Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен



бет39/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
6. Көпбөлікті бұлшық ет – m.multifidus-относится арқаның тым ұзын бұлшық етінің астында, құйымшақ пен екінші мойын омыртқаның аралығында, омыртқаларға жабысып жатқан бұлшық ет. Оның жекеленген будалары омыртқаның емізікше өсінділерінен басталып, алдында жатқан омыртқалардың жоталық өсінділеріне бекиді.
7. Көлденең өсінді аралық бұлшықеттер - mm. Intertransversarii – омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасады.
8. Жота өсінді аралық бұлшық еттер - mm .interspinales – омыртқалардың жоталық өсінділердің аралығында жатады. Ол омыртқа бағанының мойын бөлігінде жақсы дамыған.





Сурет-30. Тұлғаның беткей бұлшық еті. А – ит; Б – шошқа; В – іқм, Г – жылқы. 1 – иық-бас бұлшық еті, 2 – трапеция тәрізді бұлшық ет (мойын бөлігі), 3 – арқаның тым жалпақ бұлшық еті, 4 – дорсальды тісті экспиратор, 5 – құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық еті, 6 – тігінші бұлшық еті, 7 – санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық еті, 8 – ортаңғы бөксе бұлшық еті, 9 – беткей бөксе бұлшық еті, 10 – санның екі басты бұлшық еті, 11 – төс-бас бұлшық еті, 12 – атлант-акромион бұлшық еті, 13 – дельта тәрізді бұлшық ет, 14 – иықтың ұшбасты бұлшық еті, 15 – көкіректің терең бұлшық еті, 16 – кеуденің вентральды тісті бұлшық еті, 161 – мойынның вентральды тісті бұлшық еті, 17 – құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, 171 – құрсақтың жалпақ сіңірі, 18 – мықын-қабырғалық бұлшық ет, 19 – көкіректің беткей бұлшық еті, 20 – бұласыр тәрізді бұлшық еті, 21 – кеуде-қалқанша және кеуде-тіл асты бұлшық еті.
IV. Бақылау сұрақтар:
1. Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық етін орыс және латын тілінде атап көрсетіңіз.
2. Ірі қара малдың қаңқасында омыртқа бағанының бұлшық еттері қайда орналасқаның көрсету.
20 САБАҚ
Тақырыбы: Біліктік қаңқа бұлшық еті. Омыртқа бағанының бұлшық еті.
I. Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды бұлшық етін оқып-зерттеу.
1. Орыс және латын тілінде алдыңғы аяқ қаңқасын тұлғаға бекітетін бұлшықеттерін оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Сиырдың қаңқасы.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет