Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен



бет26/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Сурет-18. Ортан жілік. А - ит, Б – шошқа, В – сиыр, Г – жылқы (плантарлы жағынан үстіңгі қатар, дорсо-латеральды жағынан – төменгі қатар). 1 – басы, 11 - бастың шұңқыры, 2 – мойын, 3 – үлкен ұршық, 31 – орташа шұңқыр (жылқыларда), 4 – бөкселі төмпешік (жылқыларда – үшінші ұршық), 5 – кішкентай ұршық, 6 – ұршықты шұңқыр, 7 – бұдырлы беті, 8 – табан төмпешігі (жылқыларда табан ойысы), 9 – тобық асты беті, 10 – медиальды және 11 латеральды айдаршық, 12 – айдаршықаралық шұңқыр, 13 – айдаршықүстілер, 14 табан асты бұлшық еттің шұңқыры.
IV. Бақылау сұрақтары:
1 Орыс және латын тілінде ортан жіліктің шұңқырлары мен ұршықтарын атап өтіңіз?
2 Орыс және латын тілінде дистальды эпифиз облысындағы сүйектің элементтерің атап өтіңіз?
3. Орыс және латын тілінде сүйектің төменгі жағында блок пен айдаршық арасында орналасқан үш шұңқырды атап өтіңіз?
4. Әртүрлі үй жануарларының ортан жілік құрылысының ерекшеліктерін атап өтіңіз.


Сирақ сүйектері - ossa cruris – асықты жілік пен шыбық сүйектен құралған. Асықты жілік -tibia – қуысты ұзын сүйек. Проксимальды ұшында екі айдаршық: латеральды - condylus lateralis және медиальды - condylus medialis. Айдаршық арасында айдаршық арасындағы төмпешік - eminentia intercondyloidea бар. Айдаршықтың алдыңда бұдырлы жуандау мен көлемді жота - crista tibiae орналасқан. Жота арасы мен латеральды айдаршық арасында айдаршық сайы - sulcus muscularis болады. Латеральды айдаршықта кішкентай емес шыбық сүйегінің өсіндісін - processus fibularis көруге болады. Асықты жіліктің денесі – corpus tibiae үшбұрышты. Дистальды эпифизде блок – trochlea, онда медиальды жіліншік - malleolus medialis және латеральды жіліншік - malleolus lateralis айырады. Латеральды жіліншікте жіліншік сүйегі орналасқан.
Шыбық сүйек -fibula – нақты бір сүйек ретінде ірі қара малда болмайды.
Ерекшеліктері: Жылқыларда шыбық сүйегінің басын, ал денесі жұқарып, сирақтың ортасына қарай жоғалады. Шошқаларда шыбық сүйек жақсы дамыған, сүйек аралық кеңістігі сүйектің барлық ұзыныдығы бойынш орналасқан. Иттерде шыбық сүйек дистальды эпифизге дейін жетеді. Сүйек аралық кеңістік тек үстінде жақсы дамыған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет