Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Сурет-28. Ірі қара малдың тілерсек буыны. Латеральды беті



бет35/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Сурет-28. Ірі қара малдың тілерсек буыны. Латеральды беті.
1 – tibia – асықтық жілік; 2 – talus – асық сүйегі; 3 – calcaneus – өкше сүйегі; 4 - os centroquartale – орталық және IV тілерсек сүйегі; 5 - os tarsale II. et III - II және III тілерсек сүйегі; 6 - os metatarsale III. et IV.- III және IV артқы жіліншік сүйегі; 7.,8.,9. - lig. Interossea intraordinaria – сүйек аралық байламдар; 10 - lig. collaterale laterale longum – қысқа, ұзын латеральды байлам; 11 - lig. сollaterale laterale breve – бүйірлі қысқа латеральды байлам; 12 - pars calcaneometatarsalis ligamenti collateralis lateralis – бүйірлі өкше-артқы жіліншіктің латеральды байламы; 13 - lig.talocentrotarsale – асық және орталық тілерсек сүйектерінің байламы; 14 - lig.tarsometatarseum interosseum – тілерсек-артыңғы жіліншік байламы; 15 - m. Interosseus – орташа сүйек аралық бұлшық еті; 16 - os.malleolare – жіліншік сирағының сүйегі.

Тұсамыс, топай және тұяқ буындары алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы сияқты. (Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысын қараңыз).


Ерекшеліктері: Жылқылар мен сиырлардың жамбас буынының байланысы бірдей. Шошқаларда жамбас-ортан жілік буынында қосымша байланыс жоқ. Тобық буынында тізу байланысы тек екеу.


IV. Бақылау сұрақтары:
1. Қарапайым, бір білікті буындарға сипаттама беру.
2. Қарапайым, көп білікті буындарға сипаттама беру.
3. Күрделі, бір білікті буындарға сипаттама беру.
4. Тобық буынына сипаттама беру.
18 САБАҚ
Тақырыбы: Бас қаңқасының бұлшық еті.
I. Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде бас қаңқасында бастың бұлшық еттерін көрсету мен алған білімді бекіту.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Бас қаңқасы.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары


Бас бұлшық еттері. Олар ымдау және шайнау топтарына бөлінеді.


Ымдау бұлшық еттері.
1. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті - m.orbicularis oris - жоғарғы және төменгі еріндердің негізін құрап, тері мен кілегейлі қабықтың аралығында орналасады. Оның ет талшықтары ауыз тесігінің айналасына шеңберлене орналасып, езу аумағында ұрт етіне жалғасып кетеді. Ерекшеліктері. Бұлшық ет жылқы мен ұсақ малдарда жақсы, ал сиырда, шошқада және итте нашар жетілген. Қызметі. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті еріндерді бір-біріне тартып қысып, ауыз саңылауының қысқыш бұлшық етінің қызметін аткарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет