Жаратылыстану факультеті


Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері



бет2/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері.
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, ягни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да, жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни көмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
6) өсу мен дамудың акселерациясы.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт).
Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1. Туғаннан 3 жасқа дейін. 2. 3-7 жас арасында. 3. Жыныстық жетілу кезеңінде. Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мұның себебі - баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды, т.с.с.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы түру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіндеп дамып, 16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организміне әсер ететін ауыр жұмысты, дене еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн.

Лекция №2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет