Ыстық аптап кезіндегі сыртқы орта температурасына қарағандағы
дененікінің төмен болуы ең алдымен температураның жоғары және
ылғалдылықтың төмен болуы кезінді артатын булану салдарынан жылуды
жоғалтумен байланысты. Пойкилотермдердің дене температурасының өзгеру жылдамдығы оларды
көлемдерінің кері тәуелділігімен байланысты. Ол ең алдымен салмақ пен үстіңгі
беттің қатынасымен анықталады: ірі формаларда дененің салыстырмалы үстіңгі
беті азаяды, сәйкесінше ол жылуды жоғалту жылдамдығын да төмендетеді. Ол әр
түрлі тұқымдастар үшін температурасы белгілі бір қалыпты географиялық
аудандарды немесе биотоптарды мекендеу мүмкіндігін анықтағандықтан орасан
зор экологиялық мәнге ие. Мысалы, суық суларда ауланған ірі терілі тасбақаларда
тұңғиықтағы дене температурасы теріс болған, су температурасынын 180С
жоғарырақ; ол тасбақалардың дәл сол үлкен көлемдері мұхиттың ең суық
аудандарына енуге мүмкіндік береді, ал ол көлемі кішірек түрлерге тән емес. Енжар тұрақтылық.Қарастырылып отырған заңдылықтар шеңберінде
белсенді тіршілік сақталатын температура өзгерістерінің диапазонын қамтиды.
Суыққа төзімді өсімдіктердің «шынығуы» - кезең бойынша жүріп өтетін және
ағзадағы біршама күрделі физиологиялық және биохимиялық өзгерістермен
байланысты белсенді маусымдық үдеріс. Жануарларда табиғи жағдайда естен
тануға өту үдерісі де көптеген жағдайда маусым бойынша жүреді және ағзадағы
физиологиялық өзгертулер кешенімен анықалады. Естен тануға өту үдерісі қандай
да бір көлденең факторлармен реттелуі мүмкін, осыған байланысты объективтік
материал кеңінен тұжырым жасау үшін жеткіліксіз болып табылады.