оларды жүйке импульсінің энергиясына айналдыру. Көру анализаторларында бұл рецепторлар – жарық; иіс және дәм сезуде – химиялық; есту, вестибулярлы және қозғалғыш – механикалық; теріде – бірнеше түрлер болады.

Өткізіш бөлімі импульстерді рецепторлардан орталық бөлімге өткізуді жүзеге асырады.

Әр анализатордың орталық бөлігінің қызыметі – сәйкес рецепторландан түсетін жүйке импульстерін синтездеу және талдау жолымен сыртқы және ішкі ортадан сигналдың бүтін (зат, құбылыс) бейнесін құру.



Жануарларда анализаторлардың мынандай түрлері болады: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тері, қозғалыс, интерорецепторлы, вестибулярлы.

Тері анализаторы.Тері сезімі жануар өмірінде үлкен маңызға ие. Теріде әр түрлі тітіркенулерді қабылдайтын көптеген рецепторлар болады. Теріде сезімталдылықтың келесі түрлері болады: жылу, суық, түйсіну, такстильді. Тітіркендіргіштің күшіне байланысты тактильді түрлерге бөлінеді: жақындау сезімі, қысым және ауырсыну. Түйсіну – теріге әр түрле денелер жанасқан кезде туындайтын сезінудың барлық кешені. Тері сезімталдығының әр түрлі әр түрлі өткізгіш жолдардан тұрады.

Иіс сезу анализаторы. Иіс сезу анализаторының көмегімен жануарлар барлық иістерді езе алады. Көптеген жануарларда иіс сезу жақсы дамыған және үлкен маңызға: жануарлар азық іздейді, азықты органолептикалық бағалайды, жауынан қорғанады, жынысы мен жасын анықтайды, аумағын таңбалайды. Иіс сезу торшалары (мұрын қуысындағы иіс сезу аумағы) хеморецепторлар болып табылады. Иіс сезу торшалары газ түзетін жағыдайдағы және сасық заттармен тітіркенеді. Иістердің жіктелуі нақты зерттелмеген. Иісті заттардың химиялық құрылысы негізінде иістердің жктелу теориясы ұсынылған (Хенинг), Эймур – негізгі жету иісті анықталы және Хейнинкс иістерді физикалық қасиетіне қарай жіктеді. Қазіргі уақытта иістердің екі теориясы бар – физикалық және химиялық. Химиялық теория иістер негізінде молекулалар құрылысы жатыр деген пікірге келеді. Физикалық – иістердің себебі заттардың молекулаларының төменгі жиіліктегі дірілдермен туындаған электромагниттік ауытқулардың пайда болуынан болатынын көрсетеді. Бұл теориялар бірін – бірі толықтырады.

Дәм сезу анализаторы жануарға азықтың дәмін анықтауға мүмкіндік береді. Дәм сезу анализаторының рецепторлы бөлігі тілдің дәм сезу бүрлерінде орналасқан . Дәм сезу пиязшықтары – хеморецепторлар, олар сілекейдегі еріткіш заттармен тітіркенеді. Дәм сезі анализаторының дәмді заттарға сезімталдылығы бірдей емес. Ащы, тұзды, қышқыл, тәтті тітіркендіргіштер анық сезіледі.

Көру анализаторы.Рецепторлы бөлігі көздің торлы қабығында орналасқан – бұл таяқша және шумақша қабаттары. Таяқашалар іңірдегі сәлені, ал шумақшалар күндізгі сәулені қабылдайды. Көздің сезімталдылығы жануар тұрған орынның жарықтану жағыдайларына байланысты. Егер жануардың көзін қараңғыда жарықтандыратын болса, онда сақирналы бұлшық еттің жиырылуы салдарынан қарашық тарылады және сәуле ағыны азаяды. Жарық және қараңғы бейімделу түрлері болады. Бұл әр түрлі күшпен жарықтануға көздің реакциясы. Жарық сезу теориялар бар – үш компонентті – торлы қабықшаға реуепторлардың үш типін өткізеді (қызыл, жасыл, күлгін); екі компонентті – торлы қабықшада жарық сезгіш заттар қатары болады (ақ – қара, қызыл – жасыл, сары - көк); полехроматикалық торлы қабықшада рецепторлардың барлық түрінің болуына рұқсат етіледі. Түсті көруді шумақшалар басқаоады – көк, жасыл қызыл сезгіштер, әр түрінде шумақшалардың өз пигменті болады, соның арқасында үш негізгі түсті қабылдауға қабілетті болып келеді. Түс көрудің бұзылуы, яғни ажырата алмау дальтонизм деп аталады.

Есту анализаторлар дыбыстық толқындарды қабылдайды және оларды есту сезіміне айналдырады. Сүт қоректілердің есту анализаторларының перифериялық бөлігі – құлақ, ол үл бөлімге бөлінеді: сыртқы (дыбыс аулаушы), ортаңғы (дыбыс өткізуші), ішкі (дыбыс қабылдаушы және трансформациялаушы аппарат)ү

Анализаторлар бөлімі кестеде көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет