Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Үлкен ми сыңарларында қозу мен тежелудің өзара қатынасы



бет31/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   122
Үлкен ми сыңарларында қозу мен тежелудің өзара қатынасы.

Қоздыру мен тежелудің иррадиациясы мен концентрациясы. Қоздырушының немесе тежелудің иррадиациясы деп осы үрдістердің пайда болған ошағынан басқа қабаттарына жайылуын айтамыз. Қоздыру мен тежелудің концентрациясының мәні бұл үрдістер белгілі бір шекке жеткенде, бастамасына қайтып келе алатындығында жатыр.

Қоздыру үрдісінің иррадиациясына мысал ретінде шартты рефлектердің генерализациясы құбылысын жатқызуға болады. Бастапқыда шартты рефлекстің дамуында тек шартты тітіркендіргіш қана емес, басқа да сырттан келген тітіркендіргіштер реакция тудыра алады. Бұл құбылыстың болуының себебі, шартты тітіркендіргішпен шақырылған қоздырғыш қабыршақтың әр түрлі аймақтарында иррадиацияланады және шартсыз тітіркендіргіштің қабыршақ орталығымен уақытша байланысына басқа да көптеген қабаттарының пункттері кіреді.



Шартты рефлекстердің ары қарай өңделуінде қоздырушының иррадиациясы шектеле бастайды. Қоздырғыштар бір жерге топталады, шартты тітіркендіргіштің жасушаларының топтарында концентрацияланады. Бұл қоздырушының концентрациясының үрдісі шартты тітіркендіргіштен басқаларының байланыс орнатпауының нәтижесінде және де қоздырушыны шектейтін ішкі тежелудің дамуынан пайда болады. Қоздырушы мен тежелу үрдістерінің іс - әрекетінің сипаты олардың күшіне тәуелді болады. Әлсіз үрдістер әдетте алыс емес қашықтықтарды салыстырмалы түрде баяу иррадиациялайды. Орташа күшті үрдістер мүлдем иррадиацияламайды немесе болмашы шектеулерге ғана таралады, күшті дәрежедегі үрдістер ең жоғарғы жылдамдықпен иррадиациялайды. Бұл үрдістердің концентрациясы иррадиацияға қарағанда әлдеқайда баяу өтеді. Үлкен ми сыңарларындағы жүйке үрдістерінің іс - әрекеті өз жолында иррадиациялайтын үрдіспен жолығатын қабыршақтың жасушаларына да тәуелді болып келеді. Егер нейрондар тұйықталған жағдайда болса, ол қоздыру үрдісінің енуіне кедергі жасайды және керісінше, егер олар қоздыру жағдайында болса, тежелу оларды қиындықпен қамтиды. Жүйке үрдістерінің иррадиациясы мен концентрациясының жылдамдығына жүйке жүйесінің типі мен дара ерекшеліктері де өз ықпалын тигізеді. Бірақ, егер қоздыру импулсьтары мен олардың таралуы оларға тәне электрлі құбылыстарға сай табылатын болса, ал «тежелу импулсьтарын» әлі де табыла қоймаған болып саналады. Сондықтан да тежелудің таралу механизмі әлі анық емес. Қазіргі уақыттағы көптеген физиологтардың ойынша, тежелу өз бетімен таралмайды және иррадиацияланбайды.Егер, мысалы, үлкен ми сыңарларының белгілі бір аумағында монотонды тітіркендіргіштердің әсер етуінен тежелу туындайтын болса, онда осы қабаттарының аймағынан импульстер ретикулярлы формацияға барады және олардың әсерінен импульстардың келуі шектеле бастайды, нәтижесінде қабыршақтық нейрондарының қызметінің тоқтауына әкеп соғады. Демек, бұл жерде тежелудің таралуы емес, оқшаулауы, қоздырушының иррадиациясының шектелуі байқалады. Ми қыртыстарындағы индукция. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдеріндегідей, үлкен ми сыңарларының қабаттарында индукция, яғни қоздыру мен тежелудің өзара қатынасына сай байқалады. Нәтижесінде оң немес теріс индукция көрінетін белгілі бір баланс пайда болады. Оң нәтижелі индукцияға мысал ретінде келесі тәжірибені айтуға болады. Иттердің алдыңғы аяқтары терісінің механикалық тітіркенуіне шартты азықтық рефлекс тән. Жануардың артқы аяқтарының механикалық тітіркенуі тежеуіш ретінде жасалған. Егер оң нәтижелі шартты тітіркендіргішті тежеуіштен кейін қолданса, шартты рефлекстің тез арада артуы байқалады (сілекей бөліну бір жарым есеге ұлғаяды). Теріс нәтижелі индукцияға мысал ретінде ориентирлік реакциямен шақырылған ішкі тежелуді айтуға болады. Кез келген кенеттен әсер еткен жанама тітіркендіргішке жақсы өндірілген шартты рефлекстер де жауап қайтармайды. Бұл жағдайда кенет пайда болған қоздырушының ошағы басқа да қабаттардың орталықтарында тежелу күйін индукциялайды және шартты рефлекторлы жұмыстың орындалуына кедергі келтіреді. Жүйелі, немесе уақытша, индукция дәл сол қабыршақ орталығында қоздырғыштың немесе тежегіштің тоқтауынан кейін қарама – қарсы жүйке үрдістерінің пайда болуымен сипатталады.

Индукция өз көріністеріне қарай иррадиацияға қарама – қарсы болып келеді. Егер иррадиация бір мағыналы үрдістерді таратудан тұрса, ал индукция, керісінше, қарама – қарсы сипатта әсер туғызады және иррадиацияны шектейді.

Ол жүйке үрдістерінің концентрациясына ықпал тигізеді.

Ми қыртыстарының жасушаларының қоздыру жағдайынан тежелуге өтуі бірнеше өтпелі фазалардан тұрады. Оларды И.П. Павлов гипнотикалық фаза деп атаған. Бұл фазалар өзінің пайда болу сипатына қарай қоздырудан тежелуге өту кезіндегі перифериялық жүйкелерде туындайтын Н.Е. Введенскийдің парабиотикалық фазаларына ұқсас болып келеді. Қалыпты жағдайларда шартты рефлекстің үлкендігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Қоздырудан тежелуге өту кезінде ең алдымен теңдестіруші фаза туындайды. Ол әлсіз тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де шартты реакция бірдей болуымен сипатталады. Қабыршақтың тежелу жағдайының тереңдеуінен теңдестіруші фазаның келесі – парадоксті фазаға өткенін байқауға болады. Әлсіз тітіркендіргіштер күшті тітіркендіргіштерге қарағанда көп мөлшерде шартты рефлексті тудырады. Тежелудің одан әрі күшеюі нәтижесінде барлық оң нәтижелі тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер мүлдем жойылады, тежегіш шартты тітіркендіргіштердің әсері оң нәтиже бере бастайды. Бұл фаза түрі үлкен ми сыңарларында ғана байқалады. Оны ультрапарадоксті фаза деп атайды. Ақырында, толық тежелу формасы пайда болады және барлық тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер жоғалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет