Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


 Сөйлемдерді ажырату үшін қойылатын тыныс белгілерін оқыту



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата21.01.2017
өлшемі0,8 Mb.
#2329
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

2.5. Сөйлемдерді ажырату үшін қойылатын тыныс белгілерін оқыту
Сөйлем соңына қойылатын белгілер: сұрау белгісі, леп белгісі, нүкте,
көп нүкте. Көп нүкте толық айтылмаған, аяқталмаған ойдың белгісі ретінде
басқа   орындарда   да   кездеседі.   Сөйлем   соңында   тыныс   белгілерінің
қабаттасып келетін жағдайлары да бар. Атап айтқанда, сұрау белгісі мен леп
белгісі (?!) және керісінше (!?); көп нүктелі сұрау (?. . ), леп белгілерінің (!. . )
қабаттасып келуі де жазу тілінде бар. 
Сөйлем – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын құрал.
Қарым-қатынасты туғызушы жағдайлар әр түрлі болады. Жазуда да, сөйлеуде де
сол сөйлемдер арқылы көрінеді. Осыған орай, сөйлеу тілінің мақсаты да бірдей
емес, ол: хабар, баяндау, сұрап білу, жауап талап ету, адамның әр алуан эмоциясы
112

да болады. Осының бәрі қосылғанда сөйлем айтылу мақсаты мен эмоциясына
қарай   хабарлы,   сұраулы,   бұйрықты,   лепті   болып   төртке   бөлінетінін  оқушы
осыған дейін де білді. Сондықтан, әсіресе, осы тақырыпты өткенде мұғалім үшін
ерекше дайындық қажет. Себебі бұл тақырып оқушының үйреншікті, білетін
нәрсесін қайталау болып көрінуі мүмкін, негізінде, сөйлем соңына қойылатын
тыныс белгілерін дұрыс қоя білу немесе қоя алмау – оқушы білімінің міндетті
деңгейі, оның пунктуациялық дағдысының қаншалықты екенін көрсететін басты
көрсеткіш. Міне, сондықтан да сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілеріне
ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туады. 
1. Сөйлем соңына қойылатын белгілердің ішінде алдымен айтылатыны –
нүкте. Нүктенің қандай сөйлемнің соңына қойылатыны белгілі. Оқушы назарын
аударатын жері – нүктенің әр түрлі қысқартуларға байланысты қойылуы. 
Оқулықта   нүктеге   байланысты   алдымен   жай   сөйлем   және   оның
түрлерін   қамтитын   жаттығулар   берілген.   Оның   ішінде   атаулы,   жақты,
жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдердің ара жігін
ажырата   отырып   нүкте   қояды.   Екіншіден,   нүкте   құрылысына   қарай   жай
сөйлемнен соң да, құрмаластан соң да қойылады. Мақсатына қарай хабарлы,
бұйыру   мәні   солғын,   бұйрықтан   гөрі   тілек,   өтініш   мәні   бар,   формасы
жағынан бұйрықты сөйлемдерден кейін де келеді әрі қолданылу шеңбері кең.
Бұдан кейін қысқартуларға байланысты қойылатын нүктені қамтитын
жаттығулар   бар.   Нүкте   қойылатын   орындарды   жақсы   меңгерту   үшін
шығарма, әңгіме жаздырған артық болмайды. Мұндайда оқушы сөйлемді өзі
құрап,   тыныс   белгісін   өз   қалауы   бойынша   қоя   алады,   әрі   нүктенің   басқа
тыныс белгілерден ерекшелігіне көңіл аударады. 
2.   Сұрау   белгісі   сұраулы   сөйлемдерден   соң   қойылады.   Сұраулы
сөйлемдердің жасалуын, олардың мағынасын оқушылар өткен, сондықтан оны
білуге тиіс. Бұл жерде оларды аса тереңдеп қайталаудың қажеті жоқ. Ең бастысы,
сұраулы сөйлемнің мақсаты бір нәрсе жайлы білу екені, оны танытатын белгілер:
сұрау   есімдіктері,   сұраулық   шылау,   модаль   сөздер,   сұрау   мәнді   интонация
екендігіне   оқушы   көңілін   аудару.   Сұраулы   сөйлем   жасайтын   немесе   сұрау
белгісін қоюға негіз болатын белгілер – "сұрайтын", "сұраушы" сөздерді тани
білуге үйрету. Оларды тану үшін қойылатын сұрақтар:
- Сөйлемдегі ойдың иесін білу үшін қандай сөзді қолданасың?
- Ой иесінің іс-әрекетіне қандай сұрақ қоюға болады?
- Іс-әрекеттің болған жерін білуге көмектесетін қай сөз?
- Іс-әрекеттің себебін, мақсатын білгің келсе, қалай сұрар едің?
- Заттың сапасын, белгісін білу үшін қандай сөзді қолданасың?
- Заттың кімге меншікті, тәуелді екенін білуге бола ма?
- Істелген істің сапасын тексеру үшін қандай сұрайтын   сөз керек?
- Мезгілге байланысты қандай сұраулы сөзді білесің?
- Біреумен танысқың келді. Неден бастайсың?
-  Іс-әрекеттің   анық   болатынына   көзің   жетпесе,   қандай   сөзді
қолданасың?
Осы сияқты сұрақтарға жауап беретін сөйлемдер сұраулы сөйлемдер
болып   құралады,   себебі   аталған   сұраққа   негіз   болатын   сөздер   сұраулы
113

сөйлемнің   мақсатын   білдіреді  әрі   сұрау   белгісін   қоюдың   кілті   болып
табылады. Бұдан кейінгі кезеңде тақырып (жағдаят) бойынша диалог кұрау
орынды.   Тақырыптар:   "Бейнелеу   өнері   мұражайында",   "Кітапханада",
"Асханада", "Алматы туралы не білесің?" т.б. 
I. Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып, айырмашылығын
көруге болады. 
Хабарлы сөйлемдер
Сұраулы сөйлемдер жасау жолдары
1. Біздің ауыл Жоңғар
Алатауының
 
кенже
қойнауына орналасқан   еді. 
                  (Ы. Кененбаев. )
1. Ауылдың кімдікі екенін біл. 
2. Ауылдың қайда орналасқанын біл. 
3.   Жоңғар   Алатауының  қойнауындағы  не
екенін  біл. 
4.   Осыларды   білу   үшін   кандай   сөздерді
қолдандың, қандай белгі қойдың?
2. Тау басына алғаш   жеткен
Жұпар болды. 
                                       (С.
Мұратбеков. )
1. Жұпардың қайда жеткенін біл. 
2. Тау басына кім жеткенін біл. 
3. Жұпардың іс-әрекетін сұра. 
3.   Етекте   тұрып   күн  нұрын
қарсы алды?     
                                                 (Ы.
Кененбаев). 
Екі-екіден қысқа диалог құраңдар. 
– Балалар күн нұрын қайда қарсы  алды?
– Таңғы күн нұрын қалай көруге  болады?
– Балалар үшін бұл жаңалық болуы мүмкін
бе?
ІІ. Сұраулы сөйлемдердің мағынасын өзгерт, ол үшін не істеу керек?
- Жасылкөлге аққу келіпті дейсің бе?
- Ауыл-аймақтарың, әке-шешелерің аман ба?
- Ата, айтыңызшы, Жасылкөлден аққулар енді ешқайда кетпейді ғой?
- Әңгімені неден бастасам екен?
Сіз,   Күләш   қалқам,   осы   сабағыңызды   алдағы   сенбі   күні   тура   осы
күйінде тағы бір қайталасаңыз қайтеді?
- Осы сенің қанша гектар қызылша алқабың бар?
- Былтыр әр гектардан қанша центнерден өнім алдың?
- Суды қайдан алмақсыңдар? (Ы. Кененбаев. )
Оқулықтағы жаттығулар мынадай ретпен берілген:
а) сұрау белгісінің қойылу себебін түсіндір;
ә) жасалу жолына талдау жаса;
б) сұрау белгісі қойылатын сөйлемдердің мағынасын  анықта;
в) сұрау мәнді сөздерді орнына қойып, тиісті тыныс белгісін қой;
г) сөйлемдердің соңына сұрау белгісі керек пе, нүкте керек пе, белгісіне
қарап тиістісін қой. 
Оқулықта   берілген   шешендік   сөзді   оқып   шыққан   соң,   мазмұнын
айтқызып, сол бойынша оқушыларға диалог кұратуға болады. 
Экранға (интерактивті тақтаға) мынадай диалогтар жазылады. 
114

1-оқушы                                
2-оқушы
– Бала Төле Әнет бабаға барады. 
– Әнет бабаның жасы жүзге
келіп қалған екен. 
– Әнет баба ынтымак, ел бірлігі
жөнінде әңгіме айтып отырады. 
– Төле бала бабадан ел бірлігін
қалай сақтауға болатынын сұрайды. 
– Әнет баба солқылдақ шы-
бық сындырып алдырып, Төлеге
сындыруға береді. 
– Төле шыбықтарды сындыра
алмайды. 
– Төле шыбықтарды бір-бірлеп сындырады. 
- Әнет баба Теледен не түсін-
генін сұрайды. 
–   Төле   мысалдың   бірлік,   ынтымақ  туралы
екенін айтады. 
–   Иә,   Әнет   баба   Төленің   жауабына   разы
болады. 
– Төле кімге барады?
 Әнет  бабаның  жасы  қай
шамада екен?
– Әнет баба қандай әңгіме
айтады?
– Төле бала Әнет бабадан не
жайында сұрайды?
–  Әнет баба шыбықтарды  Төлеге не үшін
береді?
– Төле шыбықтарды сындырады ма?
– Төле шыбықтарды қалай
сындырады?
– Әнет баба не сұрады?
– Төле мысалды түсінген шығар? Ел билеу
үшін не керек екен?
– Әнет баба Төленің жауабына
қанағаттанды ма?
Бұдан соң сұрау белгісін қоюға себеп болған, сұрау мәнін танытатын
сөздерді   тапқызып,   оларды   түріне   қарай   талдау   керек.   Олар:  кімге,   қай,
қалай, не сұрау есімдіктері; ма сұраулық шылауы; шығар сұрау мәнді модаль
сөзі   екенін,   олардың   қатысуы   арқылы   сөйлем   мағынасы   сұрауды   білдіріп
тұрғанын оқушы таниды. 
Диалогті шешендік сөздің идеясы бойынша да кұрауға болады. 
— Төле бала Әнет бабаға не үшін барды?
— Төле Әнет бабадан не туралы сұрады?
— Әнет   баба   жауабын  неге  шыбық   сындырумен   берді   деп
ойлайсың?
— Бұл шешендік сөздің ойтүйіні не?
— Төле би туралы білесің бе? т.б. 
Мұндағы мақсат – сұрау белгісі тек графикалық таңба емес, ол мағынаның
жазудағы көрсеткіші екенін таныту. Ендеше, оқушы сөйлемнің синтаксистік
құрылысын  ғана   емес,   алдымен   мағынасын   білуі   керек   екені   көрінеді.
Сөйлемдердің   мағынасын   құбылту   арқылы   да   оқушы   назарын   осыған
аударуға болады. 
Сұрау   белгісі   қойылатын  орындарға   байланысты   тақырып   бойынша
мынадай өздік бақылау жұмыстарын орындатуға болады.  I нұсқа
1.   Досыңмен   қазақтың   Мұхтар   Әуезові   туралы,   оның   шығармалары
жайлы   не   білетіндерің   жөнінде   әңгімелес.   Ол   үшін   қандай   сұрақтар   қояр
едің?
2.
Сұрау белгісін қоюдың себебі неде? Нақты мысалмен дәлелдеп
түсіндір. 
3.
Берілген сөйлемдерді сұрау белгісін қоятындай етіп  өзгерт. 
115

      1.   Едіге   мал   қораға   қарай   бет
алды               
2. Сәбитжанның көз алдында
    өскені еске түсті. 
3. Сол күнгі кеш пен түнді
Борандының
 
аз
 
ауылы
Қазанғаптың   үйінің   ауласында
өткізді.  (Ш. Айтматов. )
Сөйлемдегі ойдың иесін білу үшін сұра
Еске түсіру себебін анықта. 
Борандылықтардың   кеш   пен     түнді
өткізген орнын сұрап біл. 
Борандылықтардың   Қазанғап       үйінде
болған мезгілін сұра. 
4. Көп нүктенің орнына тиісті сұрау мәнді сөздер мен тыныс белгілерін
қойып көшіріп жаз. 
Сені   солай   деп   иландырған
Құттыбаев... 
қалай
бе, қой, 
Сен түсінесің ... мұның сырын... 
Мұны ... түсінуге болады ... 
Құттыбаев   саған   бұл   туралы
ештеңе   айтқан жоқ ... 
Ау, әркімнің аузында ә дегенде
па, а, ә, 
қандай сөз болуы керек, ойланшы
өзің, ... 
Ғой
Сенің ақылың көп қой, ... Ермек ...
Сенің   көзіңше   болған   әңгіме
көрінеді ... 
(Ш. Айтматов. )
         II нұсқа
1. Белгілі  қоғам   қайраткері   Тұрар   Рысқұлов   туралы  жазылған
шығармаларды білесің. Досыңмен әңгімелесіп көр,    ол бұл жөнінде не біледі
екен. Әңгімені неден бастайсың?
1. Сұрау белгісі қай кезде қойылады?
2. Берілген сөйлемдерді сұрау мағыналы етіп өзгерт. 
1.
2.
3.
Борандылықтар   амалсыз   әрірек
барып тұрды
Алдымен ес жиған Үкібала еді. 
Едігенің қолындағы бала  селк
ете түсті. 
(Ш. Айтматов. )
Сөйлемдегі ойдың иесін білу
үшін сұра. 
Үкібаланың іс-әрекетін біл. 
Баланың іс-әрекетін тап. 
Баланың қайда екенін білу үшін
сұрақ қой. 
3. Көп   нүктенің   орнына   тиісті   сұрау   мәнді   сөздер   мен   тыныс
белгілерін қойып көшіріп жаз. 
116

1. Бірдеңе жазып отырасың ...  әлде бір нәрсе жөндеп
отырасың ... 
2. Дөненбай дегенде бір сыр жатқан жоқ ... 
3. Дөненбай деген  дыбысқа  ұксас ән салатын      бір
құс бар, аңыз соған байланысты ... 
4. Сөйтіп Едіге Жангелдин сіз боласыз ... 
5. Сені   Құттыбаевтың   ең   жақын   досы,       жолдасы
деседі ... 
6. Ал егер жаман түс болса ... әлдекімге ұнамайтын
түс болса ... 
7. Осы айтқанымды орындайсың ... 
(Ш. Айтматов. )
ше,   ше,
шығар,  ә,
би,   ба,   па,
ғой, ба. 
Сабақта   оқушыны   ізденіске   баулу   –   оқытудың   басты   мақсаты.   Осы
мақсатты жүзеге асырудың тиімді жолының бірі – белгілі көркем шығарма
бойынша жұмыс істеу, әр түрлі саяхат, жарыс, тәжірибелік сабақтар. Сұрау
белгісі   қойылатын   жағдайларға   байланысты   тәжірибелік-ізденіс   сабағын
өткізу тиімді болмақ.  Адамның қарым-қатынас  құралы  – тіл екенін нақты
түсініп,   оны   шын   мәнінде   көркем,   түсінікті   болатындай   етіп   қолданғанда
ғана   тіл   өз   қызметін   өз   дәрежесінде   орындай   алады.   9-сынып   оқушысы
осыны саналы түрде түйсіне алатын дәрежеде болуы тиіс. 
Дүниенің   қозғаушы   күші   –   сұрақ.   Бала   тілі   шығып,   өзінің   алғашқы
қадамын   жасағаннан-ақ   айналасындағы   нәрсенің   қарапайым   сырын   білуге
ұмтылады. Ол жазуда сұрау белгісі арқылы көрінеді, сұрау белгісінің жазылу
орны ерекше екені даусыз. Осыған оқушы көзін анық жеткізу үшін шешендік
сөздер бойынша  "Шешендік сөздер әлеміне саяхат»  атты тақырыпта сабақ
өткізу тиімді. Оны жарыс сабақ етіп те, тәжірибелік сабақ етіп те, ізденіс
сабағы етіп те, көрініс ретінде де өткізуге болады. 
Оқулықта "Ақтайлақ би мен Қанай шешен" атты шешендік сөз бар. 
Оқулықтағы жаттығулар тек көшіріп жазып немесе жай оқу үшін ғана
берілмейді, ол мұғалімнің сабақтың әр түрін өткізуіне қажетті материал. 
"Сұрау белгісі"  тақырыбы бойынша оқушылардың  білім дағдыларын
қалыптастыру үшін төмендегідей практикум сабақ өтуге болады. 
Сабақтың түрі. Тәжірибелік сабақ. 
Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап, әңгіме. 
Сабақтың   мақсаты:  1.   Білімділік:  оқушылардың   сұрау   белгісіне
байланысты     пунктуациялық   норма   жөніндегі   дағдыларын   қалыптастыру,
сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілін жетілдіру. 
2.   Дамытушылық:  адамгершілік   қасиеттер   –   жақсы   мен     жаманның
арақатынасын аша білуге, оның халық даналығындағы өлшемі қандай дегенді
аңғартуға;   шешендік   сөздердің   көркемдігінен,   халықтың   сөйлеу   мәнерінен
үлгі алуға үйрету. 
117

Сабақтың барысы. 
Сабақтың мақсатын айқындау:
а)   тыныс   белгілерін   дұрыс   танып   оқи   білу,  дайын   мәтінді   ырғағына
келтіре  оқи білу  –  үлкен  шеберлік,  сауаттылық,   мәдениеттілік  екенін  еске
ұстап, соған жаттығып, есте сақтауға тырысу;әңгіме сол туралы болатыны
ескеріліп, "Ақтайлақ би мен Қанай шешен" мәтіні оқылады. 
Ақтайлақ би Қанай шешенді сынамақ болып:
Ер басында бақыт нешеу?
— Кемдік нешеу?
— Құлазу нешеу? – деп сұрайды. 
Сонда қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді:
— Ер басында бақыт – бесеу,
— Кемдік – үшеу, 
— Құлазу – төртеу. Енді атап-атап айтайын:
— Астыңдағы   атың   жүрдек   болса,   Жалғанның
 пырағы.
 
Алғаның жақсы болса, Үй мен конақтың тұрағы. 
—  Әкең – асқар тау, Шешең – қайнар бұлақ. 
—  Балаң жақсы болса, Екі көздің шам-шырағы. Міне, бес бақыт – осы. 
Риторикалық сұрақ                                     Таңырқаулы сұрақ
                                              Күмәнді сұрақ
                                                                                                                 
Міне,   осындай   сұрақ-жауап   арқылы   талдаудан   кейін,   мұндағы   сұрау
мәнді сөзді тауып, оған байланысты сұрау белгісі қойылып тұрғаны, мәселе
сұрау   белгісінің   графикалык   таңбасында   емес,   оның   ішкі   мағынасында
екендігі түсіндіріледі. 
3. Леп белгісі лепті және тілек, өтініш, ашық бұйрық, жекіру сияқты
мағыналарды білдіретін сөйлемдерден кейін де қойылады. 
Лепті   сөйлем   –   белгілі   шындық   құбылыс   туралы,   белгілі   субъект
жайында айтушының эмоциялық қатынасын, сезімін, көңіл күйін үстемелей
не   арнайы   білдіретін   сөйлемдер   (О.   Төлегенов).   Құрылысына   қарай   лепті
сөйлемдер  көбіне  толымсыз  сөйлем ретінде  кездеседі,  сөйлеу  типіне  және
мағыналық   ерекшелігіне   байланысты   толымды   да,   құрмалас   та   болады.
Мысалы:Қанша жортсаң да, су төгілмес сұлу жүрістен бір жаңылмайды-ау,
жануар!  (құрмалас сөйлем. ) Мен туралы ол жақтағы ел де естіген екен-ау!
(Толымды сөйлем. ) (Қ. Жұмаділов). 
Оқушыларға   лепті   сөйлемдердің   көбіне   ауызекі   сөйлеу   стиліне   тән
екендігі,   сондықтан   көркем   әдебиетте,   оның   ішінде   диалогте   көбірек
кездесетіні,   сондай-ақ   поэзияда,   баспасөз   стилінде   де   ұшырасатыны
айтылады. Бұл ерекшеліктерді игерту үшін сөйлемдер беріп, лепті сөйлемді
танытатын айрықша белгілерді ереже түрінде анықтатамыз: 
118
-
Саңылаусыз наданды 
Болар ма екен жан деуге?
-
Менің саған 
бермейтінім
болар деймісің?
Елді көрер күн болар ма? 
екен?

1.   Таңқалуды   білдіріп:   Масалы:   Одағай.   Апырай,   өзің   бір   қатерден
қалыпсың! (Қ. Жұмаділов). 
2. Қандай, неткен сияқты есімдіктер. Жұлдыздар қандай жарық еді!
3. Ғажап, керемет сияқты сүйсіну, таңдану мағынасы бар сөздер. 
4. - Ғажап! –деді ұзын сирақ Ұзақбай. 
5. -Керемет! – деп қайталады оны Төкен. (Ы. Кененбаев). 
Оқушы   осыларды   еркін   ажырата   білуі   керек,   бұларға   байланысты
дауыс   ырғағы   да   қуанышты,   ренішті,   ризалық   мәнді,   өкінішті   т.б.   болып
бөлінетінін   байқай   алуға   да   міндетті.   Әдетте   мұндай   сөйлемдердің   бәрін
«лепті» деген бір атаумен атап өте шығамыз. Оқушы осы  «лепті» , «көңіл
күйді» білдіреді дегендерді нақты сезініп, түсінгенде ғана леп белгісін қандай
себептерге байланысты, қайда қоятынын игереді.
 
Оқулықта алдымен леп белгісі қойылған жаттығулар берілген. Оларды
мәнеріне келтіріп оқу қажет; екіншіден, леп белгісін қоюға себеп белгіні табу
керек; содан сөйлемдерді көңіл-күйді білдіру белгілеріне қарап топтастыруға
болады. Мысалы:

таңдану   мәнді  сөйлемдер,  бұл мағына   қандай  сөз  арқылы  беріліп
тұрғанын таптыру;

сүйсіну мәнді сөйлемдер;

ризалық мәнді сөйлемдер;

ерекше қуаныш мәнді сөйлемдер;

өкініш мәнді сөйлемдер;

алғыс, бата, тілек мағыналарын білдіретін сөйлемдер сияқты етіп
бөліп  алып,   олардың   әрқайсысында   осы   мағыналарды   білдіруші   сөздердің
бар   екендігі,   адамның   көңіл   күйінің   көрсеткіші   солар   екені,   леп   белгісі
осыған байланысты қойылатыны талданып түсіндіріледі. 
Бұдан соң лепті сөйлемдерді жасаушы одағайлардың өзін де осындай
топтарға бөліп, оқушылардың өздеріне кесте жасатып, мағынасы бойынша
соларға   бөліп   жаздыртып,   сөйлем   құрату   да   тиімді.   Мысалы,   жазушы
Қ.Ысқақовтың   "Қоңыр   күз   еді"   хикаятында   мынадай   бір   үзінді   бар...   .
Көңілдің де қысы, жазы, көңілдің де көктемі мен шуағы бар. Тіршілікте тар
кеуде өмірдің қай қиясы өшпестей із қалдырса, сол бір сәт те ғұмыр бойы
адам сарайында, тоқпақтай жұмыр басында жатталып қала беретін сияқты.
Жыл өткенде еске түсіріп отырсақ, соның ішінде не қам көңіл шақ немесе
ләззат айлары ойға алдымен сап ете қалады. Бұдырсыз бұлдыр кезеңі жан
жаратылысының аласапыран мезгіліндей сан қиналып-толғансаң да, екінші
қайтып елес тастамай-ақ жым-жылас күйінде өте шығады. Бұл бір көңілдегі
де, көкіректегі де, тіршіліктегі де бос орын тәрізді пенденің, зерденің тоқыған
ұзын арқауының өз бойындағы бір үзік іспетті... 
Бұл   мәтінді   талдаудың   қажеті   жоқ,   бұл   тек   адам   көңілі   де   жаздай
шуақты, көктемдей таза, күздей көңілсіз, қыстай суық болатынын ескерту,
көңіл күй, эмоция дегенді дәлелді түрде түсіндіру үшін керек. Осы әр алуан
көңіл күй сіңіру – маңызды нәрсе. Ол үшін төмендегі кестені  іліп, көңіл-
күйді білдіретін сөздерді еске түсіріп алып,   оларды пайдаланып, берілген
тақырып бойынша ой толғау, жасату
119

                                                                  Сүйсіну, таңдану  мәнді        
                                                                                              сөздер
                                                                  Есімдіктер
                                                                  Демеулік шылаулар
Жаттығулар жүргізіледі: 
1. Төмендегі сөйлемдерден лепті  сөйлемдер  құрау керек,  ол үшін
одағайлардың, басқа  есімдіктер мен шылаулардың бірін  қолдану керек.
Сөйлемдерің   қуанышты,   ренішті,   өкінішті,   таңдануды   т.б.   білдіретін
болсын деген тапсырма беріледі. 
1. Танауыңды жарған хош  иісті гүл.             
2. Қос аққу бізге қарай жүзіп  келеді. 
3. Ертеңінде ерекше бір әсем үннен ояндық 
4. Атамыз қазақ аққуды атпайды. 
5. Оның сөзін бәріміз де естіп жатырмыз. 
7. Көл бетінен қорқынышты еш   нәрсе байқалмайды. 
8. Тағы да үнсіз Жасылкөлге тесіле қарады. (Ы. Кененбаев. )
2. Мына сөйлемдерден көңіл күй мәнді сөздерді алып тастап, сөйлемді
қайта  кұрап, өзгерісті  байқа.  Енді қандай  тыныс белгісін  қоясың?  – деген
сияқты оқушыларға тапсырма беріледі. 
1. Ақ төсінен кербез керілген талша мойындары неткен сұлу еді!
2.  Бәлі, мына сәттілікті қараңыз!
3. "Жасылкөл" деп қалай тауып атаған!
4. Пай, пай! Жаннат қой мына жер, жаннат!
5. Айнадай жалтыраған айдын көлге ақ төсін төсеген қос аққу кандай 
жарасады!
6. Қайран, кешегі ерке Тасбұлақ! Тастан-тасқа  секіріп, ақ моншақтан
көбік атып, ауылды жара, еркелей ойнап өтетін Тасбұлақ! (Ы. Кененбаев. )
Сөйлемдердің айтылу мақсаты өзгеруіне байланысты   олардың тыныс
белгілері   өзгеретініне   окушылардың   өздері     көз   жеткізеді.   Ең   бастысы   –
оқушы сөйлемді емін-еркін өзгертіп,   түрлендіре   алса,   бұл   оның   тыныс
120
-ай, -ау, -ақ
Ғажап, керемет, тамаша
Қандай, неткен, не деген
Қуаныш
алақай, паһ, шіркін
Реніш
ту, ойпырмай, ойбай, 
әй
Өкініш
     қап, ту-у, 
ойпырмай
Сүйсіну
      паһ, шіркін, ту-у
          Риза болу
бәрекелді, еһе, пай-
пай
Таңдану
апырмай, ой, е-е, а, о

белгілерін  ғана   емес,   тілдік тақырыптарды   да білетіндігін,   тіл  байлығын,
сөйлеу, жазу дағдыларын да көрсетеді. 
Леп белгісі ашық бұйрықты, тілекті, өтінішті білдіретін, нақты талап
ету,   зекіру,   бұйыру   интонациясымен   айтылған   сөйлемге   де   қойылады.
Сөйлемнің   бұйрықты   болуы   оның   баяндауыш   формасына   байланысты,
сөйлемнің   баяндауышы   бұйрық   райдан   жасалады.   Бұл   –   оның   бұйрық
мағынасын танытатын белгісін таниды. 
Салыстыру әдісімен жаттығулар жүргізіледі: 
1.   Мына   сөйлемдерді   мағынасына   қарай   салыстыра   отыру   тиімді.
Осыған   дейін   оқушылар   сөйлемнің   айтылу   мақсаты,   мағынасы   бойынша
оларға   әр   түрлі   тыныс   белгісі   қойылатынын   меңгерді,   ендеше   солармен
салыстыру арқылы бұйрықты сөйлемді ажыратуға болады. 
2.   Жаңа   тақырыпты   түсіндіруде   мынадай   салыстырмалы   кесте   ілініп,
ондағы   сөйлемдерді   бұйрық   мәніне   келтіріп,   ол   үшін   сөйлем   құрылысында
қандай өзгеріс болғанына назар аудартқан жөн. Сол арқылы оқушы сөйлемнің
бұйрықты болуы баяндауыш формасына байланысты екенін түсінеді. 
3.   Оқушылар   сөйлемді   бұйрықтыға   айналдырып,   дәптерлеріндегі
кестеге   жазады,   мұндағы   сұрау   көрсеткішінің   орнына   баяндауыш
формасының өзгеруі бұйрықты сөйлем жасаушы тәсіл екеніне көз жеткізеді.
Осылай хабарлы, лепті сөйлемдерді де алуға болады.  
Леп   белгісі   қойылатын   орындарға   байланысты   өткізілетін   сабақ
жоспарының үлгісі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет