Жаратылыстану ғылымдары факультеті


Нуклеин қышқылдарының алмасуы



бет4/9
Дата10.04.2023
өлшемі94,2 Kb.
#80979
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БӨЖ кейс қорғау

7.Нуклеин қышқылдарының алмасуы

  1. Г. Темин мен С. Мизутани құрамында РНҚ бар Раус саркомасы вирусының тазартылған препаратын 1 мл суспензияда (трис-НСl буфері, рН = 8,3; магний ацетаты, натрий хлориді, дизоксирибонуклеозидтрифосфаттар – біреуі таңбаланған) 370С-да инкубациялап, панкреатикалық ДНҚ-азаға сезімтал қышқылды ерімейтін ДНҚ продуктысын алды. Генетикалық кодтың картасын пайдалан отырып, ДНҚ фрагменті А – Ц – Г – Г – Т – А – Ц-нің биосинтезіне қатысқан, информациялық РНҚ фрагментін анықтаңыз. Процесті катализдеуші фрагментті атаңыз. Осы ашылған жаңалықтың маңызын түсіндіріңіз.

  2. Нуклеин қышқылының орталық фрагменті – дД – дТ – ДГ – бойынша ферментативтік гидролизінің мүмкіндік нобайын олар қандай нуклеазаларға жатады, қандай химиялық байланыстарға әсер етеді және әсер етуіне байланысты олар қандай соңғы өнімдердің түзілуіне ықпал етеді, соны түсіндіріңіз.

8.Пуринді және пиримидинді негіздердің ферментативтік дезаминдену реакциялары.

  1. Барлық пуринді және пиримидинді негіздердің ферментативтік дезаминдену реакцияларының теңдеуін жазыңыз, реакциялардың соңғы өнімдерімен осы процесті катализдеуші ферменттерді атаңыз. Дезаминделген пуринді және пиримидинді негіздердің деструкцияланудағы айырмашылығын көрсетіңіз. 5-метилурацилдің карбамин қышқылына және гипоксантиннің зәр қышқылына дейін деструктивтік айналымының нобайларын келтіріңіз. Осы процесті жылдамдататын ферменттерді жазыңыз. Мононуклеотидтің ыдырау реакцияларының теңдеуін мына нобайға сәйкес жазыңыз: АМФ → аденозин → инозин → гипоксантин + ½ О2 → ксантин + 1/2О2 зәр қышқылы. Бұл процесті жылдамдататын ферменттерді көрсетіңіз.

  2. Амфибия мен өсімдіктер ағзадағы ГМФ-тің деструкциялану реакциясының теңдеуін жазыңыз. Осы процесті жылдамдататын ферменттерді көрсетіңіз.

  3. ДНҚ-полимеразаға сипаттама беріңіз. Оның қатысуымен дА – дГ – дЦ – дА – дТ – дЦ – дГ – ДТ –дТ матрицасындағы фрагменттің биосинтезделу нобайын келтіріңіз.

  4. Белок биосинтезінде бірінші структураның қайта жасалу ерекшелігін қамтамасыз ететін тетігінің (мехнизмінің) нобайын келтіріңіз. Бұл процестегі РНҚ мен ДНҚ-ның әр түрлі түрлерінің ролін көрсетіңіз.

  5. РНҚ-полимеразаның құрылысы, қасиеті және әсер ету тетігін (механизмін) сипаттаңыз. ДНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимеразаның қатысуында – дГ – дА – дГ – дТ – дЦ – дТ – дА – дГ – дЕ – матрицасында синтезделген РНҚ фрагментіндегі нуклеотидтердің кезектесіп орналасу нобайын келтіріңіз.

  6. ДНҚ репликациясының консервативті және жартылай консервативті және жартылай консервативті тетігін (механизмін) қалай түсінесіз. Осыған сәйкес келетін нобайларды беріңіз.

  7. Пирмидинді және пуринді негіздері бар нуклеотидтердің биосинтезіндегі 5-фосфорибозил 1- пиефосфаттың ролін көрсетіңіз. Осыған сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

  8. Реакциялар теңдеулерін мына нобайлар бойынша жазыңыз: а) УМФ → ЦМФ → ЦДФ → ЦТФ; б) УМФ → дУМФ →дТМФ → дТДФ. Осы реакцияларды катализдейтін ферменттердің көрсетіңіз.

  9. Пуринді және пиримидинді негіздердің биосинтезіндегі ұқсастық пен айырмашылықты көрсетіңіз. Пуринді және пиримидинді циклдарды номерлеңіз және олардың әрқайсысының көміртегі мен азот атомдарынан пайда болатындығын көрсетіңіз.

  10. Полинуклеотидфосфорилазаның қатысында болған бактериалды РНҚ биосинтезінің нобайын келтіріңіз. Осы процеске тән ерекшеліктерді көрсетіңіз.

  11. Реакциялар теңдеулерін мына нобайлар бойынша жазыңыз: а) ИМФ → АМФ; б) КМФ → ГМФ. Осы реакцияларды жылдамдататын ферменттерді көрсетіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет