Жануарлар



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Америкалық құрбақа 
Америкалық құрбақалар – арқаларында үлкен 
дақтары бар орташа мөлшерлі құрбақалар. Әрбір 
дағында бір немесе екі сүйелі болады. Сүйелдер 
қызыл немесе сары түсті келеді. Сонымен 
қатар олардың терілері безге толы. Сол бездері 
оларды жауларынан қорғау үшін улы сүт тәрізді 
сұйықтық бөледі. Америкалық құрбақаларға 
қатысты ең қызық жайттардың бірі – олардың 
еркектерінің тамақ астында қалталары болады.  
Олар дауыс шығарған кезде сол қалталары  
үрленіп, дірілдей бастайды.
Алтын құрбақа
Алтын құрбақа – 
құрбақалардың 
жойылып кеткен 
түрі. Кезінде мұны 
Коста­Риканың 
Монтеверде Клауд 
Форест қорығында 
молынан кездес­
тіруге болатын. 
Алтын құрбақаларды ең алғаш 1966 жылы 
Джей Саваж ашты. Бұл құрбақалар 1988­
99 жылдары толығымен жойылды. 
2004 жылы табиғатты және табиғат 
ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы 
оларды жойылды деп 
жариялады.
Қамыс құрбақасы
Қамыс құрбақаларының ұзындықтары 25 см-ге 
дейін жетіп, салмақтары 2 кг-ға дейін тартады. 
Терілері қатты сүйелді болып, бастарында мүйізді 
қырлары болады. Қамыс құрбақасын Оңтүстік 
Америка, Орталық Америка, Америка Құрама 
Штаттары және Австралияның аймақтарынан 
кездестіруге болады. Оларды 1935 жылы 
Солтүстік Квинслендтің қант қамыстарына қамыс 
қоңыздарын құрту үшін жерсіндірген болатын.
Жақұттай 
көк бақалар 
өте улы 
болып 
табылады.
Тамақ асты 
қалтасы үрленіп 
тұрған  америкалық  
құрбақа
Шығыстық қызыл бауыр 
шұбар бақа қызыл бауырын 
көрсетіп тұр 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Қосмекенділер
73

Саламандралар
Саламандралар – жіңішке ұзынша келген денесі және ұзын 
кұйрығы бар кішкентай қосмекенділер. Олар ересектерінде 
құйрықтары болатын жалғыз қосмекенділер. Саламандралардың 
сырт келбеті кесірткелерге ұқсайды. Алайда кесірткелермен 
салыстырғанда саламандралардың терілері жұмсақ, әрі нәзік, 
құйрықтары да ұзын болады. Әлемде саламандралардың 500-ден 
аса түрі белгілі. Саламандралар Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа 
Зеландия, Мадагаскар және Антарктидадан басқа жерлерде 
кездеседі.
Мекен ету орталары
Әдетте саламандралар дымқыл орманды 
аймақтарды мекендейді. Көп жағдайда оларды 
шіріген бөренелерден, таяз індерден және 
ормандардағы жапырақ қабаттарының астынан 
кездестіруге болады. Кейбір саламандралар 
суда өмір сүрсе, кейбіреулер қараңғы жерасты 
үңгірлерінде тұрады.
Саламандралардың қорегі
Саламандралардың көбі – етқоректі. 
Олар кішкене бақалармен, омыртқасыз 
жануарлармен, ұлулармен және құрттармен 
қоректенеді. Сонымен қатар, олар балықты да 
жей алады. Құрғақта жүргенде жәндіктермен, 
шырышты ұлулармен және құрттармен 
қоректенеді. Құрғақта өмір сүретін 
саламандралардың көбінің жәндіктерді 
ұстайтын ұзын жабысқақ тілдері болады. 
Кейбір саламандралар жәндіктерді ұстау үшін 
хамелеондар секілді тілдерін бірнеше сантиметр 
қашықтыққа соза алады.
Мәрмәр саламандралар – бүйірлерінде ақ күміс 
түсті жолақтары бар қара түсті кішкентай 
саламандралар
Шұбар саламандра – іштей ұрықтану тән 
жалғыз саламандра. Ұрғашы саламандралар 
дернәсілдерін ағынды сулар мен көгалдарға 
салады.
Саламандралар тұқымдастары
Ambystomatidae     –   амбистомалар
Amphiumidae  
  –   амфиумалар  
Cryptobranchidae    –   Америка саламандралары 
Dicamptodontidae   –   тынықмұхиттық алып    
 
   саламандралар
Plethodontidae  
  –   өкпесіз саламандралар
Proteidae  
  –   жасырын желбезектілер мен  
 
   Америка протейлері
Rhyacotritonidae     –   үлкен саламандралар 
Salamandridae     –   тритондр 
Sirenidae  
  – 
сирендер 
74

Амбистомалар
Амбистомалар – Солтүстік Американың жергілікті 
саламандралары. Кейбір амбистомалар құрғақта 
өмір сүретін болса, кейбіреулері суда өмір сүреді. 
Құрғақта өмір сүретін амбистомалар үлкен шығыңқы 
көздерімен, жуан аяқтарымен және домалақ 
құйрықтарымен ерекшеленеді. Әдетте, олардың 
денелері қара түсті болып, ашық түсті дақтары мен 
торлары болады. Бұлар – жалғыз жүретін жануарлар 
және де уақыттарының көп бөлігін жерасты індерінде 
өткізеді. Ересек амбистомалар суға барып жұмыртқа 
салып, ұрпақ әкеледі. Суда өмір сүретін амбистомалар 
балықсыз тоғандарды мекендейді. Олардың 
желбезектері мен құйрық жүзбеқанаттары болады.
Жолбарыс саламандра
Жолбарыс саламандра да – амбистома. Жолбарыс 
саламандраның алты түр тармағы бар, олар – грей 
жолбарыс саламандрасы, торланған жолбарыс 
саламандрасы, дақты жолбарыс саламандрасы, 
аризона жолбарыс саламандрасы, сонора жолбарыс 
саламандрасы және де шығыстық жолбарыс 
саламандрасы. Жолбарыс саламандраларының 
денелерінде тігінен ұзына бойына сызықтары болады.
 Олар – ең үлкен құрлық саламандралары. 
Ұзындықтары 20 см-ге дейін жетулері мүмкін. 
Кейбіреулері 30 см-ге дейін жетеді.
Амфиумалар
Амфиумалар немесе конголық жыландар суда өмір 
сүретін саламандралар тобына жатады. Олардың 
аяқтары өте қысқа болып, денелері ұзын және 
де сұр-қара түсті болады. Амфиумалар Америка 
Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысындағы 
ылғалды аймақтарда кездеседі. Амфиумалардың 
үш түрі белгілі, олар – екі саусақты амфиумалар, 
бір саусақты амфиумалар және үш саусақты 
амфиумалар.
Америка саламандралары
Америка саламандралары – суда өмір сүретін 
ең үлкен саламандралар. Сонымен қатар, 
олар – Солтүстік Американың да ең үлкен 
саламандралары. Олардың ұзындықтары 
56 см-ге дейін жетуі мүмкін және оның екі 
түр тармағы бар, олар – Шығыс Америка 
саламандралары және Озарк саламандралары.
Тынықмұхиттық алып саламандра
Тынықмұхиттық алып саламандра – 
құрлықта өмір сүретін Америка Құрама 
Штаттарында мекендейтін ең үлкен 
саламандралардың бірі. Бұлар сондай­ақ 
Британиялық Колумбияның оңтүстік­
батысындағы таулар мен ормандар 
жанындағы көлдерде кездеседі.
Тритондар
Тритондар Солтүстік Америка, Еуропа және Азияда 
кездеседі. Басқа саламандралармен салыстырғанда 
тритондардың терілері құрғақ әрі қатты болады. 
Тритондардың кейбір түрлерінің аяқтары 
қабыршақты болып, оларға сырғанақ жерлерде 
көтерілуге көмектеседі.
Екі саусақты амфиума 
Жасырын желбезектілер мен Америка 
протейлері
Жасырын желбезектілер мен Америка
протейлері – Америка мен Еуропада кездесетін 
ең үлкен су саламандралары. Олардың демалуға 
арналған түкті 
қызыл  желбе зек­
тері мен жүзуге 
көмектесетін 
құйрық жүзбеқа­
наттары болады.
Жасырын 
желбезекті
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Қосмекенділер
75

Ұшпайтын құстар – ұша алмайтын құстар. Алайда бұл құстар өте жақсы жүгіретін немесе 
жүзетін болады. Бұлар негізінен ұшатын құстардан пайда болған. Орнитологтардың 
ойынша, бұл құстардың мекен ету орталарында олардың жаулары жоқ болғандықтан, ұшу 
қабілеттерінен айырылған.
Ұшпайтын құстар
Түрлері
Әлемде ұшпайтын құстардың шамамен 
40 түрі белгілі. Оларға түйеқұс, нанду, 
ұшпайтын үлкен баклан, пингвин, 
шотландиялық құр тауығы, какапо және 
үйде өсетін күркетауық жатады.
Түйеқұс
Түйеқұстар қырсыз төстілер  деп аталатын 
құстар тобына жатады, сонымен қатар 
бұл топқа эмулар мен нанду түйеқұсы да 
кіреді. Түйеқұстар – әлемдегі ең үлкен, ең 
биік және ең ауыр құстар. Ересек еркек 
түйеқұстың салмағы 150 кг-ға дейін 
жетіп, биіктігі тұрып тұрған кезінде  2,7 м 
болуы мүмкін. Ұрғашы түйеқұстың бойы 
1,6-2 м аралығында болады. Түйеқұстар – 
Африканың жергілікті құстары. Бұл 
құстар өте жылдам жүгіреді. Бір қадам 
жасағанда  олар 4,8-7 м-ді қамтып, 
сағатына 48-80 км жылдамдықпен 
жүгірулері мүмкін.
Киви
Киви – Жаңа 
Зеландияны 
мекендейтін 
кішкентай ұша 
алмайтын құс. 
Кивилердің үш түрі 
белгілі: қоңыр киви, 
үлкен дақты киви 
және кіші дақты 
киви. Кивилер – 
бойы 30 см 
болатын, мығым 
денелі және қатты 
қоңыр жүнді 
кішкентай құстар. 
Олардың ұзын 
тұмсықтары бар, 
тұмсық тарының 
ұштарында 
қоңыздарды иіскеп 
тауып, ұстайтын 
танаулары болады.
76

Нанду (америкалық түйеқұс)
Нанду түйеқұсы Оңтүстік Американың 
жергілікті түйеқұсына ұқсас. Оларды Боливия 
мен Бразилиядан Орталық Аргентинаға 
дейінгі алқапта кездестіруге болады. Олар 
түйеқұстарға қарағанда кішірек және де 
түйеқұстардан бір ерекшелігі: олардың бастары 
мен мойындары толығымен қауырсынмен 
қапталған. Нандулар жылдам жүгіреді. 
Нандулардың екі түрі бар: кәдімгі нанду және 
ұзын тұмсықты нанду.
Эму (австралиялық түйеқұс)
Эму Австралияның бұталы ормандарында 
кездеседі. Бұл – Австралияның ең үлкен құсы. 
Эмулардың аяқтары ұзын болғандықтан, олар 
да түйеқұстар секілді жылдам жүгіреді. Олар – 
әлемдегі ең алыс қашықтыққа жүгіре алатын 
құс. Олар жай жүру арқылы алыс аймақтарға 
орын ауыстыра береді.
Пингвин
Пингвиндер – өте жақсы жүзіп, сүңгитін құс. 
Олардың жарғақты аяқтары және желкен тәріздес 
жүзбеқанаттары суда жүзуге және сүңгуге 
көмектеседі.
Такахе (қанатсыз сұлтан)
Такахе немесе оңтүстікаралдық такахе – Жаңа 
Зеландияның жергілікті ұша алмайтын құсы. 
Бұл – мығым денелі, жасыл­көк қауырсынды, 
қызыл тұмсықты және мықты аяқты құс. 
Ересек такахелердің ұзындықтары 63 см­ге, ал 
салмақтары 2,7 кг­ға дейін жетуі мүмкін. Такахелер – 
сутартқыштар тұқымдасының ең үлкен түрі. Оларға 
жойылу қаупі төніп, құрып кетудің аз­ақ алдында 
тұр. Бұлардың қазіргі кездегі саны шамамен 200 дара.
Какапо
Какапо – тоты құстар тұқымдасындағы ең 
үлкен құс. Бұл – түнгі және ең ауыр тоты құс. 
Какаполар – Жаңа Зеландияның жергілікті 
құстары. Олардың сары­жасыл қауырсындары, 
үлкен сұр тұмсықтары, қысқа аяқтары, 
үлкен табандары мен қанаттары және қысқа 
құйрығы болады. Такахелер секілді какаполар 
да жойылудың аз­ақ алдында тұр. Әлемдегі 
какаполардың қазіргі кездегі саны шамамен 
125 дара ғана. 
Кагу
Кагу – Кана-
дадағы 
Жаңа Кале-
донияның 
таулы ормандары 
мен бұтақты 
аймақтарында 
кездесетін ұша 
алмайтын құс. 
Кагулер орман 
етектерінде өмір сүріп, 
бұталардан ұя жасайды. 
Олардың ұзындықтары 
45 см-дей (балапанның 
өлшеміндей) болады. 
Олардың күлгін сұр және 
ақ түсті қауырсындары 
болғандықтан,  оларға 
«орман әруағы» деген ат 
берілген. Соңғы он жылда кагулердің саны 
азайып, қазіргі таңда жойылу қаупі төніп тұр.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
77

Суда жүзетін 
құстар
Үйрек
Үйректер – кішкентай қысқа мойынды су құстары. Олар 
қаздармен және аққулармен салыстырғанда кішірек 
және ащы суда да, тұщы суда да кездеседі. Үйректің 
түрлеріне ақ басты үйрек, өзен үйрегі, сүңгитін үйректер, 
мускустық үйректер, Лабрадор үйректері, жалды 
үйректер, қара басты үйректер, каменушка үйректері, 
крестті үйректер, қызғылт құлақты үйректер, тұрпандар, 
қызыл басты сүңгуір үйрек, доминикандық ақбас үйрек, 
қатты құйрықты үйректер, Хартлауб үйректері, қызғылт 
басты үйректер, қола қанатты үйректер, ақ арқалы ақбас 
үйректер, теңбіл үйректер және торыалақаз жатады.
Торыалақаз 
Торыалақаз – үйрек тұқымдастарының 
кішкентай түрі. Олардың тұмсықтары қысқа 
болып, аяқтары ұзын және мойындары 
көтеріңкі болғандықтан, сырт пішіндері 
қаздарға ұқсайды.
Кәдімгі торыалақаз 
Еуропа мен Азияда кездесетін кәдімгі 
торыалақаз – қызыл тұмсықты, ақ және 
ашық қоңыр түсті денесі, қою жасыл түсті 
басы мен мойны бар, қазға ұқсас құс.
Мандарин үйрегі – әлемдегі ең әдемі үйректердің бірі. 
Оның қызыл тұмсығы, көзінің үстіңгі жағында ақ 
жарты ай өрнегі және қызғылт беті бар. Мандарин 
үйрегін Қытайдан, Ресейден, Жапониядан және 
0ңтүстік Англиядан кездестіруге болады.
Сыбырлақ аққу
Суда жүзетін құстар – тіршілік орталары сумен байланысты 
құстар. Бұл құстар – үйрек тұқымдасына жататын 
үйректер, қаздар және аққулар. Олардың өлшемдері 
орташа және үлкен болады. Су құстары 
суда жақсы жүзеді. Олардың су өтпейтін 
қауырсындары, қысқа аяқтары және 
жарғақты табандары бұл құстардың суда 
жүзіп, қалқуына мүмкіндік береді. 
Қатпарлы тұмсықты құстар 
тұқымдасының 
түрлері 
Антарктидадан 
басқа жер-
лердің барлы-
ғында 
кез де-
седі.
78

Мускустық үйрек 
Мускустық үйрек – аяқтарында ұзын 
тырнақтары бар және жалпақ құйрықты 
үйректер. Олар – Мексика, Орталық және 
Оңтүстік Американың жергілікті құстары. 
Әдетте, олар орман тоғандары, көлдер мен 
ағыстарды мекендеп, сондағы су және құрлық 
өсімдіктерінің тамырларымен, сабақтарымен, 
жапырақтарымен және тұқымдарымен 
қоректеніп, түнде сондағы ағаштарда ұйықтайды. 
Жабайы мускустық үйректің түсі қара, 
қанаттарында ақ дақтар болады, ал үй мускустық 
үйрегінің түсі қоңыр не қара болады.
Қызыл тұмсықты сүңгуір үйрек
Қызыл тұмсықты сүңгуір үйректер – барлық қызыл 
басты сүңгуір үйректердің ішіндегі ең үлкені. Олар – 
орын ауыстырғыш үйректер, Еуропа мен Азияның 
оңтүстік аймақтарының континенттік тұщы су 
немесе орташа тұзды көлдерін, өзендерін немесе 
тұзды және қышқылды бассейндерін 
мекендейді. Сонымен қатар 
бұл үйректер өзен сағалары, 
атырабы мен басқа да жағалау 
аймақтарын мекендейді. 
Канада қазы
Канада қаздары – ұзын басты, ақ иек жолақтары 
бар беті қара, үлкен су құстары. Олардың  сау-
сақтарының арасы жарғақты, ал тұмсықтары 
үлкен жалпақ болады. Канада қазының жеті түр 
тармағы белгілі, олар – Атлант, Гудзон шығанағы 
немесе алып, моффит немесе ұлы бассейн, кіші, 
қаралау және ванкуверлік қаздар. Алып Канада 
қазы – әлемдегі ең үлкен қаз. Канада қаздары – 
Канада мен Құрама Штаттарының солтүстігінде 
көбейетін Солтүстік 
Американың 
жергілікті 
қаздары. Басқа 
қаздар секілді 
олар да орын 
ауыстырғыш 
құстар, оларды 
тіпті Сібір, 
Жапония және 
Қытайдан да 
кездестіруге болады. 
Тау қазы
Тау қаздары – ең биік ұшатын құстардың бірі. 
Олар Азияда Гималайдың бойымен Үндістан мен 
Солтүстік Бирмаға қарай ұшады. Олардың теңіз 
деңгейінен 8848 м биікте оттегі мен тіршілік аз 
жерде ұшып жүргендігі байқалды. Олар күніне 
1600 км-дей қашықтыққа ұша береді. Бұл құстар 
жыл сайын қыстыгүні Үндістан, Пәкістан және 
Солтүстік Бирма жаққа ұшып, көктемде Оңтүстік-
шығыс Ресей мен Батыс Қытайдағы ұяларына 
оралады. 
Сыбырлақ 
аққулар жағалауларға, 
аралдарға немесе 
өзен қамыстарының 
арасына ашық кесе 
тәрізді ұя салады.
Ересек қызыл тұмсықты сүңгуір үйректерді 
олардың домалақ сарғыш бастары, қызыл 
тұмсықтары мен қара кеуделері арқылы оңай 
ажыратуға болады.
Балапандарымен жүрген қос тау қазы
Сұңқылдақ аққу мен сыбырлақ аққу
Сұңқылдақ аққу  
Қазақстанда кең 
тараған болатын, 
қазір республиканың 
Солтүстік, Орталық 
және Оңтүстік-
шығыс аудандары-
ның 5-6 жерінде 
ұяларын жасыруға 
болатын қалың қамыс – 
қоғалы ірі көлдерді 
мекендейді. Кіші аққудан 
ірірек келеді: ұзындығы 
140-160 см, қанат жайымы  
205-235 см, ал салмағы 
8-15 кг болады. Саны кеміп 
бара жатқан түр. Сұңқылдақ 
аққудың сыбырлақ аққудан айырмашылығы – 
оның мойны ұзын және қара болып бітетін сары 
тұмсығы бар. Сыбырлақ аққудың тұмсығы 
үстінде қара дағы бар қызғылт, мойнын жиі иіп, 
тұмсығын суға батыра береді. Өздерінің аттарын 
бұл құстар шығаратын дыбыстарына қарай 
алған. Көп уақыттарын суда жүзіп өткізеді, бірақ 
сүңгімейді. Суда өсетін өсімдіктермен, судағы 
омыртқасыздармен қоректенеді. Сыбырлақ 
аққу Қазақстанда өзіне қолайлы су қоймаларын 
мекендейді. Сұңқылдақ аққу Қазақстанда ақпан-
наурыз айларынан бастап қазан айына дейін 
болады, қыста оңтүстікке кетеді. Ал сыбырлақ 
аққу жылу сүйгіш құс болғандықтан, Қазақстанға 
кештеу ұшып келеді және ертерек кетеді. 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
79

Үлкен альбатростар
Үлкен альбатростардың қатарына оңтүстік 
корольдік альбатростар, солтүстік корольдік 
альбатростар, кезбе альбатростар, австралиялық 
альбатростар, Гибсон альбатросы, Тристан 
альбатросы мен амстердамдық альбатростар 
жатады. Бұл альбатростарды Мұзды мұхиттың 
оңтүстігінен кездестіруге болады, сонымен қатар 
олар Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының 
аралдарына ұя салады. Құстардың көбі Жаңа 
Зеландияның субантарктидалық аралдарына да ұя 
салады.
Альбатростар мен дауылпаздар дауылпаз тәрізділер тұқымдасына жатады. Бұлар – Мұзды 
мұхиттың оңтүстігі мен Тынық мұхиттың солтүстігін мекендейтін, судағы өмірге бейімделген 
теңіз құстары.
Альбатростар мен дауылпаздар 
Альбатрос
Альбатростар – саусақтарының арасы жар-
ғақты аяғы және ілгек тәрізді тұмсығы бар 
ғажайып құстар. Олар өте жақсы ұшады және 
керемет қалықтай алады. Кей кездері олар 
қанаттарын қақпастан, бірнеше сағат бойы 
қалықтап ұша алады. Олардың қанаттарын 
жайғанда ұзындығы 3,5 м-ге дейін жетеді, яғни 
бұл – құстардың ішінде қанаттары ең ұзын құс.  
Олар айлап, жылдап суда болады, құрғаққа тек 
шағылысуға және балапандарын өсіру үшін 
ғана шығады.
Альбатростардың қоректері
Альбатростар шаяндар, теңіз шаяндары, 
балықтар мен ұлулар секілді теңіз 
жануарларымен қоректенеді. Сонымен қатар, 
олар су балдырлары, кішкентай құстар мен 
итбалықтар, пингвиндер және киттердің 
қалдықтарымен де қоректенеді. 
Түрлері
Альбатростардың 21 түрі белгілі, бұл түрлері де 
төрт топқа бөлінеді, олар – үлкен альбатростар, 
Солтүстік Тынық мұхит альбатростары, қара 
альбатрос және жұқа Оңтүстік Мұзды мұхит 
альбатростары.
Үнділік сары тұмсықты альбатростар
Үнділік сары тұмсықты альбатростар – Оңтүстік 
мұхит альбатростарының ішіндегі ең кішісі. 
Олардың қанатын жайғанда ұзындығы 2 м-ге жетіп, 
салмағы 2,5 кг-дай болады. 
80

Кезбе альбатростар
Кезбе альбатростар – альбатростардың ішіндегі ең 
үлкендері. Бұл құстардың қанаты басқа құстарға 
қарағанда ең ұзыны. Кезбе альбатростар өмірлерінің 
көп бөлігін Оңтүстік жарты шардағы мұхиттардың 
бетінде қалықтап өткізіп, ұяларын антарктидалық 
шеңберге жақын орналасқан аралдарда салады. 
Бұл қауырсынды алыптар өте ұзақ қашықтыққа 
ұша алады, тек екі жылда бір рет қана ұялап, ұрпақ 
әкеледі. Ұрғашы кезбе альбатростар тек бір ғана 
жұмыртқа салады, оны не еркек, не ұрғашы кезбе 
альбатрос он бір апта бойы басып отырады. Балапаны 
жұмыртқадан  шыққан соң алғашқы төрт апта бойы 
ата-аналарының біреуі оған қамқор болады. Одан соң 
ата-аналары оны жалғыз қалдырып кетеді, тек бірнеше 
аптада бір келіп тұрады. Балапан тоғыз айдан соң  ғана 
ұясынан ұшып шыға алады.
Дауылпаз
Дауылпаздар альбатростарға қарағанда кішірек 
болады. Олардың иілген тұмсықтары және түтік 
тәрізді танаулары бар. Барлық дауылпаздардың 
аяқтары жарғақты. Альбатростар секілді 
дауылпаздар да өмірлерінің көп бөлігінде мұхиттар 
бетінде ұшып жүреді, ал тастақты жағалаулар мен 
аралдарға ұрпақ әкелу үшін барады.
Сүңгуір дауылпаз
Сүңгуір дауылпаздар – Оңтүстік жарты 
шарда кездесетін кішкентай  қысқа қанатты 
теңіз құстары. Сүңгуір дауылпаздардың 
төрт түрі белгілі, олар – перулік сүңгуір 
дауылпаздар, Магеллан сүңгуір дауылпаздары, 
оңтүстікгрузиялық сүңгуір дауылпаздар 
және кәдімгі сүңгуір дауылпаздар. Перулік 
сүңгуір дауылпаз – ең үлкен сүңгуір дауылпаз. 
Бұл құстар Оңтүстік Американың батыс 
жағалауында, Перу мен Чилидің жағалау 
суларында кездеседі.
Қар дауылпазы
Қар дауылпазы – қардай аппақ әдемі теңіз құсы. 
Оның өлшемі аққудай ғана болады. Қар дауылпазы 
Оңтүстік Грузия мен Оңтүстік Сандвич аралдарында, 
Антарктидада жұмыртқа салады. Оларды оңтүстік 
полюстен де көргендер бар. Сондықтан олар оңтүстік 
құстарына жатады.
Качуркалар
Качуркалар әлемнің барлық мұхиттарында 
кездеседі. Олар – Антарктидада жиі кездесетін ең 
кішкентай құстар. 
Бұл құстар 
Арктика мен 
Антарктида 
арасында 
ұзақ көшіп 
жүретіндігімен 
белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет