Союға қатысқандар: А. Р. Ахметұлы. Г. З. Александрович.
Сыртқы белгілері:
Өлексенің сууы: Өлексе суыған және өлексенің температурасы сыртқы ауаның температурасынан төмен.
Өлексенің сіресуі: Өлексенің мойыны және аяқтары шамалы сіресіп бастаған.
Өлексенің жарақаттары: Өлексенің аяқтары жырылып, жараланып, ісініп бастаған
Өлексенің шіруі:Өлексе іріп-шіру процесі басталған.
Талақ: Өлексенің талақ маңындағы лимфа тамыры үлкейіп ісініп бастаған.
Иісі: Өлексенің иісі шіріген іріңді иісі шығып тұр.
Сүйегі:Өлексенің сүйектерінің қатауы жаймендеп қатайып бастаған.
Ішкі белгілері:
Қаны: Өлексенің қаны қою қызыл, ұйыған емес немесе өлексенің гипостазаларының ерте пайда болуымен бос қара қызыл ұйыған.
Тері асты:Өлексенің тері асты тіндері мен склералар сарғаюға ұшыраған, борпылдақ дәнекер тінінде серозды-геморрагиялық инфильтраттар түзіледі.
Тамыры: Өлексенің ірі қан тамырлы тромбозға айналған. Тромбоэмболияға байланысты бүйректе және басқа паренхиматозды органдарда инфаркт дамыған.
Органдар: Өлексенің органдары екі есе кеңейген, түсі қара-қызыл, консистенциясы ақшыл, пульпаның қырылуы мол. Бауыр мен бүйрек, миокард пен канка бұлшық еттері, ми мен жұлын дистрофиялық процесске ұшыраған. Сүйек кемігі мен талақ, лимфалық түйіндер, т.б. лимфоциттік өрмелер гиперплазияға ұшырайды.
Сүйек кемігі:Өлексенің сүйек кемігі сары түстен қызыл түске боялады. Сүйек кемігінің тіндері ісінеді, қан кетулер байқалады. Жалпақ сүйектер кемігі гиперплазияға ұшырайды, түтікті сүйектердің жілік майы сүйек кемігіне айналып, қан торшаларын түзетін қасиетке иеленеді, қызарған.
Жүрек: Өлексенің жүрегі ұлғайған. Оның камералары созылған. Сол жақ қарыншаның қабырғасы қалыңдаған. Клапан парақшалары қалыңдатылған, склероздалған, гиалинденген, бір-біріне жабысып, күрт деформацияланған. Сыртқы шетінен жара көрінеді. Клапандардың бетінде полиптер түрінде массивтік тромбоздық шөгінділер бар, олар оңай опырылып түседі.
Бүйрек: Бүйрек аздап үлкейген. Беткі қабаты мен қыртысы мен медулла кесіндісінде құрамында ірің бар бірнеше сұр-сары ошақтар көрінеді, және олар ми қабатына қарағанда, қыртысты қабатында көп. Бүйрек тінінде көптеген абсцесс көрінеді. Абсцесс айналасындағы дәнекер тіндік капсула сезілмейді. Бүйрек тіндерінің қан тамырлары бітеліп, ісінулер көріне басаған.
Көкбауыр: Өлексенің көкбауыр күрт үлкейген. Оның шеттері дөңгеленген, капсула шиеленісті. Көкбауыр ұстағанда қамырлы болады. Пульпа бос келген, пышақпен оңай қырып тасталады.
Өкпе: Өлексенің іркілісті гиперемия және өкпе ісінуі. Өкпе қою қызыл, тығыз, қан тамырлары қанға толы. Қалқымалылықты тексергенде - өкпенің бір бөлігі су бағанында жүзеді.
Диагноз: Диагноз қойған кезде, біз жануарды бір қарап өттік. Иесінің айтуы бойынша біз клиникалық диагноз жүргіздік. Жарып сою процессінде потоморфологиялық зерттеу жасадық. Біз диагноз қоюға зерттеу материалдар жеткіліксіз болғандықтан ауру қоздырғышын іздеп бастадық. Ауру қоздырушысын табу үшін лабороториялық зерттеу орталығына микроскопиялық зерттеу материялдарын жіберіп нәтежесін күттік. Лабороториялық зерттеу орталығы тез арада бәзге нәтежесін жіберген сон біз диагноз қойдық. Нәтежесінде ауру қоздырғышы стрептококк, стафилококк болып табылған. Соңында жануар иесіне, жылқы Септетикалық аурумен ауырып. Оны дер кезінде емдемегендіктен өліп қалғанын ескерттік.