Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет53/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122
Табындық жануарларды аулау. Мықты ересек жануарлар әдетте жыртқыштарға берілмейді. Әдетте олардың құрбандарына жалғыз не ауру жануарлар айналады. Солтүстік бұғыларға шабуылдай отыра, қасқырлар әдетте оны фронт бойымен қуады.. Бірнеше минут жүгіргеннен кейін табыннан бір немесе бірнеше ауру жануар қалып қояды, дәл солар жыртқыштың аузына түседі. Егер олай болмайтын болса, қасқырлар аңшылықты тоқтатады. Қорқау иттер қарақұйрықтарға аңшылыққа түскен кезде табыннан бір жануарды алып қалуға тырысады.

Үй солтүстік бұғылары қасқырлардың оңай олжасына айналады. В.П.Макридиннің бақылаулары бойынша үй бұғыларының жылдамдығы қасқыр жылдамдығынан біршама төмен, алайда жыртқыштар ұзақ уақыт қуа алмайды. Үй бұғыларының үлкен, қыс жағдайына сай келмейтін көлемі, олардың жыныстық және жастық құрылым ерекшеліктері қасқырлардың табын ортасына кіріп, ондаған жануарды өлтіре алу мүмкіндігінің басты себептері болып табылады.

Жыртқыш құстар мінезқұлығын бақылауды Д.В.Радаков жүргізген. Жыртқыш балық шабуылдаған кезде үйір бұзылады, жыртқышты өткізіп жіберіп, оның соңынан қайта бірігеді. Атерина, кефаль шабақтары үшін ондаған сантиметрге созылатын бірінші ырғу тән, оның үстіне балық жыртқыштың көз аясынан кету үшін жеңіл қозғалады. Жыртқыш олжасын ұстап алу қолынан келмесе, қууды біршама жылдам тастайтындығы анықталған. Жетістікке жеткен жағдайда оның белсенділігі артады.

Топқа бірігу құрбандарға ғана емес, сонымен қатар жыртқыштарға да көмектеседі. Қасқырлардың үйірлік шабуылы жақсы белгілі. Олар фронт бойынша таралып, құрбанын қуады, оның үстіне қасқырлар қаншықтың барлық қимылдарын қайталайды.

Қиыр шығыстық ірі сусарлардың кабаргаға үйірлік аңшылығы біршама қызығушылықты тудырады. Е.Н.Матюшканың бақылаулары бойынша 2-5 сусардан тұратын топ өзен аңғарын зерттейді, біресе тарап, біресе қайта жиналады. Кабарганы тапқаннан кейін құрбанын жағадан өзен мұзына қууға тырысады. Кабарганы қуа отырып, біресе біреуі, біресе екінші сусар бүйірден соғып, бауырдан шабуылдайды. Жануардардың «кооперациясы» аңшылық жетістігін бірден арттырып жібереді. Әдетте кабарга өлімнен қаша алмайды. Д.В.Радаковтың бақылаулары бойынша үйірлік жыртқыш балықтар құрбанды қоршап, үйірден бір балықты қуып шығып, панасынан алып шығуға, су шетіне қуып тығуға, оны бағытынан шатастырып, бір-біріне олжа тауып алғандығы туралы белгі беруге тырысады. Бір балықты бірнеше жыртқыш қуған кезде құрбан қашып құтылмақ болып, ең соңында есеңгіреп қалады, қозғалысын тоқтатып, оңай олжаға айналады. Қудаланатын жануарлардың есеңгіреуі туралы көптеген авторлар да жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет