Жаратылыстану ғылымдары факультеті



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі195,75 Kb.
#133742
1   2   3
Салт-дәстүр 
бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа 
жазбаша немесе ауызша түрде тасымалдау, жеткізу, қолдау және сақтау 
процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің барлық салаларын қамтиды. 
Салт-дәстүрсіз адамзат тарихында ешқандай мәдениет өмір сүре 
алмайтынымен қоса, онсыз келген адамдар кез қауымдастығының өмір 
сүруін көз алдымызға елестету мүмкін емес, ал салт-дәстүр - бұл 
мәдениет және өркениет қоғамы онсыз өмір сүре алмайтын жалпы 
рухани негіз. Бір сөзбен айтқанда, салт-дәстүр - жеке адамның, топтың, 
халықтың және адамзаттың мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің 
құрамында болатын құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар 
жиынтығы. Қазіргі социологиялық еңбектерде салт-дәстүрді жайлап 
үйрену мен ұзаққа созылған қандай да бір қоғамдық талаптар ғана 
емес, сонымен бірге адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларға 
негізделуі деп қарастырады. Сол себептен салт-дәстүрдегі қажеттілік 
бір уақытта босататын, жаншитын адамдар жүрегіне жол салатын 
маңызды қажеттілік болып табылады. Социологиялық анықтамалар 
қатарында, сонымен бірге салт-дәстүрді әмбебап мәдениет құбылысы 
ретінде қарастыратын мағыналар да бар. Салт-дәстүр барлық 
әлеуметтік жүйелерде қызмет етеді және олардың өмір саласындағы 
қажетті жағдай болып табылады. Салт-дәстүрге немқұрайды қатынас 
қоғам мен мәдениет Дамуындағы мирасқорлықтың бұзылуына, 
адамзаттың құндылықтық жетістіктерінің жоғалуына алып келеді. 
Салт-дәстүр алдында соқыр бас ию кертартпалық пен қоғамдық өмірде 
тоқырау туғызады. 
Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми 
әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, 
ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма қоғамдағы 
жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға 
сәйкес мінез-құлық.Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, 
мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы 
қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы. Зерттеушілердің 
мәліметтеріне 
сүйенсек, 
ауытқушылықтардың 
төмендегідей 
критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады: 
•Отбасылық сәтсіздік; 
•Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын 
жұмыстардың аздығы;
•Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі
•Қарым-қатынастағы дискомфорт. 


 Асоциалдық мінез-құлық басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-
қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау. Осы жағдайда келесі 
көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян 
келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-
қатынас, ұрлық, өтірік айту. 
Мәдениет дамуындағы ең маңызды сәттердің бірі мәдениет 
үлгілерінің таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы 
процесс жолында пайда болатын мәдени үлгілер мен бөгеттердің 
таралуының әр түрлі кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда 
мәдениетті таратудың әмбебап үлгісін өңдеп шығарды А.Мольдың 
үлгісі бойынша мәдени үлгілерді таратудың кез келгені 
шығармашылық тұлғаның іс- әрекетінен басталады, олардың 
әрқайсысы өздерінің ақылды іс-әрекетінің, экспериментінің, бұрынғы 
тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін өзінің 
сапасы бойынша жарамды өнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні 
көрсеткен кіші топта ол алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер 
үлгі кіші топ мүшелерін қанағаттандырса, онда ол қабылданады және 
ол микро ортада мәдени үлгінің алғашқы таратылуы болып саналады. 
Осында мәдениет нормалары мен құныдылықтардың таратылуы 
аяқталады. Қандай да бір отбасына немесе шағын жұмысшылар 
ұжымдарына тән және үлкен әлеуметтік жиынтықтарға таралмайтын 
нормаларды жиі байқауға болады. Мәдениет үлгісінің әрі қарай 
таралуы үшін біріншіден, үлкен топтармен қоғамдар шегінде 
құндылықтары мен мәні болу керек, екіншіден, бұқаралық ақпараттар 
құралдары көмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және көбейтілуі 
керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды 
қалын қауымға немесе макро ортаға дейін жеткізеді. Алайда 
бұқаралық ақпараттар көмегімен таралған идеяларды бұқаралық 
мәдениеттің бір бөлігі деуге болмайды. Біз күнде үлкен аумақта 
ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз ғана бөлігін аламыз. Егер 
де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең аудиториямен, микро 
ортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бөлігі ретінде қабылданатын 
болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен таласта 
төтеп бере алса, онда ол осының бөлігі болып қалыптасады. Әрі қарай 
қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке 
дара мәдениетіне ажырамас бөлік ретінде енеді, процесс қайталана 
береді. Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу және 
өзгеру қабілеті көбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа 
идеялардың айналу жылдамдығына байланысты. 


Пайдаланылған әдебиеттер 
1.Бринкерхоф Д. Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, 9-
басылым. Алматы, 2018.- 464 6. 
2.Ритцер Д., Степницки Д. Әлеуметтану теориясы. 10-басылым. 
Алматы, 2018. - 856 6. 
3. А.Т: Омарова. Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері. 2018ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет