Жаратылыстану факултеті


Қазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны



бет2/2
Дата14.12.2022
өлшемі24,83 Kb.
#57309
1   2
Қазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қаматамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай қорықтардың құрылуымен сипатталады. Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.Тарихи және этнографиялық бейнедегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдарды тармақталған желісі жасалды.Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші-Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО –ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.Астана қаласының мәдени инфроқұрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылады. Республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театрын, мұражайын, кітапханасын және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кітапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрлысы жүргізілуде. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы”, “Мәдениет туралы”, “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді. Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет обектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында-Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Қызылорда облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және “Ордабасы” қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бөлінуден қорғалмаған. Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениетінің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармашылығындағы дәстүрлі мифологемалар мен бейнелердің өзгеру жүйесімен әдістерін дамыту жеткіліксіз. Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ тілі оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылым ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондайақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды. Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне, соның ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдарының, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың “Кодекс Куманикустың ”, “Қорқыт Ата кітабының” (Дрезден мен Ватикан қалаларында сақтаулы), “Оғыз-наменің” (Парижде сақтаулы), “Бабыр-наменің”, “Махаббат-наменің” (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың “Құтадғу білігінің” (Каирда сақаталуы) көшірмелерін табуды, сатып алуды, немесе дайындауды жалғастыру қажет.Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлттық кітапхана жанында Ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне енгізу жағдайларында Ұлттық мұрағат қоры құжаттардың жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдалануы өзекті міндеттерге айналып отыр, оларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылуға тиіс. Қазіргі Моңғолияның және әлемнің басқа да елдерінің аумағындағы ежелгі түркі сына ескерткіштерін табу мен олардың көшірмелерін жасау жұмысы жалғасады. Ұлытауда Қазақстанның мемелекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны – мүсінтас тұрғызылатын болды. Мәдени және аралас мұра объектілерін күзету аумақтарының шекарасы, өңірлері белгіленіп, Дүниежүзілік мұраның күнілгері тізіміне енген объектілірдің деректер базасы жасалып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін басқару мен сақтау жөніндегі менеджмент жоспар жасалды. Әлемдік мәдениеттің көрнекті ойшылардарының, әдебиетшілері мен қайраткерлерінің таңдаулы шығармаларының кең ауқымын қазақ тілді оқырманға таныстыру және гуманитарлық білім берудің мемелекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау мақсатында әлемдік ой-сананың таңдаулы жетістіктерінің негізінде іргелі әдеби-көркем және ғылыми басылымдарды әзірлеп, шығару қажет. Қорытынды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Елбасы, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу». Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет