2.3 Жануарлар адам тілін меңгере ала ма?
Сөйлейтін жануарлар туралы ойлау адамдар арасында кең тараған ұғым. Барлық мәдениетте сөйлейтін жануарлар туралы аңыздар бар.
Шын мәнінде, көптеген жануарлар адам тілінің ым-ишара жасау қабілетін біледі. Сөйлейтін құстар, мысалы тотықұстар адам тілін, сөздер мен сөз тіркестерін айтуды үйрене алады, бірақ бұл олар адам тілін меңгере алады деген сөз емес. Ақын У.Купер былай дейді: «Тотықұстар сөйлейтін адам тілін тек қайталаудан тұрады, ал әңгімелесу деген басқа нәрсе»
Сөйлейтін құстар белгілі бір нәрсе туралы өз ойын айта алмайды. Егер ол ит – иттер немесе мысық – мысықтар сөзін үйренсе балалар сияқты тотықұстар деген сөзді бірден көпше түрдеайта алмайды. Яғни, үйреніп алған жаттанды сөздері олар үшін коммуникативті қызмет атқармайды. Сөздерді сөйлеу құрылысын меңгеру – тілді меңгеру деген сөз емес. Бірақ сөздердің мағынасын түсінетін жануарлар туралы не айтамыз? Олар адам тілін қалай түсінеді?
Иттерге адам тіліндегі бұйрықтарды орындатуға болады: отыр, тұр, еңбекте және т.б. Ойыншықтар, доп немесе басқа заттарды түсіну олар үшін қиын емес. 2004 жылы неміс психологы 200 ден астам сөзді меңгерген Рико деген бордер-колли тұқымды ит туралы жария етті. Рикодан белгілі бір ойыншықты әкелуді сұрағанда, ол оны 90 % дұрыс тапқан. Бұрын үйретілмеген ойыншықты әкелуді сұрағанда, ол оны 70% дұрыс орындаған. Бұл ерекшелік балаларда да осындай көрсеткіш көрсеткен. Жағында Оңтүстік Калифорнияда 1022 атауды түсінетін Чейзер атты бордер табылды. Бұл атауларды Чейзер 3 жыл көлемінде үйренген. Ол да Рико сияқты болып тұрған ойыншықтар арасынан өзі атауын білмейтін жаңа ойыншықты тауып бере алады.
Горилла мен шимпанзе немесе басқа да ежелгі жануарлар өзара визуалды, сезгіштік, аудиториялық белгілер арқылы қарым-қатынас жасайды. Олардың белгілері табиғаты мен эмоциялық жағдайына байланысты көрінеді. Олар қауіп-қатерді, агрессия мен бағынуды хабарлайды. Бірақ олардың іс-қимылдары мен ым-ишарасы таптаурын және ымдау әрекеттері шектеулі. Олардың белгілері бөлшектерге бөлінбейді және жаңа мағына бере алмайды. Анша ақылды болса да олар кешегі күнгі ашуланғаны мен алдағы күні не болғанын білдіре алмайды.
Әйтсе де олардың коммуникациялары алғашқыдай болғанмен, ішкі түйсігі адам тілінде кездесетін тілдік бірліктерді меңгере ала ма? Бұл көпшілікті мазалайтын сұрақ. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде көптеген зерттеу жұмысы жүргізілді Онда ежелгі мекендеушілердің адам тілін, сөздер мен сөз тіркестерін үйрену мүмкіндігі барынша тексерілді.
Бастапқы эксперименттерде шимпонзелердің балалармен бірге үйде жүріп, балалар меңгерген тілді меңгеруі үшін жағдай жасалды. Шимпонзелерде тілді қайталау немесе жекелеген сөздерді түсіну қабілетінің мүлде жоқ екені байқалды. Олардың дыбыстау жүйесі әртүрлі дыбыстарды айту мүмкіндігін шектеді, ал ым тілі олардың танымдық тілдік қабілетінің жоқтығын көрсетті. Вашу деген шимпанзеден басталған эксперимент Коко деген Горилла мен Нин Чимский деген шимпанземен жалғасты. Оларға америкалық ым тілін үйрету жұмысы қолға алынды. Тек бірлі-жарым белгіні түсінгені болмаса, ешқандай лингвистикалық қабілеті байқалмады.
Осындай нәтижелер Сара, Лана, Шэрман, Остин, Канзи деген шимпанзелерге тіл үйрету кезінде де анықталды. Оларға пернетақтада сөздерден сөйлем құрау үйретілді. Бұл эксперимент те ешқандай нәтиже көрсетпеді. Сара, Лани, Канзи белгілерді анықтай алғанмен, айтарлықтай нәтиже көрсетпеді. Осы экспериментке тікелей қатысқан ғалымдар шығармашылық танымдық қабілет адам тілінің бір бөлшегі екенін дәлелдеді. Басқа да эксперименттер сияқты бұл эксперимент кезінде де көптеген жаңа сұрақ туындады. Бұл лингвистикалық эксперимент адамның танымдық қабілетінің жетістіктерін түсінуге жол ашты. [1]
Әдебиеттер тізімі:
В.Фромкин, Р.Родман «Тіл біліміне кіріспе». 10-басылым, Халықаралық басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 б
Ә. Алдамұратов «Жалпы психология». – Алматы, 1996.
Қ. Жарықбаев «Психология». – Алматы, 1993.
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:«Жануарлар ойлай ала ма? Жануарлар тілі»
Тексерген:Самекбаева Э.М
Орындаған:Нұрбек Д.Н
Тобы: КЯ-903С
Семей, 2019
Достарыңызбен бөлісу: |