Жануарлар



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Өте үлкен кальмарлар
Өте үлкен кальмардың  ұзындығы 12-14 м болады. 
Өте үлкен кальмарлар Антарктиданың маңындағы  
Оңтүстік теңізінің терең қабаттарынан кездескен. 
Бұл кальмарлар алғаш рет 1925 жылы, олардың 
екі қолы кашалоттың асқазанынан табылған кезде 
белгілі болды. 2007 жылдың ақпан айында Росс 
теңізінде өте үлкен тірі кальмарды қайықпен 
ұстады.
Жағалауға шығып қалып  өлген 
перулік кальмар
Деликатес
Кальмарлар көп елдердің асханасында деликатес 
саналады. Бұл әсіресе Жапония, Италия және 
Кореяда жақсы белгілі. Кальмарлар көптеген 
витаминдер мен селен секілді қоректендіргіш 
микроэлементтерге бай.
Кариб рифі кальмарлары
Кариб теңізінде кездесетін Кариб 
рифі кальмарлары өздерінің түстерін 
ауыстыратындығымен белгілі. Бұл кальмарлар 
рифтерде немесе солардың маңайында 
кездеседі. Ұсақ балықтармен, ұлулармен және 
шаян тәрізділермен қоректенеді.
Күнге кептіріліп тұрған кальмарлар
Алып кальмар
Алып кальмарлар – адам баласына 
белгілі ең үлкен кальмарлардың бірі. Осыған 
дейін ең үлкен кальмардың ұзындығы 
18 м­дей болған. Өте үлкен кальмарлардың көздері 
секілді алып кальмарлардың да көздері әлемдегі 
жануарлардың ішіндегі ең үлкендері. Алып кальмарлардың 
табиғи мекен ету орталары белгісіз. Алайда олар
200­1000 м тереңдікте өмір сүреді деген тұжырым бар.
Перулік кальмар
Перулік кальмар Тынық мұхитының 
шығысында кездеседі. Бұл өзі мекен ететін 
Перу ағысының атымен аталған. Перулік 
кальмардың ұзындығы 2 м­ге дейін, ал салмағы 
50 кг­ға дейін жетуі мүмкін. Бұл кальмарлар 
шаяндармен, миктофалармен, ұлулармен және 
басқа да басаяқтылармен қоректенеді. Олар 
құрамында 1200 мүшесі бар топтармен азық 
аулауға шығады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Теңіз омырТқасыздары
129

Теңіз шаяндары
Теңіз шаяндары  шаянтәрізділерге жатады. Кейбір шаяндар жерде өмір сүрсе, кейбіреулері 
мұхит және тұщы суларды мекендейді. Теңіз шаяндарының біріккен төрт аяғы және 
денелерін қорғап тұратын жалпақ жабындары болады. Олар омарлар, асшаяндар, 
өзен шаяны, криль және басқа да мұртаяқты шаяндармен көректенеді. Алайда теңіз 
шаяндарының олардан ерекешелігі бар, яғни бұлар құрғақта жүре де, жүгіре де алады.
Түрлері
Әлемде теңіз шаяндарының 4500-дей түрі белгілі. Олар 
кішкентай бұршақ шаянынан бастап үлкен жапондық 
өрмекші шаянға дейін әр түрлі болады. Негізінен, шаяндар 
екі топқа бөлінеді, олар – нағыз шаяндар және диуана 
шаяндар. Нағыз шаяндардың бақалшағы болады. Ал диуана 
шаяндардың бақалшақтары болмайды. Олар ұлулардың ескі 
бақалшақтарында өмір сүреді. Диуана шаяндардың кейбір 
түрлері жартастарды, ағаштарды немесе маржандарды мекен 
етеді.
Қалқаншалары
Шаяндардың жауларынан қорғайтын 
қатты сыртқы қабыршақтары 
болады. Олар көбіне өздерін сыртқы 
сауытының ішіне тығып, қатты тас 
секілді жаратылыс болып көрінеді. 
Қабыршақ немесе бақалшақ деп 
аталатын сыртқы сауыты хитиннен – 
қатты су өткізбейтін заттан тұрады. 
Олардың өлшемдері өскен сайын 
сауыттарын жаңасына ауыстырып 
отырады. Мұны түлеу деп атайды.
Қоректері
Шаяндар – тағам талғамайтын 
шаянтәрізділер, олар 
негізінен су балдырларымен, 
құрттармен, бактериялармен, 
саңырауқұлақтармен және 
ұлулармен қоректенеді. Көп 
түрлері етқоректілер ретінде 
өлген жануарлармен қоректенсе, 
енді біреулері жылдам өсу үшін 
жануарлар мен өсімдіктерді 
араластыра жегенді ұнатады. Кейбір 
шаяндар планктондарды жейді, ал 
үлкенірек түрлері асшаяндар мен 
былқылдақденелілерді жейді. 
Диуана шаян 
130

Көк шаян
Көк шаян – Америка Құрама Штаттарының шығыс 
жағалауында кездесетін кәдімгі шаяндар. Көк шаяндардың 
көбінің арқа жақтарының ұзындықтары 13-22 см болады. Көк 
шаяндарды еті үшін көптеп аулап, сатады.
Көк шаян
Данженес шаяны
Данженес шаяны – Калифорниядағы Санта-
Барбарадан Аляскадағы Прибылов аралдарына дейінгі 
жағалау сулардың шөпті, батпақты және құмды 
түптерін мекендейтін үлкен шаяндар. Оның ақ ұшты 
тырнақтары және қоңыр бақалшағы болады. Данженес 
шаяны қос жақтаулы ұлулармен, балықтармен, 
жұлдызбалықтармен, құрттармен, кальмарлармен 
және тіпті басқа шаяндармен де қоректенеді.
Жебе шаяны
Жебе шаяндары – су шаяндары. Олардың ұзын 
аяқтары және кішкентай үшбұрыш пішінді 
денелері болады. Ұзын аяқтары болғандықтан 
олар өрмекшілерге ұқсайды. Негізінен, 
бұлар Атлант мұхитының тропиктік және 
субтропиктік жағалауларында кездеседі. 
Бұл шаяндар – етқоректілер. Сонымен қатар, 
олар көпқылтанды және жалпақ құрттармен 
қоректенеді.
Жер шаяны
Жер шаяндары – жерде өсетін нағыз шаяндар. 
Бұл шаяндар уақыттарының көп бөлігін құрғақта 
өткізіп, суға тек көбею кезеңінде ғана барады. 
Барлық шаяндардың дернәсілдері теңізде дамиды. 
Жер шаяндары дақылдарды зақымдайтындықтан 
ауыл шаруашылығының зиянкесі саналады.
Кемпірқосақ шаяндары – Батыс Африканың 
өзендері мен жағалау аймақтарында кездесетін 
әдемі жер шаяндары. Сонымен қатар, оларды үй 
жануары ретінде де ұстайды.
Мына данженес шаянының 
өлшемі шамамен 30 см-ге тең 
Маржандағы жебе шаяны 
Қылышқұйрық
Қылышқұйрық – шаян тәрізді буынаяқты. Бұл 
шаяндарға қарағанда өрмекшілерге жақынырақ. 
Мұның қалың жылқы табаны пішінді жабыны, 
кішкентай құрсағы және ұзын үшкір арқасы 
бар. Негізінен, қылышқұйрықтар Солтүстік 
Американың шығыс жағалауында кездеседі.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Шаянтәрізділер
131

Омарлар мен асшаяндар
Омарлар мен асшаяндар – шаянтәрізділер. Асшаяндар омарларға қарағанда кішкентай болып 
келеді. Ең үлкен асшаяндардың ұзындықтары 20 см-дей ғана болса, әдетте, омарлардың 
ұзындықтары 25-50 см болады. Асшаяндар тұщы суда да, ащы суда да өмір сүрсе, омарлар тек 
теңіз суларында ғана кездеседі. Омарлар көбіне мұхит түптеріне жақын өмір сүреді.
Омарлардың жіктелуі
Омарлар екі топқа бөлінеді, олар – кәдімгі 
омарлар және лангусттар. Кәдімгі омарлардың 
қысқыш тәрізді тырнақтары және денелерінің 
ұшында үлкен жұпталған қосымшасы болады. 
Кәдімгі омарлардың көптеген түрлері бар. 
Америкалық омар және еуропалық омар – осы 
кәдімгі омарлардың ең кең тараған екі түрі. 
Лангусттардың үлкен алдыңғы тырнақтары 
болмайды. Оның орнына көздерінің үстіңгі 
жақтарында қос мүйізі болады.
Америкалық омар
Америкалық омарлар – Солтүстік Американың 
шығыс жағалауында, Атлант мұхитында 
кездеседі. Олар – жалғыз жүретін жануарлар 
және де уақыттарының көп бөлігін тастақты 
және құмды мұхит түптерінде жалғыз өткізеді. 
Тек көбею кезеңінде ғана басқаларымен 
араласады. Оларды тағам ретінде аулайды. 
1800 жылдары бұл омарларды көп мөлшерде 
аулаған.  Алайда көптеп аулағаннан кейін 
омарлардың саны кеміп, жойылу қаупі төнбесе 
де, Америка Құрама Штаттарында заңмен 
қорғалады.
Еуропалық омар
Еуропалық омарлар Солтүстік-шығыс Атлант 
мұхитынан жоғарыға қарай Солтүстік Мұзды 
мұхитына дейін, Жерорта теңізі мен Қара теңіздің 
кей бөліктерінде кездеседі. Еуропалық омарлар – 
жалғыз жүретін және түнде белсенді жануарлар. 
Олар күндіз мұхит түптеріндегі тесіктер мен 
үңгірлерді мекендеп, түнде азық іздеп сыртқа 
шығады.
Мұхит түбінде жорғалап бара жатқан еуропалық 
омар
132

Арлекин асшаяны
Арлекин асшаяны – асшаяндардың ішіндегі ең 
әдемілерінің бірі. Олардың ұзындықтары 
2,5 см­ден 4 см­ге дейін болады. Арлекин 
асшаяндары маржан рифтерін паналайды. Олар 
теңіз жұлдыздарымен және теңіз кірпілерімен 
қоректенеді.
Шерткіш асшаян
Шерткіш немесе шекілдегіш асшаяндардың 
бұлай аталу себебі – олар өздерінің үлкен 
қысқыш қолдарын соғу арқылы қатты 
шекілдеген дыбыс шығарады. Олар – теңіздегі 
ең дыбысы қатты жануарлардың бірі. Бұл 
асшаяндар құрбандарын абыржыту үшін 
қысқыш қолдарын ұрады. Кейбір кездері олар 
тіпті кішкентай құрбандарын осы қолдарын 
соғу арқылы өлтіріп те алады.
Симбиозды қатынас
Көптеген асшаяндар теңіз кірпілерімен 
және актиниялармен симбиозды қатынаста 
болады. Олар теңіз кірпілерінің тікендері мен 
актиниялардың мұрттарына бекініп, бұл 
жануарларды қалдықтар мен балдырлардан 
таза ұстайды. Симбиозды қатынастың тағы 
бір мысалы – тазалағыш асшаян мен балық 
арасындағы қатынас. Тазалағыш асшаяндар 
көптеген үлкен балықтардың денесін 
паразиттерден тазалайды. Олар балықтың 
жарақаттанған жерлерін және аузын 
тазалайды. Осылайша балықтар тазалыққа, 
асшаяндар қорекке ие болады.
Маржан рифіндегі лангуст
Теңіз кірпісінің денесіндегі  асшаян
Лангуст (тікенді омар)
Лангусттар әлемнің 
барлық жылы теңіздерінде 
кездеседі. Бұлардың денесінде 
тікендер мен ұзын антеннасы 
болғандықтан тікенді омар деп 
те атайды. Олар таяз суларды 
мекендейді. Лангусттар көбіне 
Австралия суларындағы 
маржан рифтерінде кездеседі.
Асшаян
Асшаяндар 
батпақты немесе 
құмды мұхит 
түптерінде 
кездеседі. Кейбір 
асшаяндар рифтер 
мен губкаларды 
паналаса, 
кейбіреулері 
жартастардағы 
үңгірлерді 
паналайды. 
Олардың түстері 
сұр, ақ, қызғылт, 
қоңыр немесе жасыл 
болуы мүмкін. Көбіне 
асшаяндар ашық түсті өрнектермен өрнектеледі. 
Олардың денелері екіге бөлінеді: бас-көкірек және 
құрсақ.  Олардың қос антеннасы, алты жұп жақ 
аяқтары және бес жұп жүру аяғы болады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Шаянтәрізділер
133

Құмырсқалар
Құмырсқалар – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Бұл кішкентай қоғамдық 
жәндіктер әлемнің барлық бұрышынан табылады. Құмырсқалар шамамен 110 миллион жыл 
бұрын пайда болып, содан бері құрлықтағы ең жақсы дамыған жәндіктердің біріне айналды. 
Қазіргі таңда құмырсқалардың 11000-12000 түрі белгілі.
Сырт пішіні мен құрылымы
Әдетте құмырсқалардың түсі қара болып келеді. 
Олар қара, қоңыр немесе қызыл-қоңыр болады. 
Құмырсқаның денесі үш бөліктен тұрады – 
басы, көкірегі және құрсағы. Басында көздері, 
мұрты және қос мықты жағы бар. Кеудесінде 
үш жұп аяғы және әрбір аяғында тырнағы 
болады. 
Топтары
Құмырсқалар топтанып өмір сүреді. Бір топта 
мыңдаған құмырсқалар болады. Әрбір илеуде 
аталық, аналық, жұмысшы құмырсқалар тіршілік 
етеді. Аналық құмырсқа – барлық мүшелердің 
ішіндегі ең үлкені. Ол қоғамды басқарып, 
аталық құмырсқамен шағылысады, жұмысшы 
құмырсқалар оның қоғамы үшін жұмыс жасайды. 
Көптеген түрлерінде аталық құмырсқалардың 
қанаттары болады, аналық құмырсқалар 
ұрықтанған соң қанаттарын тастап, ұрпақ 
жалғастырады. 
Құмырсқалар тобының сатылары
Топты бұрынғы топтан бөлек шыққан 
жаңа патшайым құмырсқа құрады. 
Аталық құмырсқамен шағылысқан соң ол 
жұмыртқаларды салу үшін жаңа жер іздейді. Ол 
кейінірек кішкентай құмырсқаларға айналатын 
жаңадан ашып шыққан дернәсілдерге қарайды. 
Кішкентай құмырсқалар ересек болғанда топ 
екінші сатыға көшеді. Бұл кезеңде патшайым 
құмырсқа жұмыртқа салып, жұмысшы 
құмырсқалар  барлық басқа жұмысты қолдарына 
алады. Бұл кезең 4-5 айға дейін созылады. Одан 
кейін үшінші саты басталады, бұл кезде басқа 
топ құратын  аталық құмырсқалар мен жаңа 
патшайым құмырсқалар пайда болады.
Жұмысшы құмырсқалар
Жұмысшы 
құмырсқалар – 
жыныс мүшесі 
жетілмеген аналық 
құмырсқалар. 
Олар құмырсқалар 
тобындағы 
ең маңызды 
қызметтердің 
бірін атқарады. 
Олар топты 
түзеді, кішкентай 
құмырсқаларды 
күтеді және 
қорек жинайды. Сонымен қатар, олар топты басқа 
құмырсқалар мен жәндіктерден қорғайды.
Жапырақ кескіш 
құмырсқалар 
Жапырақ кескіш құмырсқа
Жапырақ кескіш құмырсқалар – Солтүстік және 
Оңтүстік Америкада кездеседі. Жапырақ кескіш 
деп аталу себебі олардың саңырауқұлақтарды 
өсіру үшін ағаш жапырақтарын кесіп алу 
тәсіліне байланысты. Сосын бұл құмырсқалар 
сол саңырауқұлақтарда өсетін арнайы заттармен 
қоректенеді.
Тігінші құмырсқа
Тігінші құмырсқалар – ағашта өмір сүретін 
құмырсқалар. Бұл құмырсқалар өздерінің салатын 
ерекше ұяларымен белгілі. Олар ұяларын ағаш 
жапырақтарын тігу арқылы жасайды. Көп жағдайда 
бір ғана тігінші құмырсқа тобы жүздеген ағаштарға 
созылып, онда миллиондаған құмырсқа өмір сүруі 
мүмкін.
134

Құмырсқаның өмірлік циклдері
Көптеген жәндіктер секілді құмырсқалардың да 
өмірлік циклі төрт кезеңнен тұрады: жұмыртқа, 
дернәсіл, қуыршақ және ересек. Аталық құмырсқалар 
патшайым құмырсқамен шағылысқан соң өліп 
қалады. Патшайым құмырсқа кішкентай ақ және сары 
жұмыртқалар салады, олар екі-алты аптаның ішінде 
дернәсілге айналады. Дернәсіл қуыршаққа, қуыршақ 
ересек құмырсқаға айналады. Жұмысшы құмырсқалар 
жаңадан дамып келе жатқан ересек құмырсқаларды 
күтеді, оларды қоректендіріп, таза ұстайды.
Байланысулары
Құмырсқалар феромондарды қолдану арқылы 
байланысады. Феромондар – құмырсқалар 
бөлетін химиялық заттар. Құмырсқа азық тапса, 
жерде феромондарымен із қалдырады, қалған 
құмырсқалар оларды мұрттарының көмегімен 
теріп алады. Сонымен қатар, құмырсқалар 
феромондарының көмегімен басқа құмырсқаларға 
төніп тұрған қауіп туралы да ескерте алады. 
Мысалы, егерде құмырсқаны өлтірсе, өлген 
құмырсқа феромон бөліп, басқа құмырсқаларға 
қауіп туралы ақпарат береді.
Отты құмырсқалар
Отты құмырсқалар әлемнің тропиктік аймақтарында кездеседі. Олар Орталық және Оңтүстік 
Америкада көптеп табылады. Отты құмырсқалардың шамамен 280 түрі белгілі. Олардың көбінің түсі 
мыстай қоңыр болып, құрсақтары қаралау келеді. Отты құмырсқалар – шағатын құмырсқалардың бір 
түрі. Олар ұсақ жәндіктер мен жануарларды шағып өлтіреді.
Ағаш тескіш құмырсқа
Ағаш тескіш құмырсқалар – ескі діңдерді, 
ағаш материалдарын және қураған ағаштарды 
мекендейтін құмырсқалар. Көбіне бұл құмырс-
қалар үйлерге кіріп, ондағы ағаш жиһаздар мен 
ағаш құрылыс материалдарын бүлдіреді. Олар 
Солтүстік Америкада көп кездеседі. Америка 
Құрама Штаттарында кездесетін көптеген 
ағаш тескіш құмырсқалар өздерінің ауыртып 
шағатындарымен белгілі. Сонымен қатар, шаққан 
кезде ауыртатын қышқыл бөледі.
Ағаш діңін тесіп жатқан бір топ 
ағаш тескіш құмырсқалар
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
135

Аралар мен соналар
Аралар мен соналар жарғаққанаттылар тобына 
жатады. Бал аралар бал және балауыз өндіретіндігімен 
танымал болса, аралар ауыртып шағатындарымен 
белгілі. Бал аралардың 20 000-ға жуық түрі бар, 
соналардың да сонша түрі белгілі.
Түкті ара
Аралар Солтүстік жарты шардағы көптеген 
аймақтарда кездеседі. Денесіндегі қара және сары 
жолақтарынан оларды оңай ажыратуға болады. Түкті 
аралар үй бал араларына өте жақын болып, солар 
сияқты шырындармен қоректенеді.
Айырмашылықтары
Аралар мен соналарға мұқият қарасақ, оларды 
ажыратуға болады. Бал аралардың мығым түкті 
денелері және жалпақ артқы аяқтары болады. Ал 
соналардың денелері тегіс және кішкентай, аяқтары 
жіңішке цилиндр тәрізді болады. Соналардың 
денесі аралардың денесіне қарағанда сүйірлеу болып 
келеді. Аралар мен соналардың арасындағы басты 
ерекшеліктердің бірі – олардың қоректену дағдылары. 
Аралар шырын және тозаңмен қоректенетін болса, 
соналар басқа жәндіктермен, масалармен және 
тарақандармен қоректенеді.
Араның бізгегі
Аралар да, соналар да уларын денелеріндегі бізгектер 
арқылы енгізеді. Соналар және көптеген аралар 
уларын адам терісіне енгізіп, бізгегін қалдырып, 
ұшып кетеді. Мысалы, бал арасының бізгегі 
тікенекті, адам етіне кіріп кетеді. Бал арасы ұшып 
кетуге тырысқанымен, оның бізгегі қимылдамайды. 
Керісінше, бізгегі денесінен үзіліп қалады. Бал 
арасының денесіндегі бізгегі оның ас қорыту жүйесі 
болғандықтан, ақыр соңында бал ара өледі.
Ара
Аралар Антарктидадан басқа әлемнің барлық 
жерлерінде кездеседі. Олар жәндіктер 
тозаңдандыратын әдемі гүлдері бар өсімдіктер 
өскен кез келген жерден табылады. Бал 
аралары шырын мен гүл тозаңдарын жинайды, 
сөйтіп гүлдерді тозаңдандыруда маңызды рөл 
атқарады.
Бал арасы
Бал аралары патшайымнан, жүз мыңдаған 
жұмысшы және жүздеген аталық аралардан 
тұратын топтарда  өмір сүреді. Патшайым 
аралар жұмысшы аралар мен аталық араларға 
қарағанда ұзын болып келеді, аталықтары 
жұмысшы араларға қарағанда үлкендеу болады. 
Бал араларының түсі қара немесе қоңыр 
болады. Олардың денелерін ұсақ қалың түк 
қаптап жатады, сол түктер аралар бір гүлден 
екінші гүлге қонғанда тозаңды жинап, гүлдерді 
тозаңдандырады.
136

Қаражидек бал арасы
Қаражидек бал арасы деп аты айтып тұрғандай, бұл 
аралар қаражидек гүлінің шырыны және тозаңымен 
қоректенеді. Бұл – Америка Құрама Штаттарының 
оңтүстік-шығысының жергілікті арасы, ол сондағы 
қаражидек бақшаларына жиі барып тұрады. Бұл 
бал аралар қаражидек гүлдерін тозаңдандыруда 
маңызды рөл атқарады. Бір ғана аналық қаражидек 
бал арасы өмір бойына мыңдаған қаражидек гүлін 
тозаңдандырады.
Омарта
Омарталар аралардың мекендейтін, кішкентай 
араларды өсіретін ұялары. Жабайы аралар ұяларын 
өздері салса, үй бал аралары адамдар жасаған 
ұяларда тұрады. Омарта балауыздардың мыңдаған 
алтыбұрышты торларынан тұрады. Бұл торлар бал 
ұяларын құрайды. Әрбір тор шырын мен тозаңның 
қоймасы рөлін атқарады. Сонымен қатар, торлар 
кішкентай дернәсілдер мен қуыршақтардың да 
ұясы болып табылады.
Жалғыз басты аралар
Жалғыз басты аралар 
құмыра пішінді ұя 
салады.  Жалғыз 
басты аралардың 
3 000-дай түрі 
белгілі. Олардың 
көбі Солтүстік жарты 
шардың орташа 
температуралы 
аймақтарында кездеседі. Бұл аралардың түсі әдетте 
қара болып, ақ, сары, қызыл-сары және қызыл 
жолақтары болады.
Бүйі арасы
Бүйі аралары – ең үлкен аралардың бірі. 
Олар бүйілерді аулайтын болғандықтан 
бүйі аралары деп аталады. Бұл 
аралар өздерінің өте ауыртып 
шағатындығымен белгілі.
Бүйілерді аулау
Бүйі  аралары өздерінің дернәсілдері үшін 
бүйі өрмекшілерін аулайды. Әдетте, 
оларды аулауға аналық аралар шығады. 
Олар бүйілерді індерінен іздеп, шағып, 
сал қылады да, ақыры індерінен сүйреп 
шығарады.
Үлкен ара омартасы
Бал ұясының 
алтыбұрышты торлары
Өлген бүйіні сүйреп келе жатқан бүйі  
арасы
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
137

Азиялық қоңыздар
Азиялық қоңыздар – арқасында ақ дақтары бар қара 
жәндіктер. Ағаштарды тесетін бұл қоңыздар үйеңкі, 
тал, терек және қарағаш секілді жапырақты ағаштарды 
бүлдіреді. Олар жұмыртқаларын салу үшін ұя жасайды. 
Ересек азиялық қоңыздардың ақ дақты жарқыраған 
қара денелері болады. Олардың 
ақ және қара жолақты ұзын 
мұртшалары бар. Көптеген 
елдерде азиялық қоңыздар 
зиянкестер деп сана-
лады.
Қоңыздар
Қоңыздар – әлемдегі ең кең тараған 
жәндіктер. Қоңыздардың шамамен 
350 000 түрі белгілі, яғни олар барлық 
жәндіктердің 40%-ын құрайды. 
Қоңыздар шамамен 230 миллион 
жыл бұрын пайда болған. Негізінде, 
олар Жерде пайда болған ең 
алғашқы жәндіктер қатарына 
жатады.
Қызыл қоңыз
Қызыл қоңыздар немесе «хан қызы» қоңыздары – ең оңай 
танылатын қоңыздар. Олар – күмбез пішінді денелері 
және қысқа аяқтары бар ұсақ домалақ жәндіктер. 
Олардың бірнеше дағы бар ашық түсті қанаттары болады. 
Олар тойымсыз қоректенгіштер деп саналады. Әдетте, 
олар өсімдік шіркейлерімен, құрттармен, ұн құрттарымен 
және кенелермен қоректенеді. Олар күніне жүздеген 
өсімдік шіркейлерін жей алады. Қызыл қоңыздардың 
5000-нан астам түрі белгілі. Олар ауыл шаруашылығына 
зиянды жәндіктермен қоректенетін болғандықтан, көбі 
фермерлер үшін пайдалы болып саналады.
Қызыл қоңыз 
Сыртқы келбеті
Қоңыздардың пішіні кішкентай және 
орташа болады. Олардың ұзындықтары 
3 см-ден 18 см-ге дейін болады. Барлық 
қоңыздардың қатты сыртқы жабындары 
денелерінің жұмсақ бөлігін қорғап 
тұрады. Алайда кейбір қоңыздардың 
денесі жұмсақ иілгіш болып келеді. 
Көптеген қоңыздардың түсі қара немесе 
қоңыр болады, ал кейбіреулерінің сыртқы 
қабықтары ашық түсті болып, дақтары 
мен жолақтары болады.
Бізтұмсық қоңыздар 
Бізтұмсықтар немесе тұмсықты 
қоңыздар – өсімдік зиянкестері. 
Сонымен қатар, олар күрішті, бұршақтар 
мен астық дақылдарын құртады. 
Бізтұмсықтар тұқымдасының 
60 000-нан астам түрі белгілі және  
жәндіктер әлеміндегі ең үлкен 
тұқымдастарға жатады.
138

Скарабей қоңызы
Скарабей қоңыздары немесе қи қоңыздары 
қимен қоректенеді. Қи қоңыздарының кейбір 
түрлері саңырауқұлақтармен, шіріп жатқан 
жапырақтармен, жемістермен және ағаштармен 
қоректенеді. Қи қоңыздарының үш түрі бар, олар – 
қиды шар тәрізді домалатқыштар, туннель 
қазғыштар және қида мекендегіштер. Қи қоңыздары 
Антарктидадан басқа барлық жерден табылады. 
Ежелгі мысырлықтар бұл қоңызды киелі және 
сәттілік әкелетін қоңыз деп санаған. Олар мөрлерді, 
өрнектерді және басқа заттарды қоңыз пішінінде 
жасаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет