Жануарлар ойлай ала ма? Жануарлар тілі Жоспар


Жануарлар психологиясына еңбек сіңірген ғалымдар



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі37,58 Kb.
#11638
1   2   3   4   5
Байланысты:
жануарлар тили

1.3 Жануарлар психологиясына еңбек сіңірген ғалымдар

Француз натуралисті Ж.Боффон еңбектерінде жануарлардың мінез-құлқы тұрғысы туралы жазылған. «Жалпы және жекелеген табиғи тарих» кітабында ол жануарлардың түрлерінің ерекшеліктерін ғана емес, олардың өмір сүру образы, дағдылары туралы мәліметті жүйелеуге тырысты. Түрлердің «табиғи тарихын» суреттеуде, бір жануар екіншісінен «ақылдырақ» екенін көрсетті.

Неміс ғалымы Г.Реймарус инстинктің алғашқы ғылыми анықтамасын берді. Ол жануар әрекетінің адамның саналы мінез-құлқымен сәйкестігінің болуын теріске шығарған жоқ. Реймарус бұл категорияға үйрену мен еліктеу қабілетін енгізді.

Париж жануарлар паркінің директоры Фридрих Кювье алғашқылардың бірі болып жануарлар мінез-құлқын жүйелі зерттеудің көріністерін жүйелі түрде айқындап, салыстырмалы бағасын берді. Ол үшін Кювье өзінің еңбегінде жануарлардың өздеріне үйреншікті ортасында жүрген кездерін кездерін бақылауға тырысты. Тіпті олармен эксперимент те жүргізді. Сол арқылы «ақыл» мен инстинг арасындағы шекараны анықатауға тырысты.

Ч.Дарвин еңбегі жануарлардың мінез-құлқы мен психикасының салыстырмалы және эксперименталды зерттеуінің пайда болуы мен дамуына маңызды үлесін қосты. Жануарлар мен адамдардың сезінуінің көрініс беруі туралы «Инстинг» және «Бір баланың биографиялық очеркі» еңбегінде Дарвин алғашпсихиканы зерттеудің объективті әдісін қолданды. Дарвин әсіресе приматтардың қозғалысын анализдеді. Ол еңбегінің нәтижесінде адамдар мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтарды байқады.

Ч. Дарвиннің жануарлардың ойлау мәселесіне енгізген үлесі төмендегідей:

- алғаш рет жануарлардың мінез-құлқы мен психикасын құрайтын (инстинкт, үйрену, саналы іс-әрекет) үш ұғымды енгізді.

-ілімі психологиядағы салыстырмалы және эволюция тұрғысының қолданылуына әсерін тигізді.

Жануарлар мен адамдардың психикасының ұқсастықтары мәселесіне алғашқылардың бірі болып Ч.Дарвиннің досы Джон Роменс өз үлесін қосты. «Жануарлардың ақылы» атты кітабында эволюциялық процестің барлық деңгейіндегі психиканың дамуының бірлігі мен үзіліссіздігін дәлелдеуге тырысқан натуралист. Оған мәлімет ретінде түрлі филогенетикалық деңгейдегі жануарлардың мінез-құлқының күрделі көріністерін көп реттік байқау болды. Американдык ғалым Эдварт Торндайк зертханалық жағдайдағы жануарларды үйрету процесін зерттеудің ғылыми әдісінің негізін салушы болып есептеледі. Ол психологтардың ішінен алғашқылардың бірі болып жануарлардың психикасын эксперименталды тұрғыдан зерттеді. Мұндай тұрғыны Торндайктан бұрын Вильгельм Вундт ұсынған.

А.Вагнер орыс ғалымдарының ішінде алғашқылардың бірі болып индивидуалды жүре қалыптасқан мінез-құлықтың мәселесін анализдеуге және жануарлардың өмірлік әрекеттеріндегі рөлін анықтауға тырысты.

Жануарлардың мінез-қлқы мен психикасын зерттеуге ерекше үлес қосқан Надежда Николаевна Ладыгина-Котс. Ол өзінің басты ұстазы Ч.Дарвин деп есептейді. Өзінің психиканың эволюциясын зерттеулерінде салыстырмалы-психологиялық әдісті қолданды. Түрлі жануарлардың, жоғарғы және төменгі деңгейдегі маймылдардың, құстар мен сүтқоректілердің түрлерін, сонымен қатар балалардың мінез-құлықтарын салыстырды. [2]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет