Каспий
Каспий теңізінің жарқабақты шығыс жағалауы
267
268
басты. К. т-нде балық аулау кәсібі жақсы дамыған.
теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан,
торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. К. т.
қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында
дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде.
итбалық аулау ертеден жолға қойылған. К. т. өңірі
көптеген еуразия халықтарының этн. және мәдени
бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни та-
рихи-мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінде
осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы те-
гі – гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жа-
ғалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық ау-
мағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы
қауымдық құрылыс қоныстарының іздері, үстірттің
оңт.-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ес-
керткіштері сақталған.
КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ – Каспий т-нде мұнай-
газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына
байланысты қазақстанның батыс өңірінде қалып-
тасқан табиғи, әлеум., экон. және экол. жағдай. Кас-
пий т. – әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұ-
йық су алабы. теңіз жануарлар дүниесі мен өсімдік-
тер әлеміне бай. мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық
түрі (оның ішінде омыртқасыздар – 1069, омырт-
қалылар – 415, паразит жануарлар – 325) тіршілік
етеді. теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар
(шаянтәрізділердің 60%-ы, моллюскілердің 80%-ы,
балықтардың 50%-ы) құрайды. Каспий т-нің балық
қоры 2,9 млн. т болса, оның 40%-ы Солт. Каспий
бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий т. – ежелден балық
ауланатын маңызды су айдыны. Бекіретәрізділердің
дүниежүз. өнімнің 90%-ы осында ауланады. Соңғы
кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне
жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгет-
тер, судың радиац. және хим. жолмен ластануы және
қаскөйліктің (браконьерлік) етек алуы бекіренің қо-
рын азайтуда. Сондай-ақ мұндағы қортпа, пілмайдың
жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий ми-
ногасы, еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық,
күтім – қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.
қазіргі заманның балық ш. – балық аулауды реттеу,
аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр
және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту
жұмыстарына негізделген. жыл сайын 11 балық
з-ты (Ресейдің, әзербайжанның, қазақстанның)
Каспий т-не 75 млн. балық шабақтарын жібереді.
Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жи-
нау үшін тұзды суға шығады. мыс., шортан, оңғақ,
қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (де-
льта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды
суда (тұзд. 10 – 11‰), ал бекіретәрізділер судың өте
тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий
т-нде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан (1-сурет). Солт.-
шығыс Каспий жағалауында құстардың 278 түрі ме-
кендейді. Соның ішінде қазақстанның және Ресейдің
«қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін
қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б.
бар. Ал Каспий итбалығы – тек қана Каспий т-нде
тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам
итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың
аяғында 360 – 450 мыңға дейін азайған итбалық-
тың – 27 мыңы, 1990 ж. – 13,8 мыңы, 1996 ж. – 8 мыңы
ауланған. 2000 ж. сәуір – тамыз айларында індеттен
олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының
Каспий
жаппай қырылуы – Каспийдің солт. бөлігіндегі гид-
рометеорол. және экол. жағдайлардың нашарлауынан
теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсе-
теді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371
туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі
жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер)
жатады, 6 түрі – қазақстанның «қызыл кітабына»
енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728
түрі (оның 5 түрі – жоғары сатыдағылар) өседі. теңіз
өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен
көп айырмашылығы бар. құрлықта негізінен гүлді
өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі.
Солт. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң,
егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдік-
тер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі
үшін қажет, сондай-ақ су құстары мен кейбір балық
түрлеріне қорек болады. Солт. Каспий жағалауының
табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның,
топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен
қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұ-
най-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіп-
орындар әсер етуде. мыс., Атырау обл. бойынша
атмосфераға улы заттарды атмосфераға, негізінен,
ескі технол. жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың
мұнай ұңғымасы шығарады. мұнай кәсіпшілігінің
ең басты экол. проблемасы – ілеспе газды іске жара-
ту. мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу
кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен
грунтқа төгілуі оларды ластайды. теңіз деңгейінің
көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байла-
нысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің
қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер,
аммонийлі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат
етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықтал-
ған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғ. концентра-
циясы мамыр – шілде айларында байқалады. теңіз
жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы
газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында
тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай
жойылуына әкелуде. теңіз түбіндегі шөгінділердің
мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік
ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-
ақ су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде.
мыс., 1900 жылмен салыстырғанда Каспий т-нде
балық аулау 3 есеге, яғни 500 – 600 мың т-дан 180
мың т-ға дейін азайды. теңіз суын ең қауіпті лас-
таушы заттың бірі – ыдырамайтын ауыр металдар
(мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың
мөлш. 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық),
ал барийдікі – 50 мкг/л (бұл – 5 есе артық). Каспий
жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін
организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың
денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан
Каспий т. жағалауындағы 5 мемлекет (әзербайжан,
иран, Ресей, түрікменстан және қазақстан) Дүние-
жүз. банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жө-
ніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий
экол. бағдарламасын (КЭп) жасап, оны іске асы-
руда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экол.
тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының та-
биғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
КЭп-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі
жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен
шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамта-
269
масыз ету; Каспий т. мен оның биоресурстарын ласта-
нудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту;
теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру
және оның биол. алуан түрлілігін сақтау; аймақта
экол. қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты
жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің да-
муын қамтамасыз ету.
КАССИН МҰЗДЫҒЫ – Іле Алатауының солт. бет-
кейіндегі аңғарлық мұздық. Алматы обл. талғар ауд-
нда. есік өз-нің бастауында. есік пен түрген өзен-
дерінің суайрығы. пальгов және үлкен түрген мұз-
дықтарының аралығында орналасқан. мұздық 4380 м
биіктіктен басталып, 3400 м биіктікке дейін созылып
жатыр. Ұз. 4,7 км, оның ашық жатқан жері 4 км, жалпы
аум. 6,2 км
2
, көл. 0,33 км
3
, фирн (мұзқар) алаңы 4,1 км
2
,
орташа қалыңд. 65 м. мұздыққа қазақстанның белгілі
геологы Н.Г.Кассиннің есімі берілген. мұздық жылы-
на 5 – 10 м-ге қысқарып келеді.
КАУФМАНИЯ, қ. Лөңке.
КАУФМАН ҚЫЗҒАЛДАҒЫ (Tulipa kaufmanniana) –
лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын
көп жылдық жуашықты өсімдік. қазақстанда қара-
таудың, талас Алатауының, өгем жотасы мен қор-
жынтаудың тастақты жерлерінде, тауалды аймақтан
субальпі белдеулеріндегі тау жылғаларының жағалау-
ларында өседі. Биікт. 40 см-дей, жуашығының пішіні
жұмыртқа тәрізді, сыртын қара қоңыр қабық жапқан.
жапырағының саны 2 – 3-тен аспайды, ұзынша немесе
эллипс сияқты. Гүлі дара жетіледі, ішкі жағы ақ, онда
ұсақ сары дақтар анық көрінеді, ал сыртқы беті қызыл
немесе күлгін түсті. тұқымынан көбейеді. Наурыз-
дың аяғынан маусымға дейін гүлдейді. К. қ. – сәндік
өсімдік, әсіресе, селекцияда көп пайдаланылады, 200-
ден астам сорты бар. К. қ-ның жылдан-жылға таралу
аймағының азаюына байланысты сирек кездесетін-
діктен қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кіта-
бына» енгізілген.
КӘДІМГІ ЖҰМСАҚЖЕМІС (malacocarpus critһ-
mifolius) – түйетабандар тұқымдасы, жұмсақжеміс
туысына жататын көп жылдық бұта. қазақстанда
маңғыстауда, Солт. үстірттің тастақты беткейле-
рінде, жартастарда, сазды және конгломератты жа-
лаңаштанған жерлерде өседі. Биікт. 1 м-ге дейін,
ақшылдау қабығы бар. Сабақтары жіңішке, бұтақ-
танған, шашыраңқы, бөбешік жапырақтары қанда-
уыр тәрізді, кейде тілімденген. жапырақтары ты-
қыр, суккулентті (ұз. 2 – 3 см), кезектесе орналасқан,
екі қайтара тілімденген. Гүлдері жалғыздан, ұзын
гүлсағағында (ұз. 1,5 – 2 см) орналасады, сары түсті,
5 қандауыр тәрізді күлтесі болады. тостағанша жа-
пырақтары таспа қандауыр тәрізді, түбінен бітісіп
өскен. Аталықтарының төм. жағында ұлғайған жіп-
шелері болады. тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр
айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді.
жемісі – шырынды, дөңгеленген, үш ұялы жидек
(диам. 6 – 10 мм), түсі қызыл. жемісі жеуге жарамды,
одан тосап қайнатады. жеміс шырынының құрамы
С витамині мен каротинге бай. К. ж. – сирек кезде-
сетін реликт өсімдік. жылдан-жылға таралу аймағы
азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, қазақ-
станның «қызыл кітабына» енгізілген.
КӘДІМГІ ШОЛПАНКЕБІС (Cypripedium calceo-
lus) – сүйсіндер тұқымдасы, шолпанкебіс туысына
жататын көп жылдық өсімдік. қазақстанда есіл, ер-
тіс өзендерінің жағалаулары мен Алтай тауларында
кездеседі. Аралас және жалпақ жапырақты орман-
дарда, бұталардың арасында және орманның ашық
жерлерінде өседі. Биікт. 50 см-ге дейін, жер асты бө-
лігі жуан, тамыры қатты және тамырсабақтары ұзын
келеді. Сабағы қысқа түкті, түсі қошқылдау, құрғақ
жапырақтармен оранған. жапырағының пішіні жұ-
мыртқа немесе эллипс тәрізді, түсі жасыл 3 – 4 жа-
пырағы болады. Гүлінің диам. 8 см-ге дейін жетеді.
Гүлсерігі екі шеңберге орныққан 6 жапырақшалардан
тұрады және олар бір-бірінен пішіні мен түсі арқылы
ажыратылады. Оның түсі жылтырақ сары, ішкі жағы
қызыл нүктелі болып келеді. өсімдікті ұсақ қоңыздар
тозаңдандырып отырады. Гүлінде нәр болмаса да, ол
ашық түсі және хош иісімен жәндіктерді қызықтырады.
тұқымымен және вегетативті көбейеді. маусымда
гүлдеп, жемістенеді. жемісі – қорапша. тұқымы доға
тәрізді иілген қорапшаның ішінде 2 – 3 айдың ішінде
жетіліп, қыста жерге төгіледі де, желмен алысқа та-
райды. К. ш. өте сирек кездесетін, жылдан-жылға та-
ралу аймағы азайып бара жатқан түр болғандықтан
қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына»
енгізілген.
КӘМШАТ (Castor fiber) – сүтқоректілер класы кемір-
гіштер отрядына жататын аң. Дене тұрқы 64 – 80 см,
салм. 20 – 21 кг. тіршілігінің көбі суда өтетіндіктен
дене пішіні соған бейімделген. Денесі ұршықша
жұмырланып келген, басы біршама кішілеу, мойны
айқын байқалмайды; түксіз жалпақтау келген дене-
сінің артқы бөлігі ескектәрізді құйрыққа жалғасады.
Аяқтары қысқа. Артқы аяқтарының башайлары ара-
Кәмшат
Кассин мұздығы
Кауфман қызғалдағы
270
жергілікті халық асуды ертеден-ақ пайдаланған. Асу
арқылы шарын өз. аңғарының жоғ. жағынан тауара-
лық Кеген аңғарына қарай өтетін төте жол бар.
КЕГЕН – Іле алабындағы өзен. Алматы обл-ның
Райымбек ауд. жерімен ағып өтеді. Ұз. 110 км, су жи-
налатын алабы 7,7 мың км
2
. Кетпен (Ұзынқара) және
қаратау жоталарының оңт. беткейлерінен бастау алып,
жоғ. бөлігінде тар шатқалдармен ағып, төм. бөлігінде
тауаралық аңғарға шығып ағысы баяулайды. Ірі са-
лалары: қарқара, Кетпен, Кеңбұлақ, шалкөдесу, т.б.
өзен қар және жер асты суларымен толығады. жыл-
дық орташа су ағымы үлкен талдыбұлақ сағасынан
төменде 30,0 м
3
/с. Суын өзен бойындағы елді мекен-
дер қажеттеріне пайдаланады.
КЕГЕН – ҚАРҚАРА АРТЕЗИАН АЛАБЫ – Ал-
маты обл. Райымбек ауд-нда, Кеген, шалкөдесу және
қарқара өзендерінің аңғарындағы арынды жер асты
суы бар өңір. Солт.-шығысында Кетпен (Ұзынқара),
құлықтау, оңт-нде Күнгей және теріскей Алатаулары
жотасымен шектелген. Алап батыстан шығысқа қа-
рай 120 – 135 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км-ден
25 – 28 км-ге дейін. мұндағы арынсыз грунт сулары
өзен аңғарларындағы құм аралас малтатастармен
байланысты. Олардың тереңд. 0,6 – 10 м, минералд.
0,5 г/л, құрамы гидрокарбонатты, натрий-кальцийлі.
Сулы қабаттың қалыңд. 2 – 20 м. Арынды жер асты
сулары төрттік кезеңінің шөгінділері мен жоғ. мио-
ценнің ірі кесекті құм-қиыршық аралас дөңбектас-
малтатастарынан тұратын қабаттарда 24 – 30 м-ден
236 м-ге дейінгі тереңдікте қалыптасқан. Кеген елді
мекенінің маңында бұрғыланған ұңғымалармен 36 –
95 м тереңдікте жоғары арынды үш сулы горизонт
ашылды. Олардағы судың деңгейі жер бетінен 15 –
30 м биіктікке дейін көтерілді. Ұңғымалардан өз бе-
тімен ағатын тұщы (минералд. 0,4 – 0,8 г/л) жер асты
суының шығымы 6 – 8 л/с-тан 12 – 17 л/с-қа дейін.
миоцен мен төм. плиоценнің сазды шөгінділерінің
арасындағы құмтастар мен конгломераттарда жина-
латын жер асты сулары, көбінесе тұзды болып ке-
леді. Артезиан алабының шет жағындағы шөладыр
тауының орт. бөлігінде жер бетіне минералд. 16,6 –
322,6 г/л термальды (ыстық) сулар шығып жатыр.
жер асты суының құрамында HBO
2
, J, Br, F микро-
элементтері бар. Бос күйінде H
2
S кездеседі.
КЕЗҚҰЙРЫҚ (Mіlvus mіgrans) – сұңқартәрізділер от-
ряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
қазақстанда кең тараған (тек ормансыз жазықтар мен
сы жүзу жарғағымен көмкерілген. тырнағы өткір,
артқы аяғының екінші башайы айыр сияқты (жүнін
қасу үшін қажет). жүні тығыз, су өтпейді, қара қо-
ңыр не қара. К. еуропа, Азия және Солт. Америкада
таралған. қазақстанда жайық, Сырдария, Іле, шу
өзендерінде, Бұқтырма бөгенінде кездеседі. 19 ғ-
дың соңында К-ты есепсіз аулау қазақстанда оның
жойылу қаупіне әкеліп соқтырды. тек 1963 ж.
К. көршілес Ресейдің Орынбор обл-нан Батыс қа-
зақстан обл-ның аумағына келе бастады. жайық өз.
бойындағы көлдерге кең тарап, саны көбейді. Олар
Ақтөбе обл-ның тентекқара, үлкен және Кіші қобда
өзендеріне де қоныс аударды. Олар көбінесе тұщы
суларды мекендейді. К. аузы су астында болатын,
түбі су деңгейінен жоғары, биікт. 2,5 м, ұз. 12 м күрке
жасайды. жыныстық жағынан 2,5 – 3 жаста жетіледі.
қаңтар – ақпан айларында ұйығып, бір айдан соң
кұнайлары (3 – 5) дүниеге келеді. Олар тез өседі. К.
шөп, үйеңкі, терек, қайың, қамыс жапырағын жейді,
балық, су тышқаны, су құстары, моллюскілермен қо-
ректенеді. К. – терісі бағалы аң. К-тан парфюмерияда
қолданылатын «кәмшат жұпары» алынады (жүнінің
жоғ. кабатының астында жұпар иіс шығаратын қыл-
шықтары болады).
КӘРІҚЫЗ (Lapulla) – айлауықтар тұқымдасына жа-
татын бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдік-
тер туысы. қазақстанның сор және тыңайған жерлері
мен жол жағаларында өсетін 32 түрі бар, оның 11-і
– эндемик. Бұлардың биікт. 5 – 20 кейде 60 см-дей
болады. Сабағы тік, ұшына қарай бұтақтанып келеді.
Ұзынша жапырақтары мен сабағының сыртын қалың
түк жапқан. Гүлдері ұсақ бес мүшелі, түсі көбінесе
көкшіл болып келеді. Гүлшоғыры – бұйра, толық
жетілгенде жазылып, шашақ гүлшоғырына ұқсайды.
Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусым-
да жемістенеді. жемісі – 4 жаңғақша, оның сыртын
тікенек жауып тұрады, осы тікенектері арқылы
мал жүніне жабысып таралады. К. – бау-бақшаның
арамшөбі. мал жемейді.
КЕГЕН, қ а й қ ы – құлықтау тауларының шығы-
сындағы асу. Алматы обл. Райымбек ауд-нда орналас-
қан. ең биік жері 1900 м. Аласа асуларға жатады. жаз
айларында басында қар болмайды. Асудың оңт., солт.
және батыс беткейлері жалаңаштанған. Батыс бетке-
йінде жалпақ жапырақты шоқ ормандар кездеседі.
Кәріқыз
Кәмшат
Кеген асуы
271
дан-жылға таралу аймағы азайып, жойылып бара
жатқан құс. Сондықтан қорғауға алынып, қазақ-
станның «қызыл кітабына» енгізілген.
КЕКЕБАЙКӨЛ – қостанай обл-ндағы суы тұщы көл.
қостанай қ-нан батысқа қарай 30 км жерде, қостанай
ауд. жерінде орналасқан. Су айдынының аум. 12,8
км
2
. жағалаулары жайпақ. Негізінен қар суымен то-
лысады. Көл суы қараша айының 1-онкүндігінде қа-
тып, сәуірдің аяғында ериді. Көлде мөңке, шабақ, т.б.
балық түрлері кездеседі. Суы мал суаруға, алабы мал
жайылымына, шабындыққа пайдаланылады.
КЕКІЛІК (Alectorіs chukar) – тауықтәрізділер отря-
ды қырғауыл тұқымдасына жататын әдемі құс.
Негізгі мекені – тау-тасты жерлер. қазақстанда же-
тісу (жоңғар) Алатауы, Іле және тянь-шаньның
солт-нде, қаратауда, Сауыр мен тарбағатайда,
үстіртте және маңғыстау түбегінде кездеседі.
Дене тұрқы 35 см, салм. 370 – 770 г. жабын қауыр-
сыны біркелкі реңді, ақшыл түсті алқымы қара
жолақпен көмкерілген, екі қапталында ақ жә-
не қоңырқай реңді көлденең жолақтары бар. тұм-
сығы, көзінің айналасы қызыл, аяқтары қыз-
ғылт түсті болады. Аяғының бұлшық еті жақсы
дамыған, сондықтан ширақ қозғалып, тіршілігі-
нің көпшілігін жерде өткізеді. Бұта мен ағаштарға
қонақтауы сирек байқалады. К-тер ұяламаған кезде
топтасып ұшып, көбінесе «ке-ке-лек, ке-ке-лек» деп
дыбыстайтын болғандықтан, құстың аталуы осыған
байланысты қойылған. К. – отырықшы құс. Орман
өспеген тау-тастардың арасына қарапайым ұя жа-
сайды, онда көбінесе 7 – 22 жұмыртқа болады. қа-
зақстандық орнитолог Ю.Н.Грачев К. аналығының
екі жерге ұя жасап, жұмыртқалайтынын дәлелдеді.
мұндай жағдайда бір ұядағы жұмыртқаны аналығы,
екінші ұядағы жұмыртқаны аталығы басатыны анық-
талды. Осылайша К-тер қатал қыста шығынға ұшыра-
ған балапандарының орнын толтырады. К-тер өсімдік
өскіндері және тұқымдарымен, жәндіктермен қорек-
тенеді. К-тің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады.
КЕКІРЕ (Oxytropіs) – бұршақ тұқымдасына жа-
татын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде шала
бұта. қазақстанда 121 түрі бар, оның 35 түрі – эн-
демик. қазақстанның барлық облыстарының жазық
далаларындағы өзен-көл алқаптарында, тұзды, сор-
лы, ұсақ тасты жерлерде және қиыршықтасты биік
тау бөктерлерінде, көгалды жерлерде өседі. К-нің гүл-
Кекіре
өте биік таулы аймақтарда кездеспейді). шәулісінің
қанатының ұз. 41 – 51 см, құйрығының ұз. 25 – 28 см,
ұябасары сәл ірілеу. Салм. 1000 г-ға жетеді. Басқа
жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының
ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы бай-
қалады. Арқасы қара қоңыр, қоңыр сұр түсті, басы
ақшылдау, ал бауыры – ұзына бойына орналасқан
қара дақты, сарғыш қоңыр. Ұшып жүргенде қанат
астындағы ақ дақ жақсы көрінеді. жас құстардың
реңі басқаша: қауырсындары бурыл, денесі қызғылт
қоңыр теңбілді және құйрық қанаттарының ұшы ақ.
К. – жыл құсы. Наурызда қазақстан аумағына ұшып
келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына (негізінен
еменнің), жартасқа ұялайды. Ондағы 2 – 3 жұмырт-
қаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары
45 күннен кейін ұядан ұшады. тамыздың аяғы –
қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа – Аф-
рика мен Оңт. Азияға ұшып кетеді. әлсіз жыртқыш
болғандықтан негізгі қорегі – жануарлар өлексесі,
ұсақ кемірушілер, тауықтәрізділер мен су құстарының
балапандары, кесірткелер, жыландар, бақалар, су
бетінде қалқып жүрген өлі балықтар, моллюскілер.
өлексені, т.б. қалдықтарды, зиянды кемірушілерді
жеп пайда келтіреді.
КЕЗҚҰЙРЫҚТЫ СУБҮРКІТ (Halіaeetus leucory-
phus) – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымда-
сына жататын жыртқыш құс. К. с. тоғайлы, орман-
ды жерлердегі қамысты суқоймаларын мекендейді.
шәулісінің қанатының ұз. 52 – 59 см, ұябасары ірілеу.
Салм. 2,1 – 3,2 кг. шәулісінің арқасы қара бурыл түсті,
жаңа шыққан қанаттары – көгілдір, басы мен тамағы
ақшыл, құйрық қанаты – ақ, оның ұшы қара болып
келеді. Бауыр жағы қоңыр бурыл түсті. Ұябасары
реңсіз. К. с. – жыл құсы. Ақпанның аяғы наурыздың
басында қазақстан аумағына ұшып келіп, ағаш басы-
на, құлаған қамыс үстіне ұя салады. Онда наурыз –
сәуірде ұябасары 1 – 2 жұмыртқа басады. маусым –
шілде айларында балапандары ұядан ұшады. Негізгі
қорегі – балық және су құстары; қоян, құмтышқан,
ондатрды да ұстап жейді. 1960 – 70 ж. қазақстанда
маңғыстау обл-нда, Сырдария және Іле өзенде-
рінің бойында, марқакөлде ұялаған. 1985 – 86 ж.
Іле өз-нің жағалауынан 5 жұбының ұя салғаны бел-
гілі болса, еділ, жайық, жем, торғай, ертіс, шу
өзендерінің бойынан, қорғалжын қорығынан өтпелі
құстар байқалған. К. с. – өте сирек кездесетін, жыл-
Кезқұйрық
Кекілік
272
лымдарын, шабындықтарды суландырады. «Сары-
ағаш» шипажайының шипалы су көздері осы К. а.
а-на негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |