Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Жануарлардың мінезқылығының қалыптасуы



бет41/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122

Жануарлардың мінезқылығының қалыптасуы


Жылқыларды, ірі қара мен ұсақ малдарда, шошқаларда жас төлдері жетілген болыр туатыны соншалықты, енесінің соңынан тіпті ұзақ қашықтыққа да еріп жүре алады. Олардың табиғи жағдайда дамуы күнделікті жайылымдарды ауыстырып отыратын табында немесе үйірде өтеді.

Бұл жануарлардың эмбриональды дамуы жаңа туылған төлге шартсыз ориентирлік рефлекстердің көмегімен кез келген жағдайларда аман қалуға мүмкіндік береді. Латентті үйрену – бұл ұқсас немесе тепе – тең тәжірибелік жағдайларда бұрын болған жануарлардың жадында сақталатын таңба ( мысалы, лабиринттегә егеуқұйрық). Еліктеудің негізінде құстардың түрлік «әндерін» жаттап алуы құрылған. Ауыл шаруашылық жануарларының төлдері еліктеу арқылы оған қажетті іс – әрекеттерді, мысалы жайылу қабілеті, үйреніп алады. Импринтинг (ойда сақтау) – шартты рефлекторлы үйренуге ұқсас келетін үйренудің ерекше формасы, бірақ бұл индивидуалды емес түрлік сипаттамаларға бағытталған. Постэмбриональды дамудың тек алғашқы сатыларында ғана қалыптасады, қысқа мерзімді кезеңдерде ұзақтығымен және тұрақтылығымен сипатталады. Мысал ретінде жаңа төлдердің ( немесе балапандардың) кез келген алдындағы тірі немесе жансыз обьектілердің соңына еруін (мысалы, адам немесе құстың макеті) қарастыруға болады. Бәлкім, импринтинг келесі өмірінде жақын туыстарын танып білуде және туыстық шағылысуды болдырмау мақсатында қолданылуы мүмкін.

Жүре пайда болған мінезқылықтың жоғарғы дәрежесі - бұл түсінуге (инсайт) негізделген Мінезқұлықтүрі. Бұл тек жоғары дамыған омыртқалылардың өкілі – приматтарда ғана кездеседі. Мұндай мінезқылықтың формасы заттарды дайындау және пайдалану арқылы жүзеге асатын жоспарлы іс – әрекеттермен көрінеді. Табиғи жағдайларда қалыптасатын шартты рефлекстердің күрделілігі ағзаға жеке стимулдар емес, оларды топтарының әсер етуімен түсіндіріледі. Егер бірнеше рет стимулдар бірдей реттілікпен әсер ететін болса, онда шартты немесе шартсыз реакциялар да бекітілген реттілікті қалыптастырады. Олар соншалықты мықты болуы мүмкін, өйткені жеке рефлекстер тек өзінің шартты стимулына ғана емес, алдыңғы стимулмен шақырылған реакцияға да жауап қайтаруы мүмкін. Бұл жерде дара пайда болған тәжірибелер жаңа шартты рефлекстердің және үйренудің ассоциативті емес формаларының қосындысы еместігі айтылады. Рефлекстер жоғарғы тәртіптің әдебиеттерде тізбекті шартты рефлекстер, динамикалық стереотиптер және т.б. функционалды жүйелерін қалыптастырады.

Үйрену, инстинкт сияқты, сараптау негізінде мінезқылықтың бейімделуін (адаптация) қамтамасыз етеді. Бірінші жағдайда бұл үрдіс түрдің тарихы аралығында өтеді, ал екіншісінде – түршелердің тарихы аралығында (О.

Меннинг).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет