Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата18.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#2169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Көкқұтан

Көккөл суқұламасы



288

дейді. Ағаш басына не жерге ұялайды. 5 – 10 жасыл 

жұмыртқа  салып,  26  –  27  күнде  әлсіз  балапандары 

шығады.  Аталығы  мен  аналығы  1,5  ай,  тіпті  ұядан 

шыққаннан кейін де асырайды. К. ұялаған жерінде 7 

айдай болады, кейде қазақстанның оңт-нде қыстап та 

қалады. Бақа, балық, жәндіктер, бауырымен жорғалау-

шылар, кемірушілермен қоректенеді. К. кейде балық 

ш-на зиян келтіреді.

КӨКМАҢДАЙ  (Porphyrio  porphyrio)  –  тырнатә- 

різділер  отряды,  сутартарлар  тұқымдасына  жата-

тын құс. қазақстанда жайық өз-нің аңғарында 4 – 5 

жұбы  ғана  анықталған.  тұрқы  45  см-дей,  қанатын 

жайғанда ұз. 83 см, қанатының ұз. 24, құйрығының 

ұз. 10 см. қауырсыны көк күлгін түсті. маңдайында 

үлкен  қалқаны  бар,  тұмсығы  және  аяқтары  қызыл. 

моногамды  құс.  Ұяларын  қамыс,  құрақ  өскен  жер-

лерге немесе судағы төмпешіктерге салады. 6 – 9 жұ-

мыртқа салып, 22 – 25 күндей шайқайды. Негізінен 

өсімдіктердің  тұқымымен,  бұтағымен  және  тамыр-

ларымен, сондай-ақ ұсақ жәндіктермен, бақалармен, 

кейде  тышқандармен  қоректенеді.  К-дың  жылдан-

жылға  саны  азаюда,  сондықтан  қорғауға  алынып, 

қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.

КӨКНӘР  (Papaver)  –  көкнәрлер  тұқымдасына  жа-

татын  бір  не  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  қа-

зақстанда  далалы,  шөлейт  және  таулы  аудандарда 

тараған  11  түрі  бар.  ең  маңызды  сортына  дәрілік 

а п и ы н  К-і (P. somnіferum) жатады: ол қазақстан-

ның оңт. мен таулы аудандарында өседі. Оның піспе-

ген қауашағының шырынынан дәрі алынады. піскен 

К. тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп 

(55%). К-дің биікт. 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түкті 

жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, 

гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топ-

талған.  шілде  –  тамыз  айларында  гүлдеп,  жемісте-

неді. жемісі – көп тұқымды қауашақ. К-да сүт тәрізді 

ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты К-ін 

(P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. егістік-

те арамшөп ретінде сеппе К. (P. rhoeas) кездеседі. қа-

зақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген.



КӨКӨЗЕК, қ. Қарғалы.

КӨКӨЗЕК – ертіс алабындағы өзен. павлодар обл-

ның Ақсу қалалық әкімдігі жерімен ағады. Ұз. 90 км, 

су жиналатын алабы 508 км

2

. екібастұз қ-нан солт.-



батысқа  қарай  10  км  жерден  басталып,  шүрексор 

көліне құяды. Аңғары кең, құмды-саздақты, арнасы 

тік жарлы. жер асты, жауын-шашын суларымен то-

лығады. Көктемде ғана ағады, жазда қарасуларға бө-

лініп қалады. жылдық орташа су ағымы сағасынан 9 

км жерде 0,060 м

3

/с. мал суаруға пайдаланылады.



КӨКПЕК (Atrіplex) – алабұталар тұқымдасына жа-

татын  бір  жылдық  шөптесін  немесе  көп  жылдық 

бұташық өсімдік. қазақстанның барлық аймағында 

К-тің 25 түрі тараған. Биікт. 10 – 150 см, жапырақ-

тары  кезектесе  орналасқан,  олардың  табақшалары 

тегіс, кейде тілімденген. Гүлдері дара жынысты, бір 

үйлі өсімдік. Аталық гүлдері 3 – 5 мүшелі гүлсерікті, 

5  аталықты,  аналық  гүлдері  негізінде  гүлсеріксіз 

болады. қазақстанда жиі кездесетін түрі – б о з  К., 

алабота (A. сana). Ол жазық далалы аймақтарда, тау 

бөктерлерінде,  борпылдақ,  сортаң  топырақты,  саз-

ды  ойпаң  жерлерде,  өзен,  көл  аңғарларында  өседі. 

Биікт.  20  –  50  см  бұташық.  Сабағының  түп  жағы 

тармақты, сұрғылт қоңыр түсті. жапырағы сопақша 

келген,  едәуір  қалың,  кезектесе  орналасқан.  Гүл-

шоғыры  жапырақсыз.  шілде  –  қазан  айларында 

гүлдеп,  жемістенеді.  тұқымы  жирен  түсті,  жалпақ, 

дөңгелектеу. тағамдық К. (бақ көкпегі) – мал азық-

тық, дәрілік, бояулық, тех. өсімдіктер. шөл далалы 

аймақтарда К-ті адамдар отынға пайдаланады, күзде 

түйе жейді.

КӨКПЕКҚОЛАТ  –  шығыс  қазақстан  обл.  Абай 

ауд-ндағы Ащысу өз-нің ескі аңғары. Бойлық бағытта 

40  км-ге  созылып  жатыр,  ені  жалпақ  жерінде  10  км. 

Аңғардың  орта  және  жоғ.  бөлігі  антропогендік  мал-

татас, қиыршықтас, құм, саз, т.б. өзен шөгінділерінен 

түзілген. Беткейлері Сарыарқаның ұсақ шоқылы аласа 

тауларына ұласады. табанындағы жер асты сулары жер 

бетіне таяу (1 – 2 м), кейбір жерінен бұлақтар шығып 

жатады. Сұр топырағында жусан, сораң шөп өседі. 

КӨКПЕКТІ  –  ертіс  алабындағы  өзен.  шығыс  қа-

зақстан  обл-ның  Көкпекті  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз. 

206  км,  су  жиналатын  алабы  9030  км

2

.  Бастауын 



тарбағатайдың  солт.-батыс  бөлігіндегі  Сарытау, 

қайрақты тауларынан алып, зайсан көлінің батысына 

құяды. Аңғары кең (0,3 – 0,6 км). Су жайылмасы орта 

ағысында 80 м-ден 400 м-ге, төм. ағысында 6 – 7 км-

ге дейін жетеді. жағалауы құмды-сазды, тіктеу жар-

қабақты (2 м), кейбір тұсы гранитті тік жарлы. К-нің 

жалпы ұз. 126 км болатын 50-ден астам саласы бар. 

Ірілері:  Кіндікті,  қарасу,  тамды,  шігілік,  т.б.  өзен 

жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. жыл-

дық орташа су ағымы Көкпекті а. тұсында 4,31 м

3

/с. 


шабақ, аққайран, сазан, қарабалық, т.б. балықтар бар. 

Суы  егін  суғаруға  пайдаланылады.  жайылмасы  ша-

бындық.

КӨКПЕКТІ  АУДАНЫ  –  шығыс  қазақстан  обл-

ның орт. бөлігін алып жатқан әкімш. бөлініс. Алғаш 

рет 1932 ж. құрылды. 1997 ж. аудан құрамына Самар 

ауданы  енді.  жер  аум.  14,6  мың  км

2

.  тұрғыны  37,4 



мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 2,5 адамнан келеді 



(2010).  Аудан  жеріндегі  66  елді  мекен  16  ауылдық 

әкімш.  округке  біріктірілген.  Ауданның  жер  бедері 

күрделі. Солт. бөлігін түгелдей қалба жотасының шы-

Көкмаңдай

Көкпекті өзенінің орта ағысы



289

ғыс жағы, оңт. бөлігін зайсан қазаншұңқырының солт. 

бөлігі алып жатыр. қалба жотасының екі беткейі де ер-

тіс өз-нің салаларымен тілімденген. Ауданның ең биік 

жері – қаражал тауы (1606 м). зайсан қазаншұңқыры 

жалпы жазық болып келсе де оның әр жерінде шоқы-

лар кездеседі. Олардың ең ірілері: Ұзынбұлақ (818 м),  

Ақшоқы  (907  м),  қарақия  (823  м),  толағай  (721  м). 

Кен байлықтарынан ауданның жер қойнауында түсті 

металдардың,  құрылыс  материалдарының  (әктас, 

қиыршықтас)  мол  қоры  бар.  таз  шоқысы  түгелдей 

дерлік  әктастан  тұрады.  Ауданның  климаты  тым 

континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қуаң (зайсан 

қазаншұңқырында).  қаңтарда  ауаның  орташа  темп-

расы  –20,9°С,  шілдеде  20,4°С.  жауын-шашынның 

жылдық орташа мөлш. 200 мм-ден (қазаншұңқырда) 

350  –  400  мм-ге  дейін  барады  (қалба  жотасында). 

қалба мен оның оңт.-батыс сілемінен зайсан көлі мен 

ертіс  өз-не  қарабұғаз,  қурайлы,  Көкпекті  (салалары 

шегелек,  талды,  қосағаш,  Кіндікті),  үлкен  Бөкен 

(салалары:  тасмөңке,  тентек,  Кішібөкен),  құлажон, 

т.б.  өзендер  құяды.  Солт.-батыстағы  Ақсу,  қурайлы 

өзендері  зайсан  көліне  жетпей,  оның  жағасындағы 

құмға  сіңіп  кетеді.  Ауданның  оңт.  және  оңт.-шығыс 

жағын зайсан көлі мен ертіс өз-ндегі Бұқтырма бөгені 

алып жатыр. Аудан жерінің топырағы, негізінен, боз-

ғылт қоңыр. қалба тауында және өзен аңғарларында 

қара  топырақ  тараған.  Далалы  өңірде  бетеге,  көде, 

сарыбас жоңышқа, ұсақ шоқылы жерлерде қараағаш, 

тобылғы өседі. тау ішіндегі ылғалды жерлерде шал-

ғын,  қалба  жотасында  қылқан  және  жалпақ  жапы-

рақты орман, оның сілемдерінің бойында шоқ қайың, 

терек, мойыл, долана, қарақат, әр түрлі шөптер өседі. 

жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, аю, күзен, қоян, 

тиін,  бұғы,  елік,  құстардың  сан  алуан  түрі  (қаз,  үй-

рек, аққу, шағала, қызғыш, бүркіт, қаршыға, лашын, 

ителгі,  кезқұйрық,  тұрымтай,  т.б.)  тараған.  Көлдер 

мен  өзендерде  әр  түрлі  балықтар  мекендейді.  Аудан 

аумағындағы ірі елді мекендер: Көкпекті, Самарское, 

үлкен  Бөкен,  Көкжайық,  Бастауыш,  тассай.  Ауыл 

экономикасының негізін а. ш. құрайды. Ауданда 235,8 

мың га-дан астам а. ш. жері бар, 73,7 мың га егістік 

жер, 36,5 мың га шабындық, 125,6 мың га жайылым. 

Аудан  жері  арқылы  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа 

қарай респ. маңызы бар павлодар – Семей – Георги-

евка – Көкпекті – зайсан – майқапшағай (қытаймен 

шекараға дейін) және облыстық маңызы бар өскемен –  

жарма автомоб. жолдары өтеді.



Көксерке

КӨКСАЛА – Бақанас өз-нің бір саласы, шығыс қа- 

зақстан обл-ның Аягөз ауд. жерімен ағып өтеді. Ұз. 

152  км,  су  жиналатын  алабы  2270  км

2

.  Бастауын 



шыңғыстаудың  Ақшатау  сілеміндегі  бұлақтардан 

алып,  әбдірейім  қыстағы  тұсында  Бақанас  өз-не 

құяды. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Ірі салалары: 

Арсалан, Ақшатау. Наурыздың аяғында тасиды, жаз-

да қарасуларға айналады. жайылмасы – шабындық. 

КӨКСЕҢГІР  –  шыңғыстау  жотасының  батысын-

дағы  оқшауланған  тау  массиві.  шығыс  қазақстан 

обл. Абай ауд. Байқошқар а-ның оңт.-шығысында 52 

км жерде орналасқан. шаған өз-нің төм. ағысында. 

Абс.  биікт.  1013  м.  Солт-тен  оңт-ке  қарай  бойлық 

бағытта  9  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  7  км. 

таудың  солт.  беткейі  тіктеу,  жартасты,  оңт.,  оңт.-

шығыс  беткейлері  көлбеуленіп  жазыққа  айналады. 

жер қыртысы палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, 

конгломерат,  эффузивтік  жыныстарынан  түзілген. 

Оңт. беткейіндегі бұлақтардан құрбақанас өз-нің са-

лалары бастау алады. Солт-нде қарақашық қонысы 

орналасқан.  Баурайындағы  қоңыр  топырақ  жамыл-

ғысында далалық өсімдіктер, бұта өседі. мал жайы-

лымына қолайды.

КӨКСЕҢГІРСОР – есіл алабындағы тұзды көл. Солт. 

қазақстан обл. уәлиханов ауд. Баянбай а-ның шығы-

сына қарай 5 км жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 

158,8  м  биіктікте.  Аум.  46,3  км

2

  (су  көп  жылдары 



63  км

2

-ге  дейін  ұлғаяды),  ұз.  12,4  км,  енді  жері  7,2 



км,  жағалау  бойының  ұз.  45,1  км,  орташа  тереңд.  

0,7 м. Көлдің шығыс жағалауы тік құламалы келген. 

Оңт.-батысынан  Саға  және  қарасу  өзендері  құяды. 

Ортасы мен оңт.-батыс бөлігінде ұз. 0,4 – 0,7 км бола-

тын үш арал орналасқан. 

КӨКСЕРКЕ  (Stіzostedіon  lucіoperca)  –  алабұға  тұ-

қымдасына  жататын  жыртқыш  балық.  Бұлар  табиғи 

жағдайда Балтық, қара, Азов, Каспий, Арал т-дерінің 

су алаптары және Эгей т-не құятын марица өз-нде 

кездеседі. қазақстанда жайық – Каспий, Сырдария –  

Арал, Сарысу, Балқаш – Алакөл, талас, ертіс, Нұра 

су  алаптарында  тіршілік  етеді.  Ұз.  35  –  45  (91)  см, 

салм. 400 – 900 (11,3 кг) г. 10 – 12 (16) жыл тіршілік 

етеді.  Ұзынша  денесі  екі  бүйірінен  сәл  қысыңқы. 

толағай таулары

Көксала өзені


290

жақтары мен таңдайында шошақ тістері бар. майда 

қабыршағы құйрық қанатының түбіне шейін, басын-

да  желбезек  қақпағына  дейін  жауып  жатады.  Бүйі-

рінде 9 – 14 қоңыр көлденең жолақтары бар, майда-

ларында анық көрінеді. жақын орналасқан екі арқа 

қанатының біріншісі тек тікенекті талшықтардан тұ-

рады. Кеуде, құрсақ және аналь қанаттары ақ немесе 

солғын сары түсті болады. Арқа және құйрық қанат-

тары көптеген майда қоңыр дақтардан шұбар болып 

көрінеді.  жыныстық  жағынан  көпшілік  жағдайда 

2 – 4 жасында жетіледі. әрбір аналық уылдырығын 

(54,6  мыңнан  170  –  180  мыңға  дейін)  су  темп-расы  

12 – 15°С болғанда (наурыздың аяғы – сәуірдің ба-

сынан  мамырдың  аяғына,  кейде  маусымға  дейін), 

суы таза, майда тасты, өсімдік қалдығы бар тұнба-

топырақты  жерлерге  шашады.  Оны  аталықтары 

қорғайды,  бұл  мезгілде  олар  қоректенбейді.  өте 

майда  шабақтары  зоопланктонмен,  сәл  ересектері 

зообентоспен  (мизидалар,  креветкалар,  бүйірімен 

жүзушілер,  хирономидтердің  дернәсілі,  т.б.)  қорек-

тенеді.  мөлш.  5  см-ге  жеткенде  балықпен  қоректе-

неді. Басқа жыртқыш балықтар сияқты бұларға кан-

нибализм тән. К-нің еті дәмді, қылтанақсыз, кәсіптік 

маңызы бар балық. Сондай-ақ олар сулардың тиімді 

биомелиораторы болып саналады. 



КӨКСУ  –  Балқаш  алабындағы  өзен.  Алматы  обл-

ның ескелді би, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді. 

Ұз. 205 км, су жиналатын алабы 4670 км

2

. Бастауын 



жетісу Алатауындағы Басқан мұздығының оңт-нен 

алып, Көксу т. ж. ст. тұсында қаратал өз-не құяды. 

қараарық пен қазан бастауларының қосылған жері-

нен К. аталады. жоғ. бөлігінде тар шатқал арасымен 

өтеді.  Арнасының  жағасы  тік,  биікт.  4  м-ге  жетеді. 

Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Ағысы 

қатты, суы мол. жылдық орташа су ағымы Көксу а. 

тұсында 37 м

3

/с. өзен суы шабындықтарды суланды-



руға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.

КӨКСУ  –  Алтай  тау  жүйелерінің  батысындағы 

таулы  жота.  Ресей  федерациясы  құрамындағы  Ал-

тай  Республикасы  мен  қазақстан  шекарасында  ор- 

наласқан.  Об  және  ертіс  өзендерінің  суайрығы  са-

налады.  Солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай  70 

км-ге созылып жатыр. Абс. биікт. 2599 м. Орта де-

вон  кезеңінің  эффузивтік  жыныстарынан,  саздақ- 

ты  тақтатас,  граниттен  түзілген.  Беткейлерінде  са-

мырсын,  шырша,  майқарағай,  өзен  аңғарларында 

көк терек, қайың, ал 2200 – 2500 м биіктікте альпілік 

шалғын өседі.

КӨКСУ  –  жетісу  (жоңғар)  Алатауы  мен  Бежінтау 

аралығындағы  асу.  қазақстан  мен  қытай  шекара-

сында.  Биікт.  3210  м.  Көксу  өз-нің  саласы  –  қазан 

арқылы  шығысындағы  Боратала  өз-нің  бастауына 

қарай соқпақ жол өтеді.

КӨКСУ  АУДАНЫ  –  Алматы  обл-ның  орт.  бө-

лігінде  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  жер  аум.  6,9 

мың км

2

. тұрғыны 40,2 мың адам, орташа тығызд. 



1  км

2

-ге  5,8  адамнан  келеді  (2010).  Аудандағы  39 



елді мекен 9 ауылдық және 1 кенттік әкімш. округ-

ке  біріктірілген.  Аудан  орт.  –  Балпық  би  кенті.  К. 

а-ның  шығыс,  оңт.-шығыс  бөлігі  таулы-қыратты. 

Оңт.-шығысында  шаған  тауы,  шығысында  Алба- 

су  (лабасы),  қызылауыз,  Сарыбастау,  жуантөбе, 

оңт-нде  Ашудасты,  Достар,  Ақшоқы  таулары,  ба-

тыс бөлігінде Көкешиелі жотасы орналасқан. Баты-

сын мойынқұм, Аралқұм, жетіжал құмдары алып 

жатыр.  Ауданның  ең  биік  жері  шаған  тауларында 

(2551  м).  Кен  байлықтарынан  желдіқара  кен  ор-

нында  алтын  және  күміс  кендерінің  қоры  барлан-

ған,  сондай-ақ  құрылыс  материалдарының  қоры 

бар.  К.  а-ның  климаты  тым  континенттік,  қысы 

біршама  суық,  жазы  ыстық.  қаңтар  айының  жыл-

дық  орташа  темп-расы  –9  –  11°С,  қыс  айларының 

кейбір  күндерінде  ауа  темп-расы  –35°С-қа  дейін 

төмендейді. шілде айының жылдық орташа темп-

расы 22 – 24°С. жауын-шашынның жылдық орташа 

мөлшері жазық өңірлерде 150 – 250 мм, шығысын-

дағы  таулы  өңірлерде  400  –  550  мм.  Аудан  жері-

мен  Көксу,  Быжы,  қарасу,  мұқыр  өзендері  ағып 

Көксу

Көксу өзенінің орта ағысы

Көксу асуы

қазан өзені



291

өтеді.  Батысының  топырағы  сұр,  құмдақты  сұр, 

сортаң,  орт.  бөлігінде  қоңыр,  қызғылт  қоңыр,  тау 

өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. 

жазық  және  құмды  өңірде  эфемерлі  өсімдіктер, 

жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйыр-

ғын,  баялыш,  жүзгін,  тау  бөктерлері  мен  өзен  аң-

ғарында  итмұрын,  тобылғы,  долана,  тал,  жабайы 

алма,  тау  шатқалдарында  терек,  шырша,  қарағаш, 

т.б. өседі. жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, 

жабайы шошқа, шиебөрі, суыр, сарышұнақ, қосаяқ; 

құстардан  кекілік,  бұлдырық,  бүркіт,  қырғауыл, 

дуадақ,  шіл,  бозторғай,  бөдене,  т.б.  кездеседі.  Ірі 

елді  мекендері:  Балпық  би  кенті,  мұқыр,  мәмбет, 

Көксу а-дары. А. ш-на жарамды жерінің жалпы аум. 

638,2 мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 

29,8 мың га, шабындығы 9,3 мың га, жайылымы 600 

мың га.


КӨКСУ БҰЛАҚТАРЫ – Алматы обл-нда, Көксу өз-

нің аңғарында, текелі қ-нан оңт.-шығысқа қарай 40 

км жерде орналасқан. Олар шығыс (2800 м биіктікте) 

және батыс (2200 м биіктікте) бұлақтар деп бөлінеді. 

«Кремнийлі жылы су» минералды тұмалар қатарына 

жатады. Кей жерлерде аллювийлі шөгінділердің жұқа 

қабаты  жапқан  гранит  жарықшаларынан  шығады. 

жиынтық  шығымы  тәулігіне  210  м

3

.  Суы  мөлдір, 



темп-расы 25,5°С, минералд. 0,25 – 0,30 г/л, құрамы 

жағынан  гидрокарбонатты  сульфатты-натрийлі, 

сәл сілтілі (рН 8,2), әлсіз радиоактивті, радонының 

мөлш.  17,6  эман  (е),  кремний  қышқылы  57  мг/л. 

Газының құрамында азот басымырақ (98,5%). Баль-

неол. мақсатта пайдаланылады.



КӨКСУ-ТЕКЕЛІ  КЕНДІ  АУДАНЫ,  Алматы  обл-

ның  шығысында,  жетісу  металлогения  аймағында 

шоғырланған  кен  орындары  тобы.  Бұл  аудан  кале-

дон  қатпарлығы  және  герцин  қатпарлығы  кезінде 

қалыптасқан,  геол.  дамуы  тұрақсыз  және  әр  түрлі 

тектоник.  қозғалыстары  бір-біріне  қарама-қайшы 

аймақтардың  шектескен  орны.  К.-т.  к.  а.  бір  шеті 

Оңт.  жоңғар  антиклинорийімен  Солдатсай  бойын-

дағы  жарылымның  қиылысқан  жерінде,  екінші  шеті 

Алтынемел  жарылымдарының  бойымен  созылып 

жатыр.  төм.  палеозойдың  карбонатты  жыныстары 

араласқан  құмтастар  мен  тақтатастардың  қабаттары 

текелі  және  Суықтөбе  шоғырларының  ішінде  орна-

ласқан.  Каледон  кешеніне  жататын  тау  жыныстары 

қатты  метаморфтануға  шалынып,  күрделі  қатпарлар 

құраған.  Кен  денелері  кен  алаңының  құрылымымен 

бағыттас.  Алаңдағы  басты  кен  орындары:  текелі, 

Көксу, өсек, т.б. Кентас негізінен қорғасынды-карбо-

натты және кварц-тремолитті кешендерден құралған, 

сондай-ақ  скарндық  және  кварц-карбонатты  түрлері 

де кездеседі.

КӨКСУЫР, қ. Мензбир суыры.

КӨКТАЛ-АРАСАН  МИНЕРАЛДЫ  СУЫ,  Алма-

ты  обл.  панфилов  ауд.  Көктал  а-нан  солт-ке  қарай 

23 км жердегі бұлақтар. тоқсанбай жотасының оңт. 

баурайындағы Долантау тауында, Бурақожыр өз-нің 

аңғарында 1280 м биіктікте орналасқан. Бұлақтарды 

қу-Арасан  немесе  жаркент-Арасан  минералды  су-

лары  кені  деп  те  атайды.  қайнар  сулары  тас  көмір 

кезеңінде  қалыптасқан  фальзит-профирлерді  тіліп 

өтетін  тектоник.  белдемге  шоғырланған.  қайнар 

суларының дебиті 1,7 – 104 м

3

/тәулік, темп-ра 30,4 –  



35,2°С, минералд. 1 – 1,1 г/л. Бұлар сульфатты-нат-

рийлі суға жатады, құрамында 80 – 96 мг/л кремний 

қышқылы, 7 – 8 мг/л фтор, аз мөлшерде родон бар. 

Осы  минералды  қайнарлар  негізінде  жаркент-Ара-

сан емдеу орт. жұмыс істейді. 

КӨКТАЛ  БОКСИТ  КЕНІ,  қостанай  обл-ның  әу-

лиекөл және Наурызым аудандары аралығында жа-

тыр. торғай иінойысының орта тұсында орналасқан 

кен 1960 ж. ашылған. Кен орны Көктал және Науры-

зым атты екі телімнен тұрады. Іздестіру жұмыстары 

нәтижесінде  Көктал  телімінде  44  кен  денесі  анық-

талды, оның ішінде 10 кен денесі ірі саналады және 

оның  қоры  С

2

  категориясына  жатқызылады.  Кен 



денелерінің пішіні: ұз. 3 км-ге жуық, ені 0,4-тен 1,2 

км аралығында. Бокситті кен денелерінің орташа қа-

лыңд. 4,0 – 11,3 м аралығында. Олар 151,3-тен 165,5 м 

тереңдікте жатыр. Кен денесінің пішіні линза тәрізді 

тақташа түрге ие. Наурызым телімінде 40 кен денесі 

анықталған,  оның  екеуінің  өнеркәсіптік  маңызы 

бар.  Бұл  кен  денелері  пішімі  750  және  2500  м,  ені 

500 м. Орташа қалыңд. 5,0 м және 5,7 м. Кен денесі 

153,1 және 183,6 м тереңдікте. Бокситтің есептелген 

қорының мөлш. 13,8 млн. т. екі телімдегі кен дене-

лерінің  жиынтық  қоры  91,3  млн.  т-ны,  болжамдық 

қоры 310 млн. т-ны құрайды.



КӨКТАС  –  Сарысу  алабындағы  өзен.  қарағанды 

обл-ндағы  жаңаарқа  ауд-ның  оңт-нде,  шығыстан 

батысқа  қарай  ағады.  Бастауын  желдітау,  қу  тау- 

ларынан  алып,  жетіқоңыр  құмының  солт-нде  тар-

тылып қалады. Ұз. 142 км, су жиналатын алабы 6560 

км

2



. Оң жағынан Ақтассу (10 км), еспенбек (20 км), 

сол жағынан Сарыбие (31 км), қарасай (73 км), Сағын-

тай (38 км), т.б. салалар келіп құяды. жоғ. және орта 

ағыстарының  аңғары  тар,  тастақты.  Негізінен  қар, 

жер  асты  суларымен  толығады.  жазда  қарасуларға 

бөлініп қалады. шөл далада орналасуына байланыс-

ты бұл өзеннің мал суаруда, жайылымдарды суланды-

руда маңызы зор. 



КӨКТАСЖАЛ  МЫС  КЕНІ,  қарағанды  обл.  қар-

қаралы  ауд-нда  орналасқан.  Кен  орны  1953  –  58  ж.  

барланған. Спасск антиклинорийінің шығыс шетін-

дегі  Көктасжал  жаншылу  аймағына  жатады.  пла-

гиогранит-порфир интрузивтері қиып өтетін тас кө-

мірдің эффузивтік-туфтекті жыныстарынан тұрады. 

Кентасталуы  плагиогранит-порфирдің  ұсақталу 

және  кварцтену  белдеміне  байланысты.  Кенге  хло-

риттану,  эпидоттану,  кварцтену  тән  болып  келеді. 

Кентасы  мүжіліп-теңбілденген.  қышқылдану  бел-

демінің тереңд. 20 – 50 м. минералдары: сульфидтік 

кентаста  –  халькопирит,  борнит,  пирит,  молибден, 

гематит,  күңгірт  кентас;  қышқылданған  кентаста  –  

малахит,  азурит,  хризоколла.  Негізгі  пайдалы  ком-

поненттері:  мыс,  алтын,  қосымша  компоненттер  – 

күміс, молибден, селен, теллур.



КӨКТАУ – қалба жотасының солт. бөлігіндегі тау 

массиві. шығыс қазақстан обл. Ұлан ауд. Бозанбай 

а-ның  шығысында  орналасқан.  Абс.  биікт.  1449  м. 

Солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай  24  км-ге  созы-

лып жатыр, енді жері 18 км. Солт., солт.-батыс бет-

кейі көлбеу келген, оңт. беткейі тік жарқабақты. па-

леозойдың  тақтатас,  құмтас  және  интрузивтік  жы-

ныстарынан түзілген. Сибинка (Себе) және Ұраңқай 

өзендерінің  суайрығында.  таудан  осы  өзендердің 

бірнеше  салалары  бастау  алады.  Солт.-шығысында 

медведка  тауы,  оңт-нде  шалқар  көлі  орналасқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет