«жаратылыстан» институты



бет39/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану окушылардың ақыл-ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.
Оқыту әдістерін қолдануда, а) оку материалының мазмұны; ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) окушылардьщ білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін тиімділігіне қарай тандап алу мен оны іс жүзінде қолданудың ғылыми-теориялық негізін қалайды.
Сабақтың басты белгісі – мұғалімнің анықталган мақсаты. Осы бағыттағы зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі сабақтың кезеңдерін былай жіктеуге болады:
- жаңа материалды түсіндіру (әңгіме-сабақ, дәріс-сабақ, киноісабақ);
- білім мен іскерлікті жетілдіру сабағы (практикалық сабақ, лабораториялық сабақ, семинар-сабақ, өзіндік жұмыстар);
- білімді қорыту және жүйелеу сабағы (әңгіме-сабақ, семинар-сабақ)
- аралас сабақ (барлық сабақтардың функциялары қолданылатын сабақ);
- бақылау сабағы (бақылау жұмысы, сынақ, емтихан, өзара бақылау, өзін-өзі бақылау), т.б.
Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан соңына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық, қорытындылау жəне шолу түрлерімен ажыралады. 
Семинар – меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет