Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет8/9
Дата10.04.2023
өлшемі94,2 Kb.
#80979
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БӨЖ кейс қорғау

13.Биологиялық тотығу

  1. Субстраттарды дегидрлеуді және сутегі атомдарын тікелей оттегіне беруді өамтамасыз ететін оксидоредуктазаларға сипаттама беріңіз. Гликол қышқылының глиоксилге айналуының реакция теңдеуін толық жазыңыз.

  2. Изолимон қышқылының α-кетоглутар қышқылына дейін тотығуының реакциялар теңдеуін толық жазыңыз. Бұл процеске бірінші және екінші дегидрогеназалардың қатысуын көрсетіңіз және синтезделген АТФ молекуласының санын есептеңіз.

  3. α-кетоглутар қышқылының янтарь қышқылына айналуын жүзеге асырыңыз. Бұл реакцияларға цитохром системасы мен бірінші және екінші дегидрогеназалардың қатысуын көрсетіңіз. Синтезделген АТФ молекуласының санын есептеңіз.

  4. Три- және дикарбон қышқылдары циклындағы янтарь қышқылы деңгейіндегі тотығудың алма қышқылы деңгейіндегі тотығудан айырмашылығын көрсетіңіз: дегидрогеназалардың қатысуындағы бұл реакциялардың толық теңдеуін жазыңыз.

  5. Пирожүзім қышқылын тотығу арқылы фосфорилденуге сипаттама беріңіз. Тотығу арқылы фосфорилдену фотосинтетикалық фосфорилденуден немен ажыратылады.

  6. Фотосинтетикалық фосфорилдену мен субстрат деңгейіндегі фосфорилденудің айырмашылығын көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз. Аталған процестердің реакциялар теңдеуін жазып көрсетіңіз.

  7. Клеткадағы тотығу арқылы фосфорилдену мен фотосинтетикалық фосфорилденудің шоғырлануын субклеткалық бөлшектердің құрылысы мен қызметтерін жазыңыз.

14.Гликолиз бен ашу процестері.

  1. Гликолиз бен ашудағы көмірсулардың деструкциялануының энергетикалық балансын салыстырыңыз. Тиісті есептеулерді жасаңыз.

  2. Көмірсулардың дихотохимиялық ыдырауы кезіндегі тыныс алу процесінің энергетикалық эффектісін түсінріңіз. Есептеулер жүргізіңіз.

  3. Пальмитил – S – КоА-ның деструктивті ыдырауында синтезделген АТФ молекуласының санын есептеңіз.

  4. Триолеиннің толық деструкциялануындағы энергетикалық эффектісін есептеңіз.

  5. Дипальмитоолеиннің толық деструкциялануындағы энергетикалық эффектісін есептеңіз.

  6. Холиннің бетаинге тотығу реакциясындағы энергетикалық эффектіні бұл процестегі тыныс алу ферменттер системасын ескере отырып есептеңіз. Осы реакциялардың толық теңдеуін жазыңыз.

  7. Пальмитин қышқылының үш молекуласын биосинтездеу процесіндегі энергетикалық шығынды бұл процестегі тиісті дегидрогеназалардың қатысын ескере отырып, есептеу жүргізіңіз.

  8. Глюкозаның фотосинтезі процесіндегі АТФ энергиясының жұмсалуына есептеу жүргізіңіз. Есептеуді тиісті реакциялар теңдеуін жазып дәлелдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет