Жапбаров Амангелді Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми


 Орфографиялық жұмыстардың мазмұны мен жүйесі



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата08.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#1463
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

4. Орфографиялық жұмыстардың мазмұны мен жүйесі. Сондықтан
біз ең алдымен орфографияны қазақ тілі пәнін оқуда берілетін білім, білік,
дағдылардың   мазмұнын   қарастырайық.   Ол   үшін   орфографияны   оқытудың
жүйесін талдайық.  
Орфография   –   бұл   біртұтас   жазу   жүйесі.   Ал   дұрыс   жазу   жүйесінде
мына мәселелер маңызды деп есептеледі: 
а) біркелкі түсінікті болу; 
ә) әдеби тілдік нормада;
б) орфографиялық қағидалардың сақталуы.
Тұжырымдағанда,   орфографияны   оқыту,   мына   төмендегі   сияқты
терминологиялық ұғымдары арқылы жүйе бойынша жүргізіледі. 
1. Орфография – жазудағы бірізді ережелердің жүйесін жасап зерттейтін
тіл   білімінің   саласы.   Бұл   туралы   білім   мектеп   бағдарламасында   бірінші
сыныптан   басталып   қазақ   тілін   оқытудың   толық   курсы   аяқталғанша
жалғасады. 
Орфографиялық   оқыту   –   оқушыларлы   орфографиялық   дағды   мен
іскерлікті  қалыптасу  үдерісін  сипаттайтын оқыту әдістемесінің бір саласы
болып есептеледі. Сондықтан ана тілін  оқыту  әдістемесінің басты мәселесі
тіл дамыту мен орфографиялық сауаттылықты қалыптастыру жұмыстарының
бірлігі болып табылады. 
Қазіргі   мектептегі   қазақ   тілі   курсында   орфограммалар   мен
орфографиялық   ережелер   фонетикалық,   морфемалық,   сөзжасамдық   және
морфологиялық   материалдарды   (5-9   сынып   аралығында)   меңгертумен,   ал
тыныс белгілер синтаксистік материалдармен байланысты игеріледі: 
2.   Орфографиялық   ұстанымдар:   морфологиялық   –   морфемалардың
графикалық   біркелкілігі   сақталатын,   фонемалардың   алмасу   заңдылықтары
ескерілмей   алғашқы   қалыпты   сақтап   жазу   (мысалы:   өзенге   (өзеңге   емес),
құрылысшы (құрылышшы емес)). 
-   Дәстүрлі   фонемалар   өзгертуге   бейім   жағдайда,   белгілі   фонеманы
белгілеу мақсатында фонологиялық мүмкіндіктен туатын әріптер қатарымен
белгіленеді   (мысалы:   түн-түнде   және   т.б.).   Орфографиялық   ұстанымдар
орфограммалар арқылы қалай жазу керектігін анықтайды. 
3. Орфографиялық сауаттылық дегеніміз – қабылданған емле ережелерге
сәйкес   жазудың   әріптік   және   әріптік   емес   графикалық   құралдарын   сөзді
жазуда дұрыс қолдана білу болып табылады. 
Орфографиялық сауаттылықты меңгеру деңгейі: 
-
абсолюттік орфографиялық сауаттылық; 
-
салыстырмалы орфографиялық  сауаттылық. 
Абсалюттік   орфографиялық   сауаттылық   –   барлық   емле   ережелерді
дұрыс қолдана білу және анықталмаған орфограммалармен келетін сөздерді
қатесіз жазу. 
72

Салыстырмалы орфографиялық сауаттылық – белгілі бір жүйе бойынша
ендірілген,   анықталған   орфограммалармен   келген   сөздерді   қамтитын,
мектепте   оқытылатын   емле   ережелерге   сәйкес   сөздерді   жаза   білу.    «Жазу
дағдысына қатысты оқушыларға қойылатын талаптар шектеулі болуы керек:
оқушылар     мектепте   алған   білімді   келешекте   өндірісте   және   қоғамдық
қызметінде қолдануы қажет» [79]. 
4. Салыстымалы орфографиялық сауаттылыққа жетуге бағытталған жеке
мақсаттар: 
- оқушыларды негізгі орфографиялық түсініктермен таныстыру; 
-   осы   түсініктер   негізінде   оқушыларда   орфографиялық   біліктілік
қалыптастыру; 
- анықталмаған орфограммалармен сөздерді жазуға үйрету; 
- оқушыларды орфографиялық сөздерді пайдалана білуге үйрету және
оған қажеттілік тудыру; 
- оқушыларға орфографияны меңгеруге жағдайлар жасау (алғышарттар).
5. Мектептегі орфографиялық ережелер жүйесі – оқушылардың сөйлеу
мәдениеті мен сауатты жазу дағдысын дамыту  мен тереңдетуге бағытталған
талаптар жүйесін жасау. Ол үшін қойылатын негізгі талаптар: 
- мұғалімнің сөзі анық, таза, нақты болуы керек; 
- әдеби тілде сөйлеу нормаларын сақтауы тиіс; 
-   сабақтағы   барлық   жазулар   стилистикалық,   орфографиялық   және
каллиграфиялық тұрғыдан мінсіз болуы; 
- айтылуы   мен   жазылуы   қиындық   тудыратын   сөздерді,   әсіресе
терминдерді анық айту және міндетті түрде түсіндіру керек, келесі кезекте
оқушылардың осы сөздерді дұрыс айтуы мен жазуын қадағалауы тиіс. 
Оқушыларға қатысты орфографиялық ережелерге қойылатын талаптар: 
- өз   сөзінің   дұрыстығын   қадағалау;   басы   артық   сөздерді   яғни
вульгаризмдер мен диалектизмдерді қолданбау; 
- мұғалімнің сауалына толық, кең көлемді жауаптар қайтару; сөзді нақты,
анық айту; 
- жазба   жұмыстарында   жоспар   бойынша   әрбір   фразаның   құрылысын
мұқият ойлап, ойын жүйелі жеткізе білу; азат жолды сақтау; 
- анық, көркем жазу; жазғанын мұқият тексеру; қажет болған жағдайда
орфографиялық сөздікті пайдалану; 
- жазба жұмыстарын оқушылар дәптеріне қойылатын талаптарға сәйкес
орындауы тиіс; дәптерлерін таза және ұқыпты ұстау. 
Орфография бойынша жүргізілетін жұмыстардың мазмұны: 
1. Мектепте меңгерілетін орфографиялық білім түсінік пен деректерге
сәйкес жинақталады. 
Орфографиялық түсініктер жазудың біріңғай деректерімен айқындалады
және жазу жүйесін сипаттайды. 
Түсініктердің бір тобын оқушылар меңгереді, екінші тобын мұғалімдер
оқу үдерісін ұйымдастыруда пайдаланады. 
Орфрграфиялық түсініктер: 
- лингвистикалық (орфограмма); 
73

- психологиялық (маңызды және маңызды емес орфограммалар); 
- әдістемелік (орфограммалардың қойылу мәні); 
- әдістемелік (орфограммалардың танымдық белгілері); 
 
Мектеп   бағдарламасындағы   қазақ   тілін   оқыту   мазмұнына
орфограмма түрлерінің атауы, орфографиялық ережелер мен анықтағыштар
енеді.
Орфографиялық ережелер: 
- белгілеу – орфограмманы таңдау немесе  қандайда бір жазуда тыйым
салынып, емлелік ескертулер берілетін жағдай; 
- реттеу   орфограмманы   таңдау   барысында   оқушылардың   дұрыс   жазу
әрекетінің әдіс-тәсілдері. 
Орфографиялық ережелер өзінің құрамына қарай бір немесе бірнеше
нұсқалармен байланысты болып, оқулықта жаттығу, үлгілерімен бекітіледі.
Орфграммаға байланысты біліктілік пен дағдылары: 
- сөзден орфограммаларды табу, ереже, анықтамасын естеріне түсіру; 
- орфограммаларды дәлелдеу; 
- орфографиялық қателерді табу және түзету.
Орфографиялық жұмыстардың алғышарттары. Психологияда игертілетін
білімнің   қажеттілік   қуаты   және   өзектілігі   деп   бөлінеді.   Өзекті   –   жеке
тұлғаның тіршілік әрекетінің ішкі және сыртқы жағдайларына бейімделуінен
туындаған   психикалық   күй.   Бұл   –   ішкі   және   сыртқы   қажеттіліктен
туындайтын   адам   белсенділігінің   негізгі   уәжділігі.   Осы   мәселеге   орай
оқытылатын орфограммалар психологиялық тұрғыда екіге бөлінеді: 
- өзекті – оқушыларға қиындық тудырады; 
- өзекті емес – оқушыларға  қиындық  тудырмайтын; 
Оқытудың міндеті: өзекті орфограммалық қажеттілікті оқытуда өзекті
емес орфограммаға айналдыру. 
2. Орфографиялық ережелерді қолдану кезінде қиындықтар оқушыларға
тілдік   біліктіліктерді   меңгертудің   ерекшеліктермен   туындайды.   Мәселен,
әдіскерлер келесі қиындықтарды ескертеді: 
- фонетикалық –дыбыстардың үндесуі, екпін түспеуі; 
- сөзжасамдық – сөз құрылысының әсіресе, күрделі сөздердің емлесі; 
- морфологиялық – сөз таптарының омонимдігі,  категорияларды  бір-
бірінен ажыратудың белгілерін игерту; 
-   синтаксистік   –   сөздердің   қарама-қарсы   тәртібі,   сөйлем   мүшелеріне
талдау; 
-   семантикалық   –   сөздің   ауыспалы   мағынасы,   мағынаның
абстрактылығы және т.б. 
3.   Орфографиялық   дағды   мен   біліктілікті   қалыптастыруда   ес   пен
жадының келесі түрлері ескеріледі: 
- есту  (жатқа жазу кезінде  морфемаларда  фонемаларды  есту арқылы
есте сақтау); 
- көру (көру арқылы есте сақтау, көшіріп жазу); 
емлесі қиын орфографиялармен жаттығу; 
 - қайталап жазу. 
74

4.   Оқушылардың   орфографияны   меңгеруіне   байланысты   мынандай
базалық  ұғымдарды басшылыққа алады: 
- фонетикалық дауысты және дауыссыз дыбыстар; ұяң,  үнді және қатаң
дауыссыздар;   ызың   және   мұрын   жолды   дауыссыздар;   дауыссыздардың
ұяңдауы, дыбыстардың үндесу
- морфемалық және сөзжасамдық – қосымша; түбір; жұрнақ; жалғау;
күрделі сөз; түбірлес сөздер; - морфемалық және сөз жасамдық – сөздердің
түбірін және жалғауын ажырата білу; түбірлес сөздерді табу; сөз жасамдық
талдау жасау; 
- морфологиялық – зат есім – жалпы және жалқы септелуі; есімдік-
болымсыздық және белгісіздік; сан есім – дара және күрделі, есептік және
реттік, септелуі; етістік – түрі, жіктелуі, тұйық етістік, шақтары, райлары,
жекеше және көпше түрі; есімше – жекеше және көпше түрі, септелуі;  шылау
– демеулік, жалғаулық, сұраулық; -морфологиялық – сөздің қай сөз табынан
екенін анықтау; омонимдік формаларын ажырата білу; сөз таптарының негізгі
грамматикалық белгілерін анықтау; 
- синтаксистік – сөз тіркесі; сөйлем мүшелері; сөз тіркесінің басыңқы
және бағыныңқы сыңары; сөздердің сабақтаса, салаласа байланысуы. Негізгі
тілдік   біліктілік   –   тану,   тілдік   құбылыстарды   талдау   және   топтау:   -
синтаксистік – сөз тіркесінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларын табу;  сөйлем
мүшелеріне   талдау;   сөйлем   мүшелерін     сөйлем   мүшелері   бола   алмайтын
сөздерден ажырата білу; сөйлем мүшелеріне, сөз тіркесіне басыңқы сөзден
бағыныңқы сөзге сұрақ қою, 
 
5.   Сауатты   жазудың   дағдыларын   табысты   меңгерудің   қажетті
жағдайларының   бірі   –   оқушылардың   орфографиялық   қырағылығы,   яғни
мәтінде   оқу   кезінде   орфограммаларды   таба   білу   икемділігінің   болуы.
Мысалы, орфографиялық қырағылық: 
- талдау жасау; 
- сөздің, морфеманың, буынның әрбір элементін таба білу; 
- орфограммаларды бір-бірінен ажырата білу, таба білу, анықтау; 
Сөздегі   орфограммаларды   таба   білуде   орфографиялық   ереже   негізге
алынатындықтан,   оқушылар     орфографиялық   ережелерді   орфограммамен
байланыстыра біліп, саналы игеру нәтижелі болып есептеледі. 
Сондықтан танып-білу белгілері оқушыларға орфограммалардың түрін
анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, мына ерекшеліктер осындай белгілерге
жатады: 
-
фонетикалық – үндестік заң ережелері; 
-
лексика-гармматика-жалқы есімдер, жалқы атаулар және т.б.; 
-
лексикалық-демеулік шылау, жалғаулық шылау; 
-
құрылымдық   –   кейбір   жұрнақтар   мен   жалғаулардың   болуы,   күрделі
сөздер. 
Негізгі   міндет   оқушылардың   танып-білу   белгілерін   білу:   сөздегі
орфограммаларды табуды   және сенімді   түрде орфографиялық ережелерді
қолдана   білуді   қамтамасыз   етеді.   Сондықтан   5-9   сыныптарда   мынадай
орфографиялық жұмыстар ұйымдастыру тиімді болмақ:
75

1. Оқушыларды орфографиялық ережелермен және орфограммалармен
таныстыру. 
2. Арнайы орфографиялық жаттығулар жүргізу. 
3.   Арнайы   емес   орфографиялық   жаттығулар   бұрынғы   білімдерін
естеріне түсіру; 
4. Жаттығуды сұрыптау. 
5. Жазба жұмыстарды таңдау. 
Ал бұл жұмыстарда орфографиялық ережелер мен орфограммалармен
таныстыру, жаттықтыру жүргізіледі: Мысалы: 
-   оқытылатын   орфограммалармен   келген   сөздерді   оқушылардың
қабылдауы; 
- тақтаға жазылған сөзді көру-есту арқылы қабылдау; 
- оқытылған орфограмманың ажыратып, белгілей білуі; 
-   жазу   нормасын   таңдау  жағдайымен   және   орфограмманың   берілген
түрлерінің танымдық белгілерін игерту:
-   лингвистикалық   мәтінге   оқушылардың   өз   бетінше   талдау   жасауы;
орфограмманың   танымдық   белгілерін   табу;   мұғалімнің   немесе   оқушының
жаңа   орфографиялық   ережені   тұжырымдап   дәлелдей   білуі;   графикалық
белгілеу  үлгілерін талдау; 
Орфограммаларды меңгертуде сауатты жазу біліктілігін қалыптастыру
үшін   орфографиялық   жаттығулар   жүргізіледі.   Ол   екі   бағытта
ұйымдастырылады:
1.   Арнайы   орфографиялық   жаттығулар:   жай   көшіру   (мәтінді
орфограмманы   жібермей   көшіру)   –   оқушыларды   орфограммаларды   таба
білуге,   дұрыс   жазудың   графикалық   белгілерін   үйретуге   жаттықтыруы;
күрделі   көшіру   (орфограмманы   жіберу   арқылы   мәтінді   көшіру)   –
оқушыларды орфограммаларды таңдай білуге үйрету:   көру арқылы емлесі
қиын   сөздерді   тақтаға   жазу   арқылы   оқушылардың   қабылдауы
ұйымдастырылды;  есту арқылы   айтылмай қалған    орфограммаларды  еске
түсіру;   диктант   жүргізу.  Жаттығудың   бұл   түрі   оқушы   сөзді,   сөз   тіркесін,
сөйлемді немесе мәтінді дауыстап оқу арқылы жатқа жаздыру. Оның мақсат
міндетіне қарай түрлері бар: Оқып-үйрету диктантының түрлері: өзгеріссіз
(толық);   формалардың   (жеке   сөздің,   құрылымының,   сөйлемнің)   өзгеруі
арқылы; таңдаулы (оқылған емлені жазу); ескерту жазуға дейін жіберілетін
қатені ескерту; талдау-жазу кезінде жіберілетін қатені ескерту; түсіндіру –
дұрыс жазуды таңдай білуді түсіндіру, жіберілген қатені табу және түзету. 
2.   Арнайы   емес   орфографиялық   жаттығулар:   конструкциялық
(құрастыру) – сөз жасау, сөз тіркесін, сөйлем құру; белгілі құрылым бойынша
сөздерді   іріктеу;   шығармашылық   диктант   –   жаңа   сөздер,   сөз   тіркестерін,
сөйлемдерді өздігінен құрау арқылы оқылған мәтіннің көлемін кеңейту; еркін
диктант – азат жол бойынша мәтіннің бірінші оқылымынан кейін есте сақтап
жаздыру;   мазмұндама   –   мәтіннің   жазбаша   мазмұнын   баяндау;   шығарма-
берілген тақырып бойынша оқушылардың өзіндік жазбаша жұмысын жүргізу.
Қорыта келгенде, жазбаша сөйлеудің өзгешелігі: бір қарағанда мұнда
қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені сөйлеуші
76

білгенін қағазға  түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей  қатысым іске
аспайды.   Жазылымның   қиындығы   да   осында:   жазу   үстінде   адам   ойын
тиянақты, жүйелі, бас-аяғын  түгендеп,  басқа  біреуге ұғынықты болатындай
етіп, екінші   адамға   ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың жазбаша
түріне   бейімдеп   орындайды.   Тұжырымдап   айтқанда,   жазу   оны   жазған
адамның ыңғайынан гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа екінші біреудің
ыңғайына қарай, екінші адамның талап-тілегін ескеріп, сол үшін жазылады.
Сондықтан жазу қатысымдық ерешеліктерді басшылыққа алады: 
- оқушылардың   емлелік   икемділіктері   мен   дағдыларын   нақтылау,  әр
сынып бойынша көлемін белгілеу; 
- орфографияны  оқытудың негізгі бағыттары мен жүйесін нақтылау; 
- орфографиялық   білімді   мектеп   бағдарламасындағы   грамматикалық
материал негізінде игерту жүйесін көрсету; 
- оқушылардың   емлелік   икемділіктері   мен   дағдыларының   қалыптасу
әдістемесін жасау; 
Қазақ   тілін   сауатты   үйрету   үшін,   оқушыларға   берілетін   жазба
жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Мұнда жазба жұмыстарына
жататындар: 
1. Жазбаша жаттығулар. 
2. Жазбаша бақылау диктант. 
3. Мәтін құрастыру.  
77

Екінші бөлім
Оқушылардың емлелік икемділіктері мен дағдыларын 
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
2.1 Орфографиялық  икемділік пен дағдысын қалыптастыра  оқытудағы
жазба жұмыстардың жүйесі
1.   Ережемен   жұмыс.  Оқушылардың   ана   тілінен   сауаттылығы   мен
білім деңгейі грамматикалық   ережелерді   тиянақты меңгеріп, оларды неше
алуан жазба жұмыстарында дұрыс қолдана білу дағдыларымен анықталады.
Осы мақсатқа орай шәкірттердің орфографиялық ережелерді жетік меңгеруі -
негізгі көрсеткіш. Алайда оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы
меңгеріп,   оларды   жазу   жұмыстарында   емін-еркін   қолдануы,   сауатты   жаза
білуге төселуі, өзінен-өзі қалыптаса  қоятын,  оп-оңай үдеріс емес.  Сауатты
жазу грамматикалық  ережелерді жаттап алумен де қалыптаса қоймайды.
Сауатты жазуға төселу грамматикалық ережелерді әр алуан жаттығулар
мен жазу жұмыстарында дұрыс қолдана біліп, оларды жүйелі түрде жүргізу
нәтижесінде ғана қалыптасып, бара-бара дағдыға айналады. Оқушылардың
әр қилы жазу жұмыстарын өздерінің іс-әрекеттері арқылы орындап, оларды
дағдыға айналдыруы ой арқылы, сананың қатысымен жүзеге асады. Саналы
іс-әрекеттер,   жүйелі   машықтану   оқушылардың   орфографиялық   ережелерді
тиянақты меңгеріп, оларды жазба жұмыстарын орындауда емін-еркін қолдана
алуын қалыптастырады. Оқушылар тілдегі сөздерді, түрлі атауларды естілуі
мен   жазылуы   арасындағы   айырмашылықтарды   аңғарып,   оларды   жазу
жұмыстарында дұрыс қолданатын болады. Мұндай нәтижелерге оқушылар ең
алдымен   ережелердің     мәнін   ұғынып,   оларды   түрлі   жазба   жұмыстарында
қолдану  арқылы жетеді.
Адамның  әр   алуан   іс-әрекеттерді     үйреніп   меңгере   алуының   табиғи-
ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарымен дәлелденеді. Осы
заңдылықтарға   орай   үйрену     үдерісі     ми     алаптарындағы   уақытша
байланыстар (ассоциациялар)       негізінде       іске       асады.       Оқушылардың
орфографиялық  ережелерді   меңгеріп,   оларды   саналылықпен     жазу
жұмыстарында   қолданып   отыруы   ми   алаптарындағы   осы   уақытша
байланыстардың   жасалуы   болып   табылады.   И.П.Павлов   еңбектерінде
ассоциациялардың   үш   түрі   атап   көрсетілді.   Ассоциация   дегеніміз   -  бұрын
байланыссыз жатқан екі нүктенің  өзара  байланысқа түсуі. Осы заңдылықты
белгілі   психолог   С.Ф.   Жуйков   өзінің   «Психология   формирования
орфографических   навыков»   деген   еңбегінде   «адамның   бас     миы
қабығындағы     екі     нүктенің   байланысы»   деп   атайды.   Ассоциациялардың
78

бірінші түрі - шартты рефлекс. Мұны И.П.Павлов бұрын байланыссыз жатқан
екі нүктенің өзара байланысқа түсуі деп атайды. Екінші түрі - бір мезгілде
жүйке   жасушаларының   әсерінен   әрекеттер   арасында   байланыс   жасалуы.
Мұндай ассоциациялар - білімдеріміздің негізі. Ал ассоциациялардың үшінші
түрі   жай   немесе     жасанды   ассоциация     делінеді.     Бұл   -   бірімен-бірі
байланыссыз екі  дыбыс бірінен соң бірі қайталану нәтижесінде байланысқа
түседі,   немесе бір дыбыс өзінен кейін екінші дыбысты қажет етіп тұрады.
Жоғары   жүйке   қызметіндегі   осындай   заңдылықтар   білімдеріміздің   табиғи
негізін құрайды. «Павловские среды» деген еңбекте  уақытша байланыс, яғни
ассоциация   түсінудің,     жаңа     білімдерді   қалыптастырудың   негізі   деп
көрсетеді.   Осы   жағдайлар   -   оқушылардың   орфографиялық   ережелерді
саналылықпен меңгеріп, оларды жазба жұмыстарында қолдана алуларының
жалпы табиғи-ғылыми негізі, болмақ.
Арнайы жүргізілген оқыту экспериментінде жоғары қызметінің мұндай
заңдылықтары бірсыпыра жағдайды анықтап білуге мүмкіндік берді.
Біріншіден, сөздердің жазылуы мен айтылуы біріне-бірі сәйкес келмесе,
онда   орфографиялық   ережені   міндетті   түрде   басшылыққа   алып,   қолданып
отыру қажет. Ал сөздердің айтылуы мен жазылуы арасында айырмашылық
болмаса, онда сөздерді естілуінше жазып, есте сақтау керек. Мысалы:  қала,
дала,   ара,   жол,   мөр  т.б.   Ал  жазса,   қазса,   шекара,   ақ   марал  т.б.   сөздерді
қатесіз жазу үшін міндетті түрде орфографиялық ережелерді білу керек.
Екінші,   тәжірибе   жұмыстары   мен   жаттығулары   жүргізген   кезде   тіл
мұғалімі   оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге жұмсайтын уақытын
барынша тиімді пайдалана білуі қажет.
Үшінші, оқушылардың   сөздерді дұрыс жазып, олардың мәнін түсінуі
жеткіліксіз.   Айтылуы   мен   жазылуы   арасындағы   айырмашылығы   болатын
сөздерді   оқушылар   жете   түсініп,   олардың   дұрыс   жазылу   сырын   қанық
игереді.  Мысалы,   қазақ  тілінде  мынадай  орфографиялық  ереже  бар:  ашса,
өшсе,    сияқты   сөздердің   -са,   -се  деген       жұрнақтары    түбір   сөздің   соңғы
дыбыстарына бейімделіп  «-ша», «-ше»  болып естіледі, бірақ   жазуда ондай
сөздердің түбірін сақтап жазу керек. Мұндай сөздердің жазылу ережелерін
оқушылар   бастауыш   сыныпта-ақ   өткен.   Дегенмен,   әр   түрлі   себептерге
байланысты балалар мұндай ережені ұмытып, өздерінің жазба жұмыстарында
қателер   жіберуі   ықтимал.   5-6   сынып   оқушыларымен   жазба   жұмыстарын
жүргізгенде,   бұрынғы   өтілген   ережелерді   орайы   келгенде   қайталап   отыру
нәтиже береді. Мысалы, әріптердің емлесін өтуде мынадай жүйеде ережемен
таныстыруға болады. 
Ң әрпінің емлесі бойынша. Ң-дауыссыз дыбыс. Үнді дауыссыз дыбыс.
Тіл арты дауыссызы. Ң әрпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды. Ң –
мұрын жолды дыбыс. Мысалы, теңге, еңбекақы, маңызды теңдік, ыңғайлы,
қайырлы таң, таңердең, заң, таңба, қаңтар.
Ң әрпі сөздің басында жазылмайды, тек сөздің ортасында және соңында
келеді.
“Ң” әрпі мына жағдайларда қолданылады:
1.   Ілік   септігінің   жалғауында   (-ның;   -нің;   -дың;   -дің;   -тың;   -тің.).
79

Қызметкер+дің, Әселдің, министрліктің, қоғамның.
2.   Есімдіктер.  Менің,   сенің,   сіздің,   оның,   біздің,   біздердің,   сендердің,
сіздердің, олардың.
3. Жіктік жалғауының ІІ жағында (жекеше, көпше түрде) (-сің; -сың)
сен   отансүйгіш+сің,   сен   ақылдысың,   сендер   қызметкер+сің+дер,   сендер
мамансыңдар.
4. Тәуелдік жалғауының ІІ жағында (-ың, -ің, -ң). Сенің қызметкер+ің,
сенің атаң, сендердің жұмыс орын+дар+ың, сендердің деректерің.
Осы   жалғаудың   сыпайы   түрінде   (-ыңыз,   -іңіз,   -ңыз,   -ңіз).  Сіздің
қызметкер+іңіз, сіздің отбасыңыз, сіздердің мекенжай+лар+ыңыз, сіздердің
өтініш+тер+іңіз.
5.   Етістіктің   бұйрық   райының   ІІ   жағы,   көпше   түрі  отыр+ыңдар,
өткізіңдер, айтыңдар, жіберіңдер.
Осы жалғаудың сыпайы түрінде:  көрсет+іңіз, жасаңыз, көмектесіңіз,
барыңыз.
6. Сондай-ақ, ң дыбысы сөз ортасында немесе сөз соңында кездесетін
мына   сияқты   сөздерді   есте   сақтау   қажет.   Мысалы:  жаңа,   соңғы,   аңыз,
сұңқар, оң, мың, таңертең, шаң, қоңыр, қоңырау, маңай, шаңырақ, жаңалық,
кеңес, теңіз, оңай, оңаша, теңге, маңызды, қаңтар, шұңқыр, таңдау, кезең,
шаңырақ, алдыңгүні, алдыңғы, әңгіме, еңбек, ештеңе, жаңбыр, жаңылтпаш,
жаңылу, жеңімпаз, жеңіл, шаңғы, аң, маңдай, өңдеу, сең, таңба, таңдамалы,
шеңбер, терең.
Ң дыбысын   н дыбысымен шатастыруға болмайды. Ң-Н дыбыстарды
дұрыс қолданбаған жағдайда сөздердің мағынасы өзгереді: шын-шың, он-оң,
ен-ең, т.б.
Ө әрпінің емлесі бойынша. Ө - жіңішке, ашық, еріндік, дауысты дыбыс.
О дыбысының жіңішке түрі. Ө әрпі сөздің басқы буынында жазылады. Сөздің
coңғы буынында жазылмайды. Мысалы: өкімет, өнер, төлем. 
Орыс тілінен енген сөздерде о әрпі орын талғамайды. Мысалы: кимоно,
динамо, кино. 
О - жуан, Ө - жіңішке дауысты  дыбыс.  О, Ө әріптерінің жуан және
жіңішке болып келуінде фонематикалық мән бар: 
бол-бөл                           оз-өз                             соз-сөз
болды-бөлді                   ор-өр                            сол-сөл
боз-бөз                           орыс-өріс                     тор-төр
қош-көш                        от-өт                           тол-төл
Ескертуге мынадай анықтаманы беруге болады:
-   біріккен   сөздің   екінші   сыңарында   ө   әрпі   жазылады:  көркемөнер,
көкөніс.
- қос сөздің екінші сыңарында ө әрпі жазылады: көл-көсір
Эксперименттік   зерттеулерде   оқушылардың   бұрыңғы   өткен
орфографиялық  ережелерді  тиянақты  меңгере алмай, естілуі мен жазылуы
арасындағы   айырмашылығы   болатын   сөздерден   жазба   жұмыстарында
қателер жіберетіні анықталған болатын. Ал жазу жұмысындағы  қате  жіберу
себептері оқушылардың тіл  ережелерін  жалаң жаттап алып, мүдірмей айтып
80

беруді   ғана   мақсат   етуіне   байланысты.   Сондықтан   олар   сол   ережелерді
қажетті   жерінде   дұрыс   қолдана   алмайды.   Сондықтан   оқыту   үдерісінде
кездесіп отыратын осы жағдайдың себептерін тереңірек анықтау мақсатымен
айтылуы мен жазылуы арасындағы айырмашылық болатын сөздерді іріктеп
алып,   олардың   жазылу   ережесін   оқушылардың   қаншалықты   дәрежеде
меңгергендіктерін анықталады. 
Оқу  бағдарламасына сәйкес келетін кейбір тақырыптар мен ережелерді
орфографиялық   сабақтармен     ұштастырып   отыру   мүмкіншілігі   бар.
Сондықтан ретті жерінде өтілген тақырыптарды грамматикалық ережелермен
ұштастырып,   орфографиялық   қағидаларды   қайталап   отыруға   баса   мән
беріледі.
Оқушылардың   жазба жұмыстарында жіберілген емлелік қателері мен
оларға   байланысты   қағида-ережелерді   саналарында   тұрақтандыру
мақсатымен,   соларға   шендес,   ұқсас,   бір   тектес   сөздер   іріктеп   алынып,
олардың дұрыс жазылу емлесін қамтитын жаттығулар мен жазба жұмыстары
жүргізіледі.   Осындай   жұмыстарды   орындау   кезінде   қажет   болатын   тілдік
ережелер мен қағидаларды оқушылар естеріне түсіріп, оларға өз беттерінше
анықтама беріледі. Осы  бағыттағы  оқыту  жұмысы мұғалім жетекшілігімен
жеке   оқушылармен   де,   сыналушы   оқушылар   тобымен   де   жүргізіледі.   Ал
оқушылардың қате жіберген сөздері жаттығулар мен жазба жұмыстарының
мәтіндерінде әр түрлі ыңғайда, түрлендіріліп сан рет қайталанып отырылады.
Мұндай   тәсіл   оқушылардың   дұрыс   жазу   дағдысын   қалыптастыру
мақсатын   көздейді.  Сонымен  бірге оқушылардың  тіл  ережелерін  тиянақты
меңгеру жолындағы орындайтын   жазба жұмыстары олардың өз беттілік іс-
әрекеттерін   дамытып   отырумен   қатар,   ақыл-   ойын   да   өрістетіп   отыру
мақсатын қояды.
Оқушылардың   орфография   саласындағы   ережеге   байланысты
білімдерін, дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай талаптар қойылады:
1. Графикалық   форманы   есте   сақтап,   оны   тәжірибе   жүзінде   немесе
әріптердің   дыбысталуы     мен     жазылуы     арасындағы     ассоциацияны
қалыптастыру.
2. Морфемалардың мағыналары арасындағы ассоциацияларды санада
қабылдау.
Оқыту   жұмысының   осындай   нәтижелерін   іздестіре   отырып,
төмендегідей ережелік қорытындылар жасауға үйретуге болады:
1.   Оқушылар   жазба   жұмыстарын   орындағанда,   орфографиялық
ережелерді грамматикалық білімдерімен салыстырады, оларды басшылыққа
алып отырады. Дегенмен оқу үдерісінде жоғары сынып оқушылары бұрынғы
сыныпта     өткен       ережелерді   тиянақты   меңгере   алмау   себептерінен   жазу
жұмыстарында   жіктік   жалғауларды   жалғаулық   шылаулармен   өзара
шатастырып, қателер жібереді. 
2. Әдетте оқушылардың ұқсас ережелерді шатастыруы сол ережелердің
әрқайсысының   өзіндік   сипаттары   мен   мағыналарын   нақтылы   ажырата
алмауларына   байланысты.   Мұның   өзі   оқушылардың   ережелерді   дұрыс
қолдана алмай, жазу жұмыстарында қателер жіберуіне әкеліп соқтырады. 
81

Тұжырымдағанда,   ана   тілін   оқытуда   оқушылардың   орфографиялық
ережелерді меңгеруі жалпы грамматикалық ережелермен тығыз ұштастырып
жүргізіледі.     Ал     оқушылардың   жалпы   ана   тілінің   қағидаларын   меңгеруі
олардың   ақыл-ой   әрекеттерімен   байланыстырып   жүргізгенде   ғана   жемісті
нәтижелер береді. Осындай  талаптарды жүзеге асыру үшін, оқушылар әрбір
сөздің  жазылу емлесін жете меңгеріп, оны басқа сөздердің ерекшеліктерімен
шатастырмауы керек: екіншіден, жеке сөздердің  өзіндік емлесін жете түсініп,
жалпы орфографиялық ережелердің мәнін тиянақты меңгеру оқушылардың
дұрыс жазу дағдысын қалыптастырып, сауатты жазуын тұрақтандырады. Осы
тұрғыдан қарағанда, оқушылардың орфографиялық ержелерді меңгерулері -
ұзақ   мерзімге   созылып,   жүйелі   түрде   машықтанып   отыруды   талап   ететін
күрделі   психикалық   үдеріс.   Ережемен   жұмыста   жиі   қолданылатын
жаттығудың бірі-талдау.
Орфографиялық талдау – нәрселердің қасиет-белгілерін ойша ажырату.
Бір   нәрсені   екінші   нәрседен   ажырата   білу   -   айыру   деп   аталатын
физиологиялық үдеріс негізінде пайда болады. Жаттығу нәтижесінде дұрыс
қалыптасатын айыра білу - ой арқылы талдау үдерісінің жемісі. Онан әрі бұл
үдеріс     қайталана     берсе,   онда   ми   орталығы   мен   тітіркендіргіш   арасында
уақытша   байланыс   жасалады.   Сөйтіп,   оқу   үдерісін   ұғыну   осы   талдау  мен
біріктірудің алма-кезек ауысып отыру нәтижесінде жүзеге асады.
Орфографиялық   ержелерді   түсіну,   басқа   да   грамматикалық
материалдарды   ұғыну   сияқты,   жүйелік   ұстанымына   негізделеді.   Оқу
материалдарын   жүйелілікпен   ұғынуды   салыстыру   тәсілі   де   ерекше   роль
атқарады. Грамматикалық материалдарды оқушыларға салыстыру тәсілімен
ережелердің   нәзік,   елеусіз   деген   ерекшеліктерін   аңғарып,   оларды   өзара
шатастырмай   тиянақты   меңгеретін   болады. Орфографиялық   ережелерді,
грамматикалық   материалдарды   оқуышлардың   тиянақты   меңгеру   мақсатын
көздеп жүргізілетін жазба жұмыстары мен олардың табиғи-ғылыми негізін
қарастыра отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
1. Оқушылардың орфографиялық ережелерді  тек  ауызша жаттап алуы
жеткіліксіз. Меңгерілген білім нәтижелерін оқушылар жазба жұмыстарында
жүйелі түрде қолданып, оларды санасына сіңіреді.
2.   Оқушылар     оқу   материалдарын   әр   тарапты   түсініп,   олардан
туындайтын ережелерді өздігінен жасай алатын дағдыларға үйренетін болса,
ондай  материалдар есте тиянақты сақталады.
3. Балалар  мұғалім  жетекшілігімен  өздерінше бір емлелік ережеге тән
сөздерді     жан-жақты   талдап,   оны   екінші   емлелік   ережеге   тән   сөздермен
шатастырмайтын  дәрежеге  жеткенде, орфографиялық ереженің  мазмұны да
солғұрлым     кеңінен   танылып   айқындала   түседі,   сондықтан   ережені
мысалдармен дәлелдей білуге үйрету қажет.
4. Орфографиялық ережелерді  жазба  жұмыстарында  сан  рет қолдану
нәтижесінде оқушылардың автоматты іс-әрекеттері (дағдылары) қалыптасып,
ойлау  арқылы   жасалатын   түрлі     кейбір   амалдар   қысқарады.   Сөйтіп   тиісті
міндеттердің   шапшаң   орындау   қабілеті   дамиды.   Оқушылардың   сауатты
жазуға төселуі тек жазу жұмыстарын орындаумен шектелмей, олардың   әр
82

алуан   көмекші   құралдарды,    көркем   әдебиеттерді,      газет-журналдарды
оқып,  көздері  қанығып,  терминдер мен атау сөздердің неше алуан сырларын
ұғыну  арқылы  да  дамиды.  
Оқушылар білімін жетілдіруде жазба жұмыстарын орындаудың маңызы
ерекше   болатындығы   нақтылы   тәжірибелермен   айқындалды.   Біз   енді
оқушылардың   әр   алуан   әдіс-тәсілдермен   меңгерген   грамматикалық
ұғымдарын   түрліше   мәтіндерді   талдап,   тиісті   тапсырмаларды   шешуге
қолдана алу амалдарын қарастырайық. 
Тұжырымдағанда,   сабақтарда   жүргізілген   жазба   жұмыстарының
типтері мен түрлерін былайша жіктеуге болады:
Ережелерді игерту жаттығулары. Бұлар - оқушылардың белгілі тақырып
бойынша   грамматикадан   өткен   оқу   материалдарын   бекітеді.   Басқаша
айтқанда, жаттығудың бұл түрі балалардың оқып  үйренген білімдерін бекіту
жинақтау     мақсатымен     жүргізіледі.   Бекіту   жаттығулары   оқу
материалдарының қарапайымдылығы мен күрделілік ерекшеліктеріне сәйкес
оқушылардың берілген тапсырмаларды оқылған ережелерді қолдана отырып,
өздіктерінен     орындауын   көздейді.   Жаттығудың   бұл   түрі     білімді   игерту
жаттығулары деп аталады. Ал оқушылар белгілі мәтіндер мен сөйлемдерді
талдап,   олардан   мұғалім   жетекшілігімен   тиісті   қорытындылар   шығарады.
Жаттығуының бұл түрі - ереже шығаратын  жаттығулар делінеді. 
Нығайтушы   жаттығулар   бойынша   оқушылардың   орындайтын   жазу
жұмыстары, меңгеруге тиісті грамматикалық білімнің дамып қалыптасуы кең
көлемде   тілдік   қағидаларды,   анықтамаларды   және   заңдылықтарды   білуден
жалпылығы тар, ішінара, дара жағдайларға қарай ауысып, дедукциялық ойлау
әдісі   бойынша   дамиды.   Басқаша   айтқанда,   оқушылардың     грамматикалық
білімдері жалпы ержелерді оқып үйренуден жеке сөйлемдерді, сөздерді, дара
құбылыстарды   талдай   білуге   қолданылады.   Сөйтіп,     оқушылар
грамматикалық   қағидаларды   жеке   сөздер   мен   сөйлемдерді   талдау
нәтижесінде   жете   түсініп,   меңгеретін   болады.   Ал   жалпы   грамматикалық
ережелердің   мәнісін   жаттығуларды   орындау   арқылы   түсініп,   өздерінің   іс-
әрекет   тәсілдерін   дамытады.   Осындай   әркеттер   арқылы   оқып   білген   оқу
материалдарын тәжірибе жүзінде тексеріп, оларды анықтайды. Пысықтаған
материалдар оқушылардың  жадында  тұрақты сақталады. 
Ондай мағлұматтарды жаттығулар мен жазба жұмыстарын орындауға
қолданады.
Ал қағидалар мен ережелер шығарушы жаттығуларды орындау тікелей
пән   мұғалімнің   жетекшілігімен   жүргізіледі.   Оқып   үйренуге   тиісті   тіл
материалдары   оқушылардың   өздері   келтірген   мысалдар   арқылы   талданып,
олардан   тиісті   қорытындылар   шығарылады.   Сөйтіп,   тиісті   грамматикалық
ережелер дара, жеке сөйлемдерді талдаудан жалпы жағдайларға қарай көшіп
отырады.   Осындай   іс-әрекеттер   нәтижесінде   оқушылардың   әр   қилы
жаттығулар   мен   жазба   жұмыстарын   орындауы   дара   деректерден,   жеке
мысалдарды талдаудан жалпы ереже шығаруға қарай ойысып индукциялық
ойлау   әдісі   бойынша   дамиды.   Мысалы,   оқушылар   етістіктің   сөйлемдегі
қызметін   талдап,   етістік   көпшілік   жағдайда   сөйлемде   баяндауыш   мүше
83

болады   деген   жалпы   қорытындыға   келеді.   Мысалы,    ал   емлені   игертуде
осындай жалпы қортындыны басқа сөз табына байланысты қолданылады.
Мысалы,   зат   есімнің   баяндауыш   болуы   сызықшаның   қойылуы   туралы
ережеге әкеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет