Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Жоғарғы еріннің арнайы көтергіш бұлшық еті



бет36/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
2. Жоғарғы еріннің арнайы көтергіш бұлшық еті - m. levator labii superioris proprius – сойдақ тісті бұлшық еттің үстінде, мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық еттің медиальды жағында орналасады.
3. Төменгі ерінді түсіргіш бұлшық еті - m. subcutaneous labiorium- төменгі жақ сүйегінің тісті жиегін бойлай орналасады. Оның басталар ұшы ұрт бұлшық етімен бірігіп кетеді. Бұлшық еттің екінші ұшы төменгі ерінде аяқталады.
4.Бет бұлшық еті - m. zigomaticus- таспа пішіндес жұқа ет. Ол бет доғасынан басталып, езуде аяқталады.
5. Мұрын және ерінді көтергіш бұлшық еті - m. levator nasolabialis – мұрынның бүйір беті терісінің астында орналасады. Оның басталатын және бекитін ұштары әртүрлі жануарларда бірдей болмайды. Ерекшеліктері: Жылқыда бұл бұлшық ет жалпақ сіңірмен маңдай және мұрын сүйектерінен басталып, жоғарғы ерін мен мұрын қанатында аяқталады. Қызметі: Жоғарғы ерінді көтеріп, танау тесігін кенейтеді.
6. Сойдақ тісті бұлшық еті - m. caninus- жоғарғы жақ сүйегінің бүйір бетіндегі көздікасты тесіктің маңайынан басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде аяқталады. Қызмет: таңдауды кеңейтеді.
7. Ұрт бұлшық еті -m. buccinator ұрттың кілегейлі қабығымен жанасып жатып, беткейлік және терең қабаттардан тұрады. Ұрт бұлшық етінің беткейлік қабаты үлкен шайнау бұлшық етінің алдында орналасады. Қызметі: Шайнау кезінде азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі.




Сурет-29. Бастың бұлшық еті. А – іқм, В – жылқы (латеральды жағынан), В – медиальды жағынан. 1 – мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық еті, 2 – төменгі қабақты түсіргіш, 3 - көздің дөңгелек бұлшық еті, 4 – мандай бұлшық еті, 5 – құлақ бұлшық еті, 6 - ауыздың дөңгелек бұлшық еті, 7 – төменгі ерінді түсіргіш, 8 – азу тістің бұлшық еті, 9 – жоғарғы ерінді арнайы көтергіш, 10 – ұрт , 11 – жақ аралық, 12 – бет, 13 – үлкен шайнау, 14 – тіл асты және 15 – жақ бұлшық еті, 16 – мұрынның көлденең бұлшық еті, 17 – мұрыңды кеңейткіш бұлшық еті, 18 – еріннің тері асты бұлшық еті, 19 – бас пен мойынның тері асты бұлшық еті, 20 – жоғарғы ерінді түсіргіш, 21 – қанатша, 22 – мойындырықты-тіл асты бұлшық еті, 23 – мойындырықты-жақ бұлшық еті, 24 – тіл асты, 25 – қосқұрсақты: а – құлақтың қасындағы және
б - жақ асты безі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет