Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Ерекшелеу қызметіне байланыстырылған мінезқылық



бет54/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122

Ерекшелеу қызметіне байланыстырылған мінезқылық


Ерекшелеу қызметі және жылуды реттеумен байланыстырылған мінезқұлықтар:

  1. Ерекшелеу қызметімен байланысты мінезқұлық.

  2. Жылу реттеуімен байланысты мінезқұлық.

  3. Жылу реттеу

Өкінішке орай біз иттердің иіс сезу белгілері мен олардың көздері туралы әлі аз білеміз (жалпы жануарлардың химиялық коммуникациялары туралы).

Мысалы, иттердің артқы жағында дара үшін ерекше иіс беріп, нәжіске сөл бөлетін қос без бар екендігі белгілі. Оның үстіне ит құйрығы негізінің үстіңгі жағында 1925 жылы Сетон сипаттап берген ерекше без бар, оны сөлі де аталған индивидуум туралы ақпарат көзі болуы мүмкін. Сондықтан да иттер өздерінің аталастарының анал ауданы мен нәжісіне соншылықты қызығушылық танытатын тәрізді. Нәжісті иіс шығаратын басқа да заттек көздері тәрізді иттер территорияны белгілеу үшін қолданады. Белгілеу – жер беті жануарларының көптеген түрлері үшін маңызды болып табылады: өзінің мекендеу ауданының әр түрлі нүктелерінде иіс шығаратын заттарды қалдыра отырып, олар өзі туралы басқаларға хабарлайды. Иіс шығаратын белгінің арқасында даралардың популяция ішінде құрылымдық бөлініс жүзеге асырылады, жыныстық серіктестер бір-бірін оңайырақ тауып алады, ал қарсыластар тура байланыстан қашып, «қожайыны» туралы біршама толық ақпарат алады.

Кейбір кездері иісті белгіге көрінетін белгі де қосылады: сондықтан да төбеттер асқазанын босатқаннан кейін сол жердің маңайын аяғымен қопарады, алайда ол иттің нәжісін тығу қажеттілігімен байланысты емес. Алайда территорияны белгілеу үшін иттер әдетте зәрін қолданады. Қаншықтар мен төбеттердің зәр сындыру үдерістері әр түрлі. Басқа дараның белгісіне жақындаған төбет оны мұқият иіскеп, аяғын көтеріп, сол жерге кішігірім өз зәрін қалдырады.

Ол үдерістің басқа да белгісінің жанында болуы алдыңғы түсініктемеден түсінікті болуы тиіс: себебі дәл осы жерде «ақпаратпен алмасу пункті» орналасады. Бұрындары ешбір ит болмаған таныс емес жерде ит әдетте тым болды аздап биік орналасқан жерге (тас, бұта) жақындап, соған зәр сындырады. Оның үстіне оның өзінің зәр иісі оның дәл осы жерге басқа ит белгісін тастап кеткенге дейін кедергі келтіретін болады.

Торлы орында немесе басқа иттер кірмейтін алаңда өмір сүретін иттер сирек белгі жасайды. Оқшау жерде өскен ересек төбеттер әдетте белгі жасамайды.

Алайда иіс шығаратын белгілермен территория шегі мен оған деген құқық ғана белгіленіп қоймайды. Басқа итті кездестірген әр ретте төбет ыңғайлы (кейбір кездері қожайынының көз тұрғысынан ыңғайсыз) жерде белгі қалдырады. Сонымен қатар төбет белгісін неғұрлым биік қалдырса, оның иерархиялық жүйедегі алатын орны да соғұрлым биігірек деген пікір бар. Алайда ол әділ емес тәрізді: кейбір кездері физикалық тұрғыда белгіні биік қалдыра алмайтын ұсақ иттер доминант болып шығады. Бұл жерде ең маңызды фактор белгілеуші дараны «өз эмоциясын күштірек білдіруге» мәжбүрлейтін қозу деңгейі болып табылады.

Иттер басқа иттің белгісін иіскеу кезінде қандай ақпарат алады? Ол сұраққа жауап беру оңай емес, алайда С.А.Корытиннің тәжірибелері бұл мәселеге біршама жарық түсіруге мүмкіндік береді. 10 км жолда әрбір 200 м сайын арша бұтақтарын қойып, жартысына алты айлық аталық зәрін құйып, қалғандарына – ересектің зәрін құйған. Жол бойынша үш рет өткізген ересек төбет ересек аталық белгілеген бұтақтарды жиірек белгілеген. Осылайша, төбеттер зәрлік белгі қалдырған даралардың жастарын ажыратады.

Ерекшелеу қызметімен байланысты аналықтардың мінез-құлығы аталықтардың мінезқұлығынан ерекшеленеді. Аналық иісті белгілер қалдырылған белгілі бір жерлерге ғана барады, оның үстіне өз үйіне жақын жерде ғана болады. Әдетте зәр сындыру кезінде ол отырады (алайда кейбір кездері аналық аяғын көтеретін кездер де болады, алайда ол өте сирек болатын жағдай). Нәжіс шығару кезінде қаншықтар төбеттер тәрізді әрекет жасайды, алайда қаншықтар жерді аяғымен сирек қопарады.

Арнайы келтірілген зерттеулерде әр түрлі тұқымды ит төбеттері жынысы бірдей дараларды қарама-қарсы жыныстылардан зәр иісін ажырата алады. Аналықтардың эструсы жайлы ақпарат зәрде ғана емес, нәжісінде де болады. Ол кезде қаншықтарда ерекше иісті заттар – жыныстық феромондар пайда болады, дәл солар төбеттерді өзіне тартады. Жалпы феромон деп жануардың қоршаған ортаға шығаратын және басқа дараларда белгілі бір мінезқұлықтық және физиологиялық реакциясын тудыратын жеке заттар немесе сол заттардың қоспасы аталады. Әдетте сүт қоректілердің феромондары – құрамына бірқатар компонент кіретін заттардың күрделі қоспасы болып табылады. Алайда өзара қарымқатынастың жыныстық саласында ол әрқашан солай бола бермейді: жемісті феромондар бір-екі қоспадан тұратын қарапайым құрам да болуы мүмкін. 1979 жылы М.Гудвин әріптестерімен бірге қаншықтарда ерекше зат – метил-ргидроксибензоатты аңғарған. Егер оны анэструс жағдайындағы аналықтың жыныстық мүшелеріне жақса, төбеттің мінез-құлығы өзгере бастайды. Басқа авторлар бигльдер анэструстегі аналықтарға қарағанда эструстегі аналықтардың зәріне екі есе көбірек назар аударғандығын анықтаған. Егер эстралды аналық зәрінің химиялық құрамын өзгертіп, одан негізгі және қышқыл қоспаларды алып тастайтын болса, онда ол анэструс жағдайындағы аналыққа ұқсайтын болады. Оның үстіне анэсталды қаншық зәріне метил-р-

гидроксибензоатты қосу оны зерттеу уақытын ұлғайтпайды. Сондықтан иттердің жыныстық феромонының химиялық табиғаты мәселесі әлі шешілмеген жағдайда. Иттер эструс жағдайын өз тұқымдастарында ғана емес, сонымен қатар ұқсас түрлердің аналықтарында жақсы анықтайды. Керемет аңшылық қасиеттерге ие

Гудвин атты такса төбеті апаннан жанаттәріздес иттің аталығын алып шығып, кейін аналық қалған апанға қайта кіргеннен кейін кенет үруін қоя қояды. Қожайынының бұйрығы бойынша ол бәрібір аналықты апаннан алып шығады, ал ол өлген болып өтірік істеген жағдайда (жанаттәріздес иттердің жақсы көретін тәсілі) оған жағына бастайды, ол кезде аналық эструс жағдайында болып шықты. Иттер үшін тағы бір маңызды қабілет – жеке индивидуумдардың иістерін тану. Шынымен де, жеке тану – жануарлардың химиялық коммуникациясын зерттеушілер үшін ең тартымды міндет болып табылады. Алайда біз әлі иттерде ғана емес, сонымен қатар қандай да бір сүтқоректілер түрінде индвивидуумдарды тану қалай жүретіндігі туралы ештеңе білмейміз десе де болады.

Көптеген иттер қасқырлардан қорқады, оның иісін сезгеннен кейін із бойынша жүрмей, қорыққаннан жүнін көтеріп, құйрығын қысып, қожайынының аяғына қарай тығылады. Жоғарыда аталған С.А.Корытин өлген кәрі қасқыр қаншығының құйрықасты бездерін кесіп алып, сол без салынған шыныны әр түрлі иттерге ұсынған. Тоғыз иттің сегізінде қорқыныш білінген, алайда олардың бір де біреуі бұрындары қасқырлармен кездеспеген. Осылайша, қасқыр иісіне деген тума реакциясы болуы мүмкін. Біз оқырман иістер иттер өмірінде қаншалықты маңызды екендігіне және иттер оны бір-бірімен араласу кезінде қалай қолдана алатындығына көз жеткіздік деп үміттенеміз. Кейбір кездері қожайын итін қардағы белгіден (басқа жерде оны көре де алмайсың) сүйреп әкетіп бара жатқанын немесе итіне басқа итке жақындағаны үшін ұрысып жатқанын көруге болады. Алайда иттер қоғамдастығының мүшесі және «толыққанды тұлға» болу үшін мұндай қарым-қатынас түрі міндетті түрде қажет қой. Иіскеуге тыйым сала отырып, біз оны мұндай мүмкіндіктен айырамыз, оның сыртқы өмірін кедейлетеміз. Сол сияқты итке қарама-қарсы жынысқа деген табиғи қарымқатынасы үшін де ұрсуға болмайды. Сіздің төбетіңіз қандай да бір «ханымға» тым көп назар аударатыны ұнамаса – көрген кезде оны басқа уақытта шығарыңыз немесе көшенің басқа жағында қыдыртыңыз, алайда жазаламаңыз. «Адамгершілігі жоғары» ит көбейту үшін тиімсіз болып қалады.

Алайда біздің үйдің иті нәжісте немесе өлікте жатқанын көрген кезде – бұл жерде ешбір қожайын шыдамайды. Шындығына келгенде мұндай мінезқұлықтың да коммуникацияға тура қатынасы бар. Денесіне уқалау арқылы иіс жағу (ол өлік немесе нәжіс болуы міндетті емес) тергоралық реакция деп аталады. Ол көптеген сүтқоректілерде, сонымен қатар жыртқыштарда ғана емес, сонымен қатар кеміргіштерде де, тұяқтыларда да және басқаларында да белгілі. Тергоралық оқыту барысында емес, мұралық жолмен беріледі. Ол үшін қоздырғыштар қызмет етеді. Тергоралық реакцияның биологиялық мәні қандай? Қызметтерінің бірі – ольфакторлық мимикрия, яғни басқа нысанға еліктеу. Иттер үшін бұл қызметті атавизм ретінде қарастыруға болады. Дәл соны иттердің жабайы ата-бабалары олжаға байқаусыз жақындау үшін басқа жануарлардың иісін өзіне жаққан. Кейбір кездері жыртқыштар өздеріне басқаларын тартатын заттарды жағады, мысалы, мускус (кейбір кеміргіштерде, жыртқыштарда және тұяқтыларда бөлінетін мускусты бездердің сөлі көптеген жануарларға қатты әсер етеді). Енді олар басқа түрлерге еліктемей, құрбандарын өздері шақырады.

Үстіне өлік иісін жағу басқа дараларға тамақ көзіне деген жолды іздеп табуға көмектеседі. Өліктен қайтқан итті иіскегеннен кейін басқа иттер соның ізі бойынша қоректі іздеп тапқан жағдайлар да болған. Әрине, тұрмыстық өмірде бұл әдет аса ыңғайсыз және итті одан арылту қажет, алайда ол оңай болмай шығып жатады.

Кейбір кездері жануарлар қандай да бір заттың иісінен ерекше рахаттанатын кездер болады, сол кезде олар сол иісті өзіне жағуға тырысады. Біз иттер жайлы айтып жатқанымен, еденге бірнеше валерьяна тамшысын тамызған мысықтар туралы еске түсірмей болмайды.

Тергоралық реакцияның тағы бір қызметі – антипаразиттік. Үстіне иіс шығаратын заттарды жаққан ит бүргелер мен басқа да эстопаразиттерден арыла алады.

Осылайша, біздің асырандыларымыздан бақылайтынның барлығы өте заңды және өз тамыры мен биологиялық қызметі бар, бақылап, әр түрлі деректерді салыстыруды үйренсек болды, достарымызды жақырақ түсініп, оны жазалауды доғарамыз және осыдан кейін ол бізге адал қызмет ететін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет