Жануарлар этологиясы


Табындық жануарларды аулау



Pdf көрінісі
бет47/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113
Табындық жануарларды аулау. Мықты ересек жануарлар әдетте 
жыртқыштарға берілмейді. Әдетте олардың құрбандарына жалғыз не ауру 
жануарлар айналады. Солтүстік бұғыларға шабуылдай отыра, қасқырлар әдетте 
оны фронт бойымен қуады.. Бірнеше минут жүгіргеннен кейін табыннан бір 
немесе бірнеше ауру жануар қалып қояды, дәл солар жыртқыштың аузына түседі. 
Егер олай болмайтын болса, қасқырлар аңшылықты тоқтатады. Қорқау иттер 
қарақұйрықтарға аңшылыққа түскен кезде табыннан бір жануарды алып қалуға 
тырысады.
 
 
 
 
 
 
Үй солтүстік бұғылары қасқырлардың оңай олжасына айналады. 
В.П.Макридиннің бақылаулары бойынша үй бұғыларының жылдамдығы қасқыр 
жылдамдығынан біршама төмен, алайда жыртқыштар ұзақ уақыт қуа алмайды. Үй 
бұғыларының үлкен, қыс жағдайына сай келмейтін көлемі, олардың жыныстық 
және жастық құрылым ерекшеліктері қасқырлардың табын ортасына кіріп, 


125 
ондаған жануарды өлтіре алу мүмкіндігінің басты себептері болып табылады. 
 
Жыртқыш құстар мінезқұлығын бақылауды Д.В.Радаков жүргізген. 
Жыртқыш балық шабуылдаған кезде үйір бұзылады, жыртқышты өткізіп жіберіп, 
оның соңынан қайта бірігеді. Атерина, кефаль шабақтары үшін ондаған 
сантиметрге созылатын бірінші ырғу тән, оның үстіне балық жыртқыштың көз 
аясынан кету үшін жеңіл қозғалады. Жыртқыш олжасын ұстап алу қолынан 
келмесе, қууды біршама жылдам тастайтындығы анықталған. Жетістікке жеткен 
жағдайда оның белсенділігі артады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Топқа бірігу құрбандарға ғана емес, сонымен қатар жыртқыштарға да 
көмектеседі. Қасқырлардың үйірлік шабуылы жақсы белгілі. Олар фронт бойынша 
таралып, құрбанын қуады, оның үстіне қасқырлар қаншықтың барлық 
қимылдарын қайталайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет