Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Омыртқа бағанының тым ұзын бұлшық еті -



бет38/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
2. Омыртқа бағанының тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus бассүйек пен құйымшақ аралығында жатқан ұзын ет. Олар арқа, мойын, бас және атлант бөліктерінен тұрады.
а) арқаның тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus dorsi – омыртқалардың жоталық және көлденең қабырға өсінділері аралығындағы кеңістікте жатады. Ол өзінің күшті сіңірлі ұштарымен мықын сүйегінің қырынан, құйымшақ, бел және соңғы 4-5-ші көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып, соңғы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне барып бекиді.
б) мойынның тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus cervicis – көкірек бөлігінде арқаның тым ұзын, ал мойын бөлігінде сыртынан вентральды тісті бұлшық еттерімен жабылып жатады. Ол 5,8-ші көкірек омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталады да, өзінің тісті ұштары арқылы соңғы 4,5-ші мойын омыртқаларының көлденең қабырға өсінділеріне бекиді.
в) бастың тым ұзын бұлшық еті -m. longissimus capittis бірінші көкірек пен соңғы мойын омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталып, самай сүйегінің емізікше өсіндісінде аяқталады.
г) атланттың тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus atlantis бастың ұзын бұлшық етімен бірге басталады да, ауыз омыртқаның қанатына келіп бекиді.
3. Арқа мен мойынның жоталық бұлшықеті - m. spinalis et semispinalis dorsi et сervicis бел және көкірек омыртқаларының жоталық өсіндісінен басталады. Оның жекеленген тістері 7,1-ші көкірек омыртқасының жоталық өсінділерінің каудальды жиегіне және соңғы 4,5-ші мойын омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді.
4. Бастың жартылай жоталық бұлшық еті - m. semispinalis capitis латеральды бетін бұласыр тәрізді және бастың тым ұзын бұлшық еттері жауып жатады. Ол алғашқы 6,7-ші көкірек және соңғы мойын омыртқаларынан басталып, шүйде сүйегінің қырына барып бітеді.
5. Мықын-қабырғалық бұлшық ет - m. iliocostalis – тым ұзын бұлшық еттің латеральды жағында орналасқан. Оны дорсальды тісті бұлшық еттер жауып жатады. Бұл бұлшық ет бел, арқа және мойын бөліктеріне бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет