Дельфацидтер
Дельфацидтер шіркейлер секілді өсімдік
шырындарымен қоректенеді. Оларды
үлкен дөңес бастарына және жарық
шығаруына қарап оңай тануға болады.
Әдетте, олардың ұзындықтары 1 см-ден
5 см-ге дейін жетеді.
Жапырақ дельфацидтері
Жапырақ дельфацидтері дельфацидтерге
туыстас болып келеді. Дельфацидтердің
шамамен 20000 түрі белгілі. Олар –
әлемнің барлық жерлерінен кездесетін
ұсақ өсімдік жегіш жәндіктер. Негізінен,
жапырақ дельфацидтері шөпқоректі
болғанымен, олар шіркейлермен де
қоректенуі мүмкін.
Көпіршікті шіркейлер
Көпіршікті шіркейлер шөпті және бұтақты
аймақтарда кездеседі. Әдетте, бұл шіркей
өсімдікті көпіршікті сілекеймен қаптап
алатын болғандықтан, оларды көпіршікті
шіркейлер деп атайды. Олардың
ұзындықтары 0,5 см-ге дейін жетеді.
Олар ұзын қашықтықтарға секіреді. Бір
секіргенде 70 см-ге дейін жетеді.
Қалқан қоңыздар
Қалқан қоңыздар цикадалар, шіркейлер
және дельфацидтер тобына кіреді. Олар
өздерінен шығаратын сасық иістерімен
белгілі. Олардың бірінші және екінші жұп
аяқтарының ортасында сасық сұйықтық
шығаратын бездері болады. Сұйықтық
қорғаныс механизмі және жауларын алыста
ұстау үшін қолданылады. Сасық қоңыздар да
шырын сорғыш жәндіктер. Алайда кей кездері
олар басқа жәндіктермен де қоректенуі
мүмкін.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
149
Өрмекшілер
Өрмекшілер – сегіз аяғы болатын кіші және орташа жәндіктер. Оларды Антарктидадан басқа
әлемнің барлық жерінен кездестіруге болады. Өрмекшілердің 40 000 түрі бар, олар әр түрлі
109 тұқымдастан тұрады. Өрмекшілердің құрсақтарында жібек өндіретін безі болады. Бұл
бездерден шығатын жібек жіптерінің көмегімен өрмекшілер ұяларын жасайды.
Өрмекшітәрізділер
Өрмекшілер өрмекшітәрізділер тобына жатады.
Өрмекшітәрізділердің шамамен 100 000 түрі
белгілі. Өрмекшілерден басқа сарышаяндар мен
кенелер де өрмекшітәрізділерге жатады. Барлық
өрмекшітәрізділер – омыртқасыздар, олар сегіз
аяққа ие. Олардың көбі құрлықта өмір сүреді.
Алайда кейбіреулері тұщы суда да, теңіз суында
да өмір сүрулері мүмкін.
Жыртқыштар
Көптеген өрмекшілер етқоректілер болып келеді,
олар жәндіктермен, ұсақ жорғалаушылармен,
сүтқоректілермен, құстармен және басқа да
өрмекшілермен қоректенеді. Өз құрбандарын
ұстау үшін әр түрлі әдістерді қолданады. Көптеген
өрмекшілер өз құрбандарын өрмекші торларымен
ұстаса, кейбіреулері тығылып отырып шабуыл
жасау арқылы ұстайды.
Шыбынмен қоректеніп отырған секіргіш
өрмекші
150
Өрмекшілердің шағуы
Өрмекшілердің шаққаны, әдетте, қауіпті емес.
Көп өрмекшілердің шаққаны адам баласы үшін
зиянды емес, шаққан жерді жай алғашқы көмек
көрсету арқылы оңай жазуға болады. Алайда
кейбір өрмекшілердің нейротоксинді улары
болады, шаққанда адам баласының жүйке жүйесіне
зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, қарақұрт шаққан
адамның іші мен кеудесі қатты ауырып, денесі
құрысып қалады.
Дөңгелек өрнекті өрмекшілер
Дөңгелек өрнекті өрмекшілер өздері жасайтын
шиыршық дөңгелек пішінді торларымен белгілі.
Бұл өрмекшілер өрмекшілердің ең үлкен
тұқымдастарының бірін құрайды. Дөңгелек
өрнекті өрмекшілердің 2800-ден астам түрі бар.
Секіргіш өрмекші
Секіргіш өрмекшілер
өрмекшілердің ең
үлкен тұқымдасын
құрайды. Бұл
өрмекшілер өзде-
рінің алысқа секіру
қабілеттеріне бай-
ланысты осылай
аталады. Көптеген
секіргіш өрмекшілер өз дене өлшемдерінен
20-80 есеге дейін алыс қашықтықтарға секіре
алады. Әлемде секіргіш өрмекшілердің 5000-нан
аса түрі белгілі. Олар жемтіктерін жақсы аулайды.
Оларды тропиктік ормандардан бастап Гималай
тауларына дейінгі әлемнің барлық жерлерінен
кездестіруге болады.
Қасқыр-өрмекші
Қасқыр-өрмекшілер – Австралияның жергілікті
өрмекшілері. Олар кішкентай індерде немесе
жапырақтар мен ағаш діңдерін мекендейді.
Олар құрбандарына тығылып отырып шабуыл
жасағандықтан қасқыр-өрмекшілер деп аталады.
Бұл өрмекшілер орташа дәрежеде улы. Олардың
шаққан жерлері шамалы ауырып, ісіп кетуі мүмкін.
Жұмыртқасын алып жүрген қара өрмекші
Шаянөрмекшілер
Шаянөрмекшілер шаяндарға ұқсайды.
Бұл өрмекшілер торлар құрмайды. Олар
өз құрбандарын аңдып, уын енгізу арқылы
ұстайды. Шаянөрмекшілерінің шамамен
2000 түрі белгілі. Олардың көбінің өлшемдері
2,5 смден де кіші болса, ең үлкені – алып шаян
өрмекшінің өлшемі 2,5 смге жетеді. Көптеген
шаянөрмекшілер ашық жерлердегі гүлдерде,
жапырақтарда немесе дарбазаларда кездеседі.
Жұмыртқалары мен балалары
Өрмекшілер жынысты жолмен көбейеді. Ұрғашы
өрмекшілер жібек қаптарға жұмыртқа салады.
Бір ғана ұрғашы өрмекші бірден 3000ға жуық
жұмыртқа салады. Жұмыртқа қабы
жұмыртқаларды ылғалдандыруға көмектеседі.
Ұрғашы өрмекші әрдайым жұмыртқа қабын
қорғап, өзімен бірге алып жүреді. Сонымен
қатар, олар бұл қапты өрмекші торына да
бекітіп қоюлары мүмкін. Жұмыртқалар
ұсақ өрмекшілер болып ашып шығады. Көп
түрлерінде жас өрмекшілерді аналары
күтеді. Олар өскен сайын бірнеше рет түлеп,
сыртқы жабындарының ескілерін жаңаларына
ауыстырып отырады.
Аңшы өрмекші
Аңшы өрмекшілердің түсі, әдетте, қоңыр немесе сұр
болады. Олардың аяқтары өте ұзын келеді. Ең үлкен
аңшы өрмекшілердің аяқтарының құлашы
2530 см болады. Бұл өрмекшілер әлемнің тропиктік
және субтропиктік аймақтарында, әсіресе
Австралияда көп кездеседі.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
өрмекшітәрізділер
151
Бүйілер, тас қалаушы өрмекшілер
және су өрмекшілері
Бүйі
Бүйілер – әлемнің тропиктік, субтропиктік
және шөлді аймақтарында кездесетін үлкен
түкті өрмекшілер. Бүйілердің шамамен 900 тү-
рі белгілі. Бүйілердің көбі жер асты індерін
мекендесе, кейбіреулері ағаш басын мекендейді.
Бұлар түнде белсенді жануарлар. Олар күндіз
тығылып жатып, түнде жәндіктерді, кішкентай
қосмекенділерді және сүтқоректілерді аулауға
шығады. Кейбір үлкен бүйілер тіпті құстарды
да аулайды. Бүйілердің көбінің зияны жоқ,
алайда кейбір улылары шаққанда ауыртып,
қолайсыздық туғызуы мүмкін.
Мексикалық қызыл аяқ бүйі
Мексикалық қызыл аяқ бүйі – Мексиканың
бұтақты ормандарының жергілікті бүйісі. Олар
топырақтардағы терең індерде өмір сүреді. Бұл
қызыл аяқ бүйі деп аяқ буындарындағы қызыл-
сары дақтардың болуына байланысты аталады.
Мексикалық қызыл аяқтар үй өрмекшілері
ретінде белгілі. Олардың ұзындықтары 10 см,
салмақтары 30 г болады.
Мексикалық қызыл аяқ бүйі
Бүйілер, тас қалаушы өрмекшілер және су өрмекшілері өрмекшітәрізділер деп аталатын
топқа кіреді. Олар – осыдан шамамен 360 миллион жыл бұрын пайда болған қарапайым
өрмекшілер. Бұл топтың көп мүшелерін құрлық өрмекшілері құрайды және де олар жер асты
індерін мекендейді.
Голиаф
Голиаф – құс жегіш үлкен бүйі. Әлемдегі ең үлкен
өрмекші болып табылады. Оның ұзындығы
30 смге дейін жетіп, ал тістерінің ұзындығы
2 смдей болуы мүмкін.
152
Костарикалық бүйі
Костарикалық бүйі – Орталық Америкадағы Коста
Риканың жергілікті бүйісі. Бұл ұсақ жәндіктермен
және құрттармен қоректенеді. Мексикалық қызыл
аяқ секілді костарикалық бүйі де үй өрмекшілеріне
жатады.
Гондурастық бұйра түкті бүйі
Гондурастық бұйра түкті бүйі – Орталық
Америкада Коста-Рика мен Гондурастың
тропиктік ормандарын мекендейтін үлкен
бүйілер. Олар жағалау немесе су асты
ағаштарын мекендейді. Бұл бүйілер қоңыр
денелерін қаптап жатқан қызыл-сары бұйра
түктері үшін осылай аталады.
Көк бүйі
Көк бүйі өзінің ашық көк түсі үшін осылай
аталады. Олар – Азияның Мьянма, Камбоджа, Лаос,
Вьетнам, Тайланд елдерінде кездесетін агрессиялы
бүйілер. Көк бүйілер ыстық және қапырықты
аймақтардағы терең індерді мекендейді. Оларды
көбіне үй жануары ретінде ұстайды. Алайда басқа
бүйілерімен салыстырғанда оларды бағу қиынырақ
және де көп тәжірибені талап етеді.
Үнділік өрнекті өрмекші
Үнділік өрнекті өрмекші – Азиядағы Үндістанның
жергілікті әдемі бүйісі. Бұл өрмекшілер орман
ағаштарын мекендейді. Олардың көбі жаңбыры көп
ормандарды мекендегенді ұнатады. Үнді өрнекті
өрмекшілері үй жануарлары ретінде белгілі, алайда
оларды бағу қиынға соғады. Олар бір нәрседен
қорықса, жылдам шағып алады.
Австралиялық су өрмекшісі
Костарикалық бүйі
Австралиялық су өрмекшісі
Австралиялық су өрмекшілері –
Австралияның жергілікті өрмекшілері.
Олар – әлемдегі ең улы өрмекшілердің бірі.
Бұл өрмекшінің уы адам баласын бірнеше
минуттың ішінде өлтіріп қоюы мүмкін.
Су өрмекшілерінің шамамен 40 түрі белгілі.
Әдетте, олардың түстері қоңыр және қара,
ұзындықтары 1 смден 5 смге дейін жетеді.
Тас қалаушы өрмекшілер
Тас қалаушы өрмекшілер – әлемнің көп
жерлерінде кездесетін үлкен және орташа
өлшемді өрмекшілер. Бұл өрмекшілер жер
асты індерін мекендейді. Олардың індеріне
кіретін жерлері топырақтан, өсімдіктерден
және жібектен жасалған тас үйіндісіне
ұқсайды. Бұл үйінді олардың індерін жасырып,
құрбандарын ұстауына көмектеседі. Кейбір
тас қалаушы өрмекшілер ін секілді ұзын
жер асты жолдарын жасайды, олардың
ұзындықтары 30 смге жетуі мүмкін.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
өрмекшітәрізділер
153
Шаяндар
Мінез-құлықтары
Шаяндар, әдетте, түнде белсенді болады. Олар
күндіз індер мен үңгірлерде тығылып жатып,
түнде азық іздеп шығады. Әдетте, олар жәндіктер,
өрмекшілер, қырықаяқтар және басқа шаяндар секілді
омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір үлкен шаяндар,
сонымен қатар, кішкентай жорғалаушылармен және
тышқан секілді кеміргіштермен де қоректенеді.
Пектиндердің көмегімен құрбандарын анықтап, олардың
орнын табады.
Патша шаяны
Африкада кездесетін патша шаяны –
шаяндардың ең үлкен түрлерінің бірі.
Олардың ұзындықтары 20 см-ге
дейін жетеді. Бұл шаян аса улы
болмағандықтан, оны үй жағдайында да
ұстайды.
Патша шаяны
Шаяндар – өрмекшілер, кенелер және
тас кенелер секілді өрмекшітәрізділер.
Шаяндардың 1500-дей түрі белгілі, олардың
40 түрі адам баласын өлтірердей улы болып
келеді. Көптеген өрмекшілер тропиктік
аймақтарда немесе соған жақын жылы
құрғақ жерлерде кездеседі. Олар таулардан
бастап шөлдерге дейін әлемнің барлық жерін
мекендейді. Шаяндар кездеспейтін жерлер –
Жаңа Зеландия мен Антарктида.
Дене сипаттамалары
Шаяндардың дене өлшемдері
2-20 см аралығында болады.
Олардың денелері екі бөлікке
бөлінген – басы және кеудесі. Басы
көздерден, ауыз тұсынан және аяқтарынан
тұрады. Барлық шаяндардың алты жұп
аяқтары болады. Бірінші екі аяғы азықты ұстау
үшін қол қызметін атқарса, қалғандары аяқ рөлін
атқарады. Уын енгізетін безгектері құйрығында
орналасады. Шаяндардың үстіңгі жағында тарақ
тәрізді сезу мүшелері болып, олар пектиндер
деп аталады. Олар осы сезу мүшесінің көмегімен
азықтың бар-жоқтығын анықтайды.
154
Алып шөл шаяны
Алып шөл шаяны – Солтүстік
Американың Сонора және Мохаве
шөлдерінде кездесетін үлкен түкті
шаяндар. Оның ұзындығы 15 смге дейін
жетеді. Бұл шаян ыстық және құрғақ
жерлерге бейімделген. Олар күндіз
індерде тығылып, түнде жемтігін аулау
үшін шығады.
Ағаш шаяны
Ағаш шаяны немесе орман шаяны –
Оңтүстікшығыс Австралияда
кездесетін қоңыр түсті шаян. Әдетте,
олар орман түбіндегі жапырақ
қабатының астында немесе ағаш
діңдерінде кездеседі. Сонымен қатар,
ағаш шаяндары қала маңдарындағы
бақшаларды да мекендейді.
Балаларын арқасында алып
жүрген аналық шаян
Аризона түкті шаяны
Алып шөл шаяны
Ағаш шаяны
Көбеюі
Ұрғашы шаяндар жас шаяндарды дүниеге әкеледі.
Әдетте, бір туғанда бірден 2535 жас шаянды
туады. Буаздық кезеңі түрлеріне байланысты
бірнеше айдан бір жылдан артық уақытқа дейін
болуы мүмкін. Туылғанда жас шаяндар солғын
түсті және қорғансыз болады. Аналық шаян
балалары аяқтарына тұрып, өздерін қорғай
алғанша оларға қорған болады. Ол барлық бала
сын арқасында алып жүріп, оларды қорекпен
қамтамасыз етіп, жауларынан қорғайды.
Аризона түкті шаяны
Аризона түкті шаяны – Америка Құрама
Штаттары мен Мексиканың Сонора
шөлдерінде кездеседі. Бұл – орташа өлшемді
шаян, оның аталықтары 8 смден сәл ғана
ұзын болады. Әдетте, бұлар жартастарда,
ағаш діңдері мен ағаш қабықтарында жиі
кездеседі, сонымен қатар, үй шаяны ретінде
де өсіріледі.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
өрмекшітәрізділер
155
Глоссарий
Агрессивті – шабуыл жасауға дайын тұратын немесе қалап тұратын жағдай
Ағашқа өрмелегіш – ағаш басында өмір сүруге дағдыланған кез-келген жануар
Антидот – уға төтеп беретін немесе әсерін төмендететін құрал
Ара балауызы – көбіне шырақтар жасауға қолданылатын бал араларының
сары немесе қоңыр түсті балауызы
Әктасты – әктастан немес кальцийден тұратын қабат
Бақша – жемісті ағаштар өсірілетін бақ
Бату – су астына кету
Биолюминесцентті – жарық бөле алатын қабілеті бар кез келген жануар
Боран – өте төмен температурамен қардың қатты жаууы
Бұлт – жәндіктердің жылжып келе жатқан үлкен массасы
Ген – ұрпақ жалғастыру қасиетін тасымалдайтын хромосомалардың ішіндегі
ұсақ бөлшектер
Жарақат – дене жарақаты немесе жарасы
Жойылған – өліп, құрып кеткен кез келген жануар
Жойылу қаупі төнген – өліп, жойылу қарсаңында тұрған кез келген жануар
түрі
Жұпар – жағымды иіс (жұпар – бұғы секілді жануарлар бөлетін иіс, оны әтір
суларда да қолданады)
Жыртқыштық – басқа жануарларға шабуыл жасап, солармен қоректеніп өмір
сүру
Зиянкес – зиян келтіргіш жәндік немесе жануар
Кеңірдек – омыртқалылардың көмекейден өкпеге дейінгі тыныс алу жолы
Көшу – мезгілдердің өзгеруіне немесе азықтың азаюына байланысты бір
жерден екінші жерге орын ауыстыру
Қалдықпен қоректенетін – шіріп жатқан органикалық заттармен қоректену
Қанат құлашы – құс қанаттары ұштарының арасындағы қашықтық
Қауырсын – құстың жүндері
Қына – балдырлар мен саңырауқұлақтар қаптап тұратын жартастар мен
ылғалды жерлерде өсетін ұсақ өсімдіктер
Лира – кішкентай ішекті музыкалық аспап
Мұртшалар – жәндіктер мен кейбір ұлулардың бастарында болатын
қозғалмалы сезу мүшелері
Ормандарды жою – қандай да бір аймақтың ормандары мен ағаштарын кесу
Саға – тұщы және ащы сулардың бірігуіне алып келетін, өзеннің теңізге құяр
жері
Сундарбан – Үндістандағы, Батыс Бенгалиядағы үлкен ағыстық мангр орманы
Сирек – аз тараған
Сыртқы қаңқа – жәндіктер мен ұлуларда болатын сыртқы қатты қабық
Тозаңдандыру – гүлдің аталық бөлігіндегі тозаңдарды гүлдің үстіңгі аналық
бөлігіне тасу
156
Тропиктік орман – көп мөлшерде жылдық жауынды қабылдайтын тропиктік
аймақтардың жанындағы қалың, мәңгі жасыл орман
Тұмсық – мұрын, ауыз, жақтар мен танаудан тұратын бастың шығыңқы
алдыңғы бөлігі
Түрлері – табиғи түрде пайда болып, бірге өмір сүретін бір аймақтың ұқсас
ағзалары
Улы – у бездері болып, шаққанда немесе тістегенде уын енгізетін жануарлар
Ұлу – ұлулар мен қос жақтаулы ұлулардан тұратын омыртқасыздар тобы
Ұшатын – алға қарай бірден секіре алатын кез келген жануар
Целлюлоза – өсімдіктердің жасуша қабырғаларынан алынатын полимерлі
көмірсутектер
Шатыр – үйдің төбесіндегі жабыны
Шырын – гүлдерде болатын тәтті сұйықтық зат
Ылғалды аймақтар – жылдың көп бөлігінде су басып, ұсақ бұтақтар өсетін
жер бөлігі
Экожүйе – қандай да бір белгілі аймақты мекендейтін жануарлардың,
өсімдіктердің және басқа да барлық тірі ағзалардың өзара бір-бірімен
қатынасы
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Глоссарий
157
Алфавиттік көрсеткіш
158
А
Австралазия 102
Австралия 10, 16, 17, 18, 39,
44,45,54, 56, 59, 61, 64, 66,
69, 71,72,73,74, 77,85,89,100,
101,104,105, 108, 109, 121,
123, 127,145, 146, 151, 153,155
Ағаш шырылдауық шегіркесі 143
Ағаш тескіш құмырсқа 135
Ағаш шаяны 155
Ағаш басында өмір сүретін 8, 18,
45, 134, 152
Адели пингвині 109
Ала-құла тау көгершіні 89
Азия 6, 8, 9, 10, 12, 14, 15, 16, 17,
19, 28, 30, 36, 37, 38, 39, 40,
41, 54, 56, 59, 60, 61, 62, 63,
64, 65, 66, 75, 78, 79, 83, 85,
87, 89, 91, 92, 93, 94, 100, 101,
103, 104, 145, 147,153
Азиялық тарақан 141
Азия қара аюы 18
Азиаттық сұр жылан 63
Азиялық қоңыздар 138
Азу тіс 62
Айдарлы конюга 99
Айдарлы тоқылдақ 103
Айдарлы каракара 95
Айдаһар жылан 58
Ақ құтан 87
Ақ құйрықты бұғы 37
Ақбас тырна 85
Ақсұңқар 95
Александра патшайымның құс
қанатты көбелегі 147
Аллигатор 57
Алтын бүркіт 93
Алып өгіз бақа 72
Алып бразилиялық тарақан 141
Алып кальмар 129
Алып колибри 107
Алып тынықмұхиттық
сегізаяқ 127
Алып шөл шаяны 155
Альбатрос 80,81
Альпака 31
Амазондық дельфин 51
Америка тарақаны 140
Америкалық жыланбалық 114
Америкалық омар 132
Америкалық қара құмай 96
Америкалық қоқиқаз 83
Америкалық құрбақа 73
Анд кондоры 97
Антарктида 10, 18, 54, 66, 72,
74, 78, 81, 82, 84, 86, 88, 90,
92, 93, 108, 109, 129, 136, 139,
143, 150, 154.
Аңдардың қысқы ұйқысы 18
Аңшы өрмекші 151
Ара 136
Ара колибри 107
Ара ұясы 137
Араб жылқысы 33
Арабия түбегі 30,41,87
Арабиялық түйе 30
Аризона түкті шаяны 155
Арктика 12, 13, 14, 15, 18, 19, 46,
49, 51, 68, 81, 85, 88, 91, 94,
95, 98,121,132
Арктика қасқыры 13
Арктика тундрасы 91
Арыстан 3,10,46,47,121
Асыл тұқымды 33
Атлант мұхитының гагары 99
Атол 67
Атолдар 123
Африкалық буйвол 39
Африкалық мүйізтұмсық 29
Африкалық орман пілі 25
Африкалық саванна пілі 25
Африкалық жабайы ит 17
Африкалық сұр тотықұс 105
Б
Бабуин 9
Бабуиндер 8,9
Бактерия 116,130
Бактриан түйесі 30
Бақалшақтар 130
Бақырауық маймылдар 8
Балауыз 136, 137
Балға басты акула 111
Бангладеш 25,37
Бантенг 39
Басаяқтылар 126
Батпақ 26, 27, 38, 39, 56, 57,
59,60,79
Батпақта мекендейтін құстар 82,
84,86
Батыстық горилла 7
Бейза бөкені 40, 42
Белуха 49
Бонобо 6
Борнеолық кіші піл 25
Борнеолық орангутан 6
Бөкен 40
Бізтұмсық қоңыздар 138
В
Вапити 36
Викунья 31
Виргиниялық опоссум 44
Г
Гавиал 57
Гагар 98
Галапагостық алып тасбақа 67
Геккон 65
Геренук 41
Гиббон 6
Гималай 38,79
Гну 40
Гондурастық бұйра түкті бүйі 153
Горилла 6,7
Гренландия киті 49
Гуанако 31
Д
Данженес шаяны 131
Дауылпаз 81
Дельфин 50, 51
Динго 17
Диуана шаян 125,130
Е
Елік 37
Емен тоқылдағы 103
Ергежейлі сусиырлар 27
Ескекаяқтылар 46
Еуропа 8, 12, 14, 15, 16, 19, 22,
36, 37, 39, 52, 54,62,64,65,71,
75,78,79, 83, 86, 87, 91,93,
94,100,101, 103,
114, 115, 145, 146, 147
Еуропалық жыланбалық 115
Еуропалық омар 132
Ж
Жаңа Зеландия 76
Жартылай маймылдар 9
Жарық қоңызы 139
Жасыл шегіртке 143
Жасыл анаконда 59
Жапырақ шегірткесі 143
Жебе шаяны 131
Жолбарыс 11,75
Жолбарыс саламандрасы 75
Жұмсақ маржандар 122,123
Жұмысшы құмырсқалар 134
Жүйке жүйелері 118, 120, 124,
127, 128, 151
Жыланбалық 61,99,114, 115,
123, 127
Жыныссыз жолмен көбею 117
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
алфавиттік көрсеткіш
159
Жыртқыш 61, 94
З
Зооксантелла 122
Зоопланктон 49,116,120,122,124
И
Игуана 64,65
Импала 41
К
Кагу 77
Кадьяк аюы 19
Кайот 17
Какапо 77
Калифорния теңіз арыстаны 47
Калифорниялық кондор 97
Канада қазы 79
Канада тырнасы 85
Канна 40
Капуцин 8
Кариб 57,58,63,69,83,85,104,
115, 128
Карори табиғи қорығы 70
Кашалот 49
Кәдімгі итбалық 47
Кәдімгі жанат 22
Кәдімгі шибөрі 16
Кембрий дәуірі 116
Кемп Ридлей тасбақасы 69
Кемпірқосақ лорикеті 105
Кенгуру 45
Кезқұйрық 93
Кесіртке 64
Киви 76
Кит 49
Кит-акула 110
Кит тәрізділер 48,50
Кит мұрты 48
Коала 45
Корелла 105
Колобус 8
Колорадо қоңызы 139
Комодтық варан 65
Король пингвині 109
Костарикалық бүйі 153
Көзілдірікті аю 18,19
Көк бүйі 153
Көк морфо 147
Көк сақиналы сегізаяқ 127
Көк шаян 131
Көпжасушалы 116
Крайт 61
Күлекеш кукабара 101
Күлекеш қыран 95
Күнбағыс теңіз жұлдызы 119
Кіші қоқиқаз 83
Кішкентай тоқылдақтар 102
Қ
Қабылан 10
Қабыршақ 130
Қайра 98, 99
Қалқан қоңыздар 149
Қалқанша 130
Қамыс құрбақасы 73
Қара тәжді тырна 85
Қараторғай 89
Қара тоқылдақ 103
Қара жонды шибөрі 16
Қарақал 11
Қарақұйрық 41
Қарапайым 58, 71, 116, 124, 144,
152
Қар дауылпазы 81
Қаражидек бал арасы 137
Қарсақ 15
Қасқыр-өрмекші 151
Қатты маржандар 122,123
Қодас 38,39
Қоңыз 139
Қоңыр аю 18
Қоректері 88
Қоңыр жер кептері 88
Құндыз 53
Құм айдаһар жыланы 59
Құмырсқа 148
Қызғылт какаду 105
Қызыл жемсаулы колибри 106
Қызыл қасқыр 13
Қызыл қоңыз 138
Қызыл тәжді тырна 84
Қызыл түлкі 14
Қызыл тұмсықты сүңгуір
үйрек 79
Қызылбас тоқылдақ 103
Қылышқұйрық 131
Л
Лама 31
Ленталы жыланбалық 115
М
Мадагаскар 9, 57, 58, 64, 67, 74,
87, 102, 141
Мадагаскарлық ысылдағыш
тарақан 141
Маймылдар 8
Макака 9
Мако-акула 110
Малай аюы 18
Мандрил 9
Манта 111
Марабу 87
Марал 37
Маржан жыландар 61
Мартышка 8,9
Мәрмәр саламандрасы 74
Мексикалық қызыл аяқ бүйі 152
Молук какадуы 105
Монарх көбелек 146
Моңғолия 30,38
Мунтжак 37
Мурен жыланбалығы 115
Мұхит түбі 111, 115, 118, 119,
124, 126, 132
Мүйізді гагарлар 98
Мүйізтұмсық 29
Мысырлық тасбақа 67
Н
Непал 22,25,29,37,38,57,85
Ніл қолтырауыны 57
Ньяла 39
О
Омарта 137
Омыртқасыздар 74, 88, 102, 116,
120, 124, 126,127,128,150,154
Оңтүстік 22, 26, 37, 40, 41, 47, 49,
80,81,84, 96,108,127, 129
Оңтүстік Азия 38
Оңтүстік Америка 8, 9, 10, 14, 19,
22, 31, 44, 51, 57, 58, 59, 63,
65, 66, 68,72, 73,77,79,81, 83,
84, 89, 90,92,95,96, 97, 102,
103, 104, 105,106,107, 108,
114, 134, 135,139,141,143,147
Оңтүстік-шығыс Азия 9, 17, 37,
38, 39,56, 59, 60, 63, 65,
89,103,147
Оңтүстіктік алып дауылпаз 81
Орангутандар 6
Орман буйволы 39
Орман қыраны 95
Орнитолог 76
Орталық Америка 10, 14, 44, 57,
58, 72,73, 89, 95, 97, 104
106,153
Ө
Өлексе 86, 93, 96,97
Өрмекші тәрізді маймылдар 8
Өрмекшілер 150
П
Панда 18
Папуа пингвині 109
Пингвин 77,109
Планктон 48, 49, 110, 111, 112,
116, 130
Приматтар 6,7,8,9
Пілдер 24, 25
Р
Регенерация 118
Ридлей зәйтүн тасбақасы 68,69
С
Саңылаулар 116,117
Сары анаконда 59
Сахара 41,67
160160
Сахель 85
Секіргіш өрмекші 151
Симбиотикалық 39,125,133,148
Скат 111
Солтүстік Америка 12, 14, 15, 16,
17, 19, 22, 36, 37, 39, 47, 52,
63, 67,68,75, 79,83, 85, 87, 89,
91, 92, 93, 97, 99, 100, 101,
103, 107, 114, 131, 132, 135,
139, 144, 145, 146, 147, 155
Солтүстік Америка қара аюы 18,19
Солтүстік Африка 15, 32, 36, 63,
100
Солтүстіктік байғызы 91
Су әбжыланы 60
Су буйволы 38
Сулы-батпақты жерлер 36, 38, 57,
75,85, 86,87,95,105
Суматралық мүйізтұмсық 29
Суматралық орангутан 6
Суматралық піл 25
Суффольк жылқысы 33
Сұңқылдақ аққу 79
Сұр жылан 63
Сұр итбалық 47
Сұр кит 49
Сұр қасқыр 12,13
Сұр тырна 85
Сұр түлкі 14
Сүңгуір дауылпаз 81
Сүтқоректілер 6,7,13,18,19,24,
26, 28, 31, 36, 40, 44, 45, 46,
47, 48, 51, 54, 58, 84, 87, 90,
93, 101, 150, 152
Сыбырлақ аққу 79
Сылдырмақты жылан 62
Сырғалы тырна 84
Сібір тырнасы 85
Сілеусін 11
Т
Тағанақ 95
Тайланд 25,38,63,95,112,153
Такахе 77
Тартанаулы маймылдар 8
Тас қалаушы өрмекші 153
Тауда өмір сүретін горилла 7
Тау зебралары 34, 35
Тау қазы 79
Тау құланы 34,35
Теннессилік жылқы 33
Теңіз губкалары 116
Теңіз лилиясы 119
Теңіз қиярлары 119
Теңіз игуанасы 65
Терілі тасбақа 69
Тетродотоксин 112
Тиін тәрізді маймылдар 9
Тотықұс 105
Тотықұс түсті көбелек 147
Трес-Мариас 22
Тропикалық ормандар 6, 7, 8, 9,
10, 11, 37, 43, 59, 60, 72, 73,
103, 104,105,123, 139, 141,
143, 147, 153
Тұйғын 93
Тұратын мекені 11,26,74,88,144
Түйеқұс 76
Түкті итбалық 47
Түлкі 14
Тынықмұхиттық алып
саламандра 75
Тынық мұхиты
61,67,114,115,120,
121,127,129
Тыныс алу мүшесі 48
Тікентұмсықтылар 118,119
«Тікенді тәж» теңіз жұлдызы 119
Тікенді омар 133
У
Уакари 9
Уды қайтарғыш 112
Улы 58, 60, 61, 63, 65, 95, 112,
120, 121,127, 151,152,153,154
Улы құрбақа 73
Ұ
Ұзын үшкір тіс 60,62,152
Ү
Үйрек 78
Үлкен жарқанат 54
Үлкен кальмар 129
Үнділік піл 25
Үнділік сары тұмсықты
альбатрос 80
Үнділік өрнекті өрмекші 153
Үндістан 10, 25, 29, 37, 38, 56, 57,
61, 79, 85, 86,101,104,153
Үрленбелі балық 112
Х
Хамелеон 64
Ц
Цикада 149
Ш
Шаян 131
Шаянжегіш жанат 22
Шаян-өрмекші 151
Шеміршекті 69,110,128
Шерткіш асшаян 133
жүктеу/скачать 13,22 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |