Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау Кіріспе


Компьютерлік оқыту жүйесінің маңызы



бет3/24
Дата15.12.2022
өлшемі2,62 Mb.
#57573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
dip -zhanuartanu-panine-multimedijalyq-animacija-processin-zhasau-jasavi-2010-63

1.2 Компьютерлік оқыту жүйесінің маңызы

Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде есептегіш техникаларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс моделін не үрдісін дұрыс құра білу керек.


Есептеуіш техникаларды пайдалану оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын арттырып, ерекше танымдық қызығуын тудыратыны сөзсіз. Ал бірінші тоқсанның соңына қарай олардың бастапқы талпынысы төмендейді, ЭЕМ құралынсыз сабақ қызықсыз көрінетін болады. Сабақта ЭЕМ техникасын пайдалану оқушылардың күшті не әлсіз даму деңгейін талғамайды, өйткені, ол бәрін бірдей дамытуға бейім және оған мүмкіндік жағдайы да тең [3].
Электронды есептегіш машиналарды оқу үрдісіне енгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Себебі, ЭЕМ-мен жұмыс жасау оқушының даярлық деңгейін аса талап ете бермейді. Ал электронды машинаны толық меңгерген соң оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі, әсіресе ойын элементтерін орындағанда. Ойын оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Өйткені, ойын тапсырмаларында мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.
Есептегіш машинаны оқып үйренуші қандай режимде жұмыс істесін оның іс-әрекеті мұғалімнің бақылауында болуы тиіс. Олай деуіміз негіз, бүкіл сыныптың қабылдау қабілеттеріне байланысты, оқушының оны игеріп кетуінде мұғалімнің ролі үлкен. Ал оқу үрдісіне, жалпы сабақ түрлерін, кері байланыс көрсеткіштеріне байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін, т.б. ауыстырып отыруы тиіс. Сондай-ақ қажет болған жағдайда оқушының назарын экран мен пернетақтадан басқа жаққа аудара білуі де үлкен маңызға ие [3].
Электрондық окулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық окулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электроңдық практикум" берілген оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып — үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар кәзіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагокикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді. Жұмысымыздың басты мақсаты - оқушыға және студентке тереңде тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр муғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар ,оны оқушыға студентке меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білүі тиіс. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: студенттердің пәнге қызығушылығының артуы,оқу процесі қарқынының жоғарылауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен, студентпен жұмыс жасауға, әр қайсысына әр турлі тапсырмалар беріп, барлық студент білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады,кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергені немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып көмек көрсете алады. Әр студент,өзі еңбек етеді,кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағыдан селқос көшіріп отырмай,есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану студентті шапшаңдыққа,тапқырлыққа үйретеді. Студент пен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар студенттің психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз [6].
Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында басталған компьютерлік программалар көмегімен оқыту ойдағыдай нәтиже бере алмады, өйткені программалық құралдар сапасы төмен болады да, олар бұрында қолданып келе жатқан технологиялардан асқан нәтиже бере алмайды. Оған себеп, сол кездерде компьютерлер көптеген мектептерде болған жоқ. Сондықтан балалар да, мұғалімдер де компьютерлерді тұрақты оқу құралы деп санамады. Кейбір зерттеушілер тіпті сол компьютерді оқу процесіне қолдану қажеттілігіне үлкен күмәнмен қарады.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдерін атап өтейік:

  • Оқыту мақсатын анықтау;

  • Өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектісін талдап алу және оның тиісті құрылымын жасау;

  • Оқыту тәсілін таңдау

  • Сабақты жобалау, яғни оның сценарийін құрастыру;

  • Сабақты жүргізудің программасын (программалау тілінде) жасау;

  • Пән мұғаліміне арналған әдістемелік құрал жасау;

  • Педагогикалық эксперимент;

  • Оқу процесіне компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу;

Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады. Педагогикада оқыту мақсаттарының үш түрі болатыны белгілі, олар: білім беру, дамыту және тәрбиелеу [9]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет