ІІ. Жануарлар тілі
2.1 Адами емес тіл дегеніміз не?
Барлық тілдің өз ерекшелігі бар, балалар оларды табиғи жолмен меңгереді – ауызша немесе ым тілі болуы шарт емес. Тілді меңгерудің бұл екі жолы да балалрға қол жетімді. Өйткені адам тілі адамға арналған Бірақ адам тілінің де түрі көп. Ал адамның тілін басқа жаратылыс иелері үйрене ала ма?
2.2 Құстар және аралар
Көптеген жануарлар кейбір коммуникация түрлерін игерген. Адамдар да тілдік қарым-қатынастан басқа ымдау, бас изеу, бет қимылы сияқты қатынас құралдарын қолданады. Бұл жердегі маңызды сұрақ – адамдардан басқа жаратылыс иелері коммуникация құралдарын адам сияқты қолдануы мүмкін бе, әлде бұл тек адамның ерекше шығармашылық қабілеті ме?
Жануарлар мен жәндіктер коммуникацияның вервалды емес түрін қолданады. Өрмекшілер өз бетінше күрделі қарым-қатынас жасай алады. Өрмекшінің еркегі ұрғашысына сезімін білдіру үшін көптеген ымдау белгісін қолданады. Бірнеше рет оның айналасында жүріп, өзінің жеуге арналған шыбын емес екенін көрсетеді. Мұндай ым-ишара түрі саналуан. Адамзат баласы өрмекші сияқты соншалық алуан түрлі қырындау әрекетін орындай алмайды. Осыған ұқсас ымды шаяндар да қолданады. Олар өз «тобы» ішінде қырықтан астам іс-қимыл мен қозғалыс жасау арқылы белгі береді. Олардың қимылының уақыты, қозғалысы мен тұрыстары кез-келген уақытта бір-бірінен өзгеріссіз қолданылады. Осы арқылы ішікі сезімін ойын білдіреді.
Адамзат тілінің өрмекшілер, шаяндар мен басқа тіршілік иелерінен ерекшелігі – тілдің дискретті болуы. Адамзат баласының тілі ымдау жүйесімен құрылмаған. Мұнда дискретті бірліктер – дыбыстар, сөздер, сөз тіркестері белгілі бір грамматикалық ережелер бойынша құрастырылған. Адамзат баласының шығармашылығы оның дискреттілігінде жатыр.
Өрмекшілер мен шаяндардан бөлек, құстардың вокалды дыбыстау ерекшелігі адамзат баласын әрқашан қызықтырып келеді. Музыканттар мен композиторлар олардың дыбыстарына еліктеу немесе оларды кірістіру арқылы түрлі саз, әуен құрастырады. Құстар әуені Шеллидің «Бозторғайға» шығармасына арқау болды.
Құстар ән салғанда оны адам үшін жасамайды. Олар әуенді өз топтарының басқа мүшелеріне белгілі бір ақпаратты жеткізу мақсатында орындайды. Құстардың дыбысы қауіп немесе тамақтану, ұя салу сияқты әрекеттерді білдіреді. Құстар әуені өз мекенжайларын қорғауға немесе ұяластарын тартуға арналады. Өрмекшілер мен шаяндардың хабарламасы сияқты, бұл әуендерде ішкі құрылым жоқ.; адамзат тіліндегі сияқты дыбыстар, сөздер мен сөз тіркестері де жоқ.
Құстардың тірі қалуы үшін аса маңызды болса да, осы әуендер мен қоңыраулар арқылы жіберілген хабарлар тек құстың ортасы мен қажеттілігіне қатысты орындалады. Құстар бізге әңгімесін айта алмайды, бірақ ән салады. Адам тілі, әрине, әртүрлі. Біз қолданатын сөздер мен сөйлемдер ішкі және сыртқы ынталандыруға берген жауаптар. Егер шаршап жатсаңыз, есіней аласыз немесе «шаршадым», «ұйықтаймын» деп дауыстап айта аласыз. Тыныштық сақтау немесе физикалық жағдайыңызбен мүлде байланысты емес нәрселер туралы айту, мысалы күн райы, көрген фильм, демалыс күндеріне арналған жоспарларыңызнемесе ең қызықты оқиғалар туралы әңгімелеу сіздің лингвистикалық біліміңізді көрсетеді.
Лингвистер адамдардың мұндай ерекшелігін «адам тілінің сиымдылығы» деп атайды. Яғни, сөйлесе алу, хабарлама беру сияқты қабілеттер. Орын алмасу немесе сипаттау – құстар мен басқа жануарлардан ерекшелейтін, адамзат тілінің қолтанбалы екенін анықтайтын коммуникация жүйесі.
Құстар әуенінің адам тіліне ұқсауы олардың даму ерекшелігіне байланысты. Көптеген ересек құстардың әуені бірнеше сатыдан тұрады. Бұл балалардың тілді меңгере бастаған кезіне ұқсайды. Жас құстар әуеннің оңай нұсқасын орындайды, кейінірек ересек құстардан үйрену арқылы әуендері күрделене түседі. Олардың әнді үйрену ұзақтығы құстардың түріне қарай ерекшеленеді. Мысалы, тырна дыбыстарды Тоғыз ай ішінде орындап үйренеді. Бұлбұлдың баласы бес ноталы әуенді орындайды. Олар құйрықтары өскен кезде ғана әуенді толық орындай бастайды.Мұндай құстар өз тілін үйрену кезінде белгілі бір кезеңдерден өтеді.
Құстардың әуен орындаудағы тағы бір қызықты нәтижесі – оладың ән салу қабілетінің дамуы. Құстарда да адамдар арасындағы сияқты тұрғылықты жеріне орай кездесетін «диалектілер» болады және олар ересек құстардан балаларына беріледі. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адам тіліне қарағанда құстардың «диалектілірі» күшті сақталады. Өйткені адамдар арасында диалектілер радио және теледидар арқылы таралады.
Бала аралары арасында ерекше белгі жүйесі бар. Тасымалдаушы ара өз ұясына оралған кезде өзге аралармен қарым-қатынас жасайды және азықты қайдан табуға болатынын және оның көлемін би билеу арқылы көрсетеді. Итальяндық бал араларының биін үш түрлі нұсқада көрсетуге болады: дөңгелек (Мекенжайды 20 қадам көлемінде көрсету), секіру (20 қадам мен 60 қадам арасында), құйрықпен тұру (60 қадамнан көп арақашықтықта). Бір минут ішінде құйрықпен орындалған суретте нақты арақашықтық көрінеді. Қимыл неғұрлым ақырын орындалған сайын қашықтықтың алыс екенін байқатады. Бал арасының биді қайталауы мен қарқыны азық көлемін білдіреді.
Бал арасының биді билеуі әр түрлі бөліктен тұрады және олар басқа да көптеген коммуникациялық хабарлама жасайды. Бірақ олардың хабарламаларының адамдардан айырмашылығы, олар тек азық табу үшін қолданады. Оларға ішкі түсінік беру қажет емес. Жасалған тәжірибелер аралар азық табуға мәжбүр болған соң ұшатынын көрсетіп отыр. Олардың өз саяхатын басқаша баяндауға мүмкіндігі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |