Жапбаров Амангелді Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми


Орфографиялық емлені оқытудың педагогикалық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата08.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#1463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1.5. Орфографиялық емлені оқытудың педагогикалық негіздері
1.   Мектепте   орфографиялық   дағды   қалыптастырудағы   тіл
материалдарының көлемі мен  оқыту  жүйесі. 
Әрбір білім қағидалар жүйесінен тұрады. Әдістеме ғылымының негізгі
білім беру, оқыту теориясы дидактиканы негізге алады.
Дидактиканың негізгі категорияларына: білім беру, оқыту, үйрету, дағды
мен іскерлік, оқытудың мақсаты, ұйымдастырылуы, түрі, нысаны, әдіс-тәсілі,
оқытудың нәтижесі т.б. жатады. Яғни дидактика – оқыту, білім беру, оның
мақсаты,   мазмұны,   әдіс-тәсілі,   ұйымдастырылуы   туралы   ғылым.   Оның
әдіснамалық негізі таным философиясының нысанды заңдылықтары. 
Жалпы   білім   беретін   мектептегі   оқытудың   мақсаты   –   оқушыға   жан-
жақты   білім   мен   тәрбие   беру,   соның   негізінде   жеке   тұлға   ретінде
қалыптастыру.   Ал   міндеті:   халқымыздың   ұлттық   мәдени   мұрасымен
таныстыру;   қоғамның   қажетіне   қарай   біліммен   қаруландыру;   ғылыми
көзқарасын,   саяси,   нарықтық,   құқықтық   түсінігін   қалыптастыру,
шығармашылық   ойлауын,   өз   бетімен   білім   алу   мүмкіндігін   жасау,
адамгершілік,   азаматтық   бағыт,   бағдар   беру,   өз   ісіне     жауапкершілікпен
қарауға  тәрбиелеу  т.б.  Оқытудың   мазмұны  – нені  оқыту  мәселесіне   жауап
береді. Оқытудың мазмұнын пәннен берілетін білім мен одан қалыптасатын
дағды мен іскерлік құрайды. 
Әрбір   тілдік   материалдар   әдістемелік     жүйе   теориясы   бойынша
орналасады.   Ал   жүйе   дегеніміз   не?     Әр   сыныптың   шама-шарқына   қарай
сұрыптап алынған тілдік материалдардың  өзіндік белгілерін оқыту тәртібін
жүйе деп атайды. Қазақ тілі бағдарламасындағы тілдік материалдар белгілі
тәртіп бойынша орналасқан. Алдымен орта мектепте фонетика оқытылады.
Мектеп   жасына   дейінгі   сәбилердің   сөз   үйренуі   дыбыстарды   айтудан
басталады. Жас сәби айналадағы құбылыстарды дыбыстау арқылы көрсетеді.
Дыбыстардың   мағына   ажыратушылық   және   тұлғалық   ерекшеліктерін
аңғармай тұрып жеке сөздерді түсіну қиынға соғады. 
Осы фонетикалық материалдардан кейін тілдің лексика саласы өтіледі.
Лексика   сөздің   түрлі   мағыналық   ерекшеліктерін   қарастырады.   Дыбысты
және сөзді білген оқушы әр сөзге қосылатын қосымшалардың ерекшелігін
білуге   талпынады.   Содан   кейін   морфология   саласы   өтіледі.   Алдымен   сөз
құрамындағы   тақырыптарды,   сонан   соң   сөз   таптары   материлдары
оқытылады. Осы сөзді және олардың  қосымшаларын  білген оқушыларға сөз
бен   сөздің   байланысын,   сөйлем   мен   сөйлемнің   үйлесуін   білдіру   қиынға
соқпайды.   Сондықтан   да   синтаксис   тақырыптарының   оқытылуы     да   осы
52

орында беріледі.
Сондай-ақ бір тілдік саланың ішкі өтілу  тәртібі  де  білім беруде үлкен
қызмет атқарады. Фонетика материалдарының ішінен оқушыларға алғаш рет
алфавиттен   хабар   беріледі.   Алфавитті   бәрінен   бұрын   өтудің   негізгі   себебі
мынада:   1)   оқушылар   бастауыш   мектепте   өткенін   еске   түсіреді;           2)
бастауыш мектепте берілген білім кеңейтіледі; 3) Бұдан кейінгі тақырыптар
дыбыс   пен   әріптің   заңдылықтары   болғандықтан,   оны   жете   меңгертуде
септігін тигізеді; 4) алфавиттен  әріптердің  дыбыстық жағын еске түсіреді; 5)
сөздікпен жүргізілген  жұмыстар бұдан кейінгі еңбекті жеңілдетеді; 6) дыбыс
пен   әріп   туралы   алғашқы   білімдері   жинақталады;     7)   айту     мен   жазу
арасындағы   айрмашылықты   сезеді;   8)   есту   қабілеті   қалыптасады;     9)
жаттығулар арқылы қабілеті кеңейеді.
Алфавиттен   кейін   өтілетін   тақырыптың   бірі   –   тіл   дыбыстары.   Мұнда
сөздің   сөйлемге   бірігуі,   сөздің   буын   жігі,   буынның   дыбыстық   жағы,
фонетиканың   мағынасы   мен   зерттейтін   нысанасы   сөз   етіледі,   әріп   пен
дыбыстың   ара   қатынасы   салыстырылады.   Дыбыс   жасаудағы   сөйлеу
мүшелерінің   қызметі   айтылады.   Тіл   дыбыстары   туралы   түсініктен   кейін
буынның ең кішкене бөлшегі – дыбыс сөз болады. Бұл тақырыпты өтпей,
тілдің дыбыстық    жүйесіндегі дыбыс заңдарын білу қиын соғады. Дыбысты
үйрете   отырып,   оны   белгілеу   үшін   қабылданған   шартты   таңба   –   әріп
салыстырылады. Дыбысты айтуда әріпті жазып көрсету үлкен роль атқарады.
Дыбыстау мүшелері, дыбыс пен әріп жөнінде түсінік алған оқушыға дауысты
мен   дауыссыз   дыбыстарды   меңгертуге   қиындық   келтірмейді.     Дыбыстау
мүшелерінің   қызметі   дыбыстың   өзіндік   белгілерін,   яғни   дауыстылар   мен
дауыссыздардың   ерекшеліктерін   жете   ажыратуға   септігін   тигізеді.
Дауыстылар   мен   дауыссыздардың   өзіндік   белгілері,   жіктелуі   өтілген     соң,
дауыстылардың түрлері оқытылады.
Дауысты дыбыстардың ішінде алдымен еріннің қатысына қарай бөлінуі
өтіледі.   Езулік   дауыстылар   ерінді   дауысты   дыбыстармен   салыстырыла
түсіндіріледі.  Бұдан  кейін  дауыстылардың иектің қызметіне қарай бөлінуі
келеді.   Еріндік   және   езулікті   жете   игерген   оқушыға,   ашық,   қысаң
дауыстыларды саналы меңгертуге болады. Иектің төмен түсуі немесе жоғары
көтерілуі,   ауыздың     кең   және   тар   ашылуы   ашық   пен   қысаң   дауыстының
жасалуына байланысты. Ауыздың,  иектің  әрекетімен бірге ерін мен езу де
қозғалыста   болады.   Бұған   іле-шала   дауыстылардың   тілдік   қалпына   қарай
бөлінуі, одан кейін тіл дауыстыларды бірінен кейін бірі өтіліп қазақ тілінің
дыбыс  жүйесі игертіледі. Соңынан олардың емлесі үйретіледі. 
Дауысты   дыбыстардың   емлесі   дыбыс   жүйесінің   материалдарына
байланысты   оқытылады.   Мұнда   теориялық   білімді   орфографиямен
жанастыру   ұстанымы   көзделеді.   Бұл   жүйенің,   біріншіден,   дауыстылардың
түрлерін жете меңгерту үшін, екіншіден, сол түрлеріне байланысты берілетін
емлелік білімді терең ұғындыру   үшін,   үшіншіден,     әріптерді бір-бірімен
салыстыра, салғастыра таныту үшін, төртіншіден, берілетін білімді талдап -
жинақтап   жасау     үшін,   бесіншіден,   берілетін   білімнің   жігін   үзбей,   яғни
жүйелілікті сақтау үшін жаттықтырылады.  
53

Сонымен   бірінші   кезекте   еріндік   дауысты   дыбыстардың   емлесі
оқытылады. О, е, у, ү, ұ әріптерін еріндік дауысты дыбыстардан кейін өтіледі.
Бұдан кейін езулік дауысты  дыбыс  әріптерінің емлесі үйретіледі. Алдыңғы
тақырыпты   жетік   үлгерген   оқушылар   езулік   дауысты   дыбыс   әріптерінің
емлесін     ойдағыдай     меңгеріп     кетеді.   Езулік   дауысты   дыбыстар   туралы
теориялық   білім   а,   ә,   е,   э,   ы,   і   әріптерінің   емлесімен   байланыстырылады.
Оқушылар көздерімен көріп, қолдарымен жазады. Сөйтіп көру түйсігі мен
сезім түйсігі ұштасады. Осыдан соң и, е, ю, я әріптерінің емлесі оқытылады. 
Дауыстылар   мен   олардың   емлесінен   кейін   дауыссыз   дыбыстар   мен
олардың емлесі оқытылады. Дауыссыз  дыбыстардан  бірінші  кезекте  үнді
дауыссыз   дыбыстар   өтіледі.   Үнді   дауыссыздарды   бұлай   өтудің   мынадай
себептері бар: 1) үнді дауыссыздар ұяң мен қатаңға қарағанда дауыстыларға
бір табан жуық; 2) үнді мен дауыстыларды салыстыра талдау үшін өте қажет;
3) қатаңнан  ұяңның,   ұяңнан   үндінің үні басым; 4) үнді  мен  дауыстыларды
салыстыру   арқылы   дауыстылар   қайталанады;   5)   үнділерді   жете   меңгерту
үшін   оның   өзіндік   белгілері   ескеріледі.   Бұдан   кейін   үнді   дауыссыздардың
емлесі   теориялық   білімге   жанастырылады.   м,   н,   ң,   у,  л,   р,   й   әріптерінің
орналасу     тәртібі     оқушылардың   көру   қабілеті   мен   есту   қабілетіне   орай
беріледі. Ұяң дауыссыздар үнділерден кейін өтіледі. Ұяңда үндіге қарағанда
үн,   дауыс   солғындау.  Сондықтан   осы   тәртіпте   өтілуі   орынды.   Теориялық
білімнен кейін ұяң дауыссыздардың емлесі өтіледі. Олардың орналасу тәртібі
мынадай болады: б, в, д, з, ж, г, ғ, һ. Ұяң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
түгел оқытылады. Бұның емлелік сауаттылықты арттыру үшін және қатесіз
дағдыландыру үшін септігі мол.
Қатаң    дауыссыздар  ұяңнан кейін оқытылады. Қатаңды ұяңға қарама-
қарсы қойып, салыстыру   мағынасында өтілгені дұрыс. Қатаң дауыссыздар
былайша   тізбектеледі:   и,   ф,   т,  с,   ч,   ш,   щ,   к,   қ,   х.   Қатаң   дауыссыз   дыбыс
әріптерінің емлесі де  теориялық  мәліметтен  соң өтіледі. Бұлай еткенде: 1)
теориялық   білім   мен   емлелік   білім   қабысады;   2)   қатаң   дауыссыздардың
емлесінен хабар беру оқушылар біліміне, мұғалімнің уақытына, сағат санына
нұқсан келтірмейді; 3) қатаң дауыссыздардың емлесіне байланысты қателер
кетпейтін   болады;   4)   орфографиялық   сауаттылығы   артады.   Дауыссыз
дыбыстардан     соң     дауыссыз     әріптер     тіркесінің   емлелері   оқытылады.
Алдымен олар мына тәртіп бойынша орналастырылады: мб, мн, нг, нд, фт, ск,
кс, кт, рк тіркесінің емлелері бірінші кезекте, сонан соң мм, лл, тт, сс, стъ, зд
тіркесінің   емлелері   оқытылады.     Әріптер     тіркесі       әркелкі     әріптер   мен
біркелкі  әріптер  тізбегі негізінде орналастырылады. 
Осыдан   кейінгі   өтілетін   күрделі   тақырыптардың   бірі   –   буын.   Буын
туралы   мәлімет   және   оның   түрлері   оқытылады.   Тасымал   –   буынға   тығыз
байланысты. Сондықтан оның буыннан соң өтілуі заңды. Сөз бөлшектерінің
тасымалдануы   буынның   түрлеріне   тікелей   қатысы   бар.   Қазақ   тіліндегі
сөздердің екпіні әрқашан сөздің соңында, соңғы буында болады. Екпіннің,
негізінен, буынға түсуіне, буында болуына байланысты буын мен тасымалдан
кейін   өтілгені   мақұл.   Екпін   көптік   жалғауында   тұрсын   немесе   басқа
қосымшаларда   болсын   соңғы   буында   болады.   Сондықтан   екпін   буын   мен
54

тасымалдан кейін оқытылады.
Дауысты,   дауыссыз   дыбыстарды,   олардың   емлесін   және   буын   мен
тасымалды,   екпінді   өтіп   болған   соң,   осыларға   жанастыра   үндестік   заңы
өтіледі.   Үндестік   заңы   мынадай   мәселелерді   қамтиды.   1)   кейбір
орфографиялық мәселелер; 2) орфоэпиялық мәселелер; 3) буынға және  4)
екпінге   қатысты   мәселелер.   Сондықтан   үндестік   заңының   дыбыс   жүйесі
материалдарының ақырында оқытылуы орынды. 
Үндестік заңы туралы түсініктен кейін буын үндестігі өтіледі, өйткені
буын   үндестігі   -   дауыстыларға   байланысты   үндесу.  Дауыссыз   дыбыстарға
байланысты   үндесу   -   дыбыс   үндестігі   болып   табылады.   Дауысты
дыбыстардан     кейін   дауыссыз     дыбыстар   өтілетін   болғандықтан,   дыбыс
үндестігінің   де   осы   жүйемен   өтілуі   нәтижелі.   Дыбыс   үндестігің   ілгерінді
ықпалы   бұрын,   кейінді   ықпалы   кейін   өтіледі.   Түбір   мен   қосымшаның
аралығындағы   ілгерінді   ықпалдың   орны   морфологиялық   жүйе   бойынша
белгіленеді.   Сөз   бен   жеке   сөздер   құрамы   түбір   сөз   және   қосымшалы   сөз
болып   бөлінеді.   Бұдан   соң   сөздердің   бірігуі     және   сөздердің     тізбектеліп
тіркесуі  ескеріледі.
Сондай-ақ   ілгерінді   ықпалды   өтуде,     алдымен   сөз,   оның   қосымшасы
біріккен   сөз   және   сөз   тіркестері   жүйесі   ескеріледі.   Түбір   сөздегі   соңғы
дыбыстың   қосымшадағы   басқа   дыбысқа,   біріккен   сөздің   алғашқы
сыңарларының соңғы   дыбысы кейінгі   сыңардың басқа   дыбысына, қатар
келген   бірнеше   сөздің   алғашқысының   соңғысына   әсер   етуі   сөз   етіледі.
Ілгерінді   ықпалды   жете   меңгерген   оқушыға   кейінді   ықпал   заңдылықтары
оншалық   қиындық   келтірмейді.   Кейінді   ықпалдың   түбір   мен   қосымша
аралығындағы,     біріккен   сөз   сыңарларының   аралығындағы,   сөз   тіркестері
аралығындағы   үндесуі   оқытылады.   Дыбыстардың   бір-біріне   ықпал   етіп,
өзара   үндесуінің   орфоэпия   мен   орфографияға   тікелей   қатысты   екені
бұрыннан белгілі. Мектепте бұл мәселені оқытып-үйрету тек дыбыс жүйесі
тақырыптарын   өтумен   шектеліп,   сонымен   бітіп   қалмауы   керек.
Дыбыстардың ықпал ету, үндесу заңдылығын  морфология бөлімінде әр түрлі
жалғауларды (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) оқытуда қайталап, еске түсіріп
отыру қажет. Сонда оларды оқушылар жадында сақтайтын болады, мұның өзі
олардың   орфоэпия   мен   орфографияның   ара   қатысын   жете   білуіне
көмектеседі.
Морфологиялық   тақырыптардың   ішінде   алдымен   сөздердің   жасалу
материалдары   оқытылады.   Сөз   құрамы   тақырыптары   төмендегі   тәртіппен
жеткізіледі:   түбір   сөз,   туынды   сөз,     біріккен   сөз   және   қысқарған   сөз.   Ол
тақырыптардан   кейін   қосымша   материалы   екі   түрге   ажыратылып,   жұрнақ
пен   жалғаулардан   білім   мен   дағды   беріледі.   Тіліміздегі   сөз   бен   сөзді
байланыстыратын төрт түрлі жалғау мынадай тәртіппен оқытылады: көптік
жалғау,   тәуелдік   жалғау,   септік   жалғау   және   жіктік   жалғау.   Сондай-ақ
тіліміздегі тоғыз сөз таптары төмендегі тәртіппен үйретіледі: зат есім, сын
есім,   сан   есім,   есімдік,   етістік,   үстеу,  еліктеу   сөздер,   шылау   сөздер   мен
одағайлар. 
Қазақ     тіліндегі   қосымшалардың   орналасу   реті   мен   оқытылу   тәртібін
55

белгілеу үшін алдымен қосымшалардың сөзге жалғану тәртібіне негізделеді.
Алдымен көптік жалғауы, бұдан кейін тәуелдік жалғауы,   одан соң септік
жалғауы,   ақырында   жіктік   жалғауы   өтіледі.   Сондай-ақ   біріккен   сөздерден,
қос   сөздер   мен   қысқарған   сөздерден   кейін   зат   есімнің,   сын   есімнің,   сан
есімнің, есімдіктің, етістіктің, үстеудің және еліктеу сөздердің қосымшалары
оқытылады. 
Орта мектеп оқуышыларына қазақ тілінің синтаксис материалдары үш
салаға   ажыратылып   оқытылады:   1)   сөз   тіркесі   синтаксисі;   2)   жай   сөйлем
синтаксисі;   3)   құрмалас   сөйлем   синтаксисі.   Алдымен   синтаксис   туралы
түсінік беріледі де, сөйлемнің мағынасына қарай түрлері төмендегі тәртіппен
оқытылады: хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдер. Сөз тіркесі
синтаксисінің   тақырыптары   мына   тәртіппен   оқытылғаны   жөн:   сөз
тіркестерінің құрылысы мен грамматикалық мағынасы, күрделі сөздер мен
тұрақты   тіркестер,   тақырыптары.   Сөздердің   байланысу   түрлері   төмендегі
тәртіппен оқытылады: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Оқушыларға сөйлем мүшесінен алдымен дара және күрделі мүшелерден
білім   беріледі.   Сөйлемнің   тұрлаулы   мүшелері   мен   күрделі   бастауыш,
баяндауыш,   дара   және   күрделі   баяндауыш,   күрделі   баяндауыштың,
бастауыш     пен   сөйлемнің   түрлері   -   ыңғайлас,   қарсылықты,   түсіндірмелі,
себеп-салдар, талғаулы және кезектес салалас сөйлемдер, салалас құрмалас
сөйлемнің   көп   құрамды   түрлері,   салалас   құрмаластың   тыныс   белгілері.
Сондай-ақ   оқушыларға сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінен төмендегі
тәртіпте білім беріледі: сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік, сабақтас
құрмалас сөйлемнің түрлері - шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы,
себеп-салдар   бағыныңқы,   мезгіл   бағыныңқы,   қимыл-сын   бағыныңқы   және
мақсат   бағыныңқы   сабақтас   құрмалас   сөйлемдер.   Сабақтастардың   тыныс
белгілерін,   жарыспалы   көп   бағыныңқы   сабақтас,   сатылы   көп   бағыныңқы
сабақтас,   көп   басыңқы   сабақтас   құрмалас   сөйлемдер,   аралас   құрмалас
сөйлемдер, аралас құрамаластың тыныс белгілері, тақырыптары.
Сонымен бірге оқушыларға төл сөз бен төлеу сөзден төмендегі тәртіпте
білім беріледі: төл сөз бен төлеу сөз жайында жалпы түсінік, төл сөз бен
автор сөзі, төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі, төл сөздің тыныс белгілері,
төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары оқытылады. Мектеп оқуышларына
тіл ұстарту материалдарын  тілдік  салалардан  кейін  беріледі. Тіл  ұстарту
материалдары мына тәртіппен оқытылады: тіл ұстарту – стилистиканың бір
тармағы, тіл ұстарту түрлері, тіл туралы мәлімет, тілдің мәні мен қызметі, тіл
– тарихи құбылыс,  қазақ тілі – ұлт тілі, қазақ тілі – мемлекеттік тіл,  қазақ
тілінің  дамуы, қазақ әдеби тілінің стильдері туралы мәлімет,  қазақ әдеби тіл
– қуатты құрал.
Тұжырымдағанда, емле, тыныс белгілер 5-8 сыныптарда әрбір тілдік
материалдары   негізінде   үйретіледі.   Оқыту   нәтижелі   болу   үшін   емлені
оқытудың ұстанымдары негізге алынады.
2.   Орфографияны   оқытудың   ұстанымдары.  Оқу   үдерісінің
мазмұнын,   мақсаты   мен   ұйымдастырылу   формасын   айқындауда
дидактикалық ұстанымдардың маңызы зор. Өйткені дидактикалық ұстаным
56

дегеніміз – материалдың мазмұнын жеткізудің негізі болып табылады. Яғни
мұғалім   пән   бойынша   кез   келген   тақырыпты   дидактикалық   ұстанымдарға
негіздеп өтеді.
Оқытуда табысқа жету көп жағдайда оқушылардың  қабылдауын дұрыс
ұйымдастыруға байланысты. Міне, осыдан келіп қабылдаудың айқындылығы
оқытудың бірінші   ұстанымын   құрайды.   Ал оқыту үдерісінде көру, сезіну
арқылы   қабылдау   маңызды   роль   атқаратындықтан,   бұл   –   дидактика
көрнекілік ұстанымы  деп аталады.
Көрнекілік және қабылдаудың   айқындығы   өтіліп отырған нысанды
саналы түсіну үдерісімен тығыз байланысты. Зейінді нысанға шоғырландыра
отырып, кұбылыстың мәнін білу, онда қандай байланыстылық бар екендігін
аңғару, байланыстардың  себебін ашу,  өтіліп отырған құбылысты жан-жақты
тану   мүмкіндігін   береді.   Бұдан   білімді   белсенді   түрде   меңгеру   ұстанымы
келіп шығады.
Оқытудың келесі кезеңінде білімді пысықтай отырып, оны бекіте түсу
үдерісін жүзеге асыру болады. Бұл - меңгерілген білімнің беріктік ұстанымын
туғызады.   Білімді   саналы   және   берік   игеру   материалды   оқушының   шама-
шарқына   лайық   оқытқанда   ғана   жүзеге   асырылмақ.   Дұрыс   қабылданған
немесе оқушының меңгеруге шама-шарқы жетпеген материалдар оқытудың
келесі кезеңдерінде түсінікті болуы тиіс. Демек, үйретілетін материал белгілі
бір   жүйемен   құрылуы   тиіс.   Мұндай   талап   оқытудың   бірізді   және   жүйелі
құрылу   ұстанымын   қажет   етеді.   Ең   соңында,   оқытудың   ең   маңызды
ұстанымы   ретінде   ғылымға   негізделген   ұстанымы   алынады.   Бұл
дидактикалық   ұстанымдарды  орфография   мен   пунктуацияны   оқытудағы
ерекшеліктерін қарастырайық: 
  Оқытудың   ғылымилық   ұстанымы.   Ғылым   адам   (қоғам)   өмірінде
маңызды   рөл   атқарады.   Сондықтан   мектепте   берілетін   білім   жас   ұрпақты
ғылым   негіздерін   игеруге   мүмкіндік   жасайды.   Оқытудың   ғылымилық
ұстанымы   мектепте   берілетін   білім   мазмұнына   негізделеді.   Осыған   орай
мұғалім  тілдік  құбылыстарды  түсіндіруде  олардың ғылыми негізін ашуға
оны   индуктивті,   дедуктивті   жолмен   түсіндіруге   тырысады.   Оқушыларды
ғылымның соңғы жаңалықтарымен таныстыру оқу-тәрбие үдерісін ғылыми
негізде ұйымдастыруда маңызды. Мысалы, «Күрделі сөздің» кейде «Құрама
сөз»   деп   аталатынын   ескере   отырып,   Н.Уәлиевтің   ол   туралы   мақаласын
оқушыларға   беруге   болады.   Мұндай   жұмыстар   оқушылардың,   біріншіден,
материалды   тереңірек   түсінуіне   мүмкіндік   жасаса,   екіншіден,   оларды
ғылымға   қызықтырады,   үшіншіден,   ғылыми   еңбектерді   оқи   білу   дағдысы,
мәдениеті  қалыптасады.
Мектеп   оқыту   жұмысының   негізіне   білімнің   ғылымға   негізделу
ұстанымын алады. Демек, оқушы меңгерген білім ғылыми болуы керек деген
сөз.   Барлық   пәндерден,   соның   ішінде   қазақ   тілі   пәнінен   жасалған
бағдарламалар мен оқулықтар осы ұстанымды басшылыққа алады. Білімнің
ғылымилығы ең маңызды   ұстаным  болып табылады.
Оқушылардың   сауатты   жазуға   үйретуде   тыныс   белгілерінен   алған
теориялық   білімін   жаттығу   жұмыстарды   орындату   арқылы   дағдыға
57

айналдыруға болады. Тыныс  белгілерін дұрыс қойып жазуға жаттықтыратын
өнімді   жұмыс түрлерінің бірі пунктуациялық талдау және  мұғалім оқыған
сөйлемді жазғанда,   қандай тыныс белгілерін қою керектігі туралы ережені
игерту;   Сондай-ақ   сөйлемнің   мағынасы   мен   интонациясына   қарай
оқушыларға белгілі бір сөзден кейін қоюға тиісті тыныс белгісін жазғызып
отыру; тыныс белгісін жатқа қою (жаттаған өлеңді немесе әңгімені тыныс
белгісін   қойып   жазғызу);   жай   сөйлемнен   мүшелерін   немесе   құрмалас
сөйлемнен оның белгілі бір компонентін тапқызып, олардан соң  қойылатын
тыныс   белгісін   айтқызу,  тыныс   белгісі   қойылмай   жазылған   сөйлемдердің
тыныс белгілерін қойғызу; белгілі бір ережеге сай мысалды ойлап  дәлелдету;
тірек   сөздерді   ендіріп   сөйлемдер   құрау,   тыныс   белгісін   қойғызу;   сызба
бойынша   сөйлем     құрастыру;   картина   бойынша   сөйлемдер   айту;   диктант,
мазмұндама, шығарма жазу, тағы басқалар. Жаттығу арқылы дағдыландыру
жұмыстарының қайсысының қай сабақта жүргізілуі   өтіліп отырған тыныс
белгісіне және сабақтың мақсатына байланысты болмақ. 
Оқытудың   жүйелілік   ұстанымы.   Сыртқы   ортаның   нақты   бейнесі
жүйелі түрде мида кескінделгенде, адам нақты, терең білім алатыны белгілі.
Білім жүйелі түрде қалыптасуы үшін оны дұрыс ұйымдастыру қажет, яғни
материалдың ішкі логикасы сақталуы, оқушылардың танымдық мүмкіншілігі
ескерілуі;   дағды   мен   іскерлікті   қалыптастыратын   жұмыстардың   көбірек
орындалуы,   оқушылардың   логикалық   ойлауын   қалыптастыру   жұмыстары
жүргізіледі.   Бұл   ретте   оқу   материалын   бөлшекке,   блокқа,   модульге   бөліп
оқыту   тиімді.   Мысалы,   күрделі   сөзді   және   олардың   емлесін   екі   бағытпен
беруге   болатын   сияқты:   бірінші   бағыт:   теориялық     блок,   яғни     күрделі
сөздердің  теориялық  сипатын  ашу, екінші бағыт: сауаттылық блогы. Онда
күрделі сөздердің емлесі, оны игертуге арналған жұмыстар жүргізіледі. Оқу
пәні   ғылымның   кішірейтілген   көшірмесі.   Сондықтан   оқушыларға   оның
жүйесін көрсету; ұғымдарды қалыптастыру, басқа пәндермен байланыстыру
нәтижелі болып есептеледі. 
Жүйелік   ұстанымына  оқу материалдарын   дұрыс    орналастыру   да
енгізіледі:   оқу  материалының   дұрыс,   бір-бірімен   сабақтаса   орналасуы,
берілуі, үйретілетін материалды оқушының   тиянақты, жүйелі, бірізділікпен
қабылдауына   мүмкіншіліктер   жасайды.   Материалды   дұрыс   орналастыруда
оқушының   жас   ерекшелігі   ескеріледі.   Бұл   ұстаным   оқытудың   алдын     ала
болжау  ұстанымымен  ұштасып  жатады.
Жүйелілік   негізінде   құрылған   бағдарламалық   материалдарды   бір-
бірімен   байланыстыра   отырып   бұрын   берілген   материал   мен   келесі
материалдың   сабақтас   болуын   көздейді   Материал   орналастырудың
жүйелілігі оны оқытудың  шамаға  лайық болуын да ескеріп отырады. Оқу
материалдарын   жүйеге   түсірген   кезде   шамаға   лайықтаудың   белгіліден
белгісізге   қарай,   оңайдан   қиынға   қарай,   жақыннан   алысқа   қарай   оқыту
ережелері сақталады.
Әрбір   жеке   пән   бойынша   материалды   жүйелі   орналастыру
оқушыларды да жүйелі оқуға міндеттейді. 
Оқытудың   саналылық   ұстанымы   –   материалды   құрғақ   жаттамай,
58

түсініп,   саналы   меңгеруі.   Белсенділік   пен   саналылық   ұстанымының
негізінде   оқушының   ақыл-ой   әрекеті   арқылы   жеткен   материалды   саналы
меңгеру   бірнеше   деректермен   байланысты;   білім   алу,   оқудың   мотиві,
оқушылардың   танымдық,   белсенділік   деңгейі,   оқу-тәрбие   үдерісінің
ұйымдастырылуы,   оқушылардың   танымдық   әрекетін   басқара   алу,   әдіс-
тәсілдердің әр түрлілігі т.б. Мысалы,   күрделі сөздердің емлесін үйретуде
саналылық   және   белсенділік   ұстанымын   іске   асыру   үшін   -   материалды
игертудің мақсаты, маңызы, мәні ашылуы керек. Атап айтқанда:
-
оқуш
ылар күрделі  сөздің  емлесін игерудің қажеттілігін білуі;
-
ақыл-
ой әрекетін туғызатын әдіс-тәсілдерді пайдалану (салыстыру, анализ, синтез,
жүйелеу т.б.)
-
оқуш
ының өз беттерімен ізденуі;
-
логик
алық жүйелілікті сақтау;
-
ереже
нің табиғатын бірнеше мысалдармен ашу;
-
игері
летін материалдың ең негізгісін біліп алу;
-
игерг
ен білімдерін іс жүзінде қолдана алу;
-
оқуш
ылардың шығармашылық ойлауына, сұрақ қоя білуге, оның жауабын  тыңдай
білу мәдениетінің қалыптасуына, т.б. мүмкіндік  жасалуы тиіс.
Тұжырымдағанда,  білімнің тиянақты болуы материалды саналылықпен
игеруге байланысты. Бұл  ұстанымның  мәні эмпирикалық  теориялық  білім
мазмұнын   игеру    мен    оқушылардың   таным   қабілетін   дамытуда  жатыр.
Білімнің беріктігі тек нысанды деректерге (оқу материалының мазмұны мен
құрылымы) ғана емес, оқушылардың оқу материалына мұғалімге қатысы, оқу
үдерісін  ұйымдастыруына,  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдануға да байланысты.
Сондай-ақ,   оқушылардың   білімі   берік   те   терең    болуы    білімнің    дұрыс
қабылдануына   да   байланысты.   Ол   үшін   оқушыларға    арнайы    сөздік,
анықтағыштармен жұмыс істету керек.  Мысалы,  бірге жазылатын сөздерді
оқушылар   орфографиялық   сөздіктен   өздері    іздеп,    жазылуын   естеріне
сақтағаны тиімді. 
Білімнің   берік   болуында   қайталаудың   маңызы   зор.   Қайталау,   бекіту
материалдары   оқушының   тек   есінде   сақтауын   емес,   ойлау   қабілетін   де
арттыратындай  болуы қажет. 
Оқушылар материалды саналы түсінулері үшін,   мұғалім сабағында
қандай  мақсат  көздейтіндігімен алдын ала таныстырылады. Бұл -  оқушылар
зейіні   көзделген   мақсатқа     аударылып,     материалды     дұрыс   қабылдауда,
байқағыштық   қабілетін   арттыруда,   сабақтың     тиімді   өтуінде   өте   маңызды
әсер етеді.
59

Шамаға   лайықтау   ұстанымы.   Оқыту   жұмысы   шамаға   лайықталуы
керек, онсыз оқыту да, табыс та, саналық  та, белсенділік те, тәрбиелік те
сипат   болмайды.   Оқушының   табиғаты,   даму   ерекшелігі,   жеке   басының
қасиеті   ескеріліп   отырылуы   тиіс.     Шамаға   лайықтауда   мына   жағдайлар
ескеріледі:   а)   оқушылардың   жас   ерекшеліктері,   ә)   білім   дәрежелері,   б)
бағдарлама аумағы.
Жоғарыда   көрсетілгендерден   басқа   мұғалімнің   оқыту   шеберлігіне,
оқытуды   шамаға   лайықтап   құру   ережесін   дұрыс   жүзеге   асыра   білуіне
байланысты. Ондай ережелер мыналар: а) белгіліден белгісізге қарай оқыту,
ә)   оңайдан     қиынға   қарай   оқыту,   б)   жақыннан     алысқа     қарай   оқыту.
Белгіліден белгісізге қарай оқыту ережесі оқытудағы таным үдерісінің негізі
болып табылады. Мысалы, балаларға хат танытып, олардың дұрыс оқи және
жаза алуын қамтамасыз етпей тұрып, грамматиканы оқыту мүмкін емес.
Оңайдан қиынға қарай оқыту да белгілі бірізділікті көздейді. Балаға жазу
үйрету   жеке   әріпті   жаздырудан   басталады   да,   одан   буындап   жаздыруға
көшіріледі, сонан соң барып тұтас сөз,  сөйлем  жаздырылады.
Жақыннан  алысқа   қарай оқыту көбінесе материалдың орналастырылу
тәртібі   арқылы   көрінеді.   Мысалы,   сөздің   ең   кіші   бөлшегі   сөз   құрайтын
бөлшек,   дыбыс   болғандықтан,   грамматикада   ең   бірінші   болып   фонетика
оқытылады, одан кейін грамматиканың басқа салалары күрделілігіне   қарай
орналастырылады,     бұл   теориялық   материалдарға   орай   олардың   емлесі
үйретіледі. 
Шамаға лайықтау   ұстанымы   жүзеге асыруда оқушының   жеке-дара
ерекшелігін   де   ескеріп   отыру   қажет.   Әрбір   адамның   дамуында,   өмір
тіршілігінде,   мінез-құлқында   қабілетінде   өзіндік   сипат   ерекшелік   қасиеті
болады.   Сондықтан   әр   оқушыны   сабақ   үстінде   де,   мектептен   тысқары   да
бақылап, әрқайсысының оқу қабілетіне, сөйлеу шеберлігі мен жазу сауатына,
қандай жағдайда дұрыс түсініп, белгілі ұғымды меңгеретініне көңіл аударып,
есептеу – бұл ұстанымның нәтижелігін арттырады. 
Көрнекілік ұстанымы. Көрнекілік  ұстанымын  теориялық    жағынан
бірінші болып негіздеген    Я.А.Коменский  болса, орыс  педагогтары  ішінде
К.Д.Ушинский көрнекіліктің мәнін психологиялық жағынан да зерттеді. Ол -
көрнекілік туралы былай деп жазды: «Бұл – дерексіз түсініктер мен сөздерге
емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылған ілім... нақтыдан
дерексіз,   түйсінуден   ойлауға   қарай   оқыту   соншалық   табиғи   және     айқын
психикалық     заңдылыққа   негізделеді»   [68].   Сонымен   бірге:   «Көрнекі
оқытудағы   басты   мақсат,-   деп   жазды   Ушинский   -   байқағыштыққа,   оймен
топшылауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын   сөзбен     айтып     бере
білуге,     сондай-ақ     одан     логикалық     қорытындылар шығаруға үйрету
болып табылады» [68].
Көрнекіліктің  ғылыми  негізі философияның таным теориялары мен
И.П.Павловтың жоғарғы нерв қызмет туралы  іліміне негізделген.
Өмірде бар заттар мен кұбылыстарды   көрсету арқылы көрнекі оқу
құралы   мектеп   оқуын   өмірмен   байланыстырады,   сөйтіп   теорияны
тәжірибемен ұштастыру жөніндегі дидактикалық ұстанымды жүзеге асыруға
60

көмектеседі;   оқушыларда   жүйелі   түсініктер   мен     ұғымдар   қалыптастыру
ісінде     мұғалімге   көмекші   болады.   Оқушылардың   логикалық   ойлауы   мен
тілін дамытуда зейінін белгілі максатқа аударуға, шығармашылық  талғамын
дамытуда     көмектеседі;   өтілген   оқу     материалдарын   берік   меңгерту
мүмкіндігін  жасайды.
Көрнекіліктің   мақсаты   оқушыларға   нақтылы   нәрсені   көрсету   ғана
емес,   нақтылықтан   дерексіз   қорытынды   жасап   отыруға   үйрету   болып
табылады.   Нақтылы   көрнекі   материалды   саналы   түрде   меңгеру   үшін,
қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, талдау жасау керек болады.
Дұрыс байқай отырып, оқушы көргеніне анализ жасауға, негізгісі қайсысы
екенін   ажыратуға,     салыстыруға,   жалпылама   қорытынды   жасауға,
заңдылықтарын анықтауға үйренеді. Нәтижеде   сауатты   жазуға дағдылана
бастайды.
Көзбен   көру   сезіну   арқылы   материалды   есте   сақтау.   Көрнекілік
ұстанымы   туралы   Я.А.Коменский   көрнекті   оқытудағы   басты   мақсат
оқушыны   байқағыштыққа,   оймен   топшылауға     жаттықтыру   және   өзінің
байқағандарын   сөзбен   айтып   бере   білуге,   сондай-ақ   одан   логикалық
корытынды  шығаруға  үйрету болып  табылатындығын атап  өткен еді [73].
Тұжырымдағанда,   жалпы   дидактикалық   ұстанымдар   –   бұл   оқу
үдерісінің жалпы заңдылықтарымен мақсаттарына сәйкес әдіс-тәсілдері мен
ұйымдасқан қалыптарын, мазмұнын анықтайтын базистік ереже. Сондықтан
жалпы дидактикалық  ұстанымдардың  рөлі төмендегідей анықталады:
-
оқу
үдерісінің көптеген заңдылықтарының   бірлескен әрекетін білдіреді;    
-
мұғал
ім мен оқушының әрекетін реттейді;
-
оқыт
удың   барлық  кезендерінде   барлық   оқу   пәндерін   оқытуда   соның   ішінде
орфограмманы меңгертуде өзінің жалпы маңыздылығын сақтайды.
Ол үшін мынандай мәселелер анықталады: 
         - жалпы  орфограмманың барлық түрлерін меңгерту;
- жеке орфограмманың әртүрлі бөлімдеріне қатысты орфограммаларды
игерту;
-орфографияны   меңгертуде   грамматика   мен   фонетика   арасындағы
байланысы арқылы тіл   жүйесін  негізге алу
-
орфограммалардың   танымдық     белгілерін   тіл   материалдары
бойынша игерту. 
Бұл байланыс мынандай жүйеде жүргізіледі: 
-
белгі
лі бір морфемада дыбыстарды салыстыру;
-
дыбы
стар және олардың  фонетикалық ортасы;
-
жалқ
ы  және жалпы есімдер;
-
сөз
61

мағынасы және сөз құрылысы;
-
сөз
таптары және сөйлем  мүшелері;
-
сөз
құрамына қарай талдау.
Бұл   ұстанымдар   жалпы  орфографияға   қатысты   болса,   сондай-ақ
тыныс белгілердің де қойылу  ұстанымдары бар: 
1. Грамматикалық ұстаным. Грамматикалық ұстаным дегеніміз тыныс
белгілерін   грамматикалық   ережелер   негізінде   қою.   Грамматикалық
ұстанымды, басшылыққа алғанда, оқушылар алдымен сөйлемнің құрылысы
мен құрамын және оның түрлерін ауызша талдай білуі шарт. Сонан кейін
сөйлемнің құрылысы мен құрамына және оның түріне қарап, сол сөйлемді
жазарда қандай  грамматикалық ережелерге сүйеніп қандай тыныс белгілерін
қоюдың   қажеттігін   алдын   ала   ойластырып   алады.   Соңынан   мұғалім   сол
сөйлемді жазуды талап еткенде, белігілі бір тыныс белгілерін қою жөніндегі
өз ой қорытындысына көзі жеткеннен кейін ғана, жазу үдерісінде сөйлемнің
керек   жеріне тиісті тыныс белгілерін   қойып жазуына   болады.     Сөйлемді
жазып  болған  соң,  оны  мұғалім  соңғы  рет оқығанда немесе өзі іштей тағы
бір рет оқып қойған тыныс белгілерінің дұрыс-бұрыстығын тексергені  жөн.
Қазақ   тыныс   белгілерінің   көбі   грамматикалық   ережелерге   сүйеніле
қойылады. Әсіресе сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері мен құрмалас сөйлемнің
түрлерінің   және   төл   сөз   бен   бастауыштың,   тағы   да   басқа   синтаксистік
тұлғалардың   тыныс   белгілері   грамматикалық   ережелерге   негізделе
қойылады.   Бұл   сияқты     синтаксистік   тұлғалардың   тыныс   белгісін   дұрыс
қойып жазу үшін, олардың өзіндік грамматикалық белгілерін оқушылардың
білуі керек. Мұнсыз олар сөйлемді түр-түрге бөліп ажырата  алмайды,  сол
сияқты   сөйлемнен   бірыңғай   мүшені   немесе   төл   сөзді,   тағы   басқа   да
синтаксистік   тұлғаны,     олардың   тыныс   белгісін   дұрыс   қоя   алмайды.
Сондықтан   қазақ   тілінің   тыныс   белгісін   жете   білуде   грамматикалық
ұстанымды  басшылыққа алудың мәні зор.
2.   Мағыналық   ұстаным.   Мағыналық   ұстаным   дегеніміз   сөйлемнің
тыныс   белгісін   синтаксистік     категориялар   мен   синтаксистік   тұлғалардың
мағынасына негіздей қойылуы. Қазақ   тыныс белгілерінің ішінде нүкте (.),
сұрақ   белгісі   (?),   леп   белгісі   (!)   және   тырнақша   сияқтылар   мағынаға
негізделе     қойылады.   Хабарлы,   сұраулы,   лепті   сөйлемдердің   қандай   ойды
ажырата білмеген оқушылар олардың соңынан  тыныс  белгісін  дұрыс  қоя
алмайды.
Салалас,   сабақтас   сөйлемдердің   әр   түрінің   мағынасын   (себеп,
қарсылық,   талғау,  мезгіл,   шарт   тағы   басқа   мағына   білдіретінін)   білмеген
оқушылар олардың қай компоненттерінен  кейін қандай тыныс белгісін (үтір,
қос нүкте, сызықша т.б.) қоятынын игермейді. Сол  себепті де тыныс белгісін
үйретуде мағыналық ұстанымды  басшылыққа  алудың мәні зор. Егер оқушы
кейбір   тыныс   белгісі   синтаксистік   тұлғаның   мағынасына     қарай
қойылатынын білсе ғана, сол синтаксистік тұлғаларды дұрыстап жаза алады.
Мәселен, оқушы жалғаулықсыз салалас себеп мағынаны білдіретінін аңғарса
62

ғана,   оның   арасына   қос   нүкте   қойып   жазады.   Сол   сияқты   жалғаулықсыз
салалас   қарсылықты   мағынаны   білдіретіндігіне   көзі   жеткенде   ғана,   оның
арасына сызықша қойып жазады.
Сонымен,   белгілі   бір   синтаксистік   тұлғалардың   мағынасына   қарай
тыныс белгісін қою, яғни мағыналық ұстаным, кейбір синтаксистік тұлғамен
тыныс   белгісінің   мағынасының   бірлігін,   немесе   бір-бірімен   тығыз
байланыста екенін айқындайды және қазақ тілінің тыныс белгісін дұрыс қоя
білуді іс жүзіне асырады.
3. Интонациялық ұстаным. Интонациялық ұстаным дегеніміз сөйлемнің
тыныс   белгісін   синтаксистік   категориялар   мен   синтаксистік   тұлғалардың
сазына, нақышына келтіріліп айтылуына және естілуіне қарай қою.
Мектепте сөйлемдерді   және олардың құрамындағы әр сөзді, сөйлем
мүшелерін нақышына келтіріп өз интонациясымен айтуға үйретудің мәні зор.
Егер оқушылар әр сөйлемді сазына, нақышына келітіріп айта алмаса, олар өз
ойларын тыңдаушысына әдеби тілдің нормасына сай етіп жеткізе алмайды,
сондай-ақ айтылған ойды, естіген сөйлемдерін өз мәнінде түсіне де алмайды
әрі оларды дұрыс жаза да алмайды. Сондықтан да сөйлегенде, әр сөйлемді өз
интонациясымен   айтып,   жазғанда,   сол   интонацияны   аңғартатындай   етіп
тыныс   белгілерін   қойып   жаза   білу   керек.   Өйтпесе   сөйлеушінің   ойы
бұрмаланып,  сөйлемнің  алғашқы  мағынасын   жойып,  жаңа  мағына  иеленуі
мүмкін.   Мәселен,   “Бұл   қаланың   жылқысын   бағып   отырған   жатақ     деген
сөйлемді   осы  жазылған күйінде оқысақ, бұл сөзінен кейін   пауза   жасап
оқимыз, өйткені сөйлемдегі ой екпіні осы сөзге түскен, сонымен бірге ол сөз
сөйлемде   бастауыш   қызметін   атқарғандықтан,   өзінен   кейінгі   сөйлем
мүшесінен дауыс ырғағы арқылы ажырай айтылып тұр. Егер сол сөйлемнің
ой   екпінін   отырған   сөзіне   түсіріп   айтсақ,   ол   сөз,   отырған   сөйлемнің
бастауышы болады да, Бұл сөзі анықтауышқа айналады. Сөйтіп, сөйлемнің
алғашқы мағынасы бүтіндей өзгереді. Бірінші сөйлемде, яғни бұл сөзінен соң
кідіріс жасап айтқан сөйлемде, ой белгілі бір адамның белгісіз бір қаланың
жылқысын бағатын  жатақ екені жайында айтылса, екіншісінде, сол сөйлемде
отырған сөзінен кейін кідіріс жасап айтқанда, белгілі бір қаланың жылқысын
бағатын   белгісіз   адам   жатақ   екені   жайында   айтылады.   Сөйтіп,   кідірістің
(паузаның) қай сөзден кейін қойылғанын дұрыс аңғара алмаған адам тыныс
белгісін дұрыс қоя алмайды да, сөйлем білдіретін ойды бұрмалап жібереді.
Міне,  осы бір  ғана тілдік дерек тыныс белгісін дұрыс қоюда,  ойды дұрыс
түсіну,  сөйлем мағынасын   бұрмаламай   дұрыс  айтуда  интонацияның  және
интонациялық ұстанымның рөлінің зор екенін аңғартады.
Интонациялық ұстанымға сүйеніп қазақ пунктуациясын дұрыс жазуға
үйрету   арқылы,   біріншіден,   оқушыларымыздың   ой-өрісін   кеңейтсек,
екіншіден, олардың тіліміздің ішкі заңдылығын тереңірек те саналы түсінуіне
мүмкіндік жасаймыз: үшіншіден, оқушыларды әдеби тілдің нормасына сай
дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға баулимыз. Сөйтіп, олардың тілінің ширауына,
ойының дамуына жағдай тудырамыз.
Қорыта келгенде, оқушыларға, қазақ орфографиясы пунктуациясынан
терең білім, берік дағды беру үшін, мұғалім оқу үдерісінде жоғарыда аталған
63

ұстанымды,   грамматикалық,   мағыналық,   интонациялық   және   тыныс
белгілерін мағынасы мен қызметіне сай оқу үдерістерін басшылыққа алып
оқытқанда ғана, оқушылардың сауатын дамытамыз. Сол сияқты оқушылар да
осы үдерістерге саналы түсініп, оларды  негізгі білімді игеретін болса, қазақ
орфографиясынан білімі терең,  дағдысы берік болады.
Қазақ орфографиясы мен тыныс белгілерді жете білу үшін оқушылар
алдымен қай  сөз қалай жазылатыны мен қай тыныс белгісі қандай жағдайда
қойылатынын, оларды жазу жөніндегі ережелерді, заңдылықты игеріп, онан
кейін сол ережелерді үнемі еске сақтау тиімді болмақ. Соңында өздері білген
ережелер мен заңдылықтарға сүйеніп, соларды дұрыс қоюға жаттығып, берік
дағды   қалыптастыру   шарт.   Сонда   ғана   оқушылар   кез   келген   мәтіндерді
дұрыс   оқып,  сауатты  жаза біледі,   тілін ширатып, ой өрісін кеңейте алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет