Жаратылыстану ғылымдары факультеті



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі271,7 Kb.
#128150
1   2   3   4
II. Негізгі бөлім 
2.1 Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне 
қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері. 
«Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке 
тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын
түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. 
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, 
дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік — 
жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке 


тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Ғалымдардың пікірінше АКТ — ны екі 
бөлікте сипаттайды: 
1) Компьютерлік бағдарламалар; 
2) Желілік қызмет. 
Әр бөліктің атқаратын қызметтері төменде көрсетілген. 
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың 
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін — өзі дамытудағы адамгершілік 
тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны 
қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты мақсаты – оқыту 
үрдісін ақпараттандыру, 
— электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау, 
— педагогтардың ақпараттық құзіреттілік біліктілігін арттыру, 
— техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру, 
— әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр. Бірақ бұл мақсатқа 
жетудің ең басты міндеті – 
— білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және 
оған сәйкес мазмұнын анықтау; 
— педагог мамандарды ақпараттық — коммуникациялық технологияны өз 
қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау. 
— ақпараттық — коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің 
оқыту үрдісіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс — тәжірибесін 
тарату. 
Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі: білім беру саласында 
инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай 
ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде 
ақпараттық технологиялардың қолданылу аясының кеңеюі, оқуға деген 
қызығушылығын арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет