Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау Кіріспе


Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы



бет8/24
Дата15.12.2022
өлшемі2,62 Mb.
#57573
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
2.2 Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы
Windows терезесi арќылы Delphi-дi iске ќосу командасы:
Iске ќосу - Программалар - Borland Delphi 7 Delphi 7
Экранда Delphi ортасының үш терезесi көрiнедi (1-су­рет).
1

3 2
1 сурет - Delphi ортасы
1 - Delphi 7-нің негізгі терезесі.
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).
Жалпы, ортада программа ќұруға арналған төртiншi, мо­дуль тере­зесi де iске ќосылады (Unit1.pas).



2 сурет - Delphi-дiң негiзгi терезесi


Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң ќұрамына негiзгi мәзiр, аспаптар па­нелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (2-сурет). Негiзгi мәзiр пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Del­phi­-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын түй­мелер орналастырылған [20].
Стандартты түймелер:



  • New (Жаңа);




  • Open (Ашу);




  • Save (Саќтау);




  • Open Project (Проектiнi ашу);




  • View Form (Форманы көрсету);




  • Run (Iске ќосу);




  • Pause (үзiлiс);




  • Add file to Project (Проектiге файл ќосу), т.б.

Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, програм­ма­ның сұхбаттыќ терезесi. Delphi алғашќы рет iске ќосылған кезде форма Form1 атауымен (таќырыбымен) көрiнедi (1-сурет). Оның жиектерiне тышќан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жаќты нұсќама түрiне айналған кезде жылжыту және ќалдыру тәсiлi бойынша форманы кеңейту не ќысу ќиын емес [14].


Ќұрылатын программада пайдалану үшiн формада түрлi компоненттер (форма компоненттерi) орнатылады. Негiзгi компоненттердiң кейбiрi Access берiлгендер ќоры жүйесiнде пайдаланылатын элементтер панелiне енгiзiлген түймелер сияќты. Олар Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрiнбеуi мүмкiн. Оны экранға шығару үшiн View-Forms командасын беру жеткiлiктi.
Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi ќосым­шаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – ќалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, ќысќартылып алынған түрi. Ол тек маман программалаушылар емес, барлыќ Delphi- мен жұмыс iстеушiлерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.
Delphi-дi Паскаль программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп ќиындыќ келтiрмейдi. Бiраќ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оќиға, ќасиет түсiнiк­терiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайда­лану және түрлi командалардың жазылу түр­лерiн бiлу ќажет.
Процедуралыќ программалау тiлдерiнде программаның жұ­мысы операторларды ретiмен орындау бойынша, ал, логи­ка­лыќ программалау тiлдерiнде ол ќатаң логикалыќ ереже­лерге сәйкес өзгертулер енгiзу ретiнде ќарастырылған бола­тын. Объектiге бағдар­лы оќиғалыќ программалау тiлiнде про­грамманың жұ­­мы­сы негiзiнен оќиғалар тiзбегiнен және түрлi объектiлердiң осы оќиғаларға жауа­бы­нан тұрады. Олардың визуальды түр­лерi - Visual Basic тiлi QBasic программалау тiлi негiзiнде, Delphi (Дельфи) Объек­тiлi Паскаль (Object Pascal) тiлi негiзiнде Windows опе­рация­лыќ жүйесiн басшылыќќа алып ќұрылған (visual – көзбен көру, экрандыќ). Олар, әсiресе, Delphi программалау тiлi – кез кел­­­ген ќосымшаны дайын­дауға болатын жылдамдығы тез, ќуатты тiл [22].
Форманың және формаға енгiзiлетiн компоненттердiң (компоненттер жөнiнде келесi таќырыптарды ќараңыз) түрлi ќасиеттерi бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Ќасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерек­ше түрi. Олар объектiнiң түрлi мүмкiн­дiктерiн сипаттап, ағым­дыќ күйiн аныќтайды. Мысалы, форма ќасиеттерiнiң мәндерi - форма таќырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске ќосылған кезде форма ќасиеттерiне алғашќы сєйкес мәндер мен­шiк­телiп ќойылады.
Форманы не онда орнатылған компоненттi программа ќұру үшiн дайындау оның кейбiр ќасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден бас­талады. Ќасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн сєйкес объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) бiр шерту арќылы таңдау керек. Инс­пектор терезесiнiң жоғарғы ќатарына таңдалған объект атауы да жазылып ќойылады. Мысалы, Delphi iске ќосылған кезде форманың ашылған ќасиеттер терезесi 1-суретте көр­сетiлген. Терезенiң екi ќосымша бетi бар: Properties (Ќа­сиеттер) және Events (Оќиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – ќа­сиет атаулары, екiншi бағанға сєйкес жазылғандар – олар­дың мәндерi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет