Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Сурет-19. Асықты жілік пен шыбық сүйек. (сол жағынан)



бет27/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Сурет-19. Асықты жілік пен шыбық сүйек. (сол жағынан) А – ірі қара мал, Б – жылқылар; 1 - асықты жілік, 2 – асықты жіліктің жотасы, 3 – айдаршық аралық қырат, 4 – латеральды айдаршық, 5 – шыбық сүйектің басы,
6 – латеральды қайықша , 7 – блок, 8 - медиальды қайықша,
9 – шыбық сүйек.



Сурет-20. Тілерсек сүйегі. (оң жақ аяғы) А – ірі қара мал, Б – жылқылар. 1 асықты жілік, 2 – асық, 3 – орталық сүйек, 4 – үшінші тілерсек сүйегі, 5 – ірі қара малда табан сүйектің үшінші және төртінші сүйегі, ал жылқыларда үшінші, 6 – төртінші тілерсек сүйегі, 7 – буынды канал,
8 – жіңішке сирақ сүйегі, 9 - өкше сүйегі.


IV. Бақылау сұрақтары:
1. Басқа жануарлармен салыстырғанда ірі қара малдың сирақ сүйектері немен ерекшеленеді
2. Орыс және латын тілінде сирақ сүйегінің құрылыс элементтерің атаныз.
3. Асықты жіліктегі дистальды эпифиз блогынан басқа, қандай сүйектер орналасады?
4. Сиырларда асықты жілік қандай пішінде болады.


Артқы аяқ басының қаңқасы. Бақай сүйектері -ossa pedis. Артқы жіліншік, тілерсек және бақай саусағынан тұрады. Тілерсек сүйегі - ossa tarsi – сиырларда 6 сүйектен тұрады және 3 қатарда орналасқан. Проксимальды қатарда асық және өкше сүйектері. Асық сүйек - os tarsi tibiale. Медиальды орналасқан және үш блоктан тұрады: проксимальды, дистальды және плантарлы. Проксимальды блок – асықты жілік үшін арналған, дистальды орталық сүйегі үшін, ал плантарлы – өкше сүйегі үшін. Өкше сүйегі - os tarsi fibulare. Латеральды орналасқан, асық, орталық және жіліншік сүйегімен қосылады. Өкше сүйегінде шомбал денесі бар, ахилді сіңірі үшін өкше өсіндісі - processus calcaneus орналасқан. Өкше сүйегінің медиальды бетінде асық сүйекті ұстайтын - sustentaculum tali сүйек шығып тұр. Оталық бетінде орталық сүйек –os. tarsi centrale. Орталық сүйек тек орташа қатарды ғана емес, сонымен қатар дистальды қатарда орналасады. Дистальды қатарда үш тілерсек сүйектері жатыр: бірінші тілерсек - os tarsi primum, екінші тілерсек - os tarsi secundum, үшінші тілерсек - os tarsi tertium. Табан сүйектері үш бөліктен тұрады (тұсамыс сүйек, топай сүйек және тұяқ сүйек).
Ерекшеліктері: Жылқыларда асық сүйегі бұранда блок түрінде, өкше өсіндісі ұзын, төмпешігі жалпақ. Шошқаларда және сиырларда асық және өкше сүйектерінің құрылыстары ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет