Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


П.К.Анохиннің мінезқылық реакцияларының қалыптасуының концепциясы



бет22/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

П.К.Анохиннің мінезқылық реакцияларының қалыптасуының концепциясы. Соңғы кездері мінезқұлық реакцияларының қалыптасуының әр түрлі сызбаларыы ұсынылған және оның ішінде П.К. Анохиннің концепциясы кең тарағаны болып табылады (1964). Кез келген мінезқылықтық реакция, осы концепцияға сай, «афферентті синтездің» қалыптасуынан басталады.

Рефлекс - бұл ОЖЖ-ң қатысуымен ішкі және қоршаған орта

рецепторларының тітіркенуіне қоршаған ортаның жауап реакциясы.

Рефлекс рефлекторлық доға деп аталатын құрылыстық негіз арқылы жүзеге асырылады. Бұл рефлексті жүзеге асыру үшін, қажетті арнайы ұйымдастырылған жүйке элементтерінің кешені. Қарапайым рефлекстің рефлекторлық доғасы нейрондар тізбегінен тұрады және ол бес элементке бөлінеді:


  • рецепторлар;

  • ОЖЖ-ң жүйке орталығына қозуды тасымалдайтын афферентті жүйке

(сезімтал);

  • жүйке орталығы; - эфферентті (шығарушы);

  • эффектор (жұмысшы ағза).

Рефлекс тудыратын рецепторлардың, тітіркенулердің жиынтығы рефлекстің рецептивті аймағы деп аталады.

Нейрондардың мөлшеріне байланысты, рефлекторлық доғалар қарапайым және күрделі (моносинаптикалық және полисинаптикалық) болып бөлінеді.

Рефлекс туралы оқу кезінде қайтымды байланыс немесе қайтымды аффрененция түсінігі бар. Осыған сәйкес орындаушы (эффектор) ағза рецепторларынан орындалған реакцияны түсету мен бағалау үшін, импульс ожж-е түседі.

Рецепторлардың орналасу орынына байланысты рефлекстер бөлінеді: экстерорецептивті, яғни рефцептордың дене беткейіне тітіркенуді тудыруы; интерорецептивті немесе висцеральді, олар ішкі ағзалар мен тамырлар рецепторларының тітіркенуі кезінде туындайды; проприорецептивті, сіңір, қаңқа бұлшық еті, буындар рецепторларының тітіркенуімен туындайды.

Ағзаның қандай түрінің қатысуына байланысты, жауап реакциясының сипатына қарай рефлекстер бөлінеді: моторлы немесе қозғалтқыш; тамыр қозғалтқыш.

Жүйке орталықтарының орналасу орыны қарай рефлекстер жіктеледі: жұлындық – жұлын нейрондары қатысады; бульбарлы – сопақша ми нейрондарының қатысуымен жүзеге асырылады; мезэнцефальді – ортаңғы ми нейрондарының қатысуымен жүзеге асырылады; диэнцефальді – аралық ми нейрондарының қатысуымен жүзеге асырылады; кортикальді - бас миының үлкен жарты шарының қабығындағы нейрондардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Рефлектсер биологиялық маңызы бойыншажа бөлінеді: азықтық, қорғаныс, жыныстық, тоникалық, бағыттамалық, локомоторлы және т.б. Жауап реакциясы мен тітіркену орынына қарай рефлекстер бөлінеді: кутанды-висцеральді – теріден ішкі ағзаларға; висцеро-кутанлы – ішкі ағзалардан теріге; висцеро – висцеральді – ішкі ағзалардан ішкі ағзаларға жүзеге асады.

Әр түрлі зерттеу әдістерімен жұлынның екі функциясы анықталған: рефлекторлық және өткізгіш.

Жұлынның рефлекторлық қызыметі рефлекстер қатарын орындаудан тұрады:

бас, дене және аяқ-қол бұлшық еттерінің реттеуіне қатысатын, әр түрлі деңгейде орналасқан орталықтар (мойын, кеуде және бел).

Кеуде және бел бөлімдерінде тамыр қозғалтқыш (вазоматорлы) және тер бөлгіш орталықтар болады. Одан басқа, айқыш бөлігінде тік ішек және несепжыныс ағзаларының орталықтары болады.

Екінші маңызды функциясы – қозуды қабылдау және өткізу – жүйке талшықтарынан тұратын ақ затпен жүзеге асырылатын импулсьтарды өткізу. «Жұлынның өткізуші жол» термиінін жұлынның әр түрлі бөлігінің бас миымен немесе жұлынның ішімен байланысы деп түсінген жөн.

Жұлында ажыратылады:


  • өзіндік – жеке сегменттерді және шартсыз рефлекстерді біріктіретін сегментті аппарат.

  • Жұлынды баспен жалғастыратын жұлынның орталық өткізгіш жолдары немесе өткізгіш апараты.

Сопқшы ми екі функция атқарады: рефлекторлық, өткізгіш.

Рефлекторлық функция сопақша миды маңызды орталықтардың болуына байланысты (тыныс алу, қан айналымы, жүрек қызыметі, ас қорту – жұту, ему, шайнау, сілекей бөлу және басқада азықтық шырындардың бөлінуі)

Сонымен қатар, сопақша мимен рефлекторлық үрдістерде байланыста болады (қорғаныс рефлекстері – көз рефлексі – жұму, жас ағу; ас қорту – құсу және кекіру; тыныс алу – жөтел, шүкіру). Қаңқа-ми жүйкелерінің 12 жұбынан 8 жұбы сопақша мидан және вариола көпірінен қайтып келеді – үш тармақты, қайтарушы, бет, есту, тіл, жұтқыншақ, қосалқы, тіл асты жүйкелері.

Омыртқалыларды сопақша мидың ең маңызды функциясы тепе – теңдіктің реттелуі, ал құстар мен сүт қоректілерді тұрған тұрысын реттеу болып табылады.

Сопақша мидың екінші маңызды функциясы өткізгіш болып табылады. Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі Ортаңғы ми сегментарлы және супрасегментарлы функцияларды орындайды.

Ортаңғы ми ядроларының рефлекторлық қызыметі. Төрт жоталы алдыңғы дөңестер біріншілік көру орталығы, ал артқы дөңестер біріншілік есту орталығы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет