Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата18.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#2169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«КЕРІМАҒАШ»  САНАТОРИЙІ  –  шипалы  сумен 

емдейтін  бальнеол.  санаторий.  Алматы  обл.  Іле 

өз-нің аңғарында жаркент қ-нан 40 км жерде орна-

ласқан. Климаты континенттік. жазы – ыстық, күн 

сәулесі түсетін шуақты күндері мол. Күзі көктемнен 

гөрі  жылырақ  әрі  ұзақ.  қысы  қоңыржай  суық,  тұ-

рақты қар жамылғысы болмайды. Санаторий өнеркә-

сіптік нысандардан қашық болғандықтан ауасы таза.  

«К.» с. маңайындағы бұта аралас құм төбелерді ме-

кендейтін  қоян,  қырғауыл,  доңыз,  т.б.  жануарлар 

оған ерекше көрік беріп, микроклимат қалыптасты-

рады.  «К.»  с.  1990  ж.  ашылған.  60-тан  астам  орны 

бар.  жыл  бойы  жұмыс  істейді.  мұнда  қан  айналу 

жүйесі, тыныс алу органдары, ас қорыту жүйесі, қоз-

ғалыс-қимыл  мүшелері,  жүйке  жүйесі,  тері,  урол., 

Керімағаш

Керқұлан


280

қарсы  қолданылатын  инсектицидті  зат  –  пиретрин 

алынады.  К-ның  гүлдері  әдемі  болғандықтан,  кө-

бінесе әсемдік үшін өсіріледі. К-ның реликті түрі –  

Келлер  кестежусаны  қорғауға  алынып,  қазақстан-

ның «қызыл кітабына» енгізілген.



КЕСТЕЛІ ҚОЗЫҚҰЙРЫҚ (Agarіcus tabularіs) – ба-

зидиомицеттер класы агарикалар қатары қозықұйрық 

тәрізділер  тұқымдасы,  қозықұйрық  туысына  жата-

тын  саңырауқұлақ.  қазақстанда  қоржынтау,  Сары-

арқа, Балқаш маңындағы аласа таулы беткейлердің 

сазды,  қиыршықтасты  жерлерінде  өседі.  жемістік 

денесі  қалпақшадан  және  аяқшадан  (діңгекшеден) 

тұрады.  Дөңес,  жазық  келген  қалпақшасының  беті 

пирамидалар  тәрізді  бөлінген  ұяшықтардан  құрал-

ған. Оның диам. 5,5 – 14 см. қалпақшасының астында 

гимений қабатында споралары жетілетін тақталары 

алдымен  қоңыр,  кейін  қара  қоңыр  түске  айналады. 

қатты, ақ түсті аяқшасы сақина тәрізді болады. Ішкі 

жіпшумағы  тығыз,  жуан,  ақшыл  түсті.  зақымдан-

ған  жері  сарғая  бастайды.  К.  қ-тың  жағымды  иісі 

(жаңғақтың иісіне ұқсайды) болады, жеуге жарамды. 

мамыр – шілде айларында споралары жетіледі. К. қ. 

өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр бол-

ғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл 

кітабына» енгізілген. 



КЕТПЕН АСУЫ – Кетпен (Ұзынқара) жотасындағы 

асу.  Биікт.  3050  м.  Сұңқар  және  Айқайтас  асулары 

аралығында.  жотаның  оңт-ндегі  шалкөдесу  өз-нің 

аңғарымен бойлай көтерілген соқпақ жол оның солт. 

беткейіндегі үлкен Кетпен а-на жетеді.

КЕТПЕН  (ҰЗЫНҚАРА)  ЖОТАСЫ  –  тянь-шань 

тау  жүйесінің  солт.  доғасына  кіретін  жота.  Алматы 

обл-ның  Ұйғыр  және  Райымбек  аудандары  жерінде. 

К. ж. Іле аңғарын Кеген тауаралық жазығынан бөліп 

жатыр.  Батысында  құлықтау  тауымен,  шығысында 

темірлік тауымен жалғасады.  жота негізінен  қазақ-

стан жерінде, ендік бағытта 125 км-ге созыла орналас-

қан. ені 40 – 50 км. ең биік жері қазақстан – қытай 

шекарасындағы  Аспан  тауы  (3652  м).  тау  жоталары 

қар сызығынан төмен жатқандықтан мұздықтар кез-

деспейді. К. ж-ның бастары үстірт тәріздес тегіс болып 

гинекол.,  тіс  ауруларын,  сондай-ақ  ауыр  металдар-

мен  уланған  адамдарды  емдейді.  ем  ретінде  әлсіз 

минералданған,  сілтілігі  аз,  сульфат-хлоридті,  на-

трий-кремнийлі, құрамы фторға бай гипертермаль-

ды су пайдаланылады. минералды суының құрамы 

осындай шипажай тек Болгарияда ғана бар. Санато-

рий ғимараттарында 1 – 4 адамдық бөлмелер, биль-

ярд және видеозал бар, сондай-ақ асхана, кітапхана, 

кинотеатр,  дүкен  жұмыс  істейді.  Демалушыларға 

минералды  суы  бар  ванна,  бассейні  бар  душ-сау- 

на,  физиотерапиялық  емшара  (процедура),  массаж, 

т.б. қызметтері көрсетіледі. 

КЕРІМАҒАШ ШИПАЛЫ СУ КЕНІ, Алматы обл. 

панфилов ауд-ның орт. жаркент қ-нан оңт-ке қарай 

37 км жерде, Іле жағалауында орналасқан. жер қыр-

тысы  төрттік  кезеңнің  аллювийлі  шөгінділерінен 

түзілген. жер асты су қабаты жоғ. неоген қабатында 

шоғырланған. Су кені орналасқан аймақтың климаты 

континенттік. қаңтар айының жылдық орташа темп-

расы – 10 – 12°С, шілдеде 24 – 26°С. жауын-шашын-

ның орташа мөлш. 200 – 250 мм, оның басым бөлігі 

(180 мм) жылдың жылы мезгілінде түседі (сәуір – қа-

зан). қар жамылғысы жұқа (10 – 15 см), ол 70 күндей 

жатады. желдің басым бөлігі (60%-дай) Іле аңғары 

бойымен  шығыстан  соғады.  шуақты  күндердің 

жылдық жиынтығы 2800 сағ, вегетациялық кезеңнің 

жылдық жиынтығы 3800 сағ. Соңғы үсік сәуір айы-

ның  2-онкүндігінде,  алғашқы  үсік  қазан  айының 

2-онкүндігінде  байқалады.  тегіс  келген  жер  бедері 

құмды,  құмайтты,  ал  Іле  жағалауына  жақын  жері 

шалғынды  сұр,  құмайтты  қоңыр  топырақтан  тұ-

рады.  Онда  сексеуіл,  жиде,  шілік  тоғайлары  және 

боз жусан, теріскен, жүзгін аралас астық тұқымдас 

шөптесіндер өскен. Су кенінің минералд. 0,57, аз сіл-

тілі  (рН  8,1),  гидрокарбонатты-хлоридті-натрийлі, 

кремнийлігі 111,9 мг/л, суы гипертермальды (96°С), 

құрамында  фтордың  мөлш.  2,58  мг/л  шамасында. 

Кеннің ыстық суы 1986 ж. қазылған ұңғыма арқылы 

3013 м тереңдіктен шығады. К. ш. с. к. 1990 жылдан 

пайдаланылуда.



КЕСЕЛ (Varanus) – кесірткелер отряд тармағына жа-

татын бауырымен жорғалаушы. қазақстанда К-дің 1 

түрі – с ұ р  К. (B. grіseus) кездеседі. Оның денесінің 

ұз. 60 см, құйрығының ұз. 1 м-дей, салм. 3,5 кг. түсі 

сарғыш. тек Оңт. қазақстан обл-нда ғана сақталған. 

жылдан-жылға санының азаюына байланысты қор-

ғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» ен-

гізілген.



КЕСТЕЖУСАН  (Pyrethrum)  –  күрделігүлділер  тұ-

қымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. 

қазақстанда  таулы  аймақтардың  тасты,  тастақты 

беткейлерінде,  шалғындарда,  орманды  жерлер  мен 

бұталар арасында өсетін 19 түрі бар. Биікт. 3 – 100 

см, тік сабақты өсімдіктер. жиегі тілімденген, кей-

де  тұтас  табақты  жапырақтары  кезектесіп  келеді. 

Себет  гүлдері  жеке  немесе  шоғырланып  (2  –  40) 

қалқаншалы  немесе  сыпыртқы  гүлшоғырына  топ-

талған. Гүлтұғыры дөңес кейде тегіс, жалаң болады. 

тілше тәрізді гүлдерінің желегі ақ, қызғылт, ал тү-

тікше  гүлдерінің  күлтелері  сары  түсті  келеді.  мау-

сым айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. 

тұқымдары ұзынша келген, сырты жалаң болады. К-

ның кейбір түрлерінен (мыс., қызғылт К. немесе пар-

сы түймедағы, т.б.) адам мен жануарлар паразитіне 



Керімағаш

Кестелі қозықұйрық



281

шөптесіндер  өседі.  Сайларында  қараған,  тобылғы, 

тал  аралас  қайың,  қарағай  бар.  Батыс  беткейінен 

талды,  солт-нен  түндік,  шығысынан  Ақтайлақ, 

қазанғап,  Сарықорық  өзендерінің  салалары  бастау 

алады. 


КИЕВКА СУ ҚҰБЫРЫ – қарағанды обл. Нұра ауд-

нда орналасқан. 1969 ж. пайдалануға берілді. тассу-

ат, изенді, жараспай, құланөтпес, заречное елді ме-

кендерді, Нұра ауд. а. ш. бірлестігін сумен қамтама-

сыз етеді. Сумен қамтамасыз ететін жері 2 мың км

2



Су алатын көзі – Нұра өз. аллювийлі шөгінділерінің 

жер асты сулары (сулы қабат тереңд. 10 м-ге дейін). 

жер асты суының қоры 18,9 мың м

3

. әрқайсысының 



дебиті  8  –  15  л/с  су  беретін  9  ұңғымадан  алына-

ды.  Барлық  ұңғымаларға  1-көтерім  сорғы  ст-лары 

орнатылған,  судың  санитарлық  жағын  реттейтін 

қорғау жабдықталған. Ұңғымалардан алынған су 1-

көтерім ст-ларынан құбыр арқылы резервуарға жет-

кізіліп,  2-көтерім  сорғы  ст-мен  магистральдық  су 

құбырына  беріледі.  магистральдық  су  құбырының 

ұз. 204 км, құбыр қимасының ұз. 100 – 400 мм аралы-

ғында. Су құбырлары мен өзендер түйіскен тұстарда 

арын құбырлары – дюкерлер салынған.



КИРОВ  БӨГЕНІ,  Батыс  қазақстан  обл-ның  Ақ-

жайық және зеленов аудандары жерінде, Көшім өз. 

бойында  орналасқан.  1967  ж.  шабындық  және  мал 

жайылымын  суландыру  мақсатында  іске  қосылған. 

Ауд.  39,1  км

2

,  ұз.  21,6  км,  ені  4  км,  орташа  тереңд.  



1,6 м, көл. 62,9 млн. м

3

. Су жиналатын алабы 190 мың 



км

2

. К. б. суымен 36,4 мың га шабындық көлдетіліп, 



6,4 мың га жер тұрақты суғарылады және 260 мың га 

жайылым суландырылады. 



КИРОВ-ШЕЖІН (ШЫЖЫҢ) КАНАЛЫ, жайық-

Көшім  суғару-суландыру  жүйесіне  жататын  арна. 

Батыс қазақстан обл. тасқала, Казталов аудандары 

жерінде.  Киров  бөгенінің  суын  жинап,  секундына 

21  м

3

  су  өткізеді.  Каналдың  ұз.  130,6  км.  Негізінен 



тасқала  және  Казталов  аудандарының  елді  мекен-

дерін сумен қамтамасыз етеді.



КИРСАНОВ ҚОРЫҚШАСЫ – қазақстандағы респ. 

мәні  бар  үш  кешенді  қорықшаның  бірі.  қорықша 

1967  ж.  Батыс  қазақстан  обл-ның  Бөрілі,  теректі 

және  Ақжайық  аудандары  аумағында  ұйымдасты-

рылды. Ол алғашында жайық өз-нде ғана кездесетін 

құндызды  қорғау  және  санын  көбейтіп  қазақстан-

ның  басқа  аймақтарына  қайта  жерсіндіру  мақсаты-

мен 10 жыл мерзімге ғана ұйымдастырылған. Кейін 

оның жұмысы тағы да 10 жыл мерзімге ұзартылды. 

1986 ж. қазақстан мин. Кеңесінің қаулысы бойынша 

респ. мәні бар кешенді қорықша болып қайта бекітіл-

ді.  Бұл  –  қазақстандағы  терісі  бағалы  құндызды 

қорғауға арналған бірден-бір қорықша. К. қ. жайық 

өз.  аңғарын  және  оның  айналасындағы  шалғынды, 

далалы жерлерді алып жатыр. жер аум. 61 мың га, 

өзен аңғарында ені 10 км, ұз. 50 км-дей алқапты қам-

тиды. Онда арал мен түбектер көп. Орманды жерле-

рінде  қаратерек,  көк  терек,  емен,  қайың,  тал  өседі. 

қорықта құндыз, бұлан, қабан, елік, бұғы, орман су-

сары, борсық, орқоян, ақтышқан, құр, сұрқаз, үйрек, 

балшықшы,  т.б.  қорғалады.  Көлдер  мен  өзендерде 

сазан, көксерке, шортан, тыран кездеседі. жайық өз-

нде шоқыр, қортпа таралған. мұнда табиғат қорғау 

шараларымен бірге биотех. жұмыстар да жүргізіледі. 

жыл сайын құндыздар санының есебі алынып отыра-

келеді. үстімен соқпақ жолдар, көлік жолдары өтеді. 

жота  өзен  аңғарларымен,  терең  әрі  тік  шатқалдар-

мен қатты тілімденген. Солт-ке, Іле аңғарына қарай, 

Бедеті, Сүндетсай, Дардамты, Долатысай, үлкенсай, 

үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, шошасынсай, темірлік өзен-

дері,  ал  оңт-ке  қарай  Сатылыхасан,  шұбырмахасан, 

шалкөдесу,  қисықақтас,  шолақ  өзендері  бастау 

алады.  тау  етегіндегі  өзендердің  ысырынды  конус-

тарында  күңгірт  қызыл  топырақты  дала  ландшаф-

тысы  дамыған.  тау  етегінде  таудың  орманды-дала 

белдеуі, солт. беткейінің Байынқол алабында күлгін 

топырақты  дала  белдеуі,  таулы-орман  топырағында 

тянь-шань  шыршасынан  тұратын  қылқанды  орман  

(1800  –  2700  м)  белдеуі  орналасқан.  2700  –  3000  м 

биіктікте таулы-шалғын топырақта субальпілік лан-

дшафты,  ал  3000  м-ден  биікте  түрлі  шөпті  альпілік 

шалғындар таралған. 



КЕШ  ҚЫЗҒАЛДАҚ  (Tulipa  tarda)  –  лалагүлділер  

тұқымдасы,  қызғалдақ  туысына  жататын  көп  жыл-

дық  жуашықты  өсімдік.  қазақстанда  Іле  Алатауы-

ның батыс бөлігінде (қастек, Суықтөбе, Ұзын қар- 

ғалы)  ғана  кездеседі.  тастақты,  қиыршықтасты  да-

лалық өңірде өседі. Биікт. 5 – 15 см, жуашығы жұ-

мыртқа тәрізді, жуанд. 3 см-дей, сырты қара қоңыр 

қатпарлы.  жапырақтары  жіңішке  және  ұзын,  төм. 

жапырақтары  қауырсын  немесе  таспа  тәрізді.  Гүлі 

ақ, сирек сары түсті, сабақ ұшында дара кейде бір-

нешеу болады. тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр 

айларында  гүлдеп,  жемістенеді.  жемісі  –  қорапша, 

ені  2  см-дей.  әсемдік  өсімдік  ретінде  өсіріледі.  

К. қ. – өте сирек кездесетін эндемик түр. жылдан-

жылға таралу аймағының азаюына байланысты қа-

зақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.



КЕШУБАЙ, К ө ш у б а й  – Сарыарқаның шығысын-

дағы тау. қарағанды обл-ндағы қарқаралы ауд-ның 

оңт.-шығыс  бөлігінде  орналасқан.  Бойлық  бағытта 

50  км-ге  доғаша  иіле  созылып  жатыр,  ені  20  км-

дей.  тауаралық  және  өзен  аңғарлары  бөліп  жатқан 

қырқалы, күмбезді, үшкіл төбелі, белесті, аласа тау 

тізбегінен тұрады. Абс. биікт. 1368 м. Биіктігі жағы-

нан  Сарыарқадағы  қызыларайдан  (Ақсораң,  биікт. 

1565 м) кейінгі екінші тау. төм. тас көмір, орта және 

жоғ. девон, пермь кезеңдерінің жыныстарынан түзіл-

ген. Беткейлері мен етектерін аллювийлі-делювийлі 

шөгінділер жауып жатыр. Беткейлері сайлармен ті-

лімденген. Аласатаулық қоңыр топырағында сұлы-

бас, бетеге, селеу, жусан, т.б. астық тұқымдас түрлі 



Кирсанов

Кетпен жотасының солтүстік беткейі



282

КОДОНОПСИС, қ. Иісгүл.

КОЛПАКОВСКИЙ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ (Tulipa kolpak-

owskiana) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туы-

сына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. қазақ-

станда Солт. тянь-шаньдағы Іле Алатауында, жетісу 

(жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында 

кездеседі.  таудың  тасты,  қиыршықтасты  беткейле-

рінде, жарықтарында, құздарында өседі. Биікт. 15 – 35 

см, жуашығының пішіні жұмыртқа тәрізді, қалыңд. 3 

см-дей, сыртын қара қоңыр қабық жапқан. Сабақтары 

жіңішке.  жапырақтарының  саны  үшеу,  төменгілері 

қандауыр,  жоғарғылары  таспа  сияқты.  Дара  гүлі 

сары түсті, сабағының ұшында жетіледі. тұқымынан 

көбейеді.  Сәуір  –  мамыр  айларында  гүлдеп,  жеміс-

тенеді. жемісі – қауашақ, ұз. 2 – 4 см, ені 1,5 см-дей. 

К. қ. – сәндік өсімдік, жылдан-жылға таралу аймағы 

қысқаруда. Сондықтан қорғауға алынып, қазақстан-

ның «қызыл кітабына» енгізілген.

КОМАРОВ  АЛТЫН  КЕНІ,  қостанай  обл.  жіті-

қара ауд. жітіқара қ-нан 10 – 15 км жерде орналас-

қан. 1969 ж. ашылды. Іздеу және бағалау жұмыстары  

1986  –  93  ж.  тереңд.  200  –  300  м-лік  ұңғымаларда 

штректік  тікқазбада  40  м-лік  горизонтта  індетпе 

жүргізу  арқылы  анықталды.  Геол.  құрылымы 

шығыс  Орал  Сырты  көтеріліміндегі  Комаров 

антиклиналының солт. бөлігінде жоғ. протерозойдан 

тас көмірге дейінгі жанартаутекті-шөгінді метамор-

фты  құрылымдардан  түзілген.  Кейбір  тұстарында 

палеозойдың  интрузиялары  және  ультранегізден 

қышқыл  құрамға  дейінгі  сығылмалары  кездеседі. 

Белдеш  шегінде  кен  денесі  меридиандық  бағытқа 

таяу ені 250 – 300 м, ұз. 4 км-ге жуық, құлау бұрышы 

30 – 50° болып созылып жатыр. Кендену сипаты бір-

дей емес. Алтынның 1 т-дағы мөлш. 0,3-тен 20 г-ға 

дейін  және  одан  да  көп,  орташа  мөлш.  6  –  7  г.  Кен 

денесінің нақты қалыңд. 1,0 – 1,5 м, орташа қалыңд. 

2 – 3 м. Кентастағы алтын жұқа дисперсті (0,1 мм), 

ондағы еркін алтынның мөлш. 30%-ға дейін жетеді. 

зиянды  қоспалары  жоқ.  Кентасты  тікелей  циандау 

кезінде 95 – 97%, ал флотациялық тәсілмен 75 – 80% 

алтынды алуға болады. 250 м-лік тереңдікке дейінгі 

(1 т. кентастағы алтынның орташа мөлш. 6,3 г-ға тең) 

алтынның қоры 35 – 40 т деп бағаланып отыр. Кен 

орнын одан әрі барлап, нобайын анықтаған жағдайда 

алтынның қорын 1,5 есеге дейін ұлғайтуға болады.

КОМСОМОЛ МҰНАЙ КЕНІ, маңғыстау обл. маң- 

ғыстау ауд-нда орналасқан. Кен орны 1984 ж. ашыл-

ған. шөгінділердің жоғ. қалыңд. 4458 м. Коллектор-

лары түрліше түйірлі құмтастардан құралған, кеуект. 

15 – 17%, өткізгіштігі 0,002 – 0,038 мкм

2

. мұнайы өте 



жеңіл,  тығызд.  791  кг/м,  құрамында  0,35%  күкірт, 

9,7% парафин, 3%-дай шайырлар, 0,33% асфальтендер 

бар.  мұнайда  еріген  газдар  құрамы  жағынан  ауыр, 

олардағы  ауыр  көмірсутектердің  мөлш.  30%,  метан 

57%, азот 4,9%, көмір қышқыл газы 1,5%. 

КОНЕВСКИЙ ОСЕРЁДОК – Атырау обл. құрман-

ғазы  ауд-ның  теңіз  жағалауындағы  ең  ірі  арал.  Ұз. 

36 км, енді жері оңт-нде 10 км-дей, аумағы шамамен 

28 км


2

-ге жуық. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 

созылып  жатқан  аралдың  жер  бедері  тегіс  келген. 

Оның  бетін  төрттік  кезеңнің  саздақты-құмайтты 

аллювийлі  шөгінділері  жапқан.  Онда  қамыс,  құрақ 

өседі. Арал жағалаудан 1,5 км алшақ жатыр. Баты-

сында  Синее  морцо  шығанағы  және  үтері  (өтер) 

ды, тұяқты аңдарға арнайы тұз себілетін алаңқайлар 

даярланып, құстарға арнайы ұялар жасалып ілінеді.

КИІК, а н т и л о п а  – жұптұяқты қуыс мүйізділер 

тұқымдасына  жататын  жануарлардың  жиынтық 

атауы. Ғылыми жіктелімде киік туысына тек гарна; 

қортық К-тер туысына қортық киік; бұранда мүйізді 

К-терге үлкен куду, канна, нильгау, төрт мүйізді К.; 

сиыр К-тер тұқымдасына – бубал (каама), гну; қанжар 

мүйізді  К-терге  ақ  орикс,  орикс-бейза,  аддакс,  т.б. 

жатады.  қазақ  халық  ауыз  әдебиетінде  К-ке  байла-

нысты Асан қайғы, шалкиіз, Бұқар жыраудың аңыз-

әңгімелерінде, теңеулерінде жиі кездеседі. Киік деп 

көбінесе ақ бөкен мен қарақұйрықты айтады.

КИІКБАЙ – қарағанды обл. шет ауд. жеріндегі тау. 

Ақадыр  кентінен  оңт.-шығысқа  қарай  30  км  жерде 

орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созы-

лып жатыр, ені 4 км. Абс. биікт. 929 м. Бірнеше ұсақ 

шоқылардан  тұрады.  Силур  жүйесінің  жоғ.  бөлім 

жыныстарынан түзілген. Сортаңдау қоңыр топырақ 

жамылғысында жусан, бетеге, қараған, т.б. бұталар 

өседі. жайылымдық және қыстау (қараоба) ретінде 

пайдаланылады.

КИІКОТЫ,  к ө к е м а р а л   (zіzіphora)  –  ерін-

дігүлділер  тұқымдасына  жататын  бір  жылдық 

өсімдік  немесе  шала  бұта.  Дүние  жүзінде  жерор-

та  т.  жағалауларынан  Орт.  Азия  аймағына  дейінгі 

аралықта тараған 30-ға жуық түрі бар. қазақстанда 

Көкшетауда,  Алтай  тауларында,  Балқаш  –  Алакөл 

ойысында,  жетісу  (жоңғар),  Күнгей,  Іле  Алатаула-

рында, қаратауда (жамбыл, Оңт. қазақстан облыс-

тарында),  көбінесе  тау  беткейлерінде,  сондай-ақ 

далалық  өңірлер  мен  шөлді  жерлердегі  аласа  тау 

етектерінде өсетін 6 түрі бар. Олардың ішіндегі жиі 

кездесетіні – и і с т і  К. (Z. clіnopodіoіdes). Биікт. 8 –  

50  см,  жуан  тамырлы,  тік  сабақты.  жапырағының 

ұз. 0,6 – 2,5 см, ені 0,3 – 1,2 см, түкті кейде түксіз 

болады. Гүлі сабақ ұшында топтасқан, түсі жасыл не 

күлгін, қос ерінді, жоғ. ерні тұтас, төменгісі 3 айы-

рымды. тостағаншасы цилиндр пішінді, ұз. 5 – 7 мм. 

Күлтесінің ұз. 10 – 12 мм, 2 аталық гүлі аналық мой-

нымен бірге күлтеден шығып тұрады. маусым – та-

мыз айларында гүлдеп, жемістенеді. иісті К-нан пар-

фюмерияда  пайдаланылатын  эфир  майы  алынады. 

К-ның  құрамында  алкалоидтар,  гликозидтер,  орга-

ник. қышқылдар бар. Бұлардың бәрі дерлік – балды 

өсімдіктер.  Кейбір  түрі  (Бунге  К.)  медицинада  дәрі 

жасау үшін пайдаланылады. 

КИІКШӨПТЕС  БӨДЕНЕШӨП  (Veronica  serpyl-

loides) – сабынкөктер тұқымдасына, бөденешөп туы-

сына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. жетісу 

(жоңғар)  Алатауындағы  альпі  белдеуінің  қиыршық-

тасты  бөліктерінде  өседі.  Биікт.  8  см-дей,  өте  көп 

жіңішке тамырлары бар өсімдік. Сабақтары жіңішке, 

түбінен  бұтақталып  шығады.  төм.  жағындағы  жа-

пырақтары  жұмыртқа  тәрізді,  жоғарғылары  ұзынша, 

эллипске  ұқсайды,  сағақсыз,  өркен  бойына  қарама-

қарсы  орналасады.  тостағанша  жапырақшалары  4 

бөлікті,  сырты  тікенекті.  Күлтелері  ақшыл  немесе 

көкшіл  түсті,  пішіні  дөңгелек  тәрізді,  іші  жалаңаш. 

тұқымынан көбейеді. шілде – тамыз айларында гүл-

деп, жемістенеді. жемісі – қауашақ. К. б. – өте сирек 

кездесетін эндемик түр. таралу аймағының жылдан-

жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген.

Киік


283

3950 м биіктікте, ал мұздық тілі 3270 м-ге дейін тө-

мендеді. мұздықтың орташа қалыңд. 160 м-дей (ең 

қалың жері 300 м). К. м. жылдан-жылға еріп азаюда. 

К.  м.  белгілі  орыс  географы  Н.л.Корженевскийдің 

есімімен аталады.



КОРИАНДР, қ. Күнзе.

КОРНУХ-ТРОЦКИЙ  ӨГІЗКӨЗІ  (Anthemis  trotzki-

ana)  –  күрделігүлділер  тұқымдасы,  өгізкөз  туысына 

жататын  шала  бұта.  қазақстанда  солт.  аймақтарда 

кездеседі. таудың бор қабаттары мен әктасты беткей-

лерінде  өседі.  Биікт.  10  –  30  см.  Сабағы  қарапайым 

немесе аз бұтақталған. жапырақтары сағақты, екі рет 

қауырсынды тілімденген. жас жапырақтарын ақ киіз 

сияқты түк басып жатады. жалпақ тілшелі, сары түсті 

күлтелері  гүлдерінің  шетінде  орналасады.  Ортаңғы 

гүлдері  қос  жынысты,  олардың  желектері  түтікше 

тәрізді. Гүлдері себет гүлшоғырына топталған, олар 

сабағының ұшында дара жетіледі. тұқымынан көбе-

йеді. шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыр-

күйекте жемістенеді. жемісі – төрт қырлы тұқымша. 

Олардың айдаршасы қысқа болады. К.-т. ө. өте сирек 

кездесетін  түр  болғандықтан  қорғауға  алынып,  қа-

зақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.

КОРОЛЕВ  МҰНАЙ  КЕНІ,  Атырау  обл.  жылыой 

ауд-нда, құлсары қ-нан солт.-шығысқа қарай 20 км 

жерде орналасқан. Кен орнының құрылымы 1960 –  

75  ж.  аймақтық  геол.-геофиз.  жұмыстардың  нәти-

жесінде  анықталған.  өнімді  қабаттар  тұзүсті  және 

тұзасты  кешендерден  табылған.  Кен  шоғырлары 

қабат,  дөңес  пішінді,  тектоник.  құрылымға  сәйкес 

орналасқан. қимасы терригендік тау жыныстарынан 

құралған,  коллекторы  кеуекті.  Ашық  кеуект.  26%, 

мұнайға қаныққан қабаттың қалыңд. 8,4 м. мұнайы 

ауыр,  тығызд.  0,965  г/см

3

,  күкірті  2%,  парафині  аз 



(0,52%). палеозойдың мұнайлы қабаттары төм. пермь 

кезеңінің арт ярусының карбонатты түзілімдерімен 

байланысты.  тереңд.  3952  м.  өнімді  қабаттар 

әктастан құралған. Коллекторы карбонатты кеуекті, 

ашық кеуект. 7,8%. мұнайы жеңіл, тығызд. 0,797 – 

0,8 г/см


3

. мұнайда еріген газ майлы, этан-пропанды, 

метан 43,36%, ауыр көмірсутектер 21%.  

теңіз каналы, шығысында балықшылар кемесіне ар-

налған теңіз каналы өтеді. Суында балық көп.

КОНСТИТУЦИЯ МҰЗДЫҒЫ – Іле Алатауының 

солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. Сол талғар өз-

нің бастауында орналасқан. мұздық 4520 м биіктік-

тен 3270 м биіктікке дейін созылып жатыр. Ұз. 6 км 

(оның ішінде ашық бөлігі 5,7 км), жалпы аум. 6 км

2



мұз көл. 0,4 км

3

. мұздық тілінің ашық жері 1,9 км



2

мұздық еріп, жылына 15 – 20 м-дей қысқаруда. Оны 



1910 ж. С.е. Дмитриев ашқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет