Жануарлар этологиясы


Қызба кезінде байқалатын, қорғаныш реакциялары



Pdf көрінісі
бет56/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

Қызба кезінде байқалатын, қорғаныш реакциялары. Қызба кезінде 
антидене құрастыру үдерісі белсенді болады .Иммунитет қалыптасады. Қызба 
кезінде болатын ерекшеліктер: 
1.Фагоцитоздың қайта қалыптасады;
2.Ферменттік белсенділік көбейіп, әр түрлі үдерістің энергетикалық 
тиімділігі төмендейді; 
3.Ағзаның дезинтоксикациялық функциясы артады (соның ішінде 
бауырдың); 
4.Қызба инфекция қоздырғыштарының белсенділігін төмендетеді. Мысалы, 
гомойотермия – құстардың 37-38 температурасында оларды әр түрлі жұқпалы 
аурулардан (оба және т. б) сақтайды.
5.Күйзелістік реакциясы іске қосылады - жалпы бейімделу белгілері 
дамыйды. 
Қызбамен кезінде ауру ауырлық деңгейге сәйкес келсе, әлсіз жануардыңдың
дене температурасы төмендейді, жүрек-тамыр жүйесі, реттеуші үдерістері 
бұзылады. Қызбаны емдеу, оның қорғаныш механизмінің негізінде жасалған. 
Гипотермия. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ 
мерзімді дамуда қоршаған ортаның ұзақ салқындату әсері дамиды. Бұл ретте 


145 
бейтарап майлар деподан артады. Бұлшық етте қызыл баяу талшықтар деңгейінің 
саны көбейіп, неғұрлым жоғары болса энергетикалық алмасу жылдамдайды. 
Қоңыр май ұлпасының белсенділігі артады. Ұзақ механизмінің бейімделу 
мерзімі 3-4 аптаға ұзарады.
Төмен температураға жедел бейімделу механизімі: 
1.Бірінші деңгейі - бұл дене деңгейінің терморегуляциясына байланысты. 
Дене үсті аумақтарында перифериялық тамырларының тартылуы және ишемиясы
байқалады.Жылу беру үдерісі төмендейді. Содан кейін жиырылғыштық 
термогенез үдерісі қосылады: 1 сатысы – алдымен бұлшық ет тонусын ұлғаяды, 2 - 
бұлшық ет дірілі - рефлекторлы іске қосылады, бір топ бұлшық еттердің 
изотоникалық және изометриялық үйлесімі қысқартылады, көбінесе жақтың 
немесе мойын бұлшық еттері. 3- содан кейін еркін бұлшық еттерінің жиырылуы 
басталады. Алайда, осы реакциялардың тиімділігі жоғары емес, өйткені қан - 
жұмыс істейтін бұлшық еттерінде көбейеді, бұл жылудың шашырауына әкеледі.
2.Декомпенсация сатысы. Бұл адамдарда мас күйінде тез туындайды, 
өйткені алкоголь перифериялық қан тамырларын кеңейтеді және қозғалыс 
орталықтарына уытты әсер етеді. Оларқозғыштықты азайта отырып, компенсация
кезеңін баяулатады.Қанайналымының белсенділігін төмендетеді. Салдану 
әсерінен перифериялық қан тамырлары кеңейеді, миопаралитикалық артериялық 
гиперемия периферияда веноздыға айналады, сана қабілеті нашарлайды, бұлшық 
ет қатаяды, адам ұйықтапқалады. Күш қайраттылығын жоғалтады. Сопақша 
мидың өмірлік орталықтарындағы жауапты рецепторлардың салдануы салдарынан 
өлімге ұшырайды. 
Гипертермия. Компенсация сатысында перифериялық тамырлардың 
кеңейюі бірінші пайда болады. Артериялық гиперемия туындайды. Қоршаған орта 
температурасы дене температурасынан жоғары болғанда гиперемия тері есебінен 
өз деңгейін сақтайды. Гипоксия газ алкалозына әкеледі. Жүрек-қан тамырлары 


146 
жүйесінің және тыныс алу орталықтарының реттелуі нәтежиісінде жануар өлімге 
ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет