Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен



бет28/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Бақылау сұрақтары:
1. Тілерсек сүйегінде қанша қатар бар екенін және қандай сүйектер орналасқанын орыс және латын тілінде атаңыз.
2. Латын терминологиясын қолданып асық және өкше сүйектер құрылысының элементтерін атаңыз.
3. Сиырдың тілерсек сүйегін басқа үй жануарлардың тілерсек сүйегімен салыстырғанда қандай ерекшеліктері бар екенін атаңыз
15 САБАҚ
Тақырыбы: Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы
I. Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың біліктік қаңқасында бас қаңқасы мен омыртқалар байланысын оқып-зерттеу.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Ірі қара мал мен басқа үй жануарларының қаңқасы.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары.

Омыртқалар денесі бір-бірімен талшықты шеміршекпен және көлденең дорсальды және вентральды байламмен байланысады. Омыртқа аралық талшықты шеміршектер - fibrocartilagenes intervertebralis көршілес жатқан омыртқалардың бас пен шұңқырларында орналасады, үстінен талшықты сақина - anulus fibrosus, ал ортасында пульпозды ядро - nucleus pulposus құрайды.


1. Дорсальды көлденең байламы - ligamentum longitudinale dorsale – арқа жұлының астында, омыртқа каналында орналасқан, омыртқаның денесіне қосылады да, екінші мойын омыртқасынан бастап құйымшақ сүйегінің денесінде аяқталады.
2. Вентральды көлденең байланыс - ligamentum longitudinal бел омыртқасының астында орналасқан, соңғы төрт көкірек омыртқаларының вентральды жотасынан бастап құйымшақ сүйегінің денесінде аяқталады.
3. Омыртқа доғасы доға аралық байланысы - ligamenta interarcualia арқылы қосылады.
4. Омыртқаның көлденең өсінділері омыртқа аралық байланыс - ligamenta intertransversarii арқылы қосылады.
5. Омыртқаның буынды өсінділері буын қапшығы саpsula articularis арқылы қосылады.
6. Қылтықты өсінділер бір-бірімен қылтық аралық байланыспен - ligamenta interspinosus қосылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет