Жапбаров Амангелді Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата08.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#1463
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Жапбаров Амангелді
Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен
дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері
9-кітап
Шымкент-2011

УДК 378.(075.8): 811.512.122
ББК 74.268.1Қаз
Ж 30
Пікір жазғандар:
 1. Ысқақ Б. – Академиялық инновациялық университеті, профессор, 
п.ғ.к., 
2. Жапбарова Г.А. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университеті, пед.ғыл, кандидаты. 
3.   Боранбаев   С.   ф.ғ.д.   М.Әуезов   атындағы   Оңтүстік   Қазақстан
мемлекеттік университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі
Жапбаров   А.   Оқушылардың   орфографиялық   икемділіктері   мен
дағдысын   қалыптастыра   оқытудың   ғылыми-әдістемелік   негіздері   –
Шымкент «ИП Валиев» баспасы. 2011. -260 бет.
ISBN 9965-03-079-0
Бұл   монографияда   оқушылардың   орфографиялық   икемділіктері   мен
дағдыларын қалыптастыра оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері, оның
мақсаты мен мазмұны, сауатты жазу дағдысын қалыптастыра оқыту жүйесі
мен   әдістемесі   сипатталды.   Онда   жазудың   емлелік   икемділік   пен
дағдыларының жүйесі, тіл білімдік негізі, жаттықтырудың әдіс –тәсілдері
қарастырылды.
Еңбек   педагогикалық   жоғары   оқу   орындарының   студенттеріне,
магистрант, докторанттарға және мектеп мұғалімдері мен зерттеушілерге
арналған.
УДК 378.(075.8): 811.512.122
ББК 74.268.1Қаз
ISBN 9965-03-079-0
Жапбаров А.
                                                                     
                                                                                                                           
2

Кіріспе
Қоғам өмірдегі және экономикадағы терең өзгерістер барлық  оқыту
жүйесінің қайта құрылуын  талап етіп отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
құқына     көтерілуі,   Қазақстан   Республикасының   тіл   туралы   заңының
қабылдануы     келешек     ұрпақты   оқытуда   сауатты   да   мәдениетті   қарым-
қатынас жасауға үйрету міндеті жаңаша қылыптастыруды талап етуде.   
Қазіргі әдіскерлердің оқыту саласындағы айрықша назар аударып
отырған  мәселесі - тілді қатысымдық - танымдық тұрғыдан оқыту.  Ал бұл
қазақ тілін тәжірбиелік   түрде оқытуды талап етеді. Мәселен, Ә.Исабаев:
«Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері сабақ жүргізу үстінде іске
асырылады. Бұл арқылы оқушылар сөздің  мағыналық қасиетін, табиғатын,
сөздік   қоры   мен   грамматикалық   құрылымын   сезеді,   ауызекі   тілдің
байлығы мен әдеби тілдің өзіндік белгілерін  үйренеді. Мәдениетті сөйлеу
үлгісін     қалыптастырып,   дұрыс   оқып,   оқығанын   қайталап   айтып   беруге
жаттығады. Сауатын стилистикалық тұрғыдан жетілдіреді, ғылыми, саяси
және   көркем   шығармаларды   талғап     оқу   қабілеті   артады.   Оқушылар
қоғамдық   құбылыстарды   тіл   арқылы   біліп,   сезініу,  түсіну   және   үйрену
жолымен  білімдер   мен   дағдыларын     қалыптастырады»-   дейді   [1,39].   Ал
орыс   әдіскерлері:   «Диктант»,   выполняеть   лишь   одну   функцию   и   дает
возможность   учителю   контролировать   степень   освоения   школьниками
правил орфографии и пунктуаций»- деп көрсетеді [2,7].
Тіліміздің   толық   орфографиялық   сөздігінің   (1998,   2001,   2006ж.)
басылымдарына   біраз уақыт өтті. Бұл жылдар қазақ тілінің   қызмет етуі
мен даму барысында айтарлықтай тарихи құбылыстардың  кезеңі  болғаны
мәлім.   Осы   мерзім   ішінде   қазақ   тілінің   ішкі   даму   заңдылықтарында   да
әсіресе, экстралингвистикалық деп аталатын сыртқы яғни қоғамның саяси,
мәдени,   құрылымдық,   экономикалық   т.б.   өзгерістеріне   орай   орын   алған
деректерге   де қатысты   тіл білімінде де елеулі жаңалықтар, соны бағыт-
бағдар   пайда   болып     жатқаны   белгілі.   Бұл   қазақ   тілінің   қатысымдық
қызметіне де оңды көрініс беруде.
Тіл   –   тарихи   құбылыс,   халықтың   әлеуметтік   өмірінің   қызметшісі.
Әсіресе, ана тіліміздің мемлекеттік тіл статусын (дәрежелік атағын) иемденген
тұстан   бері   сөздік   қазынамыздың   толығу,   іріктелу   бағытына,   оның
терминология саласына, сондай-ақ әріптердің аталуына, емле мәселелеріне,
қазақ   тілінің   үндестік   заңы   сияқты   фонетикалық   жүйесіндегі   табиғи
құбылыстарда     жетілдірулердің   жүріп   жатқаны     байқалады.   Ал   бір-   қатар
пікірлер     баспасөз   беттері   мен   жиын-конференцияларда     графиканың
(алфавиттің)     түр-тұрпаты   мен   емлеге   түбегейлі   өзерістер   енгізу     туралы
пікірсайыстар,   болашақ   үшін   тілек-талаптар   түрінде   орын   алып   келеді.
Бұлардың  бірқатары қазіргі кирилицадан (орыс алфавитінен) латын жазуына
көшу   кезеңде     ескерілуге  тиіс  пікірлер  болса,  енді   бірсыпырасы  көшкенге
дейін-ақ қолданыстағы   әліпби   құрамын өзгертуді, кірме сөздерді «қазақша
сындырып» жазуды ұсыну сияқты  талаптар түрінде болып отыр.
  «Қазақ   тілінің»   жаңа     бағдарламасында   «Білім   берудің   негізгі
3

сатысында   қазақ   тілін   оқытудың   мақсаты   –   ана   тілінің   қоғамдық-
әлеуметтік   мәнін   түсінген,   тілідің   қызметін   жүйелі     меңгерген,
қатысымдық  біліктілігі дамыған  дара тұлға  даярлауға мүмкіндік туғызу»
деп   көрсеткен     [3,6].   Бұл   –   өмірдің     өзі   туғызып   отырған   талап.
Оқушылардың   дүниетанымдылығын   қалыптастыруда,   олардың   ойлау,
қабылдау,   түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен мәдениетті
сөйлеудің маңызы ерекше. Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық  жүйесін,
сөздің   орфоэпиялық     нормаларын,   сөз   және   оның   мағынасына   орай
орнымен қолдана білу, сөздің морфологиялық   құрылымы, сөзден сөйлем
құрау жолы   сияқты   күрделі нәрселерді меңгеруі қажет. Сонымен қатар,
бүгінгі таңда қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік маңызы артып, қолдану
өрісі   кеңейіп   отырған   жағдайда   орфографиялық   білімдерін   кеңейтіп,   өз
тәжірибесінде қолдана білуге  жаттықтырудың  маңызы  арта түсуде. 
Бұл монографияда  төмендегі мәселелер қарастырылды:
- қазақ тілінің  орфография тарихына мәлімет беру;
- оқытуда орфографиялық  ұстанымдарды белгілеу;
- емле туралы жүйелі білім, білік пен дағдысын қалыптастыру;
-   қазақ   тілін   оқытудың   тәжірибелік   әдістерін   жүйелеу   негізінде
оқушылардың сауатын арттырудың  әдістемесін жасау.
Бірінші бөлім
4

Оқушылардың орфографиялық білім, білік, дағдысын қалыптастыра
оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Орфографиялық икемділік пен дағдыны қалыптастыру
әдістемесінің  зерттелуі мен оқытылу жүйесі
Қазақ тілін, оның орфографиясын тиімді де нәтижелі оқыту үшін
әдістеме   ғылымының   негіздеріне   сүйенетініміз   белгілі.   Бүгінде   әдістеме
ғылымы өз алдына зерттеу нысаны, ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері бар
дербес   ғылым   болса,   оның   даму,   қалыптасуы   А.Байтұрсынов,
Ш.Х.Сарыбаев,   Д.Әлімжанов,   Ы.Маманов,   С.Жиенбаев,   С.Рахметова,
Н.Оразбаева,   Б.Құлмағамбетова,   Х.Арғынов,   Ә.Исабаев,   Ә.Әбілқаев,   т.б.
сияқты әдіскер-ғалымдарының есімдерімен тығыз байланысты. “Әдістеме-
дайын рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес,
жол-жоба”   болғанымен   [5.2],   “тілдік   материалдарды   практика   жүзінде
белгілі   оқушыларға   саналы   түсіндіріп,   меңгертудің   бірден-бір   дұрыс
жолын үйрететін және оны зерттеп, тексеретін дидактикалық маңызы зор
ғылым”   [6.6],     “пәнді   терең   меңгертуде   қолданылатын   әдіс-тәсілдердің
жүйесі,   мәні   және   қалай   оқыту   туралы   ғылым”   [7.7],   “қазақ   тілінен
берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игертудің жолдары,
шарттары   туралы   ғылым”   [8.6].   ретінде   бағаланады.   Алайда   қоғам
өміріндегі   соңғы   жылдардағы   елеулі   бетбұрыстар   оқыту   үдерісінде   жас
ұрпақ тәжірибесіне басқаша талап қоя бастады. Яғни білім беру үдерісінде
модернизациялау, инновациялау, ақпараттандыру, сол арқылы әлемдік білім
кеңестігіне ену бүгінгі таңдағы басты мақсат болып отыр. Әлемдік білім
кеңестігіне   ену   үшін   оқыту   әдістемесін   де   жаңаша   құру   міндеттелініп
отырғаны   белгілі.   Осыған   орай,   педагогика   ғылымының   лексикасына
“педагогикалық технология”, “оқыту технологиясы” деген жаңа ұғымдар
еніп, олар бар болмысымен оқыту үдерісінде өз нәтижесін бере бастағанын
ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдей алады. Әдістеме ғылымы мен оқыту
технологиялары мақсаты жағынан бір болғанымен (сапалы білім, сапалы
тәрбие   беру),   сипаты,   оқу   материалдарын   игерту   әдіс-тәсілдері,   мұғалім
мен   оқушының   әрекеті   т.б.   жағынан   ерекшеленеді.   Әдістеме   ғылымы
“нені”,   “кімді”   және   “қалай   оқыту”   мәселелерін   шешуді   көздесе,   оқыту
технологиясы осыларға қоса “қалай нәтижелі оқыту” дегенді мақсат етеді.
Яғни оқыту технологиясының басты сипаты-бағдарланған нәтижеге жету,
нәтижелі білім беру.
Орфография – бұл біртұтас жазу жүйесі. Ал жазу жүйесі міндетті
түрде   тілдердің   рухани   және   материалдық     мәдениетінің   өркендеуіне
ықпал   етеді.   Өйткені   көптеген   мәдениет   қайраткерлері   жазудың   сауатты
болуын   және   оқырманның   мәтінді   жеңіл   түсіне   білуін   талап   етті.   Ал,
Ф.Оразбаева: Жазбаша сөйлеу «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі
т.б.) деген мағынаны емес  «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті
болу   үшін,   қағаз   бетінде   сауатты   жеткізе   білу»   дегенді   білдіреді   деп
5

есептейді.   Сондай-ақ, жазбаша сөйлеу тілдік   тұлғалардың графикалық,
фонемалық   жүйесіне   негізделген,   лингвистикалық,   психологиялық,
физиологиялық,   әдістемелік  ерекшеліктерге  қатысты  тілдік  материалдың
мазмұны   мен   формасын   қамтитын,   адамдардың   ұзақ   мерзімдегі   қарым-
қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі әрекет екендігін көрсетті [8]. 
Жазбаша   сөйлеу   біріншіден,   әріптің,   сөздің   графикалық   таңбасы
арқылы   іске   асады;   екіншіден,   бұл   графикалық   таңбалар   белгілі   бір
фонемалық,   мағыналық   қасиетке   ие   болады;   үшіншіден,   жазылым
құбылысында сөйлеу әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу
үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұны - мағынасына  ғана емес,
нұсқасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз
бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты
жүзеге асады.
Әдіскерлердің   қалыптасқан   пікірі   бойынша,   жазбаша   сөйлеу   үш
бөліктен құралуы тиіс. Олар: себеп-салдарлық;  аналитико-синтетикалық;
орындалымдық.   Сондықтан     жазу   әрекеті,   біріншіден,   белгілі   бір
ақпаратты   екінші   адамға   жеткізудің   нәтижесінде   ойға   келеді,   алдымен
оның себебі пайда болады.
Екіншіден,   аналитика-синтетикалық   кезінде   сөйлем   құрылымы
жасалады, сөздер бір-бірімен байланысып тіркеске түседі, сөздің қызметі
мен орны белгіленеді.
Үшіншіден,   графикалық   таңбалар   арқылы   жазбаша   мәтін   (текст)
пайда болып, жазу орындалады. Бұл үдерісте мынандай әрекет жасалады:
1. Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы.
2. Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
3.   Жазудың   екінші   адамға   түсінікті   болып,   берілген   ақпаратты
білдіруі, қарым-қатынас жасалуы.
Себептік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі бір себеп-
салдарлар   пайда   болып,   яғни   адам   өмірде   кездесетін   әр   түрлі   деректі,
ақпаратты басқа біреуге жеткізу қажеттілігінен айтуды, жазуды қалайды,
сол   арқылы   адамдар   арасындағы   қарым-қатынастың   алғышарттары
жасалады.
Екінші   кезеңде   өмірден   туған   қажеттілік,   яғни   белгілі   бір   хабар
миға   ауысады,   адамның   санасында   бейнеленеді,   ой-пікір   туғызады,
ақпараттық жоспар жасалады.
Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге
айналады.   Сол   ойды   дұрыс   жеткізу   үшін   тіл   үйренуші   тиімді   сөздерді
іздейді, жеткізгісі келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізуді
қалап, сөздердің мән-мағынасын ойластырады.
Төртінші   кезеңде   ойда   жинақталған   сөздер   графикалық   таңбалар
арқылы   тізбектеледі,   белгілі   бір   ереже   норма   заңдылықтарымен   қағазға
түсіп,   жазуға   айналады.   Ол   жазудың   үлгісімен   ғана   емес,   білдіретін
мазмұндық сипатымен де ерекшеленеді.
Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен, белгілі
бір  ақпараттың   толық   мазмұнын   оқушыға   жүйелі   түрде   дұрыс   жеткізу
6

ойластырылады.
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы
мен   емлесі.   Графика,   яғни   жазу   таңбалары   -   жазу   үшін   қолданылатын
барлық   әріптердің   таңбалық   жиынтығы.   Әріптік   таңбалар   екі   түрде
жазылады: баспа түрінде және қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және
кіші   болып   таңбаланады.   Барлық   әріптердің   жүйелік   жиынтығы   тілдің
алфавитін құрайды.
Жазуды   меңгеруде   лингвистикалық   жақтан   үйретілетін   келесі
мәселе - орфография. Ол - белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс
жаза білудің ережесі. Мұндай ережені игермей тұрып, жазуды да, тілді де
сауатты меңгеру мүмкін емес. 
“Орфография   деп   тілдегі   сөздердің   дұрыс   жазылуы   туралы
ережелердің жиынтығын айтады. Орфография тілдегі сөздердің, олардың
түрлі тұлғаларының жазылу нормасын белгілейді”[9,4]. Ал орфографиялық
норманы   сақтау,   қабылданған   орфографиялық   ереже   бойынша   жазу
әркімнің   міндеті.   Тілдегі   сөздердің   біркелкі   жазылуының   қалыптасуы
халықтың  мәдени дамуының негізгі  көрсеткіштерінің біріне жатады. Ал
сауатты жазу-үйрету, дағдыландырумен қалыптасады.
Сауатты жазуда   орфографияға   қатысты   кездесетін   қиындықтар
да кездеседі. Олар:
1.Фонетикалық,   морфологиялық,   тарихи   ұстанымдардың
өзгешеліктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ескеру;
2. Екпін, интонацияға байланысты дұрыс жазылуды қадағалау.
          3. Қазақ тіліндегі еріндік, езулік дауыстылардың жазылуына ерекше
мән беру.
4. Жуан, жіңішке дыбыстардың фонемалық қасиетін есте сақтау.
5.  Дауыссыз  дыбыстардың  айрықша   белгілерін  дұрыс   меңгеру  т.б.
Жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:
1) жеке лексикалық бірліктерді, сөздерді дұрыс жаза білу ережесі;
2)   грамматикалық   заңдылықтарды   игеру   арқылы   тіркесті,
сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жазу нормасы.
Жазудың әдістемелік ерекшелігі - графика мен орфографияны, жазу
мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын
іздестіре отырып сауатты жазуға жаттықтыру, оқыту.
Мектептер   үшін   білім   беру   стандартында   «Қазақ   тілі»   пәнін
оқытудың   басты   міндеттерінің   бірі   ретінде:   «қазақ   тілінде   сөйлеу   және
жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру» -деп, жазбаша сөйлеуге баса
көңіл   аударады   [10,3].   Сондықтан   оқушыларды   жазбаша   сөйлеуге
дағдыландыру   үшін   жазбаша   қатысымның   ерекшеліктерін   анықтап,   ол
бойынша оқушыда қалыптастырылатын икемділік пен дағдылар жүйесін
белгілеп алу қажет.
Жазып сөйлеу деп «жазбаша мәтіндер арқылы вербальдық (сөздік)
тілдесу»   -деп,   көрсетіледі.   Ол   мерзімі   шегерілген   және   тікелей   болуы
мүмкін.
Жазып   сөйлеу   монологтың,   яғни   мәтіннің   әр   түрлілігімен
7

ерекшеленеді.   Ол   ауызекі   диалогтық   сөйлесуге   қарағанда   анағұрлым
дамыған. Сонымен бірге,  жазып сөйлеуде екінші бір адаммен әңгімелесуге
мүмкіндік   жоқ.   Тыныс   белгілер   арқылы   сөйлем   құрау   тәртібі   болатын
сөйлеу   әрекетіндегі   интонация,   мәнерлілік   басқа   қабылдаушыға   ықпал
етудің қосымша құралдары болып табылады. Сөйлеу мәдениеті жазбаша
сауаттылықтан   көрінеді.   Ал   сауаттылық   білім,   білік,     дағдыларды
игерумен   байланысты.   Сондықтан   оқушылардың   орфографиялық
икемділігі   мен   дағдысын   қалыптастыру   мен   сауаттылығын   дамыта
оқытудың өзіндік жүйесі  бар:
1.   Тіл   дамыту:  оқушылардың   сөйлеу   әрекетін   белгілі   жағдаятқа
орай жүргізе білуге баулу.
2.   Оқушылардың   сөйлеу   әрекетін   қалыптастыру   және
жетілдіру: қатысымдық (коммуникативтік) біліктілікті жалпы әртүрлі пікір
айтуда меңгеру бойынша жүргізілетін мақсатты жұмыстар арқылы жүзеге
асыру.   Сондықтан   оқушылардың   мектепте   игерілетін   орфографиялық
білім, білік, дағдысын қарастырайық.
Білім   беру   сапасы   -   қоғамдағы   білім   беру   үдерісінің   жағдайын,
нәтижесін,     сондай-ақ   жеке   тұлғаның   кәсіптілігінің   қалыптасуын   және
даму болашағының қажеттілігін анықтайтын   әлеуметтік категория. Білім
беру  сапасы  білім  беру  мекемелеріндегі  жастарды   оқыту  мен  тәрбиелеу
қызметтерінің   әртүрлі   көрсеткіштерінің   жиынтығын,   яғни   білім   беру
мазмұнын,   оқыту   қалыбы   (формасы)   мен   әдістерін,   материалдық
техникалық базалары т.б. бойынша анықталады.
Білім - қоршаған ортада тәжірибелік тұрғыда нәтижесі байқалып,
оның   адам   миында   нақты   бейнеленуі.   Оның   бейнеленуінің   байқалу
түрлері:
1.  Тұжырымды бейнеленуі бойынша: жекелей; қоғамдық;
2.   Бейнелену   қалпы   бойынша:  теориялық   (ауызша)   білім;  бейнелі,
сезім органдары арқылы ұғынылатын білім: амалдық білім.
3. Аймақтық және пәндік танымдар бойынша берілетін білімдер.
4. Психологиялық деңгейлері бойынша: Білім-білу-елестету-түсіну-
пайдалану-әрекет-қарым-қатынас- қажеттілік (тізбек бойынша).
5.   Жинақталу   дәрежесіне   байланысты:   Дерек-құбылыс,       түсінік-
терминдер,   байланыстар - заңдылық,   болжам-теория, әдіснамалық білім-
бағалау білімі.
Біліктілік   –   бұл   берілген   білімді   меңгерудегі   бейімділік,
құндылықты  бейнелейтін   жалпы   қабілеттілік.  Бұл  туралы   Ә.Тұрғанбаев:
“Сонымен,   ғылым   дегеніміз   білім,   бірақ   білімнің   бәрі   бірдей   ғылымға
жатпайды. Білімді тұжырымдауға бағытталған қызметтің нәтижесі болып
табылатын білім ғана ғылымға жатады. Демек, ғылымды анықтап беретін
басты бір белгісі – білім өндіру мақсатында іске асатын айрықша іс-әрекет,
яғни жаңа білім тұжырымдау бағытында іске асатын арнайы таным процесі
-дей   отырып,   жаңа   білім   алу   үшін   мақсатты   қызметті   іске   асырушы
адамдар   тобымен   (зерттеушілермен   т.б.)   қатар   материалдық   және
методикалық база (приборлар, құрал-саймандар, оқыту, үйрету құралдары
8

т.б.),   сондай-ақ,   зерттеу   нәтижелерін   жазып   алатын   жазу   тілі   қажет”
дегенді айтады [11. 21].
Жалпы мағынада алғанда, білім ұғымы шындық дүние жайлы ой-
пікірлер   жиынтығын   білдіреді.   Бұл   терминнің   мынадай   үш   мәнін   бөліп
көрсетуге болады. 
Бұл термин біріншіден, адамның бірдеңе істей алу, бір затты жасай
білу   қабілетін   білдіреді,   яғни   тәжірибелік   дағдыға   айналған   іскерлік
мағынасында қолданылады. Өйткені ондай тәжірибелік іс-әрекет қисынды
мәні бар күнделікті тәжірибеге негізделген белгілі бір білімге сүйенеді.
Екіншіден,   “білім”   деген   сөз   көп   жағдайларда   ғылыми   білім
мағынасында қолданылады. Мұндай білімдерге тән маңызды бір сипаттама
– әрбір ғалым өз зерттеу жұмысында басшылыққа алатын негізгі мақсат-
шындық ақиқатты ашу.
Ал кейде білім деп, үшіншіден, белгілі бір субъективтік факторды
(мақсат-мүддені)   іске   асыруда   шешуші   рөл   атқаратын   пікірлерді,   сенім-
нанымдарды айтады [11. 22].
Бұл пікірлерге сүйенгенде, орфографиялық білім де анықталуы тиіс.
Яғни “орфография сөздерінің жазылуы туралы ереже” десек, ал ереже – тіл
білімінің   жиынтық   білімі.   Мәселен,   бала   біріккен   сөздің   емлесін   игеру
үшін күрделі сөздер туралы білімімен қоса, біріккен сөздің жазылу емлесі
туралы   білімі   болуы   керек.   Сондықтан   емлеге   үйрету   жалпы   мектеп
көлеміндегі қазақ тілі туралы білім мен дағдыны игеруге сүйенеді.
Жаңа немесе өзгерген жағдайға сай білім негізінде белгілі әрекетті
тиімді   атқарудағы   жеке   бастың   қабілеті   біліктілік   деп   те   аталады.   Ал
дағды   -   бақылаусыз   қандай   да   бір   істерді   өздігінен   автоматты   орындау
қабілеті болмақ.
Сипатына   қарай   біліктілік   және   дағды:  қимылдық   (моторлы);
сезімдік (сенсорлық); ақыл-ойлылық (интеллектуалдық) болып бөлінеді. 
Тіл   осы   кезеңде:  синтаксистік   кұрылымын   күрделендіру   және
көлемін ұлғайту; сөздердің қолдану аясын кеңейту; әртүрлі тіл  құралдарын
қолдануды дамыту мақсатын көздейді.
3. Оқытуда қатысымдық әдістің мәні. Әдіс барлық уақытта  белгілі
бір   мақсатқа   бағытталғандығы   және   осы   мақсатқа   бара   бар,   яғни   оған
жетуде   барынша   тиімді   болуға   қабілетті   болуы   тиіс   екендігі   белгілі.
Мәселен, қатысымдық әдіс сөйлеуге жаттықтыру құралы ретінде арналған
оқытудың  теңбе-тең құралы ретінде анықталады. 
Сөйлеу – өте-мөте күрделі және көп аспектілі құбылыс. Біріншіден,
ол     өмірінде     қатынас     құралының     қызметін     атқарады.  Екіншіден,
сөйлеу - бұл әрекет, анығында адам әрекеті түрлерінің бірі.  Үшіншіден,
сөйлеу әрекетінің нәтижесінде оның өнімі - айту туындайтындығын еске
түсіру маңызды. Әрекет ретінде де, өнім ретінде де сөйлеу оқытуда бағдар
беру   қызметін   атқаратын   анық   бір   белгілерге   (сипаттамаларға,
параметрлерге)   ие,   өйткені   ол   белгілер   сөйлеуді   дамыту   үшін   қандай
жағдай   жасау   қажеттігін   болжайды,   сондай-ақ,   оқыту   нәтижелерін
бағалаудың жүйесі болып есептеледі. 
9

Сөйлеу   қатынас   құралы   ретінде     ауызша   да,   жазбаша   да   жүзеге
асырылады.   Бірінші   жағдайда   адам   қатынастың   екі   құралын   -   тілдік
белсенділіктің түрлері ретінде сөйлеу және түсінуді меңгеруі керек.   Ал
екінші   жағдайда жазу және оқи білуді меңгеру керек. Осылайша сөйлеу
тілдік әрекет ретінде  қатынас құралының түрі болып табылады.
Сөйлеу қатынас міндетін шешу мақсатында өз ойыңды жеткізу. Бұл
бір адамның әрекеті, ол қатынасқа түскенде одан тыс болмайды, өйткені
қатынас бұл әрқашанда басқа адамдармен өзара әрекеттестік. Сондықтан
тілдік   әрекеттің   барынша   дербес   түрі   бола   отырып   сөйлеу   қатынас
шеңберінде оған міндетті түрде оқытуды және оған сүйенуді талап етеді.
Сондықтан,   сөйлеуге оқыту     үдерісіндегі    «қатынас»,    «сөйлеу»  және
«оқыту»  ұғымдарының  арақатынасын  түсінуі  қажет. Сондықтан  қатынас
дегеніміз   –  бұл  «адамдардың   адамдарды   өңдеуі».   Сол себептен   қатынас
сананы және жеке адамның сана - сезімін   дамытудың     ең бір маңызды
шарттарының   бірі,   жеке   адамның   толық   дамуының   түрткісі
болатындығына назар аударылған [9].
Негізгі қатынас және іс-әрекет - өз алдына дербес нәрселер, бірақ
бір-бірімен   тығыз,   өзара   байланысты   өмірдің   біржақты   үдерістері.
Олардың   арасында   көптеген   алмасулар   болады.   Мысалы,   қатынастың
жалпы сипаттарын ескере отырып, зерттеушілер оның негізгі қызметтерін
ерекшелейді.   Мәселен,   А.В.Ковалев   қатынастың   қызметін   үш   топқа
ажыратады:
1) ақпараттық- қатынастың (ақпаратты қабылдау және тапсырумен,
адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2)   жүйелі   -   қатынасты   (адамдардың   бір-бірінің   әрекетін   жөнге
салуы, өзара әрекетті ұйымдастыру);
3)   эффекті-қатынасты   (олар   адамның   сезім   әрекетінің   аймақ
ортасын анықтайды) [12,5].
Үшіншілері   -   танымдық,   сезімдік,   тәрбиелік   қызметтеріне   назар
аударады. Өйткені  әрбір қарым-қатынас жасаушы өз мақсатына мынандай
амалдардың көмегімен жетеді, ауызекі сөйлесу,  тыңдап түсіну,  оқу,   жазу,
паралингвистика (сөйлеу мәнері, үзіліс т.с.с) және кез-келген өзара әрекет.
Осы кезде қатынас жасау үш түрлі әдістермен жүзеге асады: ақпараттық
(ойын,   қызығушылығын,   сезімін   т.б.   бөлісу),   интеракциялық   (қатынас
жасаушылардың өзара әрекеті) және перцептивтік (қабылдау және адамды
адамның түсінуі) [13]. Сондықтан қатынастың психологиялық мазмұнын
әрекет түрінде былай көрсетуге болады:
- Қатынас тақырыбы-қарым-қатынас жасаушылардың өзара   әрекеті;
- Қатынас бірлігі-әлеуметтік өзара әрекет бөлімі;
- Қатынас туралы- ауызша (сөйлесу, түсініп тыңдау, жазу, оқу) және
ауызша емес (паралингвистика, біріккен немесе өзара әрекет);
- Қатынас тәсілдері-ақпараттық, интеракциалық перцептивтік;
- Қатынас өнімі (немесе қоры)- ақпаратты талдау;
- Қатынас нәтижесі - өзара байланыстың өзгеруі;
Осыдан   қатынасты   былайша   анықтауға   болады:   қатынас   дегеніміз
10

адамның   жеке   тұлға   ретінде   тіршілік   ету   әрекетін   сүйемелдеудің   түрі
болып табылады. Соның ең негізгісі- тіл арқылы қатысымдық әрекет. Ал
баланың сөйлеу әрекеті үнемі даму  үстінде болады. 
Баланың   жалпы   тілін   дамытудың   мынандай   бағыттары   бар   деп
есептейміз.
1. Сөздіктің дамуы. Бала айналадағылармен дұрыс қатынас жасау
үшін   керекті   сөздіктерді   іріктеу  сұрыптау  арқылы   жүргізеді.   Сондықтан
мұғалімдер   балалардың   сөйлеуге   керекті   сөздердің   мағынасын   тек   білуі
мен түсінуі ғана емес, сонымен қатар оларда тілге деген назарының дамуы
үшін   де   керек.   Сондай-ақ   сөйлеу   әрекетінде   белсенді   түрде   сөздерді
қолданылу мақсатына байланысты әрекет етеді. Сөздік қоры дамиды. 
2.Тілдің   грамматикалық   жағын   қалыптастыру.   Сөздік   тіл   үшін
құрылыс   материалы   болып   табылады.   Грамматика   сөздердің   өзгерту
нормаларын  және   олардың   сөйлемде   қосылу   тәсілдерін   орнатады.   Одан
бөлек ол тіл құрылым үлгілерін анықтайды.
Бала   айналадағылардан   грамматикамен   жабдықталған   сөздерді
естиді, оқиды. Естігенін, оқығанын ұға отырып, ол грамматикалық ұғымды
қабылдап,   тіл   тәсілдерін   тани   бастайды.   Мұғалім   тілді   оқыту   жүйесіне
балалар  назарын қызықтыратын  үйлесімді  жаттығулар жүргізеді.  Белгілі
бір ана тілінің морфология және синтаксистік ережелерін бекітіп, сөйлеу
әрекетін ұйымдастырады. 
З. Сөйлеуде белгілі екпін, интонацияны пайдаланады. Сол арқылы
тілдік   құралдар   арқылы   қарым-қатынасқа   түседі.   Ал   оны   жазуда   емле
ережелері мен тыныс белгілерді пайдаланады.  
Мұндай сөйлеу әрекеті оқытуда ауызша және жазбаша тіл дамыту
жұмыстары   арқылы   қатар   жүргізіліп   отырылады.  Бұл   жөнінде
Н.И.Жинкин: «Овладение письменной речью происходит медленно, на базе
и через посредство устной речи. Достижение в письме перестраивают и
устную речь учащихся»,-  деуі  соның дәлелі  [14,7]. В.Г.Ананьев пікірі де
соны   қуаттайды:   «Устная   речь,   создавая   готовность   к   усвоению
письменной, сама принимает иной вид на основе письменной» [15,8]. Олай
болса,   жазба   тіл   ауызекі   тілдің   негізінде   жетіле   отырып,   өзінің   де
ерекшелігімен анықталады. 
Жазу   -   тілдік   тұлғалардың   графикалық,   фонемалық   жүйесіне
негізделген, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық,  әдістемелік
ерекшеліктерге  қатысты тілдік материалдың мазмұны мен тұлғасын бірдей
қамтитын,   адамдардың  ұзақ   мерзімдегі   қарым-қатынасына   мүмкіндік
жасайтын күрделі әрекет.
Әдіскерлердің   қалыптасқан   пікірі   бойынша,   жазу   үш   бөліктен
құралады.   Олар:   себеп-салдар,   аналитика-синтетикалық,   орындау.   Яғни
жазу   әрекеті,   біріншіден,   белгілі   бір   әсерді   екінші   адамға   жеткізудің
нәтижесінде   ой   пайда   болады,   алдымен   оның   себебі   анықталады.
Екіншіден, аналитика-синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады,
сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден,   графикалық   таңбалар   арқылы   жазбаша   мәтін   пайда   болып,
11

жазу орындалады. Сондықтан тілдік қатысымға байланысты жазу бірнеше
әрекеттік кезеңнен тұрады да, көпсалалы құрылым ретінде көрінеді:
1. Қажеттіліктен пайда болатын себеп.
2. Түрткіліктің ойда, санада бейнеленуі.
3. Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
4. Сөздің  графикалық әріптермен таңбалануы.
5. Жазудың екінші адамға түсініктілік ретінде ақпаратты білдіруі.
Жазу механизмінің күрделілігіне сәйкес жазуға үйрету екі сатыдан
тұрады: а) Жазу техникасын үйрету; ә) Өз ойын жазбаша түрде сауатты
жеткізуге   үйрету.   Ал   жаттығу,   жаттықтыру   –   осы   сөйлеу   әрекеттерін
қалыптастыруға   негіз   болатын   әдістемелік   әдіс,   әрі   дидактикалық
жұмыстың   түрі.   Сондықтан   оқыту   үдерісінде   жиі   қолданылатын
тәжірибелік жұмыс болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет