Жапбаров Амангелді Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми


Оқыту үдерісінде оқушылардың орфографиялық икемділік



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата08.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#1463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1.2. Оқыту үдерісінде оқушылардың орфографиялық икемділік
пен  дағдысының мазмұны мен мақсаты 
Ғылым     атаулының   қай-қайсысының   да   өзіне   тән     дүниеге     келу,
қалыптасу,   даму   жолдары   болады   [16,3].   Қазақ   тіл   білімі   де   осындай
жолдардан   өтіп,   өзінің   тарихи   қалыптасу   дәуірін   басынан   кешірді.   Ал
орфография   тіл   білімінің   негізінде   қалыптасады.  Сондықтан   қазақ   тіл
біліміндегі   графика   мен   орфографияның   даму   тарихын   қысқаша
қарастырайық.
Қазақ   халқы   басқа   да   түркі   халықтары   сияқты   ислам   дінінің
тарауымен бірге келіп енген араб жазуын ертеректен бастап-ақ қолданған.
Бірақ грамматикалық құрылысы жағынан да, дыбыстық жүйесі жағынан да
түркі тілдерінен мейлінше басқа болып келетін араб тілі графикасы қазақ
тілінің   дыбыстарын   таңбалауға   сай   келмейтін.   Соны   байқаған   орыс
түркологтары   болсын,   қазақтан   шыққан   тұңғыш   педагог   Ы.Алтынсарин
болсын - барлығы да қазақтар үшін араб жазуының қолайсыз екенін өткен
ғасырдың екінші  жартысында-ақ айтқан болатын.
Біржолата   өзгертуді   көздемегенмен   араб   жазуындағы
үйлесімсіздіктерді   жамап-жасқау   арқылы   емлелік   кемшіліктерді   жоюға
арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты» мен «Айқап» журналы беттерінде
де   көтерілді.   «Айқап»   журналы   арнайы   айтыс   та   ұйымдастырды.   1914
жылы   араб   жазуын   қазақ   тілінің   емлесін   сәйкестендіру   жолдарын
баяндаған   оқу   құралы   да   жазылды.   Бірақ   жазу   нормасы,   емле   жүйесіз
күйінде қалды. Өйткені бұл графикадағы көптеген таңбалар сөз басында
бір   түрлі,   сөз   ортасында   екінші   түрлі,   сөз   аяғында   үшінші   түрлі
таңбаланып жүрді.
Араб жазуын тастап, латын графикасына негізделген алфавитті алу
ең алғаш Азербайжанда көтерілді. 1922 жылы Бакуде жаңа түркі алфавиті
комитеті   құрылды.   1924   жылы   Азербайжан   Орталық   Атқару   Комитеті
латын алфавитін міндетті мемлекеттік алфавит деп жариялады. 1926 жылы
Бакуде   Бүкілодақтық   түркологиялық  I  съезд   өткізілді.   Бұл   съезд   өзінің
12

қаулысында   түркі   тілдес   халықтарға   араб   жазуын   тастап,   латын
графикасына негізделген жаңа әліппені қабылдауды міндеттеді.
Жаңа   әліппеге   көшу   жұмысы  Қазақстанда   едәуір   баяу   дамыды.
Латын   алфавитіне   негізделген   жазуды   қабылдау   мәселесі   1924   жылы
болған қазақ білімпаздарының съезінде көтерілгенімен, Қазақстан Орталық
Атқару Комитетінің  «Қазақ  жаңа емлесі  туралы  декреті» 1929 жылы 25
шілдеде   жарияланды.   Бұл     қабылданған   емле   ережелерінде   көптеген
олқылықтар болды. Олар:
1.   Емленің   негізгі   ұстанымы   фонетикалық   деп   есептеліп   сөз   қалай
айтылса, солай жазылатын болды.
2.   Қысаң   дауысты   у,   и   дыбыстары   жуан   айтылғанда   үу,     болып
қосарлы таңбамен таңбаланатын болды.
3.   Сөздің   екінші,   үшінші   буындарында   еріндік   -   о,   ө,   ү,   ұ   дыбыс
таңбалары   естілгенмен   оларды   жазбай,   езулік   дауыстылар   таңбалары
жазылатын болсын делінді (пұрылтариат, көмәнес).
4. Сөз соңында о,ө әріптері жазылмайды (динамы, келі, бұйра).
5. Сөз ішінде екі дауысты қатар жазылмауы (зоология, тыйатыр).
6. Сөз  ішінде  қатаң  дыбыстар  мен ұяң  дыбыстар  таңбасы  қатар
жазылмай, ұяң дыбыс қатаңға айналады (аптанамия, Бекпалат).
7. Бір-бірімен ма, па, да, ді сияқты дәнекерлер арқылы жалғасатын қос
сөздерде сызықша бұл дәнекерлерден бұрын қойылды (қол-ма қол, қол, өз-
ді өзі, кім-де кім т.б.) [17,35].
Жаңа   әліппені   қабылдау   кезінде   жіберілген   шалағайлықтарды
Қ.Жұбанов   «О   проекте   казахского   алфавита»,   «К   проекту   реформы
казахского алфавита» дейтін жобаларында   қатал   сынады [18].   Баспасөз
беттерінде,   түрлі   кеңестерде  айтылып келген пікірлерді жинақтай келе,
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі 1938
жылдың   2-қаңтарында   «Қазақ   тілінің   әліппесі   мен   емлесіне   кейбір
өзгерістер енгізу туралы» деген қаулысында бұл кемшіліктерді жою үшін
мынадай түзетулер енгізуді ұйғарды. Олар:
1. Жазуда морфологиялық ұстанымы (принцип) басшылыққа алынды.
Бұл   ұстаным   біріккен   сөздерде   де,   басқа   тілден   (орыс   тілінен)   енген
сөздерде   де   қолданылсын.   Сондай-ақ,   о,   ө,   ү,   ұ,   б,   д,   г   таңбаларының
алғашқы қабылданған емлелері өзгертіліп, олар қазіргі емлеміздегі жазуға
келтірілді. Қосарлы йу, үу, ұу таңбалары орнына бір ғана у, -ый, -ій, -й
орнына   тек   і   алынды.   Тыңнан   х,ф,   в   таңбалары   енгізілді.   Сөйтіп
дауыстылар саны 11-ге (а-ә, ы-і, ү-ұ, е-ө, и, у), дауыссыздар саны 21-ге
жеткізілді.     Бұл   өзгертудегі   емле   ережелері   толықтай   дерлік   орыс
графикасына негізделген жазуда да қолданылды. 
Қанша жөнделді дегенмен, сөз емлесін жазуда  орыс тілінен және
орыс тілі арқылы енген сөздерді жазуда әлі де болса кемшіліктер кездесіп
жүр. 
Қазақ   ССР   Жоғарғы   Советінің   бесінші   сессиясы     1940   жылдың   10
«Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде  жасалған
жаңа   алфавитке   көшіру   туралы   заң»   қабылдады.   Бұл   заңда   әліппе   41
13

әріптен     құралып,   оның   32-сі   орыс   тіліндегі   қалпында   алынып,   қазақ
тілінің өзіне тән 9 әрпі олардың соңынан қосылатын болсын делінді [19].
Сонымен бірге емлелік ереже бекітілді.
Енді   оқушыларды   сауатты   жазуға   жаттықтыра   үйрету   мәселесі
көтерілді. Мәселен, А.Байтұрсынов «тіл адамның барлық белгісінің зоры,
жұмсайтын   қаруының   бірі.   Осы   дүниедегі   адамдар   тілінен   айырылып
сөйлеуден   қалса   қандай   қиындық   күйге   түсер   еді.   Осы   күнгі   адамдар
жазудан айырылып жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күй де тілінен
айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазу
мен   сөйлесу   ауамен   сөйлесуден   артық   дәрежеге   жеткен   заман.   Алыстан
ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің   бір шетіндегі адам екінші
шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса,
жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін,
қисынын   келтіріп   жаза   білуге   қай   сөз   қандай       орында   қалай   өзгеріп,
қалайша   біріне-бірі   қиындасып,   жалғасын,   дағдысын   білу   керек.   Әр
халықтың дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады», -деді [20]. Сонымен
бірге ол: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі
дұрыс   шешілмей   болмайды.     Болмайтын   себебі:   өркендеп   алға   барған
тілдің түрлі тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтасады да
отырады   сол     арқылы   ойды   дұрыс     жеткізуге   болады”   деген   пікір
білдірді[20,335].
Жазу   белгілі   бір   орфографиялық     қағидаларға   негізделеді.
Орфография   (грек  orthos-дұрыс,  gropho-жазамын)   сөзді   бірізді   жазудың
тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография - әдеби тілдің «киімі» ғана емес,
ол,   алдымен,   сауатты       жазудың,       ана       тілдің       мәдени       меңгерудің
маңызды     құралы екендігі айқындалды. Ендігі мәселе жазу нормаларын
белгілеу қарастырыла бастады  [21].
Б.Қалиұлы: «Жазуымыздағы ала-құлалықтың 3 түрлі себебі бар: оның
біріншісі   -   тілімізге   араб-парсы   және   орыс   тілі   сөздерінің   көптеп   енуі.
Екіншісі - орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа да Еуропа тілдерінен
келген   сөздерді   өзгертпей   жазғызу   үшін,   12   орыс   әрпінің   (дыбысының)
қазақ тіліне зорлап ендірілуі. Үшіншісі - кірме сөздерде үндестік заңының
сақталынбауы.   Яғни   жазудағы   ала-құлалықтың   басты   себебі-тіліміздегі
үндестік заңының бұзылуы. Үндестік заңы - ұлы заң. Өзін қазақпын деп
есептейтін   әрбір     адамның   бұл   заңды   бұзуына   құқылары   жоқ.   Өйткені
қазақ   тілін   тіл   етіп   отырған   -   осы   заң»   -   дей   келе,   морфологиялық
ұстанымды   да   қазақ   тілі   орфографиясының   негізгі   ұстанымдары   деп,
есептейді.   «Біріккен   сөздерді   біріктіріп   жазайық,   ондағы   дыбыстық
өзгерістерді   ескерейік,   елейік   дегенді   айтқанда,   біз   тіл   деп   аталатын
құдіретті күштің сол ерекшелігімен санассақ дейміз. Оның өзіндік даму
заңын тізгіндемесек, тежемесек дейміз», - деп ой тұжырымдайды [22,11].
Ал   тарихи-дәстүрлік   ұстаным   тілдің   ерте   кездегі   жазу   дағдысына
негізделеді   де,   сөздің   ертеректегі   айтылуы   мен   жазылуын   өзгертпей
сақтауды   көздейді.   Бұған   көбіне   орыс   тілінен   енген   сөздердің   орысша
тұлғасын   сақтап   жазылуын   бірқатар   араб,   парсы   сөздерінің   х,   һ
14

әріптерімен жазылуын (халық, хат, хабар, Хамит, жиһаз) жатқызып жүрміз
дей келіп, Р.Сыздықова: бұл ұстанымды «тарихи» деп атау шартты. Қазіргі
емлеміздің   тарихы   жарты   ғасырдан   асар-аспас   болған   соң,   жазуда
сіңірленген тарихы бар сәттер  жоқ деуге болады,- дейді [21,90].
Қазақ   тілі   білім-тұлғасы   жағынан   өзге   де   түркі   тілдері   тәрізді
жалғамалы   тілдердің   қатарына   жатады.   Сондықтан   да   әртүрлі   лексика-
грамматикалық   амалдардың   барлығы   дерлік   сөз   тудырушы,   сөз
түрлендіруші   қосымшалар,   сөздердің   тіркесуі   мен   бірігуі   арқылы
жасалады.   Сөздің   түрлі   қосымшалармен   түрлену   барысында   түбір   мен
қосымшаның жігінде, ырғақты сөз топтары компоненттерінің аралығында
әртүрлі   дыбыстық   құбылыстар   (ассимиляция,   аккомодация,   абсорбция,
лобиалды   аттракция,палаталды   аттракция,   диссимиляция,   метатеза,
диэреза, дедукция, т.б.) пайда болады. Әсіресе, түбірдің қосымшалардағы
дыбысқа, керісінше қосымшалардағы дыбыстардың түбірге тигізер әсер-
ықпалы   ерекше   болады.   Алайда   жазу   тәжірибесінде   дыбыстық
құбылыстардың бәрі бірдей ескеріле бермейді.
“Тілдік жүйеге, оның дыбыстық құрылым жүйесіне орфографияның
сәйкес болуы қажет. Сонда ғана тілдің жазбаша және ауызша түрлері бір-
біріне   кереғар   болмайды.   Алайда,   мұндай   талап   тілдің   жазбаша   және
ауызша түрінің айырмасын мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз
емес.   Жазба   тіл   ауызша   тілдің   хатқа   түскен   жай   ғана   көшірмесі   емес.
Ауызша   сөйлеу   интонация,   сөздердің   ерекше   мәнерімен   айтылуы,   ой
екпіні,   эмфазалық   құбылыс   т.б.   толып   жатқан   дыбыс   заңдылықтары
болады” [23,20].
Тілдік   қарым-қатынасқа   түскенде   тіл   бірліктері   сөз   ағымында
белгілі бір орфографиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа айтылып,
бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал
осындай   жүйені   елемей,   тілдік   дыбыстарды   әріптер   түрінде   нақпа-нақ
айтсақ, сөздің дыбысталудағы тұтастығы, үндесімі мен үйлесімі бұзылмақ.
Сөйлеуде   дыбыстарының   бір-біріне   әсер   етіп,   ықпалын   тигізіп   ұласа
айтылуы-мәнді фонетикалық құбылыс. Ал бұл құбылыстар жазуда белгілі
емлелік ережелер негізінде басшылыққа алынады.
Қазақ тілінің қалпын сақтап, үндестік заңы бойынша жазуды ғалым
профессор  Ә.Жүнісбеков  [24] пен  С.Мырзабеков  те  қоштайды   [25].   Бұл
пікірлердің   тіл   дамуы   барысында   тұрақталып,   фонетикалық   ұстаным   да
басшылыққа алынды. 
Ал күрделі   сөздерді   бірге   жазуда   белгілі   ғалым   К.М.Мусаев
мынадай  ұстанымдарды атап көрсетеді [26, 36-38] .
1.Фонетикалық ұстаным. Бұл ұстаным бойынша күрделі сөздің бір
компоненті   фонетикалық   өзгеріске   түссе,   онда   сөз   бірге   жазылады.
Мысалы, бүгін - бұл+күн, белбеу - белдің бауы, т.б. 
2.Мағыналық     ұстаным.   Бұл   ұстаным   бойынша   сөздер   бірігіп
жазылады:
1)     Бір   компоненті   дербес   мағынасынан   айрылған   күрделі   сөздер.
Мысалы: ақсақал-үлкен адам, қария.
15

2)     Антропонимдердің   компоненттері   бірігіп   жазылады.   Мысалы,
Аллаберген.
3)  Аң, жәндік  атаулары бірігіп жазылады. Мысалы, тасбақа. 
4) Топонимдер бірігіп жазылады. Мысалы, Ақтөбе, Талдықорған. 
5) Күрделі    қысқарған    сөздер    біріктіріліп    жазылады. Мысалы:
пединститут т.б.
3.Ұғымдық мағыналық ұстаным. Бұл ұстаным бойынша бір ұғымды
білдіретін күрделі сөздер бірге жазылады. Мысалы: баспасөз,  шікізат т.б 
Алфавит пен орфография ережелерінің бірізге түсуіне А.Ысқақов,
М.Балақаев,   Ә.Ермеков,   С.Қирабаев,   Т.Жанұзақов   т.б.   ғалымдар   ат
салысып,   газет   беттеріне   мақалалар   жариялады.   Мәселен,   орфография
дегеніміз   -   әдеби   тілдегі   сөздерді   оның   грамматикалық   формаларын
бірыңғай   жазу   жөніндегі   ережелердің   жинағы   -   дей   келіп,   А.Ысқақов
негізінен жобадағы  күрделі сөздердің жазылу ережесін қостады [27,3].
«Қазақстан   мұғалімі»   газетінде   «Орфографияның   бірер   ережелері
туралы» деген мақаласында профессор М.Балақаев: «Орфография жалпыға
ортақ,   оның   ережелері   бірізге   түсіп,   әбден   қалыптаспайынша,
жалпыхалықтық   тіл   нормасын   жасау,   әдебиет   тілінің   еркін   дамып,
қалыптаса   беру   процесін   тездету,  жалпыға   ортақ   орфографиялық   норма
жасау, мектептерде тіл сабағын оқытуды дұрыс жолға қою мүмкін емес», -
деп тұжырымдады [28].
Ә.Ермеков     «Екі   мәселе»   деген   мақаласында   тұтас   бірігіп   бір
мағына берсе, біріктіріп жазуды қолдайтын мынадай мысалдар келтіреді:
ойөріс, дүниетану, арасалмақ, ауылшаруашылық, теміржолшы т.б. [29,3].
Осы   пікірді   жалғастыра   отырып,   Қ.Шәукенов:   күрделі   есім   сөздер
анықтауыштық   қызмет   атқармай,   нәрсенің   не   адамның   орнына   жүріп
тұрса, оларды  біріктіріп (сарымай, теміржолшы) жазуды құптайды [30].
Емле
 
ережелерінің
 
бірізге
 
түсіп
 
қалыптасуында
«Анықтағыштардың»   да   маңызы   зор.   Мәселен,  Р.Сыздықованың   2000
жылы шыққан «Қазақ тілінің анықтағышында» сөздердің бірге және бөлек
жазылу   ережелері   жайында:   Ғылым   мен   техника   салаларында   терминге
арналған күрделі атаулар; екі түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-
құмырсқа, өсімдік атаулары; шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт
сияқты   салаларға   қатысты   зат,   құрал-жабдық,   әр   алуан   атаулары   мен
мамандық,   кәсіп,  қызмет  иелерінің  аттары;  екінші  сыңары   аралық,  тану
сияқты сөздер және алғашқы сыңары авия, авто, изо, ультра тәрізді сөздер
болып келген  күрделі  тұлғалар  біріктіріліп жазылады»  -   деп,  нақтылай
түседі [31, 53].
Сауатылықтың   негізі   мектептен   қалыптасатындықтан   емлені
оқытуға   ғалымдар   ертеден-ақ   көңіл   бөліп   келеді.   Оған   Ш.Сарыбаевтың,
Ж.Шакеновтың   еңбектерінің   кейбір     әдістемелік   нұсқаулар   мен   ғылыми
мақалаларды атауға болады. Морфологиялық ұстаным біріккен сөздердің,
қос сөздердің, қысқартылған сөздердің   және күрделі емлесін белгілейді,-
дей   келіп,   орфографияны   үйрету   әдісін   меңгеру   үшін,   алдымен,   оны
әдістемелік жақтан топтастырып алуды ұсынады. Атап айтқанда:
16

1. Түсіндіру емлесі. Мұғалім жазылуы қиын сөздерді жазып көрсете
отырып түсіндіреді. Түсіндіру емлесінде оқушылар көру сезімін де, есту
қабілетін де қарастырады.
2. Көздік емле. Мұғалім жазылуы қиын сөздерді күн ілгері жазып
қояды, оқушылар оқып көзі қанған соң мәтін тасаланады, оқушылар  оған
қарамай жазады.
 3. Жат   жазу.    Орфографиялық   жағынан   талқыланған   сөзді
оқушылар өз беттерімен жазады.
4.   Аралас жазу. Онда әрі емлелік, әрі шығармашылық қасиет бар.
Сондықтан оны аралас жазу дейді. Яғни орфографияға қатысы бар әңгіме
жатқа жазылады.
5.   Әдейі     қате     жазылған     сөзді мұғалім оқушыға беріп, оны
түзеттіреді.
6. Орфографиялық сөздікті пайдалану. Мұғалім жазылуы қиын сөзді
тақтаға жазып, оқушыларға сөздіктен іздетеді [32, 5].
К.Аханов,   Б.Кәтенбаева,   Т.Әбдіғалиевалардың   әдістемелік
нұсқауында:   «Күрделі   сөздердің   бір   түрі   -   біріккен   сөздер.   Мұғалім
біріккен   сөздердің   әрі   мағыналық,     әрі   тұлғалық     жақтарына   тереңірек
үңіле   қарап,   оқушыларға  ешбір дауы жоқ екі ұғым тудырмайтын нақты
мысалдар   ұсынып,   оларды   оқулықта   берілген   теориялық   түсінік
төңірегінде түсіндіру керек дей келіп, біріккен сөздер мен тіркес сөздердің
құрамын   ажыратудың   тиімді   жолы   ретінде   салыстыру   әдісін   ұсынады.
Мысалы, ақсақал, итмұрын т.б. деген сөздерді бірге жазып, әрқайсысының
мағыналарын   ажыратуға   олардың   синонимдерін   жарыстыра   айтып
түсіндіру керек»,- дейді [33, 19].  
И.Ұйықбаев   мақаласында   бірге   және   бөлек   жазылатын   сөздерді
салыстырып   көрсету   (қосаяқ-қос   аяқ),   біріккен   сөзді   мәтіннен   теріп
жаздыру   әдісін,   біріккен   сөздерге   сөйлемдер   ойлап   тапқызып,   біріккен
сөздің сыңары болатын сөзді іріктеп алып  олардан  біріккен сөздер жасату,
т.т. әдістер оқушылардың ой-өрісін дамытуға жәрдемдеседі, емлесін біледі,
біріккен   сөздерді   басқа   сөздерден   ажырата   білуге   қалыптасады   деп
түйіндейді [34]. 
Ғ.Мұсабаев   «Біріктіріп   жазылатын   сөздер»   деген   мақаласында:
сөздің   біріктіріп   жазылатынын   анықтау   үшін   5   түрлі   ғылыми   өлшем
бірлігін қояды:
1) Екі түбірден құралған сөздер алғашқы мағыналарын қашықтап,
жаңа бір мағына берсе;
2)   Екі сөз үнемі қатар айтылу салдарынан  бір  ұғымның    атауына
айналғанда, екі компоненттің бірі я екеуі де жекелеп алғанда ешбір мәнге
ие бола алмаса, мұндай сөздер бірігіп жазылады: алаңғасар т.б.
3) Сөздің дыбыстық деформацияға ұшырауы: белбау-бел буар «б»
түсіп қалған, тыржалаңаш - тырдай жалаңаш.
4)   Екі сөзден бірігіп, белгілі бір аңның, жәндіктің, өсімдіктің аты
болып,         халық         тәжірибесінде         қалыптасып         қалған         сөздер
(қарағаш, қарақұйрық).
17

5)   Бірге   жазылып   қалыптасып   кеткен   сөздер   дәстүрлі   принцип
бойынша бірге жазылады: денсаулық, өзара т.б [35, 50].
Жаңа   «Қазақ   тілінің   орфографиялық   сөздігінде»   (2005)   емле
тұрақталды. Сондай-ақ, сауатты жазу үшін мынадай қорытынды беріледі:
1. Емле сөздігіміздің алдыңғы басылымдарында орыс тілі арқылы
енген   сөздер,   әсіресе   интернационалдық   деп   танылатын   терминдер
мейлінше көп берілген болатын, мұндағы   мақсат қазақ тілінде жазылған
әр алуан әдебиетте жиі не сирек болса да, әйтеуір кездеседі деген сөздердің
дұрыс   жазылуын   білу   үшін   орыс   тілінің   орфографиялық   сөздігіне   қоса
үңіліп   отыру   әрекетінен   құтқару   еді   делініп,   мынадай   жағдайларды
қалдырған. Авто, авиа, агро, интер сияқты сөздермен келген тұлғалардан
қазақ   сөздерімен   келетіндері   сөздікте   қалдырылды   және   авиаспорт,
авиаконструктор,   автопортрет,   автореферат,   интернационалдық     сияқты
бөгде тілдік сөздермен келгендері де берілген.
2.Орыс   тілінен   келген   сөздердің   күнделікті   өмірде:   оқу-ағартуда,
әлеуметтік-саяси   іс-әрекеттерде,   өндірісте   және   бұқаралық   ақпарат
құралдары   газет,     журнал   беттерінде,   радио   мен   теледидарда   жиі
қолданылатындары қалдырылды, сондай-ақ, қазақ тілінің қосымшаларын
жалғап   жазуда   қиындық   келтіретін   кірме   сөздер   (олардың   жиі   не   сирек
қолданылатындары   қалдырылды,   сондай-ақ   қазақ   тілінің   қосымшаларын
жалғап жазуда қиындық келтіретін кірме сөздер (олардың жиі, не сирек
қолданылатынына   қарамастан)   емле   сөздігінің   бұл   басылымында
қалдырылып,   олардың   қазақ   тілі   қосымшаларымен   келгендегі   жазылу
үлгісі   көрсетілді:   прототип,   прототипке;   раунд,   раундысы;   бандеролъ,
бандеролъға,   бандеролі,   букинист,   букиниске,   букинисі,   букинистер;
пленум, пленумға, пленумы; полюс, полюске, полюсі; этюд, этюдке, этюді;
экономист, экономистке, экономисі, экономистер т.б.
3. Бұл басылымның сөзтізбесіне көптеген жаңа сөздер қосылған. 
а)   бұрын қолданылып келген кірме сөздердің қазақша баламалары:
әдістеме, әуежай, бағдарлама, бейнетаспа, дәйексөз, зейнетақы, зейнеткер,
ұшақ, күнпарақ, қазанама, медбике т.б.
ә)   жаңа   ұғымдарды   атайтын   жаңа   сөздер,   олардың   дені   туынды
тұлғалар   болып   келеді:   оқылым,   ауысым,   өтінім,   егемендік,   жаңайқай,
оралман, тұсаукесер т.б.
б)   белгілі бір терминдердің бағалауыш мәнді стильдік сыңарлары
да сөздіктен орын алды: президент - Елбасы, гимн - әнұран, қала әкімі -
қалабасы, Астана - Елорда.
4. Елеулі өзгерістің бірі - аң-құс, өсімдіктердің күрделі атауларының
жазылуына   байланысты.   Бұрын   ұсынып   келген   жазу   тәртібі   бойынша
бірінші сыңары ақ, қара, ала түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік,  жан-
жануарлар   атаулары   тіркес   ретінде   бөлек   жазылатын.   Сол   сияқты
алдыңғысы   тay,   тac,   cy,  жер   деген   сөздер,   соңғысы   ботаникалық,
зоологиялық атаулар болып  келген  күрделі  сөздер  де  бөлек  жазылатын.
Бұлардың  барлығы, шындығында, күрделі бір атау болып табылады, яғни
бір   ғана   аң-құс,   жәндік,   өсімдік   атын   білдіреді,   тіпті   екінші   сыңары
18

біркелкі болып келгенде де алдыңғы компонент олардың түсін,   қасиетін,
тегін айырып көрсететін анықтауыш сөзден гөрі, соңғы   атаумен бірігіп
барып, бір ғана аңның, құстың,   өсімдіктің,  жәндіктің атын білдіретіндігі
ескерілді. Сондықтан бұл аталған топтар  біріккен  сөз  ретінде  қосылып
жазылды   (бұрынғы   сөздікте ұяда, мысалы,   ақ,     қара деген   сөздердің
ұясында тіркеліп   берілген   болатын): ақжалбыз,     ақбаттауық,     ақбидай,
ақжүзген, ақсусар, ақтиін, ақшағала, ақши, қарабидай, қарақұр, қараләйлек,
қаратұнжыр т.б. 
5.     Бірсыпыра   сөздер   жаңадан   қосылды.   Олардың   бірқатары
тұржинақ (ассортимент),       ақуыз       (белок),       дәкетаңғыш       (бинт),
мойынтақ (галстук), әлеует (потенциал) сияқты жаңа ұғым атаулары болса,
енді бірі әдеби қатары жоққа тән, бірақ нормаға ену әлеуеті бар жатыскүн,
(демалыс күн),  майшолпы (кепсер) сияқты жергілікті сөздер болып келеді
(олар жерг.-жергілікті деп көрсетілді).
Сондай-ақ,   жазылуы   қиындық   тудыратын   кейбір   ауызекі,   сөйлеу
тілінің   элементтері   де   сөздіктен   орын   алды,   мысалы:   ұзынжол   дәптер,
торкөз дәптер.
6. Бұрын бөлек жазылып келген бірқатар  тіркес біріккен сөз ретінде
қосылып жазылған: қансонар, қолбала. Бір жаңа ұғымды білдіретін атау
сөз   іспеттес   бірсыпыра   тіркестер   де   біріккен   сөз   түрінде   тұлғаланды:
ойтүрткі, ойтолғақ, алмаағаш, кестежіп, аяқмәшине, бормәшине, ішбүлгін,
тастабақ, ауызүй, басқосу. Осы қатарға бойжету, бойұру, атсалысу сияқты
біріккен етістік тұлғалар да қосылған.
7.   Қазақ   тілінің   емле   ережелерінде   орыс   тілінен   ертеректе   еніп,
қазақ   тілінің   дыбысталу   заңдылықтарына   бойсұнып,   тұлғасы   өзгеріп
қолданылатын   сөздер   сол   өзгерген   күйінде   жазылады   деген   бап   бар
болатын.   Бұл   сөздердің   басым   көпшілігі   тұрмыс-салтқа,   сауда-саттыққа
қатысты   тұрмыстық   лексика   деген   топқа   жататыны   белгілі:   самауыр,
кереует,   бәтес,   жәшік,   кір   (өлшеуіш,   құралдың   бөлігі),   божы   (вожжи),
көшір   (кучер).   Осы   қатарға   тағы   да   ондаған   тұрмыстық   зат   атауларын
қосуға   болады.   Мысалы:     келі   (бұрын     кило   деп   келгеніміз),   ал   бұрын
завод, товар, поезд деп жазылып келген бес-он сөздің зауыт, тауар, пойыз
деп өзгертілуінің де негізі бар: зауыт, пойыз, газет, минут сияқты сөздер де
ертеректен  осылай  қолданылып келгені  мәлім, ал  тауар,  үтік, қарындаш
сөздерінің   түп-төркіні   түркілік   (демек,   қазақтық   та)   екенін   ескеріп,
бұлардың да орысша тұлғалары өзгертілген. 
8. Жаңадан енген сөздердің бірқатарына өс.-өсімдік, мед.-медицина,
әск.-әскери сөз, этн.- этнографизм, зоол.- зоологиялық термин, тер.-термин
сөз,   зерг.-зергерлік   өнер,   қаратпа-   қаратпа   сөз,   сөйл.-сөйлеу   стиліне   тән
қолданыс,   экон.-экономикалық   термин   деген   сияқты   қысқартылған
түсініктемелер берілген 
9.-лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік), да+н+у жұрнағымен жасалып,
терминдік   ұғымға   ие   болған   сөз   тіркесі   біріккен   сөз   -   термин   ретінде
қосылып   жазылды,   яғни   олар   саяси-әлеуметтік,   экономикалық   мәдени
терминдер   деп   немесе   терминдік   мәндегі   анықтауыштар   деп   танылды:
19

жалпақшешейлік,   қаназдық,   аққандылық,   екіжүзділік,   дүниежүзілік,
еңбексүйгіштік,   ұлтжандылық;   жалпы   адамзаттық,   жалпыэкономикалық,
ақтаңдақтау, алакөздену, жылбасылық, қарақотырлану, ақжағалдану т.б.
10.     Құрал-жабдықтардың   қазақша   аттары   техникалық   атаулар
ретінде   қосылып   жазылды:   ақаутапқы,   әуетозаңдатқыш,   бензоқұйғыш,
дәнсепкіш, жылутартқыш т.б.
11.  Бұрынғы ереже бойынша бейнелі тіркес ретінде бөлек жазылып
келген ақ көңіл, ер жүрек, кең пейілді, ақ жүрек сияқты бірқатар сөздер
қосылып   жазылды:   ақкөңіл,   ержүрек...т.т.   Сол   сияқты   бұрын   бөлек
жазылып келген   өлшем   атаулары   ретіндегі   тіркестер   де   біріккен
сөз   ретінде біріктіріліп   жазылды:   көзкөрім   (жер),   биесауым   (уақыт),
таяқтастам   (қашықтық).   Сондай-ақ   мезгіл,   шақ   атауларын   беретін
күнұзаққа, күнілгері, күнібұрын, алакөлеңке  сияқты т.б. сөздер біріктіріліп
жазылды.
12. Кейбір сөздердің, мысалы, кейбір ауру атауларының (туберкулез-
өкпеауру,   аппендицит-соқырішек   т.б.)   қазақша   баламалары   кейін
қолданыла бастаған бес-он сөздің (лауреат-иегер, телевизия-теледидар т.т.)
орысшасы   да,   қазақшасы   да   сөзтізбеде   берілді.   Олардың   бір   тұлғада
қалыптасып орнығуы ондаған жылдардың тәжірибесін керек етеді.
Сөйтіп,   «Қазақ   тілінің   орфографиялық   сөздігінің»   ұсынылып
отырған 5-басылымы соңғы он-он бес  жылдың ішіндегі тілімізде болып
жатқан  өзгеріс-жаңалықтармен   толықтырылған;   сөздікті   пайдалануға
көмегін   тигізетін   анықтама   материалдар   молырақ   берілген;   қазіргі
қолданыстан   шығып   бара   жатқан   кірме   сөздер     мен   жазылуы     орыс
тіліндегі   түрімен   бірдей   түсетін,   күнделікті   тіл   тәжірибесінде   жиі
қолданылмайтын,   көбінесе   интернационалдық   терминдер   болып   келетін
сөздер   сөздіктен   шығарылған;   бірге   не   бөлек   жазуда   қиындық   келтіріп
жүрген   сөздер   біршама   реттеліп;   екі   сөзбен   білдіретін   аң-құс,   құрт-
құмырсқа,   бақа-шаян,   өсімдік   атаулары   біріккен   сөз   ретінде   сөзтізбеге
шығарылғандығы   байқалады.   Ал   бұл   өзгерістер   мектепке   арналған
оқулықтар мен оқу құралдарына ескерілмей келеді.
Тұжырымдағанда, орфография мәселісі – күрделі мәселе. Өйткені
жазу   пайда   болғанан   кейін-ақ   емле,   тыныс   белгілер   туралы   мәселе
туындаған болатын. Ол заман талаптарына орай үнемі  жетілуімен келеді.
Әсіресе, оқыту, білім беру саласында орфографияның  маңызы арта түсті.
Әсіресе, ол  оқушылардың  сауаты  мен тіл мәдениетін дамыту  мақсатында
оқулықтар жасауда айырықша көріне бастады. Оқушылардың  білім, білік,
дағдысын   қалыптастырудағы     оқулықтар   мен   оқу     құралдарның   рөлі
жоғарылаумен оның  сауатты жазылу талабы қойылуда.  Сондықтан қазіргі
кезде     оқушылардың     орфографиялық     дағдысын     қалыптастыру   үшін
қатысымдық   оқыту     әдістемесінің   мәні   артып   келеді.   Сондай-ақ,
орфография   туралы   оқушылардың   білім,   білік   дағдысын   қалыптастыра
оқытудың  әдістемелік жүйесі болу керек деп есептейміз. 
Бұл жұмыс екі бағытта қарастырылды:
1. Тіл теориясы туралы білім беру. Әсіресе, емлеге қатысты жазу
20

белгілері   (орфография)   бар   тілдік   категориялар   мен   тұлғалары   туралы
анықтама, ереже, заңдарды саналы игерту;
2.   Емле   ережелерін   түзу   оны   жазуда   қолдана   білу   дағдысын
қалыптастыру.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет