Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет40/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Ойда сақтау – импринтинг


Ең алғашқы ойда сақтау туралы мәліметтерді Лоренц айтқан (1935, 1937). Ойда сақтау жануарлардың өмірінің белгілі бір кезеңінде сыртқы орта обьектісімен қалыптасқан байланысты орнатумен сипатталады. Бұл байланыс кез келген қозғалғыш обьектінің артынан еру, сол обьектіге жақындау, онымен қатынасқа түсу, жанасу, жалау, төмен ырғақты дыбыстар шығару (қанағаттану дыбысы), жоғарғы тонды (дисстресс – реакциялар) шығару арқылы білінеді. Бұған мысал ретінде жаңа туылған қозының мінезқылқын келтіруге болады. Егер сол уақытта оны енесінен айырып, алдына тұрып кейін кетіп қалса, қозы адамның артынан жүреді.

Ойда сақтау обьектісі ретінде өмірінің кезеңдерінде көрінетін басқа заттар мен құбылыстар болуы мүмкін: Қауіпті заттар, жағымсыз дыбыстар және т.б. К. Лоренцтің (1971) ойынша, Түбірінде импринтинг шартты рефлекстен айырмашылығы бар, ол ойда сақталған обьектіге реакциясы ұзаққа сақталады және тез есте сақталады, өмірінің дамуының белгілі бір «критикалық» кезеңінде пайда болады және жойылмады. Бірақ кейінгі зерттеулерге сүйенсек, бұл айырмашылықтары абсолютті емес. Импринтинг жануарлардың мінезқылқын қалыптастыруда үлкен маңызы бар, осыған орай маңызды обьектілер мен құбылыстар тез әрі нақты есте сақталады. Импринтингтің құбылыстарының механизмін саралауда ортақ ой – пікірлер жоқ. А.Г. Понугачева (1973) импринтингті ескі жадының бір формасы ретінде қарастырған. Л.Г. Воронин (1969) импринтингті суммациялық рефлекстерге жатқызады – сенсибилизация үрдістерінің негізінде құрылған үйренудің ең қарапайым формасы. Импринтингтің құбылысында әлі де анық емес және олардың шешімі маңызды нәтижелерді беретін сұрақтар бар.

Еліктеу – бұл да үйренудің бір формасы. Жануарлардың еліктеулері жиі байқалады. Кейде еліктеу импринтингке жақын – еру рефлекстерінде автоматты реакциялар түрінде өтеді. Жылқыларды вагонға орналастыру барысында, кейбіреулері қарсылық көрсетіп вагонға кірмейді. Бірақ осы жылқының көзіне ешқандай қарсылықсыз вагонға кірген жылқыны көрсетсе, ол дереу тынышталып артынан еріп кіреді. Есте сақтайтын жайт, пайдалы рефлекстермен қоса жануарлар еліктеу арқылы өздерінде әр трлі жағымсыз іс – әрекеттер өңдеуі мүмкін. Үйренудің түріне «и н с а й т» жатады. В. Торптың анықтамасы бойынша, инсайт – жаңа реакциялардың ешқандай сынама мен қателіксіз дұрыс орындауы. Жануарлардың қаруларды қолдануын инсайтқа мысал ретінде келтіруге болады.

Инсайтты бейнелі ойға қабілеттілігінің сипаттамасы ретінде қарастыруға болады. Ойлау – мінезқылықтың жоғарғы формасы, адамдардың мінезқылқындағы үстемдігі бар түрлердің бірі. Физиологтар мен этологтар арқылы жоғарғы сатыдағы жануарлардың элементарлы талқылағыш қызметтерінің бар екендігі дәлелденген. Бұл жерде инсайт мысал бола алады. Кейде нәтижесіз әрекеттерінен кейін және пайда болған іркілістен кейін, кенет жануар Мінезқылық тактикасын өзгертіп тапсырманы орындайды.Демек, жануардың миында алдында орындалған әрекеттерін саралап, одан кейін жасалатын іс – әрекеттеріне өзгеріс енгізеді. Біз мұндай жағдайды бақыладық. Мықты сырықтардан жасалған биік қоршаулары бар орманға қашырды жіберіледі. Қоршаудан секіріп өту үшін бірнеше рет жасалған нәтижесіз әрекеттерден кейін қашыр тынышталады. Бірақ біраз уақыт өткен соң ол қоршауды бойлай жатып және басын, денесін, құйрығы қимылдата отырып қоршаудың келесі жағына өтті; тұрып, қағып – сілкініп, жүгіріп кетті.

Жоғарғы сатыдағы жануарларда бар және эволюциялық тұрғыдан дамитын талқылаушылық қызметінің элементтері болады. Бұл жануарлардың күрделі тапсырмаларды орындауларында дәлелденеді.

Жүре пайда болған мінезқұлықтыңқарастырылған формалары – үйрену және ойлау – эволюцияның жоғарғы сатыларында дамиды. Үйрену сүтқоректі жануарларда үстемді бола бастайды. Мінезқылықтары үйрену барысында туа біткен және жүре пайда болған реакциялармен анықталады. Осы реакциялардың механизмдерін оқып үйрену жөніндегі сұрақтар, жоғарғы жүйке жүйесінің туындауын онтогенезде де, эволюциялық тұрғыда да қарастырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет