Бір үзім нан Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған - алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгіл, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтында ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.
Жоқ, бере алмаймын, деп бұл жолы да кедей келіспейді.
Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың «Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
Бай мен кедей қаншалықты араз? Бір - бірін көргісі келмейді.
Қарны ашқан бай кедейге бір үзім нан үшін не ұсынды? бір кесек алтын
Кедей апаттан қалай аман қалды? Бір көмеш нанын азық қылды
Бай суға неге құлады? аштықтан
Бай мен кедей ағаштың басына .... су тасқыны болғандықтан көтерілді
Мәтіннің негізгі идеясына сай мақал... Бақыт – қолға қонған құс, байлық – қолға ұстаған мұз
Әже демалып жатыр Кішкентай Галина мектептен келді. Ол есікті ашты, анасына көңілді бірдеңе айтқысы келді. Бірақ анасы Галина саусағымен нұсқап, сыбырлады: «Тыныш, Галина, әжең демалып жатыр. Түні бойы ұйықтамады, жүрегі ауырды».
Галина үнсіз үстелге жақындап, портфелін қойды. Түскі асын ішіп, сабағын оқуға отырды. Әжесін оятып алмас үшін, кітапты ақырын, ішінен оқыды.
Есік ашылды да Галинаның құрбысы Оля кіріп келді. Ол қатты сөйлеп: - «Галинка, тыңда ...» - деді. Галина анасы сияқты саусағымен нұсқап, сыбырлады: «Тыныш, Оля, әжем демалып жатыр. Ол түні бойы ұйықтамады, жүрегі ауырды».
Қыздар үстел басына жайғасып, суреттерге қарай бастады. Ал әженің жабық жатқан көзінен екі тамшы жас домалап кетті. Әжесі орнынан тұрғанда Галина: - Әже, ұйықтап жатып неге жыладың? – деп сұрады. Әжесі жымиып күліп, Галинаны еркелетті. Оның көзінен қуанғаны көрініп тұрды.
(В.А. Сухомлинский)
Мәтін бойынша қыздың мінезі қамқор
Галина қандай көңіл күйде болды? көңілді
Мәтін тақырыбын таңдаңыз Әжеге қамқорлық жасау