«жаратылыстан» институты



бет38/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Ынталандыру әдісі оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі. Мысалы, танымдық ойындар, пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2.Мектептің материалдық-техникалық мүмкіндігін ескеру;
3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;
4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
Оқыту формалары.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. 
Қазіргі күнгі еліміздің мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да – сабақ өз маңызын жойған емес. 
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі, ең тиімді формасы – сабақ. Мектепте сабақ сынып жүйесі бойынша жүргізіледі. Бүл жүйе чех педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты құрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық рөлі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады.
Сабақ барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашылық қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. 
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында. 
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады: 
1. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері: 
- жаңа білім материалын хабарлау; 
- білімді бекіту
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту; 
- қорытындылау; 
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. 
2. Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері: 
- оқу саяхаттары; 
- кино-теле-сабақтар; 
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б. 
3. Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері: 
- жаңа материалды игеру
- бекіту; 
- қайталау; 
- білімді бақылау, тексеру. 
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған. 
Бүгінгі күні сабақ бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі - сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы окушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Кез-келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оку материалының мазмұнына, окушылардың іс-әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда окушылардың іс-әрекетін түрлендіріп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сьшыптарда керісінше, іс-әрекеттің жүйелілігі, олардың қайталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет