Жаратылыстану ғылымдары факультеті


Көмірсулар мен олардың алмасуы



бет6/9
Дата10.04.2023
өлшемі94,2 Kb.
#80979
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БӨЖ кейс қорғау

10.Көмірсулар мен олардың алмасуы

  1. Ағаш қоңызы ағзасындағы целлюлоза целлюлоза ферментінің қатысында гидролизденеді. Целлюлоза гидролизінің (молекуласының тек төрт звеносын) реакциялар теңдеуін жазыңыз. Қандай полисахаридтер инулаза, хтиназа және ксиланазамен гидролизденеді. Ферменттерге сәйкес келетін полисахаридтердің құрылыс ерекшеліктері неде. Мономерлерінің структурасын беріңіз.

  2. Фосфоролиз бен полисахаридтер гидролизі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтаңыз. Мысалдар келтіріңіз. Тиісті киназаның қатысуымен және галактозаның фосфорлы эфирі әрі қарай фруктозо-6-фосфатқа ауысатын галактозаның фосфорилдену реакциясынығ теңдеуін жазыңыз. Осы реакцияларды жылдамдататын ферменттер мен метаболиттердің толық аттарын беріңіз.

  3. Тиісті киназаның қатысуымен және галактозаның фосфорлы эфирі әрі қарай фруктозо-6-фосфатқа ауысатын галактозаның фосфорилдеу реакциясынығ теңдеуін жазыңыз. Осы реакцияларды жылдамдататын ферменттер мен метаболиттердің толық аттарын беріңіз.

  4. L- арабинозодегидрогеназа ферменті L-арабинозаның тотығуын тездетеді: L-арабиноза + НАД L-арабино – L – лактон + НАД ∙ Н2. Осы реакцияның толық теңдеуін жазыңыз және мұндай айналым деструкцияның қандай жолымен жүретіндігін түсіндіріңіз.

  5. Фосфофруктокиназа ферменті мына айналымды тездетеді: βД – фруктофуранозо – 1 – фосфат + АТФ βД → фрукто-фуранозо – 1,6-дифосфат + АДФ. Реакция теңдеуін толық жазыңыз және қандай процесте бұл реакция алғашқы этап бола алатындығын кқрсетіңіз.

11.Моносахаридтердің алмасуы.

  1. Моносахаридтердің деструкциясының қандай жолында төменде келтірілген реакция өзекті орын алады: фруктозо-1,6-дифосфат → фосфодиоксиацетон – 3 – фосфоглицерин альдегиді. Толық химиялық теңдеуңн жазыңыз және моносахаридтердің ыдырауының осы тәсілінің ағза үшін мыңызын түсіндіріңіз. Анаэробты мен аэробты жағдайда ағзадағы пирожүзім қышқылының жәйі қандай болады. Жауабыңызды тиісті реакциялар теңдеулерімен дәлелдеңіз.

  2. Моносахаридтердің дихотохимиялық жолмен ыдырауы кезінде АДФ-ның субстрат деңгейінде фосфорилденуінің реакциялар теңдеуілерін жазыңыз.

  3. Жалпы зат алмасудағы трикарбон және дикарбон қышқылдары циклы метаболиттерінің маңызын көрсетіңіз. Тиісті химиялық теңдеулерді жазыңыз.

  4. Три және дикарбон қышқылдары циклының қандай этаптарында ацетилды қалдықтардың тотыққан көміртегі атомдарының қалай босайтындығын көрсетіңіз. Жауабыңызды тиісті реакциялар теңдеулерімен ділелдеңіз.

  5. Липидті және нуклеинді алмасуда моносахаридтердің апотомиялық ыдырауындағы метаболиттердің маңызын көрсетіңіз. Реакциялар теңдеуін толық жазыңыз, айналымның сәйкес келетін этаптарын жылдамдататын ферменттерді көрсетіңіз.

  6. Трикарбон мен дикарбон қышқылдары циклы метаболиттерінің айналым нобайын пайдалана отырып, метаболиттердің дегидрлену этаптарын табыңыз, тыныс алу ферменттер системасы арқылы АТФ-ты синтездеуге энергияның берілуі ерекшеліктерін еске ала отырып химиялық теңдеулерін жазыңыз, айналымның бір циклында түзілген АТФ молекуласының санын есептеп шығарыңыз.

  7. Моносахаридтердің фотосинтетикалық биосинтезінде 3-фосфоглицерин қышқылы 3- фосфоглицерин альдегидіне айналады. Бұл өзгеріс глюкозаның дихотохимиялық ыдырау этаптарына сай көшу екендігін ескеріп, осы реакцияларды тездететін ферменттерді көрсете отырып және реакциялар теңдеуін толық жазыңыз.

  8. Көмірсулардың дихотохимиялық ыдырапу жолының апотомиялықтан айырмашылығы неде екендігін көрсетіңіз. Олардың өзара бірінің екіншісіне ауысу жолын табыңыз. Жауабыңызды тиісті реакциялар теңдеулерімен дәлелдеңіз.

  9. Полисахаридтер биосинтезіндегі гликозильді қалдықтардың донаторларын атаңыз. Жауабыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет