«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж


ЦАМФ - клетка ішінде бесаспап медиаторға жатады және сол клеткада көптеген негізгі реакциялардың жылдамдығын реттейді



бет13/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
лек. биохим

ЦАМФ - клетка ішінде бесаспап медиаторға жатады және сол клеткада көптеген негізгі реакциялардың жылдамдығын реттейді. Қазір анықталғандай, ол —ең алдымен көптеген гормондардың клеткаға әсер етуінің күрделі механизміндегі молекулалық делдал. цАМФ барлық ұлпалар мен мүшелердің клеткаларында синтезделеді. Ұлпаларда цАМФ синтезіне әр түрлі гормондар мен медиаторлар әсер етеді, ондай заттың саны 20-дан астам.
Циклды аденозинмонофосфатты (цАМФ) адреналиннің әсерін зерттеу кезінде ашқан Э. Сазерленд (1959), сол үшін 1971 жылы Нобель сыйлығын алды. Бұл биохимиядағы аса ірі ғылыми жаңалық болды.
Циклды аденозинмонофосфат АТФ-тан синтезделеді. Бұл процесті аденилатциклаза ферменті (М 185000) катализдейді, ол фермент клетканың плазмалық мембранасымен байланысқан. 3', 5'-цАМФ молекуласында төртінші цикл (сақина) бар. Ол цикл ғажап ерекше, соның арқасында цАМФ пішіні мен биохимиялық қасиеттері бойынша басқа мононуклеотидтерге ұқсамайды.
Аденилатциклаза ферменті негізінен белоктық және пептидтік гормондар әсерін реттейді, олар протоплазмаға енбейді. Клетканың қалыпты жағдайдағы кезінде бұл фермент активті емес. Гормон плазмалық мембранада өзінің рецепторымен әрекеттескен кезде, магний ионы үшін оның өткізгіштігі өзгереді, соның нәтижесінде аденилат-циклаза активтенеді де, цАМФ түзілуі күшейеді.
Биохимиялық қасиеті. Егер гормондар клеткадағы биохимиялық реакцияларды алғашқы реттегіштер болса, гормондар хабарын әрі қарай жеткізуші цАМФ-ты екінші қатардағы (аралық) реттегіштер деп атайды.
цАМФ: 1) бауырдағы гликоген синтезі мен гидролизін;
2) майлы ұлпада триацилглицерол-дардың ыдырауын;
3) жүйке клеткаларының активтілігін;
4) бұлшық еттің жиырылуын;
5) мРНК транскрипциясын;
6) белоктар синтезін;
7) клетка өткізгіштігін;
8) иммунитет құбылысы сияқты және басқа да алуан түрлі процестерді реттейді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Эндокринология ғылымы нені зерттейді?

  2. Қандай ішкі секреция бездерін білесіз?

  3. Гормондардың организмдегі қызметі қандай?

  4. Табиғатына қарай гормондар неше топқа бөлінеді?

  5. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінде қандай гормондар синтезделеді, олардың химиялық табиғаты қандай?

  6. .Простагландиндер деген не?

  7. Простагландиндердің химиялық табиғаты қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет